- •Мазмұны
- •1 Құрылыс аумағын негіздеу
- •2 Курстық жобаның орындалу тәртібінің жазбасы
- •2.1 Жүктеменің сипаттамасын бағалау, ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері және негіздік деформациясының мүмкін болатын шекті магыналардың анықтамасы
- •2.2 Құрылыс аумағының инженерлік-геологиялық шарттарды бағалау үшін қажетті
- •2.3 Техникалық-экономикалық салыстыру негізінде фундаменттің рационалдық түрін таңдау
- •2.7 Қадалы іргетасты есептеу
- •2.4 Берілген қимада іргетасты есептеу
- •2.5 Іргетас шөгуін есептеу
- •2.6 Іргетастарды құрылымдауда ұсыныс
- •2.8 Ғимараттардың жер асты бөлігін ылғалдың, жер асты сулары және қияңқы ортаның әсерінен қорғау
- •2.9 Негіздіктер мен іргетастар құрылғысына кепілдеме
- •3 Курстық жоба есебінің шығарылу жолдары
- •3.1 Құрылыс аумағының инженерлік-геологиялық шарттарын бағалау
- •3.3 Іргетастың табанының өлшемін біруақытта топырақтың негізінің есептік кедергілігімен анықтау
- •3.4 Қадалы іргетас есебі
- •4 Іргетастың рационалдық типін таңдау
1 Құрылыс аумағын негіздеу
Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағандыоблыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы БетпақдаладанТянь-Шаньға, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км².
Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы — Тараз. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 153 кенттік және ауылдық округтерде 379 ауыл бар.[3]
Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақдала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді.
Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді.
27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған.
Мемлекеттік (кешенді) қаумал «Берікқара шатқалы» — 17,5 мың га алаңды алады, онда қызыл кітапқа енгізілген аса бағалы ағаш бұтасының және шөп өсімдігінің 50-ден астам түрін, ал жануарлардан – арқарды, үнді жайрасын, жұмақ шыбыншыны кездестіруге болады;
Жалпы алаңы 3,07 мың га құрайтын мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумал «Қарақоңыз шатқалы»(ботаникалық), Зайлы Алатаудың батыс сілемінде орналасқан. Алма, шие, алша, жүзім ағаштарының жемісті көшеттері үйеңкі орманның, боз қарағанның, тұт ағашының, түйе жаңғағының алаңдарымен ауыстырылады;
Жалпы алаңы 1000 мың га құрайтын Андасай мемлекеттік (кешенді) қаумал (зоологиялық) Мойынқұм ауылынан батысқа Шу өзенінің жағасының бойында орналасқан. Өсімдік қабатында селеу шөбі, бетеге, қара сексеуіл, талдың ну бұтасы басымды. Жануарлар әлемінде арқарлар, құландар, жайрандар, еліктер, қабандар, қояндар,қырғауылдар, құрлар басым.
Облыстың өзіне тән климат ерекшелегі-қуаншылығы мен континенттілігі. www.zhambyltourism.kz Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің табиғи көрінісі көлемді және әртүрлі. Облыста есімдіктердің 3 мыңға жуық түрі бар. Аңшылыққа пайдаланылатын жердің жалпы көлемі 13,9 мың га. Онда 40 түрлі жануарлар мекендейі. Балық шаруашылығы 27,8 мың га жерді алып жатыр. Оның ішінде 81 су қоймасы 59 су қоймасы балық шаруашылығына жарамды. Әсіресе Тасөткел, Псеріс-Ашыбулақ ірі су қаймалары ерекшеленеді. Мұңда ақ амур, карп, сазан, көксерке, табан, вобла балықтарының түрлері басым. Облыс территориясында 3 қорық жұмыс істейді: "Берікқара шатқалы" мемлекеттік қорығы 17,5 мың га жерді алып жатыр. Бұл жерде Қызыл кітапка енгізімен 50 ден аса ағашты-бұталы өсімдіктерді, жануарлардан архар , үнді жайрасын жумақ шыбын ұстағымын кездестіруге болады. "Қарақұндыз шатқалы" мемлекеттік қорығы 3,07 мың га жерді алып жатыр, орналасқан жері Іле Алатауның батыс сілемі. Алма, шие, жүзім, алша жеміс ағаштары үйеңкі, ақ акация, тұт ағаштары, грек жаңғағы ағаштары учаскелерімен алмасып отырады. Андасай мемлекеттік қорығы Шу өзенің оң жағалауында Мойынқұм ауылынан батысқа қарай орналасқан, көлемі 1000 мың га. Мұндағы өсімдіктердің басым көпшілігі бетеге, биюргун, сексеул, бұталы ағаштар. Жануарлардан архар, Қулан, елік қабан, қоян, қырғауыл құр мекендейді. Облыс агрорлы-индустриялды-23,8% жалпы өнеркәсіп, 20,2%-ауылшаруашылығы, 16,6% транспорт және байланыс, 6,5% қурылыс, 9,2% сауда, 27,7% басқа салалар. Облыстың 7 ауданы аграрлы сектор, қалған 3 ауданында таулы-кен комплекстерінің арқасында өнеркәсіп дамыған. Облыс өнекәсібінің дамуына облыс орталындағы мекемелер де едәуір үлес қосуда. Жамбыл облысты фосфорит және ерігіш шпатты ишкізаттың бірегей базасы болып табылады. Облыс территориясында 71,9%-ы республика фосфорит қорының балансы, 68%-ы ерігіш шпат, 8,8%-ы алтын, 3%-ы мыс, 0,7%-ы уран. Облыс түсті металға, баритке, көшірге, техникалық тастарға және құрылыс материалдарына бай. Шу-Сарысу ойнатының бірнеше жерлері табиғи газға бөлінген. Амангелді газ орындарының 18 скважинасы бұрғыналып, көгілдір отынның 820 мың куб метрі берілді. Газ конденсатын өндіру шағын заводының қурылысы аяқталып келді. Облыс тұрғындары өз газымен қамтамасыз етеледі. Қорғасынды-мырыш минерализациялы орындары Шу-іле аймақтарында анақталды. Шатыркөлде мыс кені. Шу ауданында пашметалл өндіру іске асуда. Облыс республика бойынша су асты қорынан 3 орында. 4520,94 мың м3 тәулік қорын пайдалануда 40 су орындары анықталды.
