- •«Әлеуметтану» пәнi бойынша емтихан сұрақтары (2 кредит)
- •Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері мен бағыттарын анықтаңыз
- •Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі қарастырыңыз
- •Отбасы әлеуметтік институт ретінде айқындаңыз
- •Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін негіздеңіз
- •Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәнін анықтаңыз
- •Тұлға әлеуметтануының қалыптасуын және тұлғаның әлеуметтенуі мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •Білім беру орындары әлеуметтік институт ретінде пайымдаңыз
- •Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орны, қызметтерін бейнелеңіз
- •Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырыңыз және "Экономикалық адам" түсінігін айқындаңыз
- •Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын негіздеңіз
- •Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы мен оның құрылымы мен функцияларын бейнелеңіз
- •Әлеуметтанудағы сауалнама әдісінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына мысал келтіре отырып талдаңыз
- •Анкеталық әдістің негізгі маңыздылығын, артықшылығын, кемшілігін, қолдану салаларын сипаттаңыз. Анкета құру техникасын көрсетіңіз
- •Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлерін айқындаңыз
- •Іріктеу жиынтығының мәнін, жасалауын, квоталық және кездейсоқ іріктеу ді мысал келтіре отырып жіктеңіз
- •Эксперимент әдісінің жүргізілу аясын және қолдану жолдарын қарастырыңыз
- •Ч. Ломброзо және у. Шелдон концепцияларының девиантты мінез-құлық әлеуметтануының дамуына қосқан үлесін бағалаңыз
- •«Аномия» түсінігіне толық анықтама беріңіз. Аномия қоғамға неліктен қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Бұл құбылыс Қазақстанда байқалды ма және осы ситуациялардың салдарын анықтаңыз
- •Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.
- •Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлері және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін талдаңыз
- •Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін қарастырыңыз. Өз пікіріңізді нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтермен дәлелдеңіз
- •Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •45.Қоғамда әлеуметтік теңдік және теңсіздік мәселелері талдануы керек па? Өз пайымыңызды талдаңыз және Қазақстандағы әлеуметтік теңдік және теңсіздікке мысал келтіріңіз.
- •46.Қазақстанға жаһанданудың «жақсы» және «теріс» әсерін аргументтер арқылы сипаттаңыз. Қазақстандағы жаһандану процесі неден көрінетінін сипаттаңыз
- •50.Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбейу салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан сипаттаңыз.
- •51.Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.
- •Шығу себептері[өңдеу]
- •Реттелу жолдары[өңдеу]
- •Этноконфликтология
- •54Қазақстандағы діни деңгейдің қазіргі жағдайына талдама беріңіз және дінге деген қызығушылықтың арту себебін анықтаңыз. Терроризм қаупі бойынша болжам жасаңыз. Ішкі және сыртқы факторларды талдаңыз
- •55.Сұхбаттың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін екі баған бойынша фактілер арқылы көрсетіңіз. Сұхбаттың түрлерін, өткізу формасын және негізгі талаптарды сипаттаңыз
- •Табиғи төтенше жағдайлар[өңдеу]
- •Көшкіндер[өңдеу]
- •57.Сіздің айналаңыздағы адамдардың тұрмыстағы мінез-құлқын сипаттаңыз және девиантты болып саналатын әрекеттерді көрсетіңіз. Өз жауабыңызды дәлелдеңіз
Тұлға әлеуметтануының қалыптасуын және тұлғаның әлеуметтенуі мен кезеңдерін сипаттаңыз
Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.
Адамның әлеуметтенуін қарастырмас бұрын адам табиғаты мен адамның даму үрдісіне қажетті шарттарды қарастырып алған орынды.
Тұлға күшінің табиғаты. Күш-толымды өмір, оның көптеген қыры мен мәні деген сөзі.Әскери, саяси, қаржылық, құқықтық дамадар ісінде күш бар. Дегенмен, адамдар мұндай күш иелеріне сене бермейді.
Тұлға күші басқа күш формасынан айырмасы бар.Сайлаушылар еркі мемлекеттік төңкеріс, брижа акциясының төмендеуі, мұғалім мен ата-ана және милиция қиқарлық, нұсқаушылары немесе жоғарылау төменге берге емес. Ол үстемдікке қатысы жоқ. Тұлға үстемдігі осалдардың көрінісі, олардың үрейі мен өззімшілдігінің белгісі.
Тұлға күші-білімге, бабылдық пен ынтымақтастыққа негізделеді.Тұлға күші-ақыл-ойды жүрегімен сезген және іске асырған даналығы мен тәжірибе
Тұлға күшін-молшылық, билік, даңқ және қызметтік жағдаймен салыстыруға болмайды.Мұндай күштілік уақытша қызмет жағдай, мәртебеге байланысты сағымда болумен тең. Қызмет жағдайы тоқтағанда мұндай тұлғалық күш жойылады. Сондықтан, мұндай тұлғалық күш көз баямалық сипатқа ие болады. Тұлға күші кедей, бай немесе білімді, білімсіз деп талғап барып келмейді және сонымен бірге ол кездейсоқта берілмейді. Ол адамның тырысуынан туындайтын ішкі қуат. Тұлға күші-адамның өзбетінше ойлануы, ниет шынайлығы мен тереңдігі, адамның өз өмірінде жинақтаған табиғи даналығы.
Тұлға күші-ақыл-ой, жүрек және дене саулығы мен еркінің (синтезі) бірлігі «тұлға күші» сыртқы қоғам жағдайына емес, тікелей тұлғаға қатысты күш. Ол уақыт және кеңестікте туындап жинақталады және ол олардан тыс өмір сүреді. Тұлға күші бүкіл ғұмырында бір кезеңнен екінші кезеңге өткенде жинақталып отыруы және ерік, ықылас және қиялына байланысты дамып, беки түседі.
Тұлға күші күнделікті тәжірибеге байланысты жинақталып, төрт ықыластан тұрады.
1.Қиындықты жеңіп шығу.
2.Өзін-өзі бақылау.
3.Үндестікте болу.
4.Мұраттылық.
Қиындықтарды жеңіс шығу ықыласы-бұл тұлға күшінің негізгі болып келеді. Күресіп көрмеген адам, ешуақытта өзінің күшінің мөлшерін тани алмайды. Сондықтан, мейлі әйел, не ер адам болсын өз өмірлік сынақтарында өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін байқайды. Сынақ пен күрес жолынан өту үшін, жасанды жау жасаудың қажеті жоқ. Күнделікті өмірде қиыншылық пен сынақтар жеткілікті ол үшін алысқа барудың да қажеті жоқ. Ол сіздің жаныңда және бойыңызда. Бақылау оттбасы, жағымсыз қызметтес немесе ұнамсыз бастық қиын бала. Нашар денсаулық қызғаншықтық, тітіркену, ұялшақтық-міне, мұның бәрі жеңіп шығатын бөгеттер. Күнделікті біз аялдамшы тынышқықта ұстайтын мұның астарында үлкен «айдаһар» жатыр. Кез келген адам мейлі президент, не етікші болсын өз өмірінде қиыншылықтар мен сынақтар кездеседі. Осы қиыншылықтарды жеңуге деген ниеті мен оны жеңіп шығуға арналған күресі, оның бабыр етіп көрсетеді. Сынақ дегеніміз-алдамшы, жалғандық яғни, басқа сөзбен айтқанда кез-келген өтіріктен күшті, сондықтан осыларды жеңіп шығу керек, шынайылық кез-келген өтіріктен күшті. Соған қарамастын сол қиыншылықты және оған қатыстыны дұрыс тағалай білу керек. Білімсіздік, батылсыздық және жалған абырой бізді өмірлік қиыншылықтарға алып келеді.
Адамның өзіне мүмкіндігіне деген сенімділігі күнделіктегі өмірлік тәжірибелі қамқорлық пен қиыншылықтан, кей уақытта қайғы-қасіретпен бел-буып кірісулердің нәтижелерін біртендеп жиналады.
Тұлғалық күшті көңіл көтеру, өзінің өзімшілдігі арқасында жетуге болмайды. Өмірлік қиыншылықтарда батылдық пен табандылыққа, өзіне сеніммен қарауға үйренеді. Мысалы индияның бір ел билеушісінің ұлы принц Сиддхартханы мұрагер ретінде ешқашан хан сарйын да өсіреді. Ол күндердің күнінде ер жеткенде уақытында сол хан сарайынан жасырын шығады. Міне, нақ осы кезде ол шындықпен кезігеді. Осы кездегі хан сарайынан тыс болып жатқан халық аштығы, жағдайлары, елдегі жайлаған аштық, ауру-сырқау, әділетсіздіктерді ол өзінің малайынан өмірдің нақты шындығын сұрайды. Өмірдің нақты шындығымен бетпе-бет кездескен мұрагер, хан сарайындағы өзінің мұрагерлігін да тастап кеткісі келеді. Міне, ол осы уақытша елді
Адам сана иесі ретінде, еңбектену нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіреді, өзіне берген тамаша қасиет-ойлау мен сөйлеу арқасында қатынас жасап, өзінің қоршаған ортасына белсенді түрде ықпал етеді. Яғни дүниенің сырын танып білуде субьектіге айналады. Адам бойындағы даралық өзгелермен қарым- қатынасынан байқалады. Жаңа туған бала индивид (жеке адам) деп саналады. Қалыпты дамыған өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті әлеуметтік ортада өз орын бар адамды жеке адам деп аталады.
Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Адамның түрлі қатынасы арқасында іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір –қасиеті қалыптасады. Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс -әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл әрекеті оны мінез-құлқынан, ниет-тілегімен бағыт-бағдарына айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа білініп тұрады. Әлеуметтік жағдай жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп тұрады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктер мен оның психологиялық дара өзгешеліктерін-темперамент, мінез, іс-қимыл, сезім жүйелері, қабілеті мен еркі білдіреді.
Міне бұл даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктері әлеументтік ортада өсіп жетіледі. Жеке адамның тұлғалық сипатын екі түрлі ерекшелігін байқауға болады. Ол: әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар; типтерден туандайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер.
Бұл екеуі де биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделіп қарастырады.
Биологиялық фактор –адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер. Әлеуметтік факторадамның дамып жетілуінде тіршілік ортасының қоғамның, тәлім-тәрбиенің әсері. Бұл екі яғни екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады. Өткен тақырыпта бұдан 30-40 мвң жылдай бұрын Homo sapiens (ақыл-ойлы адам) қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы мүлдем дерлік тоқтады дедік. Мұның себебі неде ?- деген сұрқ туады.
Адмның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі эволюция адам өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп шықаннан кейін ол шешуші рөл атқармйтын болғаны сөзсіз. Енді адамның эволюциясына оның өмірін мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық өндірістің тәсілі, еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз адамдарда медицинаның көмегі арқасында қоғам өміріне белсене қатыса алады.
Табиғи сұрыпталудың күші қоғам өмірінде барған сайын әлсіреуде, өйткені денсаулық мекемелері және басқа әлеуметтік институттар жеке адамдардың биологиялық жағынан өзгергіштігін ұдайв әлсіретеді. Мысалы, Еуропада адамның құрт ауруынан өлімі 1840ж. 1млн адамнан 4000 адам болған болса, қазір 1млн адамның 13-і ғана өлетін болды, ал бұл құрт ауруының емдеуге қарсыласуы бойынша сұрыпталуы мүлдем дерлік тоқтады деуге болады. Мұндай мысалдарды басқа аурулар бойынша да келтіруге болады.
Әлеуметтану, басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, жеке адамды зерттеудің бір ракурсы – жеке адам – әлеуметтік өмірдің қайнар көзі, оның шынайы әрі жалғыз қайраткері және дамытушысы, әлеуметтік өмірдің, әлеуметтік әрекеттестіктің, институттардың және тағы басқалардың бөлінбес бөлшегі ретінде қарастырады. Жеке адам және қоғам мәселесі әлеуметтануда салыстырмалы тәуелсіз, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты 2 ракурста зерттеледі.
Біріншісі әлеуметтік институттар, қауымдастықтар, жалпы қоғам қалай құрастырылған, жеке адамның қажеттіліктерімен қандай қатынаста болатындығының мәнін ашуға; біріншілері оның мүдделерін қаншалықты бейнелей алатындығына және бейнелеуі керектігіне немесе олар тәуелсіз, тек өз даму логикасына байланысты екендігін ашуға бағытталған.
«Қоғам және жеке адам» мәселесінің екінші ракурсының мәні – бірнеше мәселеден тұрады: белгілі бір социуммен жеке адам қаншалықты өзара әрекет етеді, қаншалықты өз тәуелсіздігін, автономдылығын көрсете алады; немесе қоғам, қоғамдық байланыстар, институттар жеке адамның құндылықтарын, олардың иерархиясын, өмір жолын қатал реттейтіндігін зерттейді.
Әлеуметтану шынайы әрекет ететін, таңдайтын, талғайтын субъект ретіндегі жеке адамды зерттейді. Сонымен қатар, тұлғаның шынайы өмір әрекетінің тұрақты, қайталанбалы элементтеріне, оның қоғаммен өзара байланыстарына көп көңіл бөледі. Жеке адам социологиясының басты проблемасы болып әлеуметтік жағдайлар (байланыстар, әлеуметтік және билік институттары, әлеуметтік қауымдастықтар) мен адам іс-әрекетінің өзара ықпалы табылады. Бұл мәселелерді шешуге талпыныс болып жеке адамның түрлі әлеуметтік концепцияларының (ХХ ғасырдың екінші жартысынан) пайда болуы саналады: Чарльз Кули, Джордж Мидтің айнадағы Мен теориясы, Райт Линтон, Талкотт Парсонс және т.б. рөльдік теориясы, социологиядағы необихевиоризмның жекелеген салалары, референтті топтар теориясы және ұстанымдар теориясы т.с.с. Теориялардың ортақ қасиеті – адам даралығын спецификалық фактор және белгілі бір факторлардан: индивидтер әрекеттестігі, қоғамда олардың белгілі бір рөльдерді атқаруы, әлеуметтік стимулдар, қажеттіліктер, бағыттардан тікелей пайда болатын туынды ретінде мойындау. Жеке адаммен, оның әлеуметтік қатынастағы орнымен байланысты мәселелер жиынтығын талдай отырып, жеке адам социологиясы көптеген категорияларды (бейімделу, белсенділік, тәрбие мүдделер, мотивтер, қажеттіліктер, құндылықтар, жеке адам түрлері, ұстанымдар, т.б.) қолданады. Айнадағы «Мен» теориясында (Ч.Кули, Дж.Мид) тұлға толығымен адамның әлеуметтік шартталған «Меннен» туындайтын функция ретінде қарастырылады. Жеке адамның негізі, оның өзіндік санасы – бұл әлеуметтік әрекеттестіктің нәтижесінде индивидтің өзіне объект ретінде, басқа адамдар көзімен қарауды үйренуі нәтижесіндегі әлеуметтік өзара әрекеттестігі ретінде бейнеленді. Осылайша, жеке адам – адамның әлеуметтік өмір үрдісінде жинаған объективті қасиеті түрінде түсіндірілді.
