Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия 400тесты гэк каз.яз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
479.23 Кб
Скачать

3. Антибиотиктер

4. цитостатиктер

5. глюкокортикоидтар

263. Жедел циститтің клиникасына тән белгі:

1. ісіну

2. бүйрек шаншуы

3. гипертония

4. зәрге жиі отыру, ауырсыну

5. никтурия

264. Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын науқас мейірбикеге басының

қатты ауыратынына шағымданды. Мейірбикенің бірінші атқаратыны:

1. жедел дәрігерге хабарлау

2. палатаны желдету

3. аналгин таблеткаларын беру

4. АҚҚ өлшеу

5. ащы тағамдарды шектеу

265. Мейірбике созылмалы гломерулонефриттің асқынуын тудыратын

жағымсыз факторларды түсіндірді. Науқас бәрін түсінді:

1. физикалық белсенділікті күшейту

2. күнде ыстық ванна қабылдау

3. күнделікті шынығу

4. суық тигізбеу

5. тұзды тамақты шектеу

266. Бүйректің негізгі қызметі:

1. зәр бөліп шығару

2. тыныс алу

3. зат алмасу

4. дене қызуын реттеу

5. барлық аталғандар

267. Бүйрек тостағаншасы мен ұлпасының қабынуы:

1. гломерулонефрит

2. нефрит

3. цистит

4. пиелоцистит

5. пиелонефрит

268. Жедел пиелонефриттің клиникасы:

1. гипотермия

2. гипертония

3. лихорадка

4. белдік тәрізді ауырсыну

5. ұстама тәрізді ауырсыну

269. Тәуліктік диурез мөлшерінін көбеюі:

1. анурия

2. олигоурия

3. глюкозурия

4. полиурия

5. ишурия

270. Жедел пиелонефритте зәр анализінде:

1. лейкоцитоз

2. эритроцитоз

3. лейкоцитурия

4. лимфоцитоз

5. моноцитоз

271. Созылмалы пиелонефриттің диагностикасы:

1. зәрдің қантқа анализі

2. зәрдің Нечипоренко анализі

3. зәрдің қанға анализі

4. нәжістегі жасырын қанды анықтау

5.холестеринге анализ

272. Жедел пиелонефриттегі үштік симптом;

1. полиурия, полидипсия, гипергликемия

2. жемсау, көз симптомы, тахикардия

3. терінің қышуы, қасыған іздер, гиперемия

4. лихорадка, бел тұсының ауырсынуы, зәр бөлінуінің бұзылуы

5. әлсіздік, бас айналу, тез шаршағыштық

273. Созылмалы пиелонефрит емі үшін қолданады

1. Антибиотиктер;

2.аминохинолиндер;

3.цитостатиктер;

4.жүрек гликозидтері;

5. глюкокортикоидтар;

274. Мейірбике тексеруден кейін бүйрек ұстамасын сипаттайтын белгілерді анықтады:

1. дене қызуының көтерілуі

2. іштің ауырсынуы

3. қан аралас зәр

4. өтпен құсу

5. қан аралас зәр, жиі белде ауырсыну

275. Бүйрек ұстамасы кезінде дәрігерге дейінгі көмек:

1. бел аймағына суық қою, көп мөлшерде сұйықтық беру

2. спазмолитиктер, наркотиктер енгізу

3. ыстық ванна, бел аймағына жылытқыш қою

4. қуыққа катетер қою

5. бел аймағына суық қою, спазмолитиктер

276. Бүйрек ұстамасында жедел жағдайда қолданылатын препараттар:

1. атропин

2. баралгин

3. промедол

4. но-шпа

5. барлығы дұрыс

277. Жедел пиелонефритті емдегенде қолданылатын препараттар:

1. гипотензивті, антибиотиктер

2. антигистаминді, антибиотиктер

3. нитрофурандар, гипотензивті

4. антибиотиктер, нитрофурандар

5. диуретиктер, антибиотиктер

278. Зәрдің 500 мл-н төмен болуы не деп аталады?

1. анурия

2. полиурия

3. олигоурия

4. поллакиурия

5. дизурия

279. Полиурия бұл-.......

1. тәуліктік зәр -1000 мл

2. тәуліктік зәр -2000 мл

3. тәуліктік зәр -200 мл

4. тәуліктік зәр -500 мл

5. тәуліктік зәр -50 мл

280. Анурия бұл-.....

1. тәуліктік зәр -50мл

2. тәуліктік зәр -500 мл

3. тәуліктік зәр -1000 мл

4. тәуліктік зәр -1500 мл

5. тәуліктік зәр - 2000 мл

281. Поллакиурия бұл-....

1.сирек зәрге отыру

2.жиі зәрге отыру

3. түнгі диурездің күндізгіден көп болуы

4. күндізгі диурездің түнгіден көп болуы

5. зәрге отырғанда ауырсыну

282. Цистит бұл-...

1. бүйректің тостағаншасының қабынуы

2. бүйрек ұлпасының қабынуы

3. шумақтарының қабынуы

4. қуықтың қабынуы

5. өт қапшығының қабынуы

283. Циститтің клиникалық белгілеріне жатады:

1. зәрге жиі отыру

2. жүрегі қағу

3. пульстің жиілеуі

4. тыныс алудың жиілеуі

5. жиі үлкен дәретке отыру

284. Жедел гломерулонефрит бұл...

1.бүйрек тостағаншасының қабынуы

2.бүйрек ұлпасының қабынуы

3.бүйрек шумақтарының қабынуы

4.бүйрек жолдарының қабынуы

5.,қуықтың қабынуы

285. Ағзаның азот қалдығымен улануы қалай аталады?

1.анемия

2.гипохромды анемия

3.тромбоцитопения

4.уремия

5.ишурия

286. Дизурия бұл-...

1.зәрге отырғандағы ауырсыну

2.жиі зәрге отыру

3.зәрге отырудың қиындауы

4.зәр ұстамау

5.зәр шығарудың бұзылысы

287. Протеинурия бұл-...

1.зәрде эритроциттердің болуы

2.зәрде лейкоциттердің болуы

3.зәрде ақуыз болуы

4.зәрде цилиндр болуы

5.зәрде ацетоннің болуы

288.Зимницкий анализі арқылы анықталады:

1.бүйректің концентрациялық қызметі

2. эритроцит

3. лейкоцит

4. белок

5. зәрдің сүзілу жылдамдығы

289. Жедел гломерулонефритте Нечипоренко анализінде:

1. лимфоциттердің көп болуы

2. моноциттердің көп болуы

3. базофилдердің көп болуы

4. эритроциттердің көп болуы

5. эозинофилдердің көп болуы

290. Бүйрек ұстамасындағы көмек:

1. ыстық ванна

2. спазмолитиктер

3. цистенал (тамшыда)

4. бел аймағына жылытқыш қою

5. барлығы дұрыс

291. Ісінуді анықтайтын әдістер:

1.перкуссия

2. аускультация

3. АҚҚ өлшеу

4. бас сүйек ішілік қысымды өлшеу

5. тәуліктік диурезді өлшеу

292. Бүйрек ауруларына тән - ісіну:

1. цианозбен қатарласып ісіну

2. беттің таңертең ісінуі

3. гиперемиямен қатарласып ісіну

4. кешке аяқтың ісінуі

5. тығыз ісіктің болуы

293. Нечипоренко анализі арқылы анықталады:

1. 1 мл-гі эритроцит, лейкоцит, цилиндр мөлшері

2. Hb

3. зәр тығыздығы

4. бөлінген зәр мөлшері

5. зәрдің сүзілу жылдамдығы

294. Лейкоцитоз – бұл: 1. қанда тромбоциттер санының көбеюі 2. қанда лейкоциттер санының азаюы 3. қанда лейкоциттер санының көбею 4. қанда эритроциттер санының азаюы 5. қанда тромбоциттер санының азаюы