Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Паллиативті көмектің философиясы дайын 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43.2 Кб
Скачать

Өзара қарым-қатынас

Сенімді әрі сапалы паллиативті көмекті көрсету үшін, эффективті өзара қарым қатынас орнату үшін көмек жасайтын қызметкердің кәсіби білімі болуы қажет.

Өзара қарым-қатынас деп, паллативті көмек көрсетуге қатысатын түрлі категориядағы медициналық қызметкерлермен әлеуметтік қызметкерлер, пациентпен медициналық қызметкер, пациентпен оның туыстары арасындағы өзара бірлесе жұмыс жасауын, қарым-қатынасын айтамыз. Жиі пациенттер тарапынан түсетін шағымдар, көрсетілетін қызметтің сапасыздығынан емес, дұрыс тиімді қарым-қатынас орната аламағаннан туындап жатады. Паллиативті көмек барысындағы өзара қарым-қатынас тек ақпарат алмасу емес екендігін түсіну қажет. Яғни, пациентпен шындықты, шынайылықты және уақытты қажет ететін, түрлі күрделі де ауыр сұрақтарды талдауға тура келеді. Қызметкер алдында ауыр мақсат тұрады: бір жағынан пациентке шын және толық ақпаратты беру керек болса, екінші жағынан өлімнің жақындағанына қарамастан, оның жазыламын деген үмітіне сенімділік, сыйластық таныту қажет.

Тиімді қарым-қатынас орнату үшін бірнеше қадам жасау қажет. Бұл тренингтермен танымдық іс-шараларды ұйымдастыру, пациентпен тиімді әңгіме жүргізу үшін қолайлы уақытпен қолайлы жерді ұйымдастыру, пациент және оның туыстарымен де ақпаратты және топ (команда) мүшелерімен ыңғайлы уақыт табу, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жаңа ақпараттарды алуға жағдай жасау қажет.

Тұрғындардың ақпараттануын арттыру

Ең негізгі мақсат әр елде паллиативті көмекті "дұрыс қабылдау" климатын қалыптастыру. Осыған байланысты, қоғамдық ой тастап профилактикалық денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз ету қажет. Бұл әрқайсымыздың басынан өтетін жағдай болғандықтан, келесі ұрпақтың өлімнен қатты қорықпай, адамды жоғалту кезіндегі уайымды азайтуға мүмкіндік береді.

Кәсіби қадам және жан-жақты шешім қабылдау

Топтық жұмыс - паллиативті көмектің негізі болып табылады. Кәсіби (мультипрофессиональды) топқа - пациентке көмек көрсетуде өзара бірігіп жұмыс жасайтын және оның өмір сүру сапасын арттыруға қатысатын түрлі клиникалық пәндердің және түрлі мамандықтардың адамдары кіреді. Бұл топтардың құрамы қызмет көрсететін пациенттер территориясына, көрсетілетін көмектің көлеміне байланысты т.б.түрлі факторларға байланысты әртүрлі болады және топтастырылады. Яғни, көрсетілетін көмекті ұйымдастыруда кәсіби қадам жасау және жан-жақты шешім қабылдау аясында болу қажет. Медициналық, психологиялық, әлеуметтік және рухани қолдау көрсету сыйпаты, түрлі мамандық иелерімен, мешіт және шіркеу қызметкерлерінің өзара араласуының арқасында жүзеге асады.

Топтық жұмыс пациентпен оның туыстарының қажеттіліктерін табу және оны орындау барысында, қанағаттану деңгейін көтереді.

Кәсіби (мультипрофессиональды) қадам пациенттің емдеу мекемелеріндегі кететін уақытты үнемдеп, жалпы шығындарды азайтады. Соңғы зерттеулерге қарағанда, паллиативті көмектің тиімділігі ауырсыну сезімін басу және өте ауыр симптомдарды басу кезінде айқындалады. Минимум ретінде топта жалпы күтімге сәйкес мамандырылған тәжірибиелік дәрігер және медбике болу қажет. Сонымен қатар, топқа әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, волонтерлар шақырылады. Дегенменде, паллиативті көмек жөнінен біліктілігі бар маман орындау қажет.

" Паллиативная помощь должна быть  доступна каждому человеку, независимо от его вероисповедания, национальности, социального статуса, возраста и местонахождения