- •Пациенттердің адами құндылығын сыйлау
- •Медициналық қызметкер және пациент арасындағы қарым-қатынас
- •Өмір сүру сапасы
- •Өмірге және өлімге деген көзқарас
- •Өзара қарым-қатынас
- •Тұрғындардың ақпараттануын арттыру
- •Кәсіби қадам және жан-жақты шешім қабылдау
- •(В хосписе, больнице, дома)". Қайғыру және жақынын жоғалту
"Ты важен для нас уже самим фактом своего существования. Ты значим для нас до последнего мгновения твоей жзини, и мы делаем все возможное, чтобы ты не только ушел с миром, но и жил до самой смерти"
Леди Сисели Сондерс
(алғашқы хоспистің негізін қалаушы дәрігер)
Паллиативті көмектің философиясы туралы айтқанда көптеген деректер, паллиативті көмектің өзі тұнып тұрған философия деп те атайды. Әртүрлі мемлекетте паллиативті көмекке әртүрлі көзқарас болғанымен, оларды өзара біріктіретін жалпы құндылықтармен принциптері бар. Оларға пациенттің өзіндік жеке басымен қатар бойындағы қасиеттерін, өздігінен шешім қабылдауды және жоспарлау т.б. өзіне қатысты шешімдерді сыйлау, оны жүзеге асыруда қолдау көрсету жатады.
Пациенттердің адами құндылығын сыйлау
Паллиативті көмек көрсету барысында әрбір адамның құндылығын бағалап жеке тұлға ретінде сыйлау қажет. Пациент және оның туыстары көмекті қабылдауға дайын болған жағдайда ғана паллиативті көмек көрсетілуі тиіс. Нәтижесінде, пациент алатын емдеу түрлерін және әдістерін, арнайы мамандандырылған паллиативті көмекті алатын орнын таңдау құқығына ие бола алады. Егер пациенттің алатын емдеу түрлерін және әдістерін, арнайы мамандандырылған паллиативті көмекті алуға өзінің таңдау мүмкіндігі жоқ болса немесе ол мұны қаламаса, ақпаратты алғаннан кейін шешім қабылдау құқығы туыстарына не медициналық қызметкерлерге жүктеледі.
Медициналық қызметкер және пациент арасындағы қарым-қатынас
Пациентті күтуші қызметкерге пациенттің өзімен және оның туыстарымен өзара тығыз байланыс орнату қажет. Емді жоспарлау және оны емді жүргізу барысындағы түрлі маңызды шешімдерді қабылдап, іс-шараларды жасауда, пациент және оның туыстары маңызды серіктес (партнер) болады. Егер көмек көрсетуде пациенттің өз тәжірибиесі болса өте қолайлы жағдай туғызады. Барлық көрсетілетін көмектің негізінде жатқан ол, пациентке тұрақтылықты үйрету. Тұрақтылық - бұл науқастың жазылмайтын аурумен өмір сүріп, аурудың әсерінен пайда болған проблемаларды жеңу, өмірден ерте өтуге байланысты болашаққа қойылған жоспарларды өзгерту қажеттілігін психологиялық тұрғыдан қабылдау.
Тұрақтылық концепциясы парадигмаларды өзгертуді ұсынады: адамның жағымсыз жағдайларға/адамды жоғалтуға, ауыр симптомдарға мойынсұну. Пациенттегі проблемалар және шығындар (жоғалту) қолдағы бар ресурстарға негізделген тұрақтылыққа ауысады. Тұрақтылыққа бейімдеу- денсаулық сақтау қызметін қолданудың маңыздылығын, пациент, медициналық қызметкер және әлеуметтік қызметкер арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға жол ашатынын дәлелдейді.
Өмір сүру сапасы
Паллиатвті көмектің негізгі мақсаты - пациенттің өмір сүру сапасын жақсарту, оны ұзарту. Көрсетілетін көмектің көлемімен сыйпаты пациенттің қалауымен жүзеге асады. Көптеген жүргізілген сұраулар нәтижесі олардың әлеуметтік, рухани қолдауды қажет екендігін көрсетті.
Бірақ, "өмір сүру сапасын" нақты айтып беретін паллиативті көмекті қажет ететін пациенттің өзі ғана. Өмір сүру сапасынының көрсеткіштері аурудың өршуімен байланысты өзгеріп отырады. Өмір сүру сапасы адамның нақты жағдайдағы күйімен және оның алдағы уақытта күтетін күйі аралығындағы сәйкессіздікті қалай қабылдайтынына байланысты болады.
Өмірге және өлімге деген көзқарас
Паллиативті көмектің көптеген анықтамаларында өмірге және өлімге деген көзқарас ұстанымы бар. Бүкілодақтық денсаулық сақтау ұйымының анықтамасында "паллиативті көмек өмірді бекітеді және өлімді қалыпты табиғи процесс деп есептейді" ұғым бар, яғни өлім де өмір секілді маңызды құбылыс деп бағаланып, оның маңызды бір бөлшегі ретінде қарастырылады.
Паллиативті көмектің құзырына өлімді жақындату немесе алыстату ұғымы енбейді. Сонымен қатар, паллиативті көмектің мақсаттарына дәрігердің араласуымен эвтаназия немесе суицид жасау кірмейді.
"Ценность жизни, естественность процесса смерти и осознание того, что и жизнь, и смерть предоставляют человеку возможности для личностного роста и самореализации" должны быть признаны.
