- •Мазмұны
- •1 Құрылыс аумағын негіздеу
- •2 Курстық жобаның орындалу тәртібінің жазбасы
- •2.1 Жүктеменің сипаттамасын бағалау, ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері және негіздік деформациясының мүмкін болатын шекті магыналардың анықтамасы
- •2.2 Құрылыс аумағының инженерлік-геологиялық шарттарды бағалау үшін қажетті
- •2.3 Техникалық-экономикалық салыстыру негізінде фундаменттің рационалдық түрін таңдау
- •2.4 Берілген қимада іргетасты есептеу
- •2.5 Іргетас шөгуін есептеу
- •2.6 Іргетастарды құрылымдауда ұсыныс
- •2.7 Қадалы іргетасты есептеу
- •2.8 Ғимараттардың жер асты бөлігін ылғалдың, жер асты сулары және қияңқы ортаның әсерінен қорғау
- •2.9 Негіздіктер мен іргетастар құрылғысына кепілдеме
- •3 Курстық жоба есебінің шығарылу жолдары
- •3.1 Құрылыс аумағының инженерлік-геологиялық шарттарын бағалау
- •3.3 Іргетастың табанының өлшемін біруақытта топырақтың негізінің есептік кедергілігімен анықтау
- •3.4 Қадалы іргетас есебі
- •4 Іргетастың рационалдық типін таңдау
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................ |
4 |
1 Құрылыс аумағын негіздеу........................................................................... |
6 |
2 Курстық жобаның орындалу тәртібінің жазбасы...................................... |
8 |
2.1 Жүктеменің сипаттамасын бағалау, ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері және негіздік деформациясының мүмкін болатын шекті магыналардың анықтамасы............................................................................. |
8 |
2.2 Құрылыс аумағының инженерлік-геологиялық шарттарды бағалау үшін қажетті...................................................................................................... |
12 |
2.3 Техникалық-экономикалық салыстыру негізінде фундаменттің рационалдық түрін таңдау............................................................................... |
13 |
2.4 Берілген қимада іргетасты есептеу........................................................ |
14 |
2.5 Іргетас шөгуін есептеу........................................................................... |
14 |
2.6 Іргетастарды құрылымдауда ұсыныс..................................................... |
14 |
2.7 Қадалы іргетасты есептеу......................................................................... |
15 |
2.8 Ғимараттардың жер асты бөлігін ылғалдың, жер асты сулары және қияңқы ортаның әсерінен қорғау.................................................................... |
17 |
2.9 Негіздіктер мен іргетастар құрылғысына кепілдеме.............................. |
17 |
3 Курстық жоба есебінің шығарылу жолдары.............................................. |
18 |
3.1 Құрылыс аумағының инженерлік-геологиялық шарттарын бағалау.... |
18 |
3.2 Іргетастарды салудың тереңдігін таңдау................................................. |
22 |
3.3 Іргетастың табанының өлшемін біруақытта топырақтың негізінің есептіккедергілігімен анықтау........................................................................ |
24 |
3.4 Қадалы іргетас есебі................................................................................. |
25 |
4 Іргетастың рационалдық типін таңдау........................................................ |
28 |
Қорытынды........................................................................................................ |
29 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................... |
30 |
|
|
Кіріспе
Топырақ механикасы ғылыми пән ретінде жер бетіне әр алуан үйлер мен ғимараттарды салуға байланысты пайда болды.
Топырақ механикасы борпылдақ тау жынысының (табиғи топы- рақтың) механикасы болып табылады және әр алуан ғимараттар мен құрылыстарды жер бетінде жобалау мен салудың инженерлік тәсілдерінің есептеу-теориялық негіздерін құрайды.
Топырақ механикасының негізгі проблемалары мыналар:
еңісті жер құрылысының тұрақтылығын жоғалтуы ;
ғимараттың іргетасы астындағы негіздіктің бұзылуы;
топырақ табанына үлкен қысым түсуі есебінен іргетастың едәуір шөгуінің пайда болуы;
топырақтың іргетас конструкциясына түсетін реактивті қысымын немесе тіреуіш қабырғасына түсетін қысымды анықтау.
Топырақ механикасын жасауға және дамытуға аса көрнекті отандық және шетелдік инженерлер мен ғалымдар қатысты. III. О. Кулонның (Франция, 1773) «Архитектураға жататын статиканың (тұрақты қалыптын) кейбір проблемаларына максимум және мииимум ережелерін қолдану туралы» зерттеу еңбегін топырақ механикасы жөніндегі бірінші іргелі жұмыс деп айтуға болады. Бұл еңбегінде Кулон тұрақты қалыптылықтын кейбір міндеттерінде үйкеліс пен іліністің әсерін анықтады.
Топырақтар табиғаты
Желге мүжілген Жердің тасты қабыршағының (литосфера) барлық борпылдақ тау жыныстары топырақ деп аталады. Топырақтар құрылыста ғнмарат пен құрылыстың табаны ретінде, сондай-ақ жер құрылысының материалы ретінде пайдаланылады.
Топырақтың пайда болуы
Табиғи топырақтар тау жыныстарының физикалық және химиялық жолмен мүжілуі нәтижесінде пайда болған. Топырақтардың пайда болуы барысында сыртқы жағдайларға байланысты олардың қасиеттері қалыптасты.
Топырақтардың ұзақ мерзімді қалыптасуы уақытындағы табиғи жағдайында көп қайтара өзгерістер, әлденеше рет қайта шөгінділер, өз салмағының әсерімен нығызданулар, қайта нығызданулар, су астында қалулар, құрғақтанулар, және т. с. с. болды.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі табиғи топырақтарды оларды қоршаған физикалық-геологиялық ортаға байланыстыра және олардың қасиеттерінің үздіксіз өзгеретінін ескере отырып қарастыру қажеттігін көрсетеді.
Топырақ түрлері
«Топырақтар. Жіктеу» атты 25100-82 ГОСТ мемлекеттік стан- дартқа сәйкес және құрылымдық байланымдардың сипатына бай- ланысты (топырақтың пайда болуына (генетикалық жағынан бөл- шектеу), түзілім жағдайына, құрамы мен құрылыстық касиетіне қарай екі класқа: жартасты және жартасты емес болып бөлінеді.
Жартасты топырақтар (қатты құрылымдық байланымды топырақтар) төрт топқа: магмалық, метаморфикалық, шөгінді және жасанды (табиғатында тереңде жатып өзгеріске ұшырағандар) болып бөлінеді. Граниттер, диориттер, базальттар біршама көп тараған магмалық жыныстар,ол гнейстер,кварциттер және крис- талды тақтатастар, метаморфикалық жыныстар болып табылады. Цементтелген шөгінді жыныстарға кұмдақ тастар, конгломераттар, брекчиялар жатады. Қатты құрылымдық байланымдар цементтелу, силикаттану жолымен және басқа да амалдармен адамдар жасаған жартасты жасанды топырақтар деп атайды.
Топырақ құрылымы
Топырақтардың құрылыстық қасиеттеріне баға беру үшін топы- рақтардың құрылымы мен бітімінің мәні зор.
Топырақ құрылымы дегенде сол топыраққа тән топырақтың ішкі байланымдары мен ол пайда болғанға дейінгі бүкіл ерекшелігіне негізделген ірілігі мен пішіні жағынан әр алуан минералды бөлшектердің және олардың жекелеген агрегаттарының орналасуы деп білеміз. А. К. Ларионовтың айтуы бойынша құрылым топырақ жасайтын қатты, сұйық және газ тәрізді бөлшектердің сандық және морфологиялық арақатынасымен өлшенеді. «Топырақтардың табиғи құрылымы, олардың құрамы мен жай-күйі негізінен алғанда топырақтардың деформациялық-беріктік қасиеттерімен олардың негіздік және құрылыс үшін орта ретіндегі жұмысын анықтайды»
