- •Бастапқы деректер мен жобалауға тапсырма
- •2 Нұсқалық жобалау
- •2.1 Көпқабатты тас ғимараттың конструкциялық сызбасын құрастыру
- •2.2 Сурет. Көп қабатты кірпіш қабырғалы ғимараттың конструкциясы
- •2.3 Сурет. Еден конструкциясы
- •2.4 Сурет Шатырдың конструкциясы
- •Ғимараттың конструктивті сызбасын сараптау
- •4 Ғимараттың сыртқы қабырғасының аралық бөлігін есептеу
- •4.1 Төртінші қабаттың аралық қабырға бөліктерін есептеу
- •4.2.3 Қабат аралық қабырғаларын есептеу
- •3 Қабаттың аралық қабырғаларындағы түсетін күштерді есептеу
- •3 Қабаттың ортадан тыс сығылған аралық қабырғасының беріктігін тексеру:
- •4.3.2 Қабат аралық қабырғаларын есептеу
- •2 Қабаттың аралық қабырғаларындағы түсетін күштерді анықтау
- •4.4.1 Қабат аралық қабырғаларын есептеу
- •1 Қабаттың аралық қабырғаларындағы түсетін күштерді анықтау
- •5 Жертөле қабырғасының есебі
- •5.1 Есептеуге қажетті мәліметтер
- •5.2 Тік күшсалмақтарды есептеу
- •5.3 Июші моменттерді анықтау
- •5.4 Есептеуге арналған мәліметтерді анықтау
- •5.5 Ортасынан тыс сығылуға жұмыс істейтін қабырғаның беріктігін тексеру
- •6 Қабырға астындағы іргетасты есептеу
- •7 Кірпіш және арматураланған кірпіш ұстындарды есептеу
- •7.1 Төртінші қабаттың ұстынын есептеу
- •7.2 Үшінші қабаттың ұстынын есептеу
- •7.3 Екінші қабаттағы ұстынды есептеу
- •Сурет 7.1 3-ші қабаттағы ұстынның үзіндісі
- •Сурет 7.2 2-ші қабаттағы ұстынның үзіндісі
- •7.4 Бірінші қабаттағы ұстынды есептеу
- •Сурет 7.3 1-ші қабаттағы ұстынның үзіндісі
- •7.5 Жертөле ұстынын есептеу
- •Сурет 7. 4 Жертөле ұстынының үзіндісі
- •8 Ұстын астындағы іргетасты есептеу
- •8.1 Іргетастың өлшемдерін анықтау
- •Сурет 8.1 Ұстын астындағы іргетас
- •8.2 Іргетастың беріктігін жергілікті сығылуға тексеру
- •1 Қосымша
- •II Қосымша
- •13 Кесте
- •14 Кесте
- •III Қосымша ([2]-ден кестелер)
- •1.2 Кесте
- •2.2 Кесте
- •2.3 Кесте
- •Әдебиет
-
Мазмұны
Жалпы нұсқаулар
4
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Бастапқы деректер мен жобалауға тапсырма
Нұсқалық жобалау
Көпқабатты тас ғимараттың конструкциялық сызбасын құрастыру
Ғимараттың конструктивті сызбасын сараптау
Ғимараттың сыртқы аралық қабырға бөліктерін есептеу
Жертөле қабырғасының есебі
Қабырға астындағы іргетасты есептеу
Кірпіш ұстындарды есептеу
Ұстындар іргетасын есептеу
1 Қосымша
2 Қосымша
3 Қосымша
Әдебиеттер тізімі
4
5
5
9
10
22
27
28
39
42
44
46
49
Бастапқы деректер мен жобалауға тапсырма
Төмендегідей алғашқы деректерімен жертөлені тұтастырылған аражабындары және шатыр жаппасы бар көпқабатты кірпіш қабырғалы ғимараттың тас және армотасты сыртқы қабырғаларын, жертөле қабырғаларын, аралық тас және армотасты аралық ұстындарды, сондай-ақ ғимараттың бетон немесе шойтасбетон іргетастарын жобалау талап етіледі:
1. Сыртқы қабырға осьтерімен алынған ғимарат өлшемдері.......................................................................................... 12,4 х 40,8 м
2. Ұстындар торы ............................................................................ 6,2 х 6,8 м
3. Құрылыс орны:
- қар
салмағының жүк күші бойынша IV аудан
=
1,5 кПа,
- желдік
күшсалмақ күші бойынша V аудан
0
кПа
4. Қабат саны.............................................................................................. 5
5. Қабат биіктігі ......................................................................................... 3,8м
6. Жертөле биіктігі .................................................................................... 3,5м
7. Терезе ойықтарының өлшемдері ......................................................... 4,0 x1,8 м
8. Көлденең қадамдар саны ………………………………....................... n 1=2;
9. Бойлық қадамдар саны ………………….............................................. n2= 6;
10. Құрылыс материалдары:
- сыртқы қабырғаларға - саңылау қуыстарының өлшемдері 250x120x138 мм, жобалық маркасы М100 және Ml50 керамикалық тастар;
- ішкі ұстындарға - М100 және М150 маркалы кәдімгі сазбалшық кірпіш;
- М50 маркалы қалау қоспасы;
- жертөле қабырғаларына – саңылаулы қуыстары бар М75 маркалы бетон тастар;
- ұстындар іргетастарына –В12,5 класты бетон, М200 қиыршық тастары;
- А-II и ВР-I класты арматура;
11. Қабатаралық жабынға түсетін қысқа мерзімді пайдалы салмақ күші 6,5 кН/м2
12. Пайдалы
салмақ күшінің сенімділік коэффициенті
............................
=
1,25
13.
Негіз
топырағының шартты есептік кедергісі
.....................................
=0,4МПа
Жоғарыда аталған тас және армотасты конструкция элементтерін жобалауды негізгі құрамдағы бірінші топ жүк күштері әсеріндегі біткен ғимаратқа есептеп жүзеге асырады.
2 Нұсқалық жобалау
Нұсқалық жобалауда ғимараттың конструкциялық сызбасын құрастыру, аралық және шатыр жабындардың, барлық тік көтеруші конструкциялардың, іргетастарының конструкциялық шешімдерін таңдау және жобалау үшін қажетті бастапқы деректерді анықтау қажет болады.
2.1 Көпқабатты тас ғимараттың конструкциялық сызбасын құрастыру
Ғимараттың конструкциялық сызбасын таңдау төмендегі жағдайларға (факторларға) байланысты жүргізіледі:
1. Ғимараттың қолданылу мақсатына, оның архитектуралық-жобалық шешімдеріне, ғимараттың ені мен биіктігі, пайдалы жүк күштерінің шамаларына ж.б.;
2. Аражабындардың конструкциялық нұсқасына және қабырғаның ұзынабойына түсетін жүк күштерінің таралу сипатына;
3. Қабырға материалына және қаланған қабырғаның көтеру мүмкіндігіне;
4. Ғимараттың конструкциялық әр түрлі сызбаларының техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне.
Ғимараттың конструкциялық сызбасы оның кеңістіктегі беріктігін және тұтастай орнықтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Кеңістіктегі беріктік қағидалары бойынша тас ғимараттар екі топқа бөлінеді:
1. Қатаң конструктивтік үлгідегі ғимараттар, көп қабатты азаматтық үй ғимараттарына тән келеді. Бұл жерде орнықты көлденең конструкциялық аралық және шатыр жабындардың жиі орналасуы бойлық қабырғалар мен ұстындарға берік (қозғалмайтын горизонталь тірегіштер ретінде қызмет етеді және жүк күштері өз жазықтығында көлденең қабырғаларға беріледі).
2. Серпімді конструктивтік үлгідегі бірқабатты өнеркәсіптік ғимараттарға тән. Мұндай орнықты көлденең конструкциялар әлдеқайда сирек орналасқан конструктивті үлгідегі қабырғалар мен ұстындардың жаппалары серпімді тірегіштер қызметін атқарады.
Тапсырмаға сәйкес қатаң конструктивті үлгідегі ғимаратты, яғни тірегіштері қатаң ғимаратты жобалау қажет. ҚНмЕ II-22-81 [1] 6.7 бөліміне сәйкес берік тірегіштер ретінде қабылданатындар:
а) горизонталь жүк күштеріне есептелетін қалыңдығы 12 см кем емес көлденең тас және бетон қабырғалар, 6 см кем емес темірбетон қабырғалар, контрфорстар, берік түйінді көлденең қаңқалар, көлденең қабырға бөліктері және басқа конструктивті элементтер;
б) көлденең қатаң конструктивтік үлгідегі конструкцияларының арақашықтығы 2 Қосымшаның 13 кестесінде [4] көрсетілген шамалардан аспайтын қабатаралық және шатыр жабындар.
Қабатаралық және шатыр жабындарының түрін таңдау
Сурет 2.1 Қуысты панелдің конструкциясы
Аралық және шатыр жабындарының өз кезегінде бойлық қабырғалар мен тас немесе армотасты ұстындарға сүйенетін көлденең қабырғалар мен арқалық белдеулерге жатқызылатын төсемелер ретінде қабылдаймыз. Арқалық белдеулер етіп тік төртбұрыш қималы темірбетон арқалықтарын аламыз.
Темірбетон арқалықтарының биіктігін мына аралықта белгілейміз:
6200
=
620..413мм.
мұнда
6200мм
– арқалықтардың
аралық бойлығы.
Арқалық қимасының биіктігі h = 500 мм (50 мм қайтарылатын) болып қабылданады.
Арқалық қимасының енін мына аралықта белгілейміз:
=
(0,4...0,6)
h = 200...300 мм.
Қабылдағанымыз =250 мм (50 мм қайтарылатын).
Төсеме
ретінде қуыстарының диаметрі 159 мм және
жалпы биіктігі 220 мм шеңбер қуысты жазық
темірбетон панелдерін аламыз. Сызба
жоспарындағы қабатаралық және шатыр
жабын тақталарының өлшемдерін мынадай
етіп белгілейміз
=
1300 х 6300 мм.
Тақтаның мөлшерлік салмағын анықтаймыз
мұнда VҚ - тақтадағы темірбетон көлемі;
ρт
Еден құрылымы былайша қабылданған:
Ғимарат қабырғасының қалыңдығын алдын ала белгілеу
