- •«Әлеуметтану» пәнi бойынша емтихан сұрақтары (2 кредит)
- •Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері мен бағыттарын анықтаңыз
- •Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі қарастырыңыз
- •Отбасы әлеуметтік институт ретінде айқындаңыз
- •Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін негіздеңіз
- •Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәнін анықтаңыз
- •Тұлға әлеуметтануының қалыптасуын және тұлғаның әлеуметтенуі мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •Білім беру орындары әлеуметтік институт ретінде пайымдаңыз
- •Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орны, қызметтерін бейнелеңіз
- •Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырыңыз және "Экономикалық адам" түсінігін айқындаңыз
- •Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын негіздеңіз
- •Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы мен оның құрылымы мен функцияларын бейнелеңіз
- •Әлеуметтанудағы сауалнама әдісінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына мысал келтіре отырып талдаңыз
- •Анкеталық әдістің негізгі маңыздылығын, артықшылығын, кемшілігін, қолдану салаларын сипаттаңыз. Анкета құру техникасын көрсетіңіз
- •Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлерін айқындаңыз
- •Іріктеу жиынтығының мәнін, жасалауын, квоталық және кездейсоқ іріктеу ді мысал келтіре отырып жіктеңіз
- •Эксперимент әдісінің жүргізілу аясын және қолдану жолдарын қарастырыңыз
- •Ч. Ломброзо және у. Шелдон концепцияларының девиантты мінез-құлық әлеуметтануының дамуына қосқан үлесін бағалаңыз
- •«Аномия» түсінігіне толық анықтама беріңіз. Аномия қоғамға неліктен қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Бұл құбылыс Қазақстанда байқалды ма және осы ситуациялардың салдарын анықтаңыз
- •Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.
- •Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлері және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін талдаңыз
- •Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін қарастырыңыз. Өз пікіріңізді нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтермен дәлелдеңіз
- •Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •45.Қоғамда әлеуметтік теңдік және теңсіздік мәселелері талдануы керек па? Өз пайымыңызды талдаңыз және Қазақстандағы әлеуметтік теңдік және теңсіздікке мысал келтіріңіз.
- •46.Қазақстанға жаһанданудың «жақсы» және «теріс» әсерін аргументтер арқылы сипаттаңыз. Қазақстандағы жаһандану процесі неден көрінетінін сипаттаңыз
- •50.Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбейу салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан сипаттаңыз.
- •51.Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.
- •Шығу себептері[өңдеу]
- •Реттелу жолдары[өңдеу]
- •Этноконфликтология
- •54Қазақстандағы діни деңгейдің қазіргі жағдайына талдама беріңіз және дінге деген қызығушылықтың арту себебін анықтаңыз. Терроризм қаупі бойынша болжам жасаңыз. Ішкі және сыртқы факторларды талдаңыз
- •55.Сұхбаттың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін екі баған бойынша фактілер арқылы көрсетіңіз. Сұхбаттың түрлерін, өткізу формасын және негізгі талаптарды сипаттаңыз
- •Табиғи төтенше жағдайлар[өңдеу]
- •Көшкіндер[өңдеу]
- •57.Сіздің айналаңыздағы адамдардың тұрмыстағы мінез-құлқын сипаттаңыз және девиантты болып саналатын әрекеттерді көрсетіңіз. Өз жауабыңызды дәлелдеңіз
Білім беру орындары әлеуметтік институт ретінде пайымдаңыз
Адам қоғамы, әсіресе, қазіргідей нарықтық жағдайда іс-әрекетті, еңбекті, қызметті, жұмысты табысты әрі тиімді жүргізуі үшін жан-жақты, терең білімді, мамандырылған, білгір, саналы адамдарды қажет етеді. Сондықтан оқу, ағарту, білім беру саласына қоғамда ерекше көңіл аударылып, оған жұмсалатын арнаулы қаржы бөлінуі қажет.
Бұрынғы КСРО-да, оның ішінде одақтас республикаларда бұл игілікті істі жүргізіп дамыту тек қана экономика саласын дамытудан қалған қаржыны мәдени салаға көшіру арқылы жүзеге асырылған. Ол ол ма, бөлінген аз қаржының өзін шөміштеп қысып үнемдейтін болған. Сөйтіп ел-жұрттың, халықтың рухани дамуы төмендеп, жалпы қоғамның дамуына зор кедергілер жасалды. Басқа дамыған өркениетті елдердің халқымен салыстырғанда біздің (оның ішінде кезінде КСРО құрамында болған құрамында болған республикалар бар) халқымыздың білім дәрежесі және белсенділігін әлқайда төмен. Бұл көрсеткіштер бойынша дүние жүзінде біз 29 орындамыз, ал, қазір бұл көрсеткіш деңгейінен де төмендеп кетті. Статистикалық деректер бойынша, театрларда адамдардың 100% (пайызы) болса, мұражайлар мен басқа да мәдени ошақтарында онан да төмен. Көркем өнер пәндері мектептерде жоқтың қасы.
Кітапханалардағы оқырмандардың сандары да өте аз. Осының нәтижесінде көптеген кітаптар бірнеше жылдар бойы орнынан қозғалмай, шаң басып тұрады.
Екінші дүние жүзілік соғыс біткеннен кейін АҚШ пен Жапония қоғамды дамытудың екі жолын таңдап алды. АҚШ-та «капиталды техникаға жұмсау (салу) жолы таңдалды. (бұл техниканы, техникалық паркті жаңарту (модернизация), технологияны жаңарту, т.б.); Ал, жапондықтар капиталды «адамға жұмсау» жолын таңдады.(Бұл адм тұлғасының шығармашылық және кәсіби қабілетін дамытып жетілдіру ) «Қаржыны адамға салу» әлдеқайда өз артықшылығын көрсетті. Оны бүгінгі Жапон қоғамының қарыштап дамуы аңғартты.
Өткен уақыттағы оқу, білім беру жүйесінің бір артықшылығы –ол оның адамгершілік (гуманистік) бағытының күштілігінде болды. Қоғамның белгілі бір тобыгың өкілдері тілді, әдебиетті, көркемөнер, суретті талдай білуі қажет болды. Жалпы адамзаттық құндылықтармен танысу олардың қоршаған дүниені терең, кең түсіне білуіне әсер етті. Зиялы қауым — әрбір қоғамның мақтынышы. Бұлар бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдардың ішінде қалыптасады, істелінеді.
Қандай да бір басқару түрі болмасын, зиялы қауымның өкілдері қоғамның кішігірім әлеуметтік тобын құрайды да әрбір ұлттың терең парасатын, шығармашылық қабілетін жария етушісі, жақтаушысы ғана емес, сонымен бірге ұлттың адамгершілік, мәдени, рухани үлгісі (эталон) болып саналады.
Өкінішке қарай, қоғамның осындай жіңішке жігі қиыншылыққа, апатқа, жиі ұшырап отырғанын тарихтан білеміз. 1971-ші жылы Қазан революциясынан кейін көп зиялы адамдар, оның ішінде оқымыстылар, инженерлер, әдебиетшілер, т.б. өз елін, отанын тастап кетуге мәжбүр болды. Елде қалған көптеген зиялы адамдар Сталиндік реприссияның нақақ құрбандарына айналды. Қазір де зиялы қауымның кейбір өкілдері қиын жағдайларда жүр.
Қазір оқу, білім жүйесі дағдарыста. Бұл дағдарыстың болу себебі, біздегі жүйенің басқа сапалы жүйеге ауысудағы қиындалықтарға тікелей байланысты. Ал, жаңа жүйе барлық салалардағы іс-қызметтің жаңа өндіріске, технологияға сәйкес жаңа түрін, әдісін, тәсілін (стилін), тәртібін, оқу-білімін, ғылымынқажет етеді. Ол қоғамның ілгерілеп дамуының қажеттіалғышарты және өмірінің, әсіресе, оның белсенді жұмысының маңызды түрі болып саналады.
Сондықтан жаңа 21 ғасырда үздіксіз оқу, білім алу басқа өркениетті, дамыған елдердегідей біздің саясатымыздың басты қағидасы болуы керек. Бұл туралы біздің өкіметіміздің білім туралы заңында жақсы айтылған. Үздіксіз білім алуды мерзімін ұзарту және оқушылар санын ересек адамдардың санымен өлшеу деп жансақ түсінуге болмайды. Әрбір мектептің алдындағы міндет-ол әрбір адамды әр түрлі зұмыс пен іс-қызметті өз бетімен істей алуға және өздігімен білім алуға үйрету.
Болашақ білім жүйесінде университеттердің атқартын қызметі ерекше болады. Қандай да бір университет болмасын, ол адамға жан-жақты мәдениет беру құралы болуы керек. Университеттердің мұндай болуына толық мүмкіншіліктері бар. Университет жұмысшы күшін өндірмейді. Оның асты міндеті – адамның адамгершілік қасиеттерін дамытып, қалыптастыру.
Қоғаның әр түрлі даму кезеңдеріне сай университтердің білім жүйесіндегі оқу процестері әр түрлі дәрежеде, деңгейде қызмет атқарады, соған орай оның беделі де әр түрлі болды. Алғашқыда университтерде өнерге қатысты пәндер оқытылмайтын еді, ондағы гуманитарлық қоғамдық ғылымдар жартылыс және техникалық ғылымдардың өлшем-үлгілерімен жүргізілді. Ақыл –ой, еңбектің бір түрі ретінде жүргізілетін ғылымдарға шек қойылып, тек қана нақтылы тиімді, пайдалы ғылымдар (мысалы, математика, физика, химия, биология, техникалық ғылымдар, т.с.с. жүргізілді.) Ал, адамның жеке тұлға ретінде жан-жақты үйлесімді дамуына, оның адамгершілік қасиеттерінің жетілуіне назар аударылмады. Сондықтан бүгінгі күннің басты мәселесі-бұрынғы университетті қайта жаңғырту. Оның алуан түрлі мәселелерінің ішіндегі басты, негізгі мәселе-қоғамдық гуманитарлық білім беруді қайта қалпына келтіру. Мұның өзі- гуманитарлық факультеттерді көбейту деген ой емес, ол оқу орындарын бітіруші мамандардың жоғары дәрежедегі мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Оқу, білім – қоғамдағы оқшау тұрған сала емес, Ол қоғамдағы әр түрлі құбылыс, процестерді бейнелей алатын ала. Ал, жоғары мамандандырылған, саналы, өз бетімен істелетін еңбек іс-қызмет, жұмыс беделінің төмендеуі қоғамдағы оқу, білім саласының заңды беделін түсіріп, маңызын кемітеді. әрине, айта берсе, кемшілік, олқылықтар өте көп. Бұлардың объективтік және субъективтік себептері бар. Объективтік басты себептерге оқу, білм жүйесін қажетті қаржымен қамтамасыз етілмеуі жатса; субъективтік себептердің бастыларына –оқу, білім жүйесінің ғылыми дәлелденген, өмірдің барлық және әрбір салаларына сәйкес келетін тиімді оқытудың, білім жоспарын, бағдарламасын, әдістемелерін, оқу және көнректі құралдарды жасап, компьютерлердің кең қолдану, жаңа педагог кадрларды іріктеп алу, отбасымен байланыс-қатынастарды күшейту, т.с.с.
Қорыта айтқанда, оқу, білім ерекше әлеуметтік институт, ол-өз бетімен біршама дербес әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылыап айтсақ, ол әрбір адамды білімнің негізімен тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интеллектуальды және рухани мүмкіндігін қалыптастырады, т.б.
Қоғамның оқу, білім құбылыстарын, процестерін жалпы әлеуметтагудың арнаулы теориясы- білім әлеуметтануы зерттейді. Ол білім жүйесінің белгілі бір заңдылықтары арқылы жеке әлеуметтік институт ретінде дамуын, оның қоғаммен және оның алуан түрлі салаларымен, басқа – да әлеуметтік жүйелерімен, процестермен, институттарымен әр түрлі қарым-қатынасын, байланысын талдайды.сонымен бірге білім жүйесі қоғамның әлеуметтік құрылымына, қоғамдық қатынастарға, еңбектің өнімділігіне, өндіріске және басқа іс-қызметтің тиімділігіне әсерін, жеке адамды тұлғаға айналдырудағы интеллектульды, білім процесінің рөлін, адамның табиғат және қоғам туралы білімді, озық тәжірибені игеріп, бойына сіңіріп, оның үйлесімді дамуын, білім деңгейінің қызметке, жұмысқа, тәртіпке әсерін, адамдардың ғылыми көзқарасының қалыптасуын, адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайының өзгеруін, т.б. талдап зерттейді.
.
Мәдениет әлеуметтік институт ретіндегі негізгі қызметтерін пайымдаңыз «Мәдениет» деген сөз қазақ тіліне арабтың «маданият» ‑ қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ‑ орта ғасырдағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезенінде қалыптасқан түсінік. Бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымы - тәрбие және білімге тікелей қатысты, бірінен бірін бөлуге болмайды, соның нәтижесі ретінде барлық халықтардың рухани қайнар бұлағы. Оның терең тамыры сонау көне заманда жатыр. Мәдениеттің әдебиеттерде 300-ден астам анықтамасы бар есептеледі. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген төмендегідей үш түсініктемені атай кетейік: а) мәдениет - халықтың мәдени саласындағы табыстары мен шығармашылығының сапалы жиынтығы; ә) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі сапалы қызметі мен өзіндік ерекшеліктері; б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.). Бұл анықтамалардан ерекше көзге түсетіні «сапа» деген ұғым. Адамзат тірлігінің қандай саласы болмасын мәдениет үшін сапа басты көрсеткіш. Осы сапа мәдениеттің деңгейін айқындаумен бірге, кейде оған синонимдік қызмет атқарады. Сонымен мәдениет дегеніміз белгілі бір әлеуметтік қауымдастықтың (этностың, ұлттың және халықтың) санасы мен іс-әрекеттінің материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Кең тараған түсінік бойынша мәдениет негізінен материалдық және рухани болып өзара қарым-қатынасты бірлікте өмір сүреді. Мәдениеттің бұл екі түрі адамның рухани дүниесін, әлеуметтік өмірді өзгертуімен байланысты. Осы мағынада материалдық мәдениетті рухани мәдениеттің нақты көрінісі ретінде қабылдауға болады. Материалдық мәдениет адамның табиғатқа қатысымен, оны өзгерту, қайта құру үдерістерімен және өз әлеуметтік ортасымен өзара қарым‑қатынасын, өз мұқтажын қанағаттандырумен байланысты болады. Бұған материалдық игіліктерді өндіру мәдениеті (өндірістегі сапалы құрал-саймандар, техника, құрылымдар, т.б.) жатады. Рухани мәдениетке ғылым, өнер, әдебиет және адамдарды тіршілікке бағдарлайтын идеялар, құндылықтар, нормалар, салт‑дәстүр, ойлау әдістері және т.б. жатады. Мәдениетті материалдық және рухани деп бөлу шартты, өйткені олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар, соның нәтижесінде олар бір-біріне тұрақты әсер, ықпал етіп отырады. Мысалы, адам ойындағы ғылыми идеялар мен тұжырымдар, техникалық жобалар өндірістік өмірде жаңа техникалық құрал-саймандар мен жабдық түрінде жүзеге асып жатса, ал осы техникалық жаңалықтар келесі теориялық ойлар мен жаңа идеялардың, тұжырымдардың тууына ықпал етеді. 2. Әлеуметтік институт ретінде мәдениеттің құрамы күрделі, ол туралы әр түрлі көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі – мәдениет негізгі төрт элементтен тұрады деген пікір. Біреуі - адамдардың қоршаған ортада бағдарға алатын түсініктері мен ұғымдары. Екіншісі – адамдардың қарым‑қатынас деңгейі, яғни кеңістік мен уақыттағы өзара байланыс деңгейі. Үшінші – құндылықтарға қатынас, яғни адам нені және қалай игеру қажет. Төртінші – белгілі бір мәдениеттің құндылықтарына сәйкес адамдардың мінез‑құлқын реттейтін нормалар мен ережелер. Ал Ресей әлеуметтанушы Геннадий Иванович Козырев мәдениетті төмендегідей құрылымдардан тұрады деп есептейді: 1. Сана – бұл адамдарды басқа мақұлықтардан айыратын басты белгі. Сана (жады, ойлау) адамға әлемді, бүкіл қоршаған ортаны және өзін ғана танытып қоймайды, сонымен қатар өзі де білім және тәжірибемен толығады, бар жинаған құндылықтарды келесі ұрпаққа жеткізеді. 2. Қоршаған әлемді бағалай білу, қабылдау және оны игеру әдістері. Адамның жануарлардан айырмашылығы өзінің де, басқаның да әрекеттері мен ниетін жақсы не жаман деп бағалай алатындығында. 3. Тіл – адами қарым‑қатынастың ойлаумен бірліктегі аса маңызды көрінісі. Бұл - коммуникацияның дыбыстар мен симболдардан тұратын ерекше жүйесі. Тіл - мәдениетті сақтаудың, келер ұрпаққа оны жеткізудің негізгі құралы. Тілдің бірлігі жалпы мәдениеттің бірлігі сияқты адамдардың тұтаса түсуіне игі ықпал етеді. Сондай‑ақ тілдің бөлектігі адамдар арасындағы өзара жек көру мен алауыздықтың себептері де болуы мүмкін. Сол себепті тіл мәселесінің өте нәзік екенін қандай бір қоғам мүшелері болмасын жақсы білгені, тиісінше көңіл бөлгендері жөн. 4. Қызмет – бұл адамдардың өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатындағы, қоршаған әлемді және өз табиғатын өзгертуге бағытталған саналы әрекет. Мәдениетті әлемдік деңгейде батыстық және шығыстық деп бөлу бар. Мұның өзі де іштей еуропалық, латинамерикалық, славяндық және т.б. деп бөлініп жатады. Сондай‑ақ әрбір мемлекет өз шекаралары шеңберінде көпэтносты мәдениеттің әртекті сипатына қарамай өзінің ұлттық мәдениетін қалыптастырады. Ал ұлттық қауымдастық және ұлтаралық кеңістік шеңберінде мәдениетті халықтық, элитарлық және көпшілік түрлеріне бөлуге болады. Сонымен қатар кез келген үстем мәдениет шеңберінде социомәдени құбылыстар ‑ субмәдениет және қарсы мәдениет бар. Халықтық мәдениет барлық мәдениеттің ішінде ең алғашқы (ежелгі) және өзінің сипаты жағынан ең негізгісі болып табылады. Ол: халық ертегілері, мифтер, мақал‑мәтел, аңыздар, әндер, билер, әдет‑ғұрып және т.б. Элитарлық мәдениет жалпы халықтық мәдениеттің ішінде таңдаулылары ретінде бөлек қалыптасады. Оның иелері атақты жазушылар, ақындар, музыканттар, суретшілер, скульпторлар және т.б. Оны тұтынушылар да ерекше көркемдікті қабылдай алатын және материалдық Һәм рухани мүмкіндіктері жеткілікті аз ғана адамдар тобы болады. Корпоративтік мәдениет – белгілі ұйымдардың мәдениетінің даму деңгейін сипаттайтын жалпы мәдениеттің бір түрі. Бұл ұйым мүшелерінің жалпы мәдени қарым‑қатынастарынан қалыптасады. Бұқаралық мәдениеттің дамуы мен тарауы бұқаралық коммуникациялық және репродуктивті жүйенің дамуымен байланысты. Бұқаралық мәдениеттің мәні мәдени үлгілердің оперативті және көптеп шығарылуында, қол жетерлігінде және оны көпшіліктің пайдалануында. Ол әр түрлі әлеуметтік топтардың күнделікті сұраныстарын жедел қанағаттандыра алуымен қатар жаңа оқиғалар мен құбылыстарды жылдам сезінеді. Ал бұқаралық мәдениеттің негативті әсері оның халықтық және элитарлық мәдениеттерге тән жоғары көркемдік құндылықтарға ие бола алмауында, сол себепті ол өзінің тұтынушыларына сапалық жағынан төменгі деңгейдегі үлгілерді ұсынады. Субмәдениет – қоғамда жалпы үстем мәдениеттің ішіндегі әр түрлі әлеуметтік топтың жіктелуінен пайда болған социомәдени ұйымның ерекше түрі. Әрбір әлеуметтік топ өзінің құндылықтары мен нормаларының, өзінің мінез‑құлық үлгілерінің, өзінің ішкі топтағы тілінің жүйесін, яғни өзінің субмәдениетін жасайды. Қарсы мәдениет – қоғамдағы үстем мәдени құндылықтар мен іргелі принциптерге, буржуазиялық мәдениеттің мынандай құндылықтарына: индивидуализм, прагматизм, діни мораль, дәстүрлі отбасылық құндылықтарға және т.б. қарсылықтан шыққан мәдени ағым. Мәдениеттің бұл түрінің пайда болуын зерттеушілер жалпы қоғамның дағдырысымен түсіндіреді. Бұл ХХ ғасырдың 60-жылдары батыстың жастары арасынан шықты. 3. Әлеуметтанудың арнаулы теориясы – мәдениет әлеуметтануы қоғамдағы әр түрлі топтарының қызметтерінің сапалық деңгейін, олардың мәдениет саласындағы талап-тілегін, мүддесін, ұсынысын, бұқара халықтың мәдениетін, мәдениетті тұтыну салаларында әлеуметтік институттардың, мекемелердің жағдайын, қызметтерін және т. б. зерттейді. Мәдениет әлеуметтануы мәдениеттің қоғамдағы маңызына, алатын орнына және нақтылы әлеуметтік ортадағы оның қызметіне баса көңіл бөледі. Сондықтан мәдениет әлеуметтануының негізгі зерттейтін мәселесі мәдениеттің ерекше құбылыстары, оның қоғамда атқаратын қызметі, қоғамның жаңа мазмұндағы мәдени және рухани құнды мұраттарының қалыптасу заңдылықтары болып саналады.
