- •7) Курстың психология және педагогикалық ғылымының орны
- •8) Оқу процесинде Педагогіс-әрекеттің құрылымы
- •9) Бақылау және эксперимент әдісі
- •10) Психологияның оқу пәні ретінде сипаттамасы
- •13)Білім беру тәрбиелеу дамыту нәтижелерін ынталандыру бақылау нәтижеоерін талдау
- •16) Оқу процессіндегі технология рөлі
- •19 Негізгі түсініктер білім беру әрекеті оқыту мазмүны, формасы әдістері пед қызм моделі
- •21)Педагог психолог тұлғасына сипаттама
- •22Психологияны оқытудағы басқа ғылыммен баиланысы
- •26. Психологиялық кеңес және оны ұйымдастыру
- •46.Тұлғааралық қарым-қатынас – ол жекелеген адам арасындағы туындайтын қатынастар.
- •48. Биографиялық әдіс
- •52. Оқытудың формаларының өзара байланысы
- •53.Оқушылармен біріккен және жеке әрекеттерді құрастыра білу
- •54.Психологияны оқыту әдістеріндегі тренигтің алатын орны
- •55.Оқу процесін қйымдастыру формалары
- •56.Оқу дискуссиясын ұйымдастыру және басқару әдістемесі
- •58.Психологияны оқыту процесінде бақылау жургізуді ұйымдастыру
- •59.Психология курсында семинарды ұйымдастыру.
- •60.Топ жетекшісінің қызметі
- •61.Оқытудың белсенді сипаттары
- •62.Психология пәні оқытушысына негізгі қойылатын талаптар
- •63.Оқу танымдық әрекеттің нәтижесін есеп алу және бағалау
- •64.Психологияны оқыту әдістемесі
- •65.Педагогикалық колледждегі күнтүзбелік жоспар64.Психологияны оқыту әдістемесі
- •67.Топтық формалары
- •68.Бақылаудың құралдары мен әдістерге таңдау және жүзеге асыру
- •69.Сабақ жоспарының негізгі мазмұны.
- •70.Білімгерлердің оқу әрекеті нәтижесін бағалау.
- •71.Теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері
- •79.Білімгерлердің оқу процесін бақылау және жинақтау.
- •88.Білімгерлердің үлгерімін көтеруге бағытталған психологиялық-педагогикалық әрекеттер.
1) Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласына жатады. Психологияны оқыту әдістемесінің пәні білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтары, құралдары мен тәсілдері болып табылады.
Білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың (психологиялық заңдылықтарын кейбір жалпы алғанда көптеген оқушылар үшін осы үрдісті ұйымдастырудың тәсілдері мен психиканың қалыптасуы және даму ерекшеліктерінің аралығындагы қатынасы деп түсіндіреді. Психиканың қалыптасу ерекшеліктері туралы сұрақ - қоршаған ортадағы және генетикалық факторлардың күрделі қатынасы туралы – психологияны оқыту әдістемесінің төңірегінде ғана емес, сондай-ақ педагогика, медицина, философия, дидактика және т.б. ғылым саласында да осы мәселе шешіліп қаралуда. Сондықтан психология мамандығын таңдаған студентке осы сұрақтағы психиканың қалыптасуындағы психологиялық-педагогикалық құралдармен және эксперименттік ізденістермен таныстыру маңызды. Осы білімдер келешекте студентке психологияның аталған іргелес ғылымдарды тиімді игеруге, сонымен қатар оқытушы ретінде нәтижелі қызмет атқаруға мүмкіндік береді.
Соның салдарынан темпераментімен, қабілеттерімен, мінезімен, ой түрімен, тұтастай т.б. психикалық даму деңгейімен айырықшаланатын оқушылармен жұмысқа дайындық жүргізу барысында студент-психолог өзінің педагогикалық іс-әрекетін компетентті орындауда, тек психологияны оқыту әдістемесі саласында бүгінгі педагогикалық-психологиялық біліммен қаруланған жағдайда ғана нағыз маман бола алады.
Психологияны оқыту әдістемесі оқу үрдісінде алған фактілік материал мен теориялық білім берудің практикалық жағдайында (оқушылардың психологиялық таңдауы, педагогикалық-психологиялық диагностика және психикалық дамудың прогностикасы, оқытудың сәттілігінің болжамдануы және жақсы оқытуды қамтамасыз етуге қажетті психологиялық жағдайды анықтау, ата-аналармен жұмыс және т.б.) көптеген практикалық міндеттерді шешуге маңызды мәні бар.
3 Пәннің міндеттері:
психологияны оқыту әдістемесінің теориялық негіздерінің мазмұнын ашу;
психологияны оқытудың мәселелеріне қызығушылықты тудыру;
студенттердің психологияның практикалық оқытушысы ретінде үздіксіз өзіндік жетілдіруге ұмтылуына бағыттау;
студенттерді қолданбалы психологиялық пәнді меңгеруге қызығушылығын арттыру;
студенттерді жеке кәсіби іс-әрекеттегі педагогикалық психологияның білімін қолдануға ынталандыру.
2) дәрісбаян оқу процесін ұйымдастыру Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:
- жаңа материалды игеру;- бекіту;- қайталау;- білімді бақылау, тексеру.
Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың элементтері бір дəрісте тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп атау қабылданған.
Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың əртүрлі формасы баршылық. Солар арасында аса ерекше көзге түсетіні – дəрісбаян (лекция).
Дəрісбаян – оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тəлім-тəрбие формасы. Дəрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты, суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дəріс тыңдармандардың белсенділік көтеріңкілігіне дем беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау-қуаттау көрсетеді, сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл сипат ендіріп, сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады.
Дәрісбаян- сөзге негізделген оқыту әдісі ретінде ол өзінің құрылымы, баяндалатын оқу матреиалының дәлдігі және сабақтың өн бойында тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсенді етуі тиімділігін арттырудың кепілі. Дәріс – мектеп, медреселердегі сабақ. Дәріс ұғымы кейде «лекция» ұғымының синонимі ретінде қолданылып жүр. Жалпы білім беретін мектептердегі оқыту түрін «сабақ» деп, ал арнаулы кәсіби, жоғары оқу орындарындағы оқыту түрін Дәріс деп атау қалыптаса бастады
кіріспе лекцияда курспен жұмыс істеудің жалпы әдістерін әңгімелеу, курсқа ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының сипаттамасын беру, қажетті әдебиеттер тізімімен таныстыру, емтихан талаптары мен басқа да курсты толықтыратын оқу түрлері туралы әңгімелеу пайдалы болады. Осындай кіріспе студенттердің курстың жалпы мазмұны мен құралымын пайымдауына көмектеседі, оларды лекциямен және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеуге бағыттайды, курспен жұмыс істеу әдістерімен таныстырады.
Тараудың немесе бүкіл курстың соңында шолу жасау-қайталау (біріктірілген) лекциялары, қосалқы материалдар мен жекелеген мәселелерді қоса алғанда, сол курстың ғылыми-ұғымдық негізін құрайтын, барлық теориялық қағидалардың негізгі мазмұнын алуға тиіс.
Шолу жасау лекциясы – сол оқылған лекция курсының негізгі жағдайларының қысқаша конспектісі емес, білімді анағұрлым жоғары деңгейде жүйелеу. Жүйе түрінде мұқият әзірленген материал есте жақсы сақталатынын және жүйеден тыс берілген фактілер жиынтығына қайталаудан гөрі негізгі тақырыпты жаңа жағдайлармен сабақтастыруға мүмкіндік жасайтынын оқыту психологиясы көрсетіп отыр. Шолу жасау лекцияларында емтихан билеттеріне енгізілген күрделі, өте қиын сұрақтарды нақтылап қарау және бөліп көрсету пайдалы.
Жоғары оқу орындарында дәріскерлердің басты міндеті – тыңдаған лекцияның негізгі мазмұнын тез қалпына келтіруге көмектесетін, алынған ақпаратты қысқаша жазбаша түрге айналдыру және материалды тыңдау, түсіну, пайымдауды жинақтайтын, белсенді процесті негізі етіп алған студенттердің лекциядағы жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.
Кейбір дәстүрлік емес лекциялардың қысқаша сипаттамаларын келтірейік.
Проблемалық лекция шынайы өмірдің қарама-қайшылықтарын оларды теориялық тұжырымдамалар негізінде бейнелеу арқылы моделдейді. Осындай лекциялардың мақсаты – студенттердің өз бетінше білім алуы.
Визуализациялық лекцияның өзінің негізгі мазмұны бейне түрінде беріледі (суреттер, графиктер, сызбалар және т.б.). ол пайымдаудың белсенділігін арттыру және әр түрлі белгілік жүйенің көмегімен ақпаратты қайта кодтаудың тәсілі болып табылады.
Кеңес беру лекциясы өзінің мазмұнын дәрісхана сұранысы бойынша анықтайды. Мұндай лекция тыңдаушылардың ынтасын және дәріскердің шеберлік қабілетін толықтай пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Әдейі шатастыру лекциясы алдын-ала жоспарланған қателіктер арқылы ақпаратқа талдау жасау, бағдарлау және оны бағалау дағдысын қалыптастырады.
Ойын сәттері қолданылатын лекциялар онда оқушылар мәселелерді өздері қалыптастырып, оны өздері шешуге тырысады.
Бұл негізінде проблемалық принциптері жатқан біріккен лекциялардың жүзеге асыруға шығармашалық тұрғыдан келуге мүмкіндік жасайтын кейбір түрлері ғана. Психологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда оқыту ісінің мәні мынады: лекция түріндегі ұйымдастыру нысанының көмегі мен оқу процесін оқытушы есту арналары – құлақ-ми арқылы және ақпарат қабылдаудың тиімдірек арналары – көру, яғни көз-ми арқылы қабылдайтындай етіп беріледі. Сондықтан лекцияны тек тыңдап қана қоймай, дәріскердің ізінше тақтадағы формулалардың, суреттердің сызбасын жүргізу керек. Лекцияның басты кемшілігі – мұнда әрбір оқушының қабылдау қабілетін ескеруге мүмкіндік болмайды, қабылдау жеке адамға ғана қатысты, сондай-ақ көп жағдайда кері байланыс та болмайды, соның негізінде оқытушы әрбір студенттің оқу материалын меңгеру деңгейіне қорытынды жасайды. Бұл кемшіліктер оқытудың практикалық түрлерінде жойылады.
3) ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТИІМДІ ТҮРЛЕРІБүгінгі таңда оқушыларды ХХІ ғасырға дайындау үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек.Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші,шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Мұғалімнің бұл үш көмекшілері сапалы әрі табысты оқытуына жол ашады. Неге педагогикалық технологияларға ерекше көңіл бөлеміз? Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану білімнің сапалы болуына себеп болады. Әр сабақта менің алға қоятын мақсаттарымның бірі балалардың сөйлеу тілін дамыту болып табылады, сондықтан әрбір сабағымда диалог құру үшін бірнеше әдістерді қолданамын. Сұрақ-жауап әдісі мен үшін диалог құрудың ең ұтымдысы, себебі балалар сұрақ құруға және сұраққа жауап беруге үйренеді. Нәтижесінде өзара қарым-қатынас жасауға дағдыланады. Сабақ басында оқушылардан күн, ай, апта күндерін сұрау қалыптасқан жағдай. Үй жұмысын тексеруде «Мозайка», «Сыртқы-ішкі шеңбер», «Ақыл қалпағы», "Мұғалімге хат«,т.б әдістерін қолданып, өткен тақырып бойынша жазбаша түрде сұрақ құрып, өздері жауап қайтарады. Жауап беруде толық жауап талап етемін, сондықтан оқушылар жауаптарын мысал келтіре отырып дәлелдейді. топтық жұмыс арқылы дамытылатын тұлғааралық іскерлік. Коучингтің өтілу барысы: 1. Белгілі бір әдіспен топқа бөлу( түрлі-түсті стикерлер арқылы)3 мин 2.« Бірлескен топтық жұмыс.Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі» Теориялық білім беру(слайд бойынша). 10 мин. 3.Бейнероликті талқылау.(Ауысып отыратын топтар )10 мин.4.Сергіту тәсілі.5 мин5.Блум таксономиясы бойынша сабақтарға тапсырмалар жазу,түсіндіру,мысалдар келтіру,талқылау,пікірлесу. Сұрақтарға жауап беру.1.Жаратылыстану және гуманитарлық пәндер бойынша әдіс-тәсілдерді қалай қолдануға болады? 2.Сабақты қалай жоспарлау керек?(20 мин)6.Көтеріңкі көңіл- күй сыйлау(жағымды музыка арқылы) 7.Рефлексия «Сэндвич»Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Топпен жұмыс істеу кезінде арқылы адамның ойлау қабілетін, қыры мен сырын таныту мақсатында бейімдеу.
Ата-аналармен жұмыс.
Тәрбиешілердің ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Тәрбиеші үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Мұндай міндетті шешу үшін тәрбиешінің тәрбие жұмысының жоспарында оқушылардың отбасын зерттеу.
Ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру. Ата-аналар комитетінің жұмысымен байланысты арттыру. Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу.
Ата-аналарды оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен жүйелі таныстыру.
Мұндай маңызды істерді жүзеге асыруда тәрбиеші тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін, мектептің ерекшелігін, ата-аналар құрамын, ата-ана мен тәрбиешінің қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын ескеріп есепке алады.
5) Тақырыптық жоспарлау - белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі (Ильина, 363). Ол мұғалімге бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалы-ның мазмұнындағы негізгі ойды бөлі п қарауға, оқушылар мен мұғалімдердің негізгі оқу әрекеттерін белгілеуге, пәнара-лық байланысты орнықтыруға, оның барысында пайда-ланылатын көрнекі және техникалық құралдарын ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижелерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Тәжірибелі мұғалім тақырыпты зерттегенде, оқу материалын оқып біледі, осы тақырып бойынша өткен оқу жылында жүргізген сабақтардың тәжірибесін ескереді, жеке сабақтарға арналған тақырыптың мазмұнын жоспарлайды және сабақта тек білімдік міндеттерді ғана емес, сол сияқты тәрбие міндеттерінің шешілуін де белгілейді.
6) Коммуникация — "Мен"-нің өзін басқадан табуына көмектесетін, қарым-қатынасты білдіретін философияның категориясы. К.Ясперстің экзистенциализмінде, сондай-ақ казіргі француз персонализмінде мейлінше толық көрініс тапты. Тарихи жағынан коммуникация туралы ілім ағартушылыққа қарай өрлейтін қоғамдық шарт доктринасына қарама-қарсы қалыптасты. Коммуникация теориясын жақтаушылар (К.Ясперс, Б.Больнов, Э.Мунье) негізінен алғанда қоғамдық шарт дегеніміз контракт, мәміле деп атап көрсетеді, бұл мәмілеге қатынасушылар екі жақка бірдей міндеттемелермен шектелген: олар бір-бірін осы міндеттемелерге сай, яғни абстрактілі, бейнесіз түрде ұғынады. Шарт дегеніміз — адамдардың іс жүзіндегі бытыраңқылығында жатқан байланыс. Ал коммуникация шартқа қарама-қарсы, саналы түрде орнатылатын өзара тәуелділік ретінде қарастырылады. "Контрактының орнына жанасым" (Ф.Кауфман). Коммуникация орнатудың құралы пікір-сайыс деп жария етті.
коммуникация–ақпарды (хабарды), білімдерді, рухани байлықтарды, моральдық және құқықтық (праволық) нормаларды және тағыда сол сияқтытехникалық құралдардың (баспасөздің, радионың, киноматографияның, теледидардың) көмегімен саны көп, бытыраңқы аудиторияға тарату үрдісі.[1]. Капиталистік қоғамда бұқаралық коммуникацияның негізгі міндеті адамдарды сол қоғамда орныққан әлеуметтік қатынастарға сай тәрбиелеу.
Бұқаралық коммуникация құралдары мұнда ең алдымен буржуазиялық ой-пікірдің стандартын мойындатуға, адамның сыншылдық қабілетін жоюға бағытталған насихат құралы, бір үлгіге келтірілген стандарты әрекеттер, мінез-құлық пен талғам жиынтықтарына көндіру құралы болып табылған.
Социализм тұсында мүлдем басқаша жағдайлар туады, өйткені мұнда қоғам алдына жеке адам мен коллектив мүдделерін үйлесімді ұштастыру мақсаты қойылады (Ұжым және жеке адам). Мұндағы бұқаралық коммуникация құралдарының негізгі міндеті жеке адамның жан-жақты және үйлесімді дамуына көмектесу, оның белсенді өмір позициясын қалыптастыру, дүниеге ғылыми көзқарасты тарату. Бұл аталған айырмашылықтардан келіп бұқаралық коммуникация құралдарына ғылыми талдау жасау жолдары мен әдістеріндегі айырмашылықтар шығады.
Батыс социологтері мен әлеуметтанушы психологтерінің көпшілігінің іс-қимыл мақсаты ең ал- дымен бұқаралық коммуникация құралдарының аудиторияға тигізетін әсерін зерттеу, насихаттың ықпалымен адамдар сенімінің өзгеру дәрежесін анықтау.
Социалистік қоғам жағдайларында зерттеудің негізгі міндеті аудиторияның құрамын, талап-тілектерімен мұқтаждықтар жиынтығын олардың жүзеге асуын бұқаралық коммуникация құралдарымен қанағаттандыру дәрежесін анықтау болып табылады.
Коммуникациялық жүйе, байланыс жүйесі (коммуникационная система, система связц; commu-nications system) — мәліметтерді жеткізу кешенін қүрайтын аппараттық құралдардың, программалық жасақтамалардың және сол мәліметтерді жеткізу арналарының бірлестігі.
7) Курстың психология және педагогикалық ғылымының орны
Психологиялық басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректерді басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психология олардың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болады.Психологияны жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі
қызметі - зерттеу объекті адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру.
Психологияның аталған ғылымдық үш бұрышпен байланысының мазмұндық сипаты қандай? Психологиның негізгі міндеті – психикалық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объекті дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психикалық қызметтің дамуымен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқаны айқындалады.
Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. Өзінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың əрқилы ықпал-əсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса, енді біреулері-кейінгі, жақын дəуірлерде пайда болды. Педагогиканың алғашқы байланыс түзген білім салалары-философия мен психология. Бұл ғылыми «одақ» қазіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың кең, өрістеп дамуының алғы шарты.
8) Оқу процесинде Педагогіс-әрекеттің құрылымы
Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекет құрылымында бір-бірімен тығыз байланысты 3 компонентті көрсетеді: құрылымдық, ұйымдастырушы, коммуникативті. Педагогикалық іс-әрекеттің бұл түрлерін нәтижелі жүзеге асыруда
іскерліктер мен қабілет қажет.
Құрылымдық әрекет үшке бөлінеді:
құрылымдық-мағыналы (оқу материалын таңдау, педагогикалық процесті жоспарлау және құру),
құрылымдық-оперативті (өз әрекеті мен оқушылар әркеетін жоспарлау), құрылымдық-материалды (педагогикалық процестің оқу-материалды базасын жобалау). Ұйымдастырушы әрекет оқушылардың әр түрлі іс-әрекетпен айналысып, ұжым және біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған әрекеттер жүйесін орындау.
Коммуникативті әрекет педагогтың тәрбиеленушілермен, мектептің басқа педагогтарымен, қоғамның өкілдерімен, ата-аналармен педагогикалық қатынас орнатуға бағытталған әрекет.
А.И.Щербаков құрылымдық, ұйымдастырушылық және зерттеушілік компоненттерді жалпы еңбек функцияларына жатқызады, яғни олар кез келген әрекетте көрініс береді. Бірақ ол педагогикалық процесті жүзеге асыру кезеңінде мұғалімнің функциясын нақтылап, педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушы компоненттеріне ақпараттық, дамытушы, бағдарлы, мобилизациялық компоненттерін біріктіреді. Бұл жерде зерттеушілік функцияға аса көңіл бөлу қажет. Зерттеушілік функцияны жүзеге асыру мұғалімнен педагогикалық құбылыстарға ғылыми тұрғыдан қарауды, эвристикалық ізденуді, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін игеруді, өзінің және басқа мұғалімдердің тәжірибесін талдауды талап етеді.
Педагогикалық әрекеттің құрылымдың компоненті өз ішінде аналитикалық, болжамдық және жобалау болып бөлінеді. Іс-әрекеттің барлық компоненттері, функциялары кез келген педагог маманның жұмысында көрінеді. Оларды жүзеге асыру педагогтан арнайы іскерлігін талап етеді.
