Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-аржы-нтижелер-есебін-йымдастыру.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.13 Mб
Скачать

2.1. Негізгі қызметтен түскен табыс есебі

Субъект қызметінің нәтижесінде алынатын табыстарды есепке алу тәртібін айқындау үшін, бухгалтерлік есепке алудың 5 – стандарты «Табыс» негізделген. Осы стандарт, сондай – ақ табысты тану шарттарын сипаттайды, оның көлемін бағалауға мүмкіндік береді, қаржы есептемелерінің түсініктеме жазбахатында табысты танудың маңызды аспектілерін ашып көрсетудің негізгі сәттерін айқындайды.

Табыс – бұл есепті кезеңде активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы.

Табыс алынған немесе алынуға тиіс өткізу құны бойынша бағаланады.

Өткізу құны субъектінің және активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы келісіммен айқындалады.

Бірдей мәмілелер немесе мекеме қызметіндегі бірдей оқиғалар нәтижесінде туындаған табыстар мен шығындар бір мезгілде танылады.

Табыс мынадай шарттар қанағаттандырылған кезде танылады:

а/ табыс саласы бойынша дұрыс бағаланған жағдайда;

б/ субъектінің мәмілемен байланысты экономикалық пайдаларды алу ықтималдылығы болған жағдайда.

Ұқсас тауарлар мен қызметтерді айырбастау кезінде табыс алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу құны бойынша танылады және бағаланады. Егер алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу құны дұрыс бағаланбайтындай болса, табыс берілген тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің өткізу құны мөлшерінде танылады.

Тауарлар өткізуден алынған табыс жоғарыда айтылған шарттармен бірге мына шарттар сақталған кезде:

а/ субъекті сатып алушыға меншік құқығын бергенде;

б/ мәмәле бойыша нақты жұмсалған немесе күтіп отырған шығындар бойынша дұрыс бағаланғанда танылады.

Егер сатушы меншік иесінің құқықтары мен міндеттерін сақтайтын болса, мәміле өткізілім болып табылмайды және табыс танылмайды.

Стандарт тауар – материалдық қорларды өткізуден, қызметтер көрсетуден және субъектіге тиесілі әрі процент, роялти мен дивиденттер әкелетін активтерді пайдалануғаберуден алынатын табыстарды есепке алу кезінде қолданылады.

Қаржы есептемелерін ұсыну кезінде субъект түсініктеме жазбахатта мыналарды:

а/ табысты тану үшін қабылданған есеп жүргізу саясатын, соның ішінде қызметтер көрсету жөніндегі мәмленің аяқталу кезеңін айқындау тәсілдерін;

ә/ есепті кезең үшін танылған табыстардың әрбір маңызды түрінің сомасын, соның ішінде: тауарлар өткізу; қызметтер көрсету: проенттер: роялти; дивиденттер нәтижесінде туындайтын табыстарды, олардың ішінде тауарлар немесе қызметтер алмасу нәтижесінде туындайтын табыстардың әрбір маңызды түріне еңгізілген табыс сомасын ашып көрсетуге тиіс.

Дебиторлық қарыздар тауарлар өткізу және қызметтер көрсету нәтижесінде туындайтын алуға тиісті шоттар мен вексельдер ретінде айқындалады. Дебиторлық қарыз сондай – ақ жол төлемдерін, проценттерді және есепті кезең үшін есептелген, алынатын басқа да сомаларды қамтиды.

Субъект күдікті қарыздардың сомасын шығын ретінде бағалайды және таниды.

Субъект күдікті қарыздар бойынша резерв шегеріп тасталған дебиторлық қарыздарды және оны айқындау тәсілдерін ашып көрсетуге тиіс.

Тауарларды өткізуден түскен табыс мына шарттарды сақтаған жағдайда танылады:

1/ табыс сомасы барынша сенімді бағаланады – бұл мәмілеге қатысушы екі жақ та сатушы қандай сома сұрайтын және сатып алушы қандай сома төленуге тиіс екенін білетіндігін көрсетеді. Мысал ретінде сағат бойынша ақы төленетін кәсіптік қызмет көрсетуді айтуға болады;

2/ мәмілеге байланысты экономикалық пайданы субъектінің алып қалу мүмкіндігі – бұл клиенттің көрсетілген қызмет немесе өткізілген тауарлар үшін шартта ескерілген соманы төлейтіндігіне қызмет көрсететін тораптың сенімді екендігін білдіреді;

3/ субъект сатып алушыға меншік құқығын иеленуге береді;

4/ мәміле бойынша нақты немесе алда болатын шығындарды бағалау барынша сенімді жүргізіледі. Мысалы: Баспахана мекемесі 2007 жылғы жазылу бойынша «Бухгалтер бюллетені» журналы үшін 600 мың теңге сомасында ақы алды. Журнал айына бір рет шығады. 2007 жыл бойы баспа журналдың әр нөмірін жеткізуіне қарай ай сайын 50 мың теңге табыс тауар жіберілген есепті кезең ішінде бірқалыпты есептеу әдісі негізінде танылады.

Жалпы табыстар есептеу үшін «»Негізгі қызметтен түскен табыс», «Сатылған тауарлады қайтару және сату жеңілдігі, сондай – ақ бағаны түсіру», «Негізгі емес қызметтен түскен табыс бөлімшелері шоттары қолданылады».

Негізгі қызметтен түскен табыстар есебі 70 бөлімшеде /негізгі қызметтің табыстары/ шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге келесі синтетикалық, пассивтік шоттар кіреді:

701 «Дайын өнімді» /жұмыстың, қызметтің/ сатудан алынған табыс»

702 «Сатып алынған тауарларды сатып - өткізуден түскен табыстар»

703 «Құрылыс – монтаж, жобалық – іздестіру, геологиялық барлау, ғылыми – іздестіру»

704 «көлік ұйымдарының жүк тасымалдау және жолаушылар тасымалдау қызметтерінен түскен табыстар»

705 «Жолдан түскен табыстар»

706 «Байланыс ұйымдарының қызметтерінен түскен табыс»

707 «Сақтандыру компанияларының қызметтерінен түскен табыс»

708 «Инвестициялық қызметтен түскен табыс»

709 «Негізгі қызметтен түскен табыс».

701 «Дайын өнімді» /жұмыстың, қызметтің/ сатып - өткізуден түскен табыс шотында: өнімдерді сатудан, жұмыс істеуден, қызмет көрсетуден түскен табыстар көрсетіледі. Бұл шотты материалдық өндіріс өрісіндегі өнім өндіретін, жұмыс және қызмет көрсететін кәсіпорындар қолданылады.

1/ ЖШС «Игілік – Фининвест» 2007 жылдың ақпан айында ЖШС «Гридан» фирмасына, №1 тапсырыс бойынша 79764 теңге сомасында плиграфиялық өнімді сатты, оның ішіндегі қосылған құн салығы 13294 теңге, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құны 43350 теңгені құрайды.

Бұл есепте келесі жазбалар көрсетілген:

Дебет 301 «Түсуге тиісті қаражат» 79764тг

Кредит 701 «Өткізуден түскен табыс» 66470тг

Кредит 633 «ҚҚС» 13294тг

Өткізілген өнімнің өзіндік құны:

Дебет 801 «Өнімнің өзіндік құны» 43350тг

Кредит 221 «Дайын өнім» 43350тг

2/ Счет – фактура негізінде келісім баға бойынша АҚ «Асем» - ге 600.000 теңге сомасына өнім жіберілді, ондағы қосылған құн сомасы 100.000 теңге «Түсуге тиісті қаражат есеп айырысу шотына түсті.

Дебет 301 «Түсуге тиісті қаражат» 600.000тг

Кредит 701 «Өткізуден түскен табыс» 500.000тг

Кредит 633 «ҚҚС» 100.000тг

Дебет 441 «Есеп айырысу шоты» 600.000 тг

Кредит 301 «Түсуге тиісті қаражат» 600.000 тг

«Болашақ» фирмасына желтоқсан айында, №12 тапсырыс бойынша жіберу құны 960.000 теңге тұратын дайын өнім жіберді, ішіндегі қосылған құн салығы 160.000 тг, нақты өзіндік құны 627193,46 теңге.

Есепте келесі жазбалар көрсетіледі:

Дебет 301 «Түсуге тиісті қаражат» 960.000тг

Кредит 701 «Өткізуден түскен табыс» 800.000тг

Кредит 633 «ҚҚС» 160.000тг

Дебет 441 «Түсуге тиісті қаражат» 960.000 тг

Кредит 301 «Өткізуден түскен табыс» 960.000 тг

Дебет 801 «Өнімнің өзіндік құны» 627193,46 тг

Кредит 221 «Дайын өнім» 627193,46 тг