Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etalon_otv.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328.19 Кб
Скачать

4.Тағамдық бактериалды токсикоздар.Стафилококкты токсикоз(этиологиясы, эпидемиологиясы,клиникасы, диагностикасы)

Стафилококкты токсикоз. Бұл токсикоз ағзаға тағаммен бірге белок тектес энтеротоксиннің түсуімен грам оң Staphylococcus aureus бактериасын өңдейтін белок тектес энтеротоксиннің түсуінен пайда болады. Тек энтеротоксинді өңдей алатын Staphylococcus aureus қана патогенді деп есептелінеді. Стафилококкты токсикоз токсині бар тағамды қолданғаннан кейін шамамен 2…4 сағат инкубациялық кезеңнен тұратын жедел ауру болып табылады. Тағамдық токсикоздың патогенезі токсиннің қанға түсуімен байланысты.Токсиннің бастапқы дозасы 1мкг кем болады.Клиникалық белгілері жүрек айну, көп реттік құсу , сонымен қоса эпигастрий аймағының ауырсынуы және шатасқан , аралас ес . Көбінесе диарея, бас аурауы мен бұлшық еттік спазмдар орын алады. Дене қызуы көтерілмейді. Бұл симптоматика әдетте 24…48 сағат сақталады, бірақ оданда ұзаққа созылуы мүмкін(3тәуліктен және оданда көп).Асқынуы сирек өлімгеде әкеліп соқтырады, негізінде қарт кісілер мен ерте жастағы балаларда кездеседі. Ауруды лабораториялық диагностикалау үшін күмәнді тағамнан стафилококкты энтеротоксинді тауып , антиэнтеротоксикалық сарысу көмегімен идентификациялау қажет. Тағамнан тамақтану объектілерінің , жұмысшылар мен науқастан Staphylococcus aureus-тің тірі культурасын мұрыннан бөліп алу тағамдық токсикощдың диагнозын дәлелдеп қана қоймай, сонымен қоса науқас пен күмәнді тағамда табылған штамдардың сәйкестігін нақтылайды және де тағамның ластану көзін анықтайды – тамақтан объектілерінің жұмысшылары - энтеропатогенді штамдарын тасымалдаушы.

Королев А.А. Гигиена питание стр 268-269

5.Тағамдық микотоксикоздар. (этиологиясы, эпидемиологиясы,клиникасы, диагностикасы)

Микотоксиндер – күрделі химиялық құрылымдардың (кумариндер, алколоидтар, пептидтер) органикалық табиғи байланыстары әр түрлі өсімдіктерді зақымдайтын топырақтық микроскопиялық саңырауқұлақтардың екіншілік метаболиттері болып табылады.

Микотоксиндері бар тағамды пайдалану нәтижесінде адамдар мен жануарларда дамитын ауруды микотоксикоз деп атайды. Адамдағы микотоксикоздар тобына афлатоксикоз , фузариотоксикоз, эрготизм және т.б патологиялық жағдайлар жатады. Афлатоксикоз тағамдық улануға жатадыжәне екі формада көрінуі мүмкін: жедел интоксикация афлотоксиннің көп дозада түсуінен пайда болады және бауырдың геморрагиялық некрозы , ісінуі мен леторгия түрінде өтеді. Созылмалы субклиникалық улану алиментарлы және иммунологиялық статусқа әсер етеді. Афлатоксиннің ағзаға түскен барлық дозасы кумуляцияланады , бауырдың қатерлі ісігінің дамуын жоғарылатады. Ағзаға түскен микотоксиннің мөлшеріне қарай эрготизм бірнеше формада өтуі мүмкін.

Қалшылдау формасы генерализденген бұлшық еттік тонуспен, жүйке жұйесінің зақымдалуымен , жүрек айнумен , құсумен , ішектік коликамен сипатталады.

Эрготизмнің гангренозды формасындағы белгілер: перифериялық қан айналысының бұзылуы, ишемия, некроз бен гангренаның дамуына себепші болады.

Сонымен қатар уланудың аралас формасыда болуы мүмкін.

Королев А.А. Гигиена питание стр 278-283

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]