- •Қаржы нәтижелерінің теориялық сипаттамасы
- •1.2. Жшс «Игілік – Фининвест» фирмасының экономикалық сипаттамасы
- •2.1. Негізгі қызметтен түскен табыс есебі
- •2.2. Негізгі қызмет шығындар есебі
- •2.3. Жиынтық табыс /зиян/ есебі
- •2.4. Қаржы есептерін әзірлеп, тапсыруға арналған тұжырымдамалық негіздеме
- •3.1. Нақты және салыстырмалы табыс көрсеткіштерін талдау
- •3.2. Қаржы нәтижелер есебін және олардың қолданылуын тексеру
- •Ќорытынды
- •Ќолданылѓан єдебиеттер тізімі:
- •Ќаржылыќ есептілік нысандарын бекіту туралы
3.1. Нақты және салыстырмалы табыс көрсеткіштерін талдау
Нарықтық заманның шартына сай кәсіпкерлік қызметтің мақсаты – пайда табу. Пайда, кәсіпорынның өзін - өзі қаржыландыруын, материалдық және әлуметтік қажеттіліктерін қамтамассыз етеді. Сонымен бірге пайдаға салынатын салық негізінде бюджет табысын қалыптастырады. Сол себептен, пайда кәсіпорынның қызметінің енгізгі нәтижесі болып табылады.
Өнімді көп көлемде шығаруға болады, бірақ , ол сатылмаса немесе пайда түсірмейтін бағамен сатылса, онда, кәсіпорын ауыр қаржылық жағдайда болады.
Қаржылық талдаудың маңызды құрам бөлігінің бірі – пайданы қалыптастыруды талдау. Пайданы талдау оны қалыптастыру ретімен байланысты.
Пайданың жалпы сомасы /баластық пайда/, кәсіпорынның анықталған кезеңде алғаны, ол:1 /пайда /зиян/ өнімді /жұмыс, қызмет/ өткізуден түскен; 2 /басқа да өткізулерден пайда /зиян/; 3 /өткізуден тыс опрациялар бойынша пайда /зиян/.
Өнімді /жұмыс, қызмет/ өткізуден түскен пайда /зиян/ өнімді өткізуден түскентүсіммен өнімді өндіру және өткізу, яғни өзіндік құнға кіретін шығындардың айырмашылығы болып табылады.
Басқа өткізулерден пайда /зиян/ - кәсіпорынның сатылған мүліктерін, материалды құндылықтарын нарықтық бағамен олардың бастапқа немесе қалдық құны өзгешелігіндей анықталады.
Өткізуден тыс операция пайдасы /зиян/ - өткізуден тыс, өнім өндіруге, жұмыс, қызмет көрсетуге байланыссыз табыстар мен шығындар айырмашылығы қаралады.
Өткізуден тыс операциялар табысына кәсіпорынға салынған қаржы табыстары /бағалы қағаздар, қарызға берілген, басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына үлес қосуы және т.б./, мүлікті жалға беруден табыс, алынған және төленген айыптың қалдығы, айыптөлем; валюталық шот, шетелдік валюта операциялар бойынша оң курстық айырмашылықтар, дебиторлық қарыздарды сөндіру негізінде өткен жылға, зиянға жіберілген сомалардың түсуі, есеп беру жылында түскен өткен жыл пайдасы, сатып алушылардан сатылған өнімді қайта есептеу үшін түскен ақшалар, несие мекемелерінен алынған проценттер.
Өткізуден тыс шығындар құрамына тексеру және түгендеу нәтижесінде табылған материалды құндылықтар мен ақша қаражаттарының жетіспеушілігі және зияны кіреді; валюталық шот және шетелдік валюта операциялар бойынша теріс курстық айырмашылықтар; есеп беру жылында табылған, өткенжылдың зияндары, үмітсіз дебиторлық қарыздардың есептен шығарылуы; табиғи апаттан орнына төлем өтелмейтін шығындар; соттық ұсталымдар.
Қаржы нәтижелерін талдау екі бағыт бойынша: қаржылардың келіп түсуін және жұмсауын талдаудан орындалады. Егер, кәсіпорынның табыстары осы табысты алуға жұмсалған шығындардан жоғары болса, онда, кәсіпорын табысты болады.
Талдау жасау кезінде қаржы көрсеткіштеріне тиімді әдіс ретінде салыстырмалы бағалау қолданылады.
Сатудан түскен түсім кәсіпорынның жай қызметінің негізгі табыс көзі болып табылады.
Бұл кестеде ф. №2 мліметтері негізінде, талдаудың салыстырмалы әдісін қолдана отырып, қаржы көрсеткіштер дәрежесін есептейміз.
Сатудан түскен түсім есепті кезең мерзімінде 4,6 процент өсті. Бұл өнімді сатудан, жұмыс істеу, қызмет көрсетуден түскен табыс сомасын анықтайды. Бірақ, бұл көрсеткіш ақша қаражаттар шотына нақты түскен сомаларды көрсете бермейді. Түсімнің өсу көлемімен бірге өнімнің өзіндік құн көрсеткішінің өсуі қарастырылады. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,7 процент және дәреже бойынша 23,1 процентке тең болды. Сатудан түскен түсімдегі өзіндік құнның үлесі 82 процент құрайды. Мұндағы жалпы және әкімшілік шығындарының 0,1 пройентке өсуі кері әсерін тигізеді.
өзіндік құнынын алдыңғы көрсеткіштен өсуі жиынтық табыстың көлеміне әсерін тигізеді, яғни, жиынтық табыстың деңгейі 23,1 процентке төмендеді. Салық салынғанға дейіңгі пайда жыл бойына 4,8 процент өсті. Бұл көрсеткіштің нақты көрсеткіші 0,4 процент құрайды. Жай қызмет бойынша пайда мен таза пайданың нақты деңгейлік өзгерісі 1,8 процент төмендеді. Ал көрсеткіштердің өсу қарқыны алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,5 процент құрайды.
Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижелерін толық көру үшін табыстар мен шығындар түр – түрін бөліп қарастыру қажет. Яғни, табыстар мен шығындар отчетында көрсетілген қаржы көрсеткіштер бағалауына қосымша, жай қызмет түрі бойынша шығындарды талдау жүргізіледі. Бұл шығындар бухгалтерлік баланс қосымшаларына қарастырылады.
Шығындарды шығын элементтері бойынша топтастыру және талдау келесі 2,2 кесте бойынша көрсетіледі.
Кестеде көріп отырғанымыздай кәсіпорынның шығындары есепті жыл мерзімінде, алдыңғы жылмен салыстырғанда 8442 мың теңгеге немесе 6,7 процентке өсті. Сондықтан, шығындар құрамында бірнеше өзгерістер болды. Яғни, есеп беру мерзімінде өткен жылмен салыстырғанда материалдық шығындар 12,1 процентке өсті, ал, олардың үлесі 9,6 процентке көбейді. Сонымен бірге басқа да шығындар көлемі 9,1 процентке, ал үлесі 11,7 процентке ұлғайды. Еңбек ақы шығындары 1282 мың теңгеге /1594 – 312/ немесе 4,1 процентке өсті, ал оның үлес салмағы 8,4 процентке қысқарды. Әлеуметтік аударым шығындары 4,1 процентке өсті, үлестік салмағы 2 процентке кеміді. Амортизациялық шығындар өткен жылмен салыстырғанда 1,6 процентке жоғарылып, үлестік салмағы 10,9 процентке төмендеді.
Сатудан түскен пайдаға негізгі кері әсер беретін фактор – сатудың өзіндік құны болғандықтан, мекемелер бұл көрсеткіштердің өсу себептеріне бөлшектеп талдау жасағаны жөн.
Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижелері нақты және салыстырмалы көрсеткіштермен бағаланады.
Таза пайда /есеп беру кезеңіндегі бөлнбеген пайда/зиян/ - кәсіпорынның негізгі нақты көрсеткіші болып табылады.
Мекемелер пайдасы бар, бірақ, төлем қабілеті жоқ болуы мүмкін, немесе, керісінше. Экономикалық талдауда рентабельділік көрсеиткіштер жұйесінің 2 тобы бар: мекеме қызметінің рентабельділік көрсеиткіштері және активтердің рентабельділік көрсеиткіштері.
Төменде рентабельділік көрсеиткіштеріне 2.3 кесте келтірілген.
Бухгалтерлік есеп беру мәліметтері бойынша рентабельділік көрсеиткіштері
Көрсеткіштер |
Формуласы |
Экономикалық маңызы |
Негізгі қызмет рентабельділігі |
Сатудан түскен пайда өзіндік құн+сату шығындары + жалпы және әкімшілік шығын |
өндіріске кеткен шығынның әрбір теңгеге шыққандағы сатудан түскен табыс сомасын сипаттайды. Бөлінгіштің мәні бөлгіштен жоғары болған сайын, мекеменің қызметінің рентабельді болып келеді. |
Сату қызмет рентабельділігі |
Сатудан түскен пайда өнімді өткізуден түскен түсім |
Мекеменің өнімді сату нәтижесінде 1 теңге түсімге қанша теңге пайда алынғанын көрсетеді. |
Активтердің рентабельділік көрсеткіштері |
||
Айналымнан тыс активтердің рентабельділігі |
Таза пайда айналымнан тыс активтер |
Мекемелердің айналымнан тыс капиталдарын қолдану тиімділігін көрсетеді. Айналымнан тыс активтерге салынған 1 теңгеге шыққандағы пайда көлемін анықтайды. Бұл кқрсеткішті есептеу және талдау кезінде мекеменің балансындағы айналымнан тыс активтердің нақты құнын бғалау қажет. |
Айналымдағы капиталдардың рентабельділігі |
Таза пайда айналымдағы капитал |
Айналымдағы капиталдарды қолданудың тиімділігін және пайдалылығын көрсетеді. Айналымдағы активтерге салынған 1 теңгеге келетін пайда көлемін анықтайды. |
Жиынтық активтер рентабельділігі |
Таза пайда жиынтық активтер |
Мекеменің барлық активтерін қолданудың тиімділігін және пайдалылығын сипаттайды. Мекеменің айналымдағы және айналымнан тыс активтеріне салынған 1 теңгеге шаққандағы пайда көлемін көрсетеді. |
Меншікті капитал рентабельділігі |
Таза пайда меншікті капитал |
Кәсіпорындардың меншікті капиталын тиімді пайдалануын сипаттайды. |
Бұл коэфициенттің төмендеуі қарыз қаражатына қарағанда меншікті капиталдың артықшылығын куәландырады.
Екіншіден, коэфициенттің жоғарылауы капиталдың жетіспеушілігінің себебі болуы мүмкін, қарыз қаражаттарын артық тарту.
3 кесте
Рентабельділік көрсеткіштерін талдау
Көрсеткіштер |
Жыл басы |
Жыл соңы |
Нақты өзгерістер /+;-/ /3-2/ |
Негізгі қызмет рентабельділігі |
0,11 |
0,12 |
0,01 |
Сату қызмет рентабельділігі |
0,10 |
0,11 |
0,01 |
Айналымнан тыс активтердің рентабельділігі |
0,16 |
0,30 |
0,14 |
Айналымдағы капиталдардың рентабельділігі |
0,23 |
0,30 |
0,07 |
Жиынтық активтер рентабельділігі |
0,09 |
0,15 |
0,06 |
Меншікті капитал рентабельділігі |
0,11 |
0,33 |
0,22 |
Бухгалтерлік баланс, пайда және шығын отчеты мәліметтер негізінде рентабельділік көрсеткіштергше талдау жасайық /кесте3/.
Негізгі қызметтің рентабельділігі жыл басы бойынша 1 теңге шығынына тек 11 тиын пайда әкеледі. Есеп беру жылында бұл көрсеткіш мәні 1 тиынға өсті, яғни, 12 тиын пайда әкеледі. Негізгі қызметтің тиімділігіне байланысты сату рентабельділік көрсеткіші де ұлғаяды. Оның мәні сатудан түскен түсімнің бір теңгесіне 11 тиын пайда әкелетінін және алдыңғы жылдан бір тиынға өскенін куәландырады.
Айналымнан тыс капиталды қолдану тиімділігі есеп беру жылында, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 еседей көбейді. Айналымдағы капиталдың рентабельділік коэффициенті мекеме, өзінің айналымдағы қаражатын тиімді пайдалануын сипаттайды. Ол таза пайданың қандай көлемі активтердің әрбір теңгесімен қамтамассыз етілгендігін көрсетеді. Осы себептен, есепті мерзім кезінде алдыңғы жыл көрсеткішінен 7 тиынға жоғары болатындай пайданың 30 тиыны мекеменің айналым қаражаттарын қамтамассыз етті. Таза пайда – бұл өсіңкілік көрсеткіш. Меншікті капиталдың көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда өсті.
Осы кесте көрсеткіштеріне қарай отырып кәсіпорын қызметінің рентабельді екен дігі бағаланды.
