Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-аржы-нтижелер-есебін-йымдастыру.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1.2. Жшс «Игілік – Фининвест» фирмасының экономикалық сипаттамасы

«Игілік – Фининвест» өндірістік - коммерциялық фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылы қыркүйек айында, Алматы қаласында құрылған.

Фирма Қазақстан Республикасы заңдарына белгіленген шаруашылық қызметін, жүргізу шарттарын қадағалай отырып, жарғы мен құрылтайшылар келісім – шарты, ары қарай «Құрылтай құжаттары», негізінде құрылған және соны басшылыққа ала отырып қызмет көрсетті. Фирма өз аты жазылған дөңгелек мөр бұрыштама белгімен басқа да заңмен белгіленген міндетті мәліметтерге ие.

ЖШС «Игілік – Фининвест» фирмасының мақсаты табыс табу.

Фирма қызметінің арқауы:

  • полиграфиялық қызмет көрсету.

Фирма заңды тұлға құқығына ие, яғни, ол оқшауланған мүлікке және мүліктік емес жеке құқықтарға ие бола алады, азаматтық қатынастарға түсуге, міндеттерге ие болуға, сот не төрелік орындар немесе аралық соттарда талапкер не жауапкер болуға құқылы.

Фирма мүліктері ақшалай қаржылар және басқа да мүліктерді еңгізу жолдарымен құрылып, оның меншігі болып есептеледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін жүргізу үшін құралған жарғылық қордың мөлшері 1257,3 мың теңге / миллион екі жүз елу жеті мың үш жүз / теңге.

Фирма табыстары материалдық шығыстарды жабуға, салықтарды қызметкерлердің еңбекақыларын төлеуге басқа да міндетті төлемдерге жұмсалады.

Таза табыс қатысушылар арасында олардың жарғылық қордағы үлестеріне пропорционал мөлшерде бөлінеді.

Фирма мөлшері жарғылық қордың 25 процентіне тең резерв /сақтандыру/қоры құралады. Резерв қоры жыл сайын таза табыстың 5 проценті жарияланған. Сомаға жеткенге дейін жіберіп отыру нтижесінде құралады. Мүмкін болатын шығындарды жабуға резерв қорекжетпесе, шығындарды жабу көздерін фирманың жоғарғы басқару органы анықтайды.

Фирманың басқару органдары – құрылтайшылардың жалпы жиналысы, Президент болып табылады. Құрылтайшылардың жиналысы ең кемінде жылына екі рет жиналады. Кезектен тыс жалпы жиналыс қажет болғанда Президент немесе жалпы жиналыс шақыруды фирма мүддесі талап еткенде шақырады.

Президент фирманың атқарушы органы болып табылады. Ол құрылтайшылардың жалпы жиналысы алдында есепті және оның шешімдерін орындалуын қадағалайды.

Еңбек ұжымының мүшелері болып, фирмамен жасаған еңбек келісім – шарттары немесе фирманың және қызметкерлердің арасындағы еңбек қатынастарының басқа да формасы негізіндереттелетін түрде өзінің дербес еңбегімен фирманың қызметіне араласатын тұлғалар есептеледі.

Фирма өзінің қаржылық – шаруашылық қызметін кемінде жылына бір рет тексеруі керек, ал кезектен тыс тексеру жұмыстары кез – келген құрылтайшының талабымен жүргізілуі мүмкін. Оперативті, бухгалтерлік және жалпы есеп беру, бухгалтерлік және статистикалық есеп пен жалпы есеп беру мәселелерін реттейтін нормативті құжаттарды басшылыққа ала отырып ұлттық валюта түрінде жүргізіледі.

Фирманың коммерциялық құпиясы ретінде, мемлекеттік құпия болып табылмайтын, өндіріспен, технологиялық ақпараттар мен басқару, қаржылар және басқалармен байланысты, тарап кетсе фирманың коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпараттар түрі мен құрамы, оларды қорғау тәртібін Президент ұсынысы мен Құрылтайшылар жиналысы бекітеді. Құпияны бұзғандар үшін жауапкершілік зағ актілерімен және келісімдер мен анықталады.

Фирманың қызметі:

а/ құрылтайшылар жиналысының шешімі бойынша;

ә/ тоқтатуға өкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша;

б/ құрылтай құжаттарында қарастырылған басқа да негіздер бойынша тоқтатылады. Сонымен қоса фирма қызметін қайта құрғанда / бірігу, қосылу, бөліну, түрлену/ немесе жойылғанда тоқтатады.

Қаржылық есеп берудің маңызды элементі болып табылатын активтерді талдау кезінде олардың нақты қолдағы болуы, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің ұлғаюы, кәсіпорынның алдағы кезеңде дамуын сипаттайды.

Берілген баланс бойынша активтердің құрамы және орналасуын талдау үшін аналитикалық кесте құрастырылды. 1.1. кестеге қарап отырып валюта балансының алдыңғы жылмен салыстырғанда 2053,1 мың теңгеден 5792,7 мың теңгеге дейін, яғни, 3739,6 мың теңгеге көбейгені көрініп тұр немесе 1,82 процент. Бұл кәсіпорын жағдайының жақсы жағын куәландырады. Бірақ, міндетті түрде бұл активтердің қалай орналасқандығы және есеп беру кезінде қай нәрсеге көңіл көп бөлінгендігін анықтау қажет, кәсіпорынның өндірістік шама жағдайын негізгі құралдарын анықтау қажет. Бұл үшін бәрінен бұрын кәсіпорынның өндіріс шамасының көлемін анықтау қажет. Бұл көрсеткіштің коэфициенті Кn ≥ 0,5 болуы қажет. Егер, бұл көрсеткіш мәнінен төмен болса, ұзақ мерзімді қарыздарды тарту жөн. Өндіріс шамасының көлемі жыл басына 1665,5 мың теңге, жыл соңында 5466,7 мың теңге. Яғни, 3801,2 мың теңгеге өсті. Барлық баланс активтері құнының өндірістік шама үлесі 13,3 пункке өсті. Сондықтан бұл өндіріс шамасының жақсы деңгейін білдіреді.

Осы көрсеткіштен кейін, баланс валютасының ағымдағы активтер үлесінің анықтау маңызды. Ол коэффициенттің маңызы жоғары болған сайын үздіксіз жұмысты қамту мүмкіндігі және кредиторлармен есептесу мүмкіндігі жоғары болады. Қаржылық көзқараста оның өсуі құрылыстағы қарыздарды қайтару үлесін сипаттауы, алға жылжуы болып табылады. Мүліктер мобильді болып келеді.

Кәсіпорын активтерінің ісек қосу коэффициентінің жоғарылауы, кәсіпорын активтерінің барлық құнын анықтайды.

ЖШС «Игілік – Фининвест» балансы активтерінің құрамы мен орналасуы

мың теңге

№№

р/р

Көрсеткіштер

Жыл басы

теңге %

Жыл соңы

теңге %

Өзгерістер

теңге %

1.

Барлық активтер құны

оның ішінде

2053,1

100

5792,7

100

+3739,6

+1,82

Ұзақ мерзімді актив,

олар

1207,1

58,8

2897,0

50,0

+1689,9

+1,4

Негізгі құралдар қал-

дық құн боыйнша

1207,1

58,8

2897,0

50,0

+1689,9

+1,4

МЕА

-

-

-

-

-

-

2.

Ағымдағы активтер,

оның ішінде

846,0

41,2

2895,7

50,0

+2049,7

+2,4

ТМҚ

458,4

22,3

2569,7

44,4

+2111,3

+4,6

Дебиторлық қарыздар

241,1

11,8

302,0

5,2

+60,9

+2,5

Ақша қаражат

146,5

7,1

24,0

0,4

-122,5

-8,3

Өндірістік шама

1665,6

81,1

5466,7

94,4

+3801,2

+2,3

Негізгі құралдар құны, өндірістік запастар, аяқталмаған құрылыс, аяқталмаған қаржы салымдар, өндіріске жіберер алдындағы құны.

ЖШС «Игілік – Фининвестің» бұл коэфициенті жыл басында /846,0:2053,1/ 0,41; ал жыл соңы /2895,7:5792,7/ 0,50 тең болады.

Келесі активтерді орналастырудың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш мобильдік және иммобилизацияланған құралдар коэфициенті табылады. Ол ағымдағы активтердің ұзақ мерзімдегі активтерге қатынасын білдіреді.

ЖШС «Игілік – Фининвест» фирмасындағы деңгейі жыл басына 0,70 /846,0:1207,1/ жыл соныңда /2895,7:2897/ 1,0 құрайды. Мұнда коэффициент деңгейінің өсуі мобильдік құралдардың өсу қарқынынан артуынан болады. Осыдан кейін негізгі құралдардың қалдық құн үлес шамасының салмағының өзгеруіне ерекше көңіл бөлінеді. Негізгі құралдардың нақты құнының коэффициент мөлшері барлық кәсіпорын мүліктері бойынша, барлық баланс активтері сомасынан 50 проценттен төмен болмауы қажет.

Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау кезінде меншікті капитал және ұзақ мерзімді міндеттемені зерттеуге көп көңіл бөлінеді /1,2/.

Берілген кестеде көріп отырғанымыздай ЖШС «Игілік – Фининвест» фирмасының меншікті капиталы: жарғылық капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, бөліндеген пайдадан құралған қосымша төленген капитал. Жыл басында болған жоқ, ал жыл соңында 170,0 құрайды. Резервтік капитал жыл соңында 52,6 /276,4-223,8/ өсті.

Бөлінбеген пайда 745,6 /940,0-194,4/ көбейді.

1.2 кесте

Меншік капитал мен міндеттеменің құрамы және орналасуы 2007ж.

мың теңге

№№

р/р

Көрсеткіштер

Жыл басы

теңге %

Жыл соңы

теңге %

Өзгерістер

теңге %

1.

Барлық меншікті капитал

1675,5

81,6

2643,7

45,6

+968,2

-3,6

Жарғылық капитал

1257,3

61,2

1257,3

21,7

-

-3,9

Қосымша төленген капитал

-

-

170,0

2,9

+170

+0,3

Резервтік капитал

223,8

10,9

276,4

4,8

+52,6

-0,6

Бөлінбеген пайда /зиян/

194,4

9,5

94,0

16,2

+745,6

+0,7

2.

Ағымдағы міндеттемелер

377,6

18,4

3149,0

54,4

+2771,4

+4,6

Кредиторлық қарыз

44,0

2,1

167,7

2,9

+123,7

+0,1

Салық бойынша қарыз

36,7

1,8

209,8

3,6

+173,1

+0,2

Сатып алушымен тапсырыс беруші қарыздар

296,9

14,5

2771,5

47,8

+2474,6

+3,3

Фириадағы кредиторлық қарыздар жыл басына 44,0 мың және жыл соңында 167,7 мың теңге құрайды. Яғни, 123,7 мың теңгеге өсті. Осы міндеттеменің ағымдағы көбеюі себебінен қаржы – экономикалық қызмет нәтижесіне кері әсерін көрсетеді.

Сонымен бірге Салық бойынша қарыздар 173,1 мың тг /209,8-36,7/ көбейді. Жабдықтаушымен және мердігерлермен есептеулер 2474,6 мың тг /2771,5-296,9/ өсті.

Баланс активтерін ұйымдастыру көзлерін талдау кезінде, кәсіпорын мүліктерінің келіп түсуі, сатып алуы, шығару меншікті және заемдық /қарыздық/ капитал негізінде орындалу мүмкіндігін білу қажет.

Қазіргі нарықтық қатынасқа сай кәсіпорын қызметі және оның дамуы өзін - өзі қаржыландыру, меншікті капитал негізінде жүзеге асады. Тек меншікті қаржы ресурстарының жетіспеушілігі кезінде ғана қарыз құжаттары тартылады.

Ағымдағы активтерге қосымша қажеттілік туған жағдайда, ол коммерциялық несие банк иесіне және қарыздық қаражат негізінде жабылады.

Активтерді қалыптастыру көздерін талдау процесінде меншікті және тартылған /заем/ капиталдардың нақты мөлшері қоыйлады. Есеп беру кезіндегі олардың өзгеру себептері табылады және сәйкес келетін баға беріледі.

Бұл жағдайда меншікті капиталға маңызды көңіл бөлінеді, себебі, меншікті құралдар көзінің қоры – бұл қаржылық тұрақтылық қоры.

Қаржылық есеп беруде активтерді қалыптастыру көзінің құрылымын зерттеу үшін келесі аналитикалық кесте құрастырылады /кесте 1.3/.

Авансыланған капиталдың құрамы және құрылысы 2007 ж.

Көрсеткіштер

Жыл басы

теңге %

Жыл соңы

теңге %

өзгеріс /+:-/

теңге %

1

Авансыланған капитал

барлығы соның ішінде

2053,1

100

5792,7

100

+3739,6

+1,82

1.1

Меншікті капитал

1675,5

81,6

2643,7

45,6

+968,2

+0,6

1.2

Заемный капитал

377,6

18,4

3149,0

54,4

+2771,4

+7,3

2.

Тәуелсіз коэфф.

1.1:1

-

0,8

-

0,5

-

-

3.

Қаржыландыру крэфф.

1,1:1,2

-

4,4

-

0,8

-

-

4.

Меншікті және заемный капиталдың қатынас коэфф.

1.2:1.1

-

0,2

-

1,2

-

-

Тәуелсіз коэффициенті осы кезең аралығында 0,8 – ден 0,5 немесе 0,3 пенкке азайды. Бұл кәсіпорын қаржы тұрақтылығының төмендігін айтады. Сондықтан сыртқы қаржыландыру көздеріне тәуелділігін сипаттайды.

Келесі қаржыландыру коэффициенті маңызды көрсеткіш болып табылады. ЖШС «Игілік – Фининвест» қаржыландыру коэффициенті жыл басында 4,4 мың, жыл соңында 0,8 мың теңге немесе 3 пункке төмендеді. Бұл банктер мен қаржы салымшыларға кепілдікті қамтамассыз етеді.

Меншікті және тартылған капиталдардың қатынас коэффициені меншікті қаражат активтеріне 1 теңгеге шаққанда қанша қаражаттар тартылғандығын көрсетеді. Фирмада бұл көрсеткіштер: жыл басында 0,2 мың, жыл соныңда 1,2 мың теңге, яғни 1 пункке өсті.

2-бөлім. Қаржы нәтижелер есебін ұйымдастыру