- •«Әлеуметтану» пәнi бойынша емтихан сұрақтары (2 кредит)
- •Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері мен бағыттарын анықтаңыз
- •Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі қарастырыңыз
- •Отбасы әлеуметтік институт ретінде айқындаңыз
- •Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін негіздеңіз
- •Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәнін анықтаңыз
- •Тұлға әлеуметтануының қалыптасуын және тұлғаның әлеуметтенуі мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •Білім беру орындары әлеуметтік институт ретінде пайымдаңыз
- •Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орны, қызметтерін бейнелеңіз
- •Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырыңыз және "Экономикалық адам" түсінігін айқындаңыз
- •Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын негіздеңіз
- •Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы мен оның құрылымы мен функцияларын бейнелеңіз
- •Әлеуметтанудағы сауалнама әдісінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына мысал келтіре отырып талдаңыз
- •Анкеталық әдістің негізгі маңыздылығын, артықшылығын, кемшілігін, қолдану салаларын сипаттаңыз. Анкета құру техникасын көрсетіңіз
- •Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлерін айқындаңыз
- •Іріктеу жиынтығының мәнін, жасалауын, квоталық және кездейсоқ іріктеу ді мысал келтіре отырып жіктеңіз
- •Эксперимент әдісінің жүргізілу аясын және қолдану жолдарын қарастырыңыз
- •Ч. Ломброзо және у. Шелдон концепцияларының девиантты мінез-құлық әлеуметтануының дамуына қосқан үлесін бағалаңыз
- •«Аномия» түсінігіне толық анықтама беріңіз. Аномия қоғамға неліктен қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Бұл құбылыс Қазақстанда байқалды ма және осы ситуациялардың салдарын анықтаңыз
- •Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.
- •Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлері және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін талдаңыз
- •Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін қарастырыңыз. Өз пікіріңізді нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтермен дәлелдеңіз
- •Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •45.Қоғамда әлеуметтік теңдік және теңсіздік мәселелері талдануы керек па? Өз пайымыңызды талдаңыз және Қазақстандағы әлеуметтік теңдік және теңсіздікке мысал келтіріңіз.
- •46.Қазақстанға жаһанданудың «жақсы» және «теріс» әсерін аргументтер арқылы сипаттаңыз. Қазақстандағы жаһандану процесі неден көрінетінін сипаттаңыз
- •50.Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбейу салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан сипаттаңыз.
- •51.Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.
- •Шығу себептері[өңдеу]
- •Реттелу жолдары[өңдеу]
- •Этноконфликтология
- •54Қазақстандағы діни деңгейдің қазіргі жағдайына талдама беріңіз және дінге деген қызығушылықтың арту себебін анықтаңыз. Терроризм қаупі бойынша болжам жасаңыз. Ішкі және сыртқы факторларды талдаңыз
- •55.Сұхбаттың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін екі баған бойынша фактілер арқылы көрсетіңіз. Сұхбаттың түрлерін, өткізу формасын және негізгі талаптарды сипаттаңыз
- •Табиғи төтенше жағдайлар[өңдеу]
- •Көшкіндер[өңдеу]
- •57.Сіздің айналаңыздағы адамдардың тұрмыстағы мінез-құлқын сипаттаңыз және девиантты болып саналатын әрекеттерді көрсетіңіз. Өз жауабыңызды дәлелдеңіз
55.Сұхбаттың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін екі баған бойынша фактілер арқылы көрсетіңіз. Сұхбаттың түрлерін, өткізу формасын және негізгі талаптарды сипаттаңыз
Сұхбат
1) бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері: клиникалық сұхбат жәнедиагностикалық сұхбат;
2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат.
3)Сұхбат берушінің ресми тұлға болуы шарт емес. Оның сөйлеген сөзінің астарында көңіл күй мен ішкі толғаныс, яғни эмоционалдық фон болуы тиіс. Сондықтан да көбінесе жаңалықтар желісінде мұндай сұхбаттар журналистін қойған сұрағынсыз беріледі. Өйткені бұл жерде қойылған сұрақ емес, одан қайтарылтан жауап маңызды рөл атқарады.
Педагогикалық әдебиеттерде сұхбат әңгіменің бір түрі ретінде қарастырылады.Әңгіменің бұл түрі зерттеушісінің обьектісінің өзінің іс-әрекеті туралы түсінігін баяндау динамикасын белгілеуге көмектеседі. Сұрақ – жауаптың бұндай түрінде зерттеушінің сұрақ – жауап мәтінінде белгіленген іс - әрекет туралы жорамал түсінігі зерттеу ақпаратына аз ғана әсер етеді. Зерттеушінің міндеті зерттелушінің әңгімесін қолдауда. Сұхбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және жеткілікті тәжірибесін қажет етеді. Сұхбаттың мақсаты – зерттеушінің педагогикалық жағдаяттарға деген көзқарасын қайта құруда, сұхбаттасушылардың міндеттері мен мәселелері арқылы ішкі және сыртқы байланыстарының ерекшеліктерін зерттеушінің түсінуінде. Зерттеуші күрделі кәсіби – педагогикалық іс - әрекеттің жалпы заңдылықтарын түсіну сұрақ-жауап субъектісінің терең қарым-қатынас жасай отырып, оның жекелік-мотивтік,когнитивтік және операционалды компоненттерін түсіну жағдайында ғана мүмкін екенін ескеруі қажет. Көптеген мамандарға сұрақ-жауап жүргізу барысында тенденциялар мен құбылыстар дамуының заңдылықтарын қорытындылап түсіну мен анықтау мүмкіндігі туындайды.
Хаттамаларда тіркелген мәліметтерге сандық және сапалық тұрғыдан талдау жасау қажет. Сұхбат нәтижелерінің талдауы мен олардың түсіндірмесі зерттеудің нақты міндеттеріне байланысты әр түрлі жүргізілуі мүмкін.
Әңгіме-сұхбат арқылы тәрбиеліліктің кейбір көрсеткіштерін келтіруге болады. Әңгіме-сұхбат жеке-жеке әрбір оқушымен,сондай-ақ топпен де жүргізіледі. Әңгіме-сұхбатта жанама,тура, ашық және жабық сұрақтарды қолдануы мүмкін. Тура сұрақтар керек құбылыстарды айқындауға тікелей бағытталады. Жанама сұрақтар керек құбылыстардың жанама түрде айқындайтын фактілерді анықтауға бағытталады. Ашық сұрақтар ерікті жауапты керек етеді. Жабық сұрақтарда жауаптардың бірнеше варианттары болуы мүмкін, олардың арасынан ең лайықты дегенін таңдап алу керек.
Әңгіме-сұхбат өткізу үшін ең алдымен сұрақтардың тізімін жасап алу керек, ол сұрақтар жүйелілікте орналасуы керек, сондай-ақ олар зерттеушінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы қажет.
Ауызша баяндау әдістерінің бірі- сұхбат әдісі болып табылады. Ол да басқа әдістер сияқты әрқалай пайдалануы мүмкін. Мысалы, мұғалім қайсы бір оқу материалын түсіндіре отырып, оқушылардың алдына жаңадан алған ақпараттары мен бұрын игерген білімдерінің арасындағы байланыс туралы сұрақ қояды. Әйтсе де бұл барлық жағдайда оқушылардың ойлау қызметін дамытуға толық мүмкіндік жасамайды. Оқушыларды ғылыми ізденіс тәсілдерімен қаруландыратын ізденістік сұхбаттар (проблемалық оқыту элементтерімен бірге) тиімдірек болып табылады. Осындай сұхбаттар оқушылардың оздерінің шамасы жететін танымдық міндеттерді шешуіне мүмкіндік береді. Мұғалім оқу материалын түсіндіре немесе өткенді қорытындылай отырып, оқушыларға оларды танымдық міндеттерді (өз ойларын айтуға, қайсы бір фактілердің мәнін түсіндіру, атқарылған тәжірибеден қорытынды жасау, т.б.) өзбетінше шешуге жетелейтін сұрақтар береді.
Осындай сұхбаттарды пайдаланғанда оқушылар ізденістік қызметке тиімдірек тартылады. Оқыту процесіндегі осындай сұхбаттар оқушылардың оқылатын материалға қызығушылығын арттырады, ойлау қызметінің белсенділігін реттейді, материалды саналы түрде игеруді қамтамасыз етеді. Сұхбат әдісі оқушылардың талдау, жалпылау, салыстыру сияқты ойлау қызметімен қарулануына мүмкіндік жасамайды.
Дәстүрлік сұхбат оқушыларға қандай да бір ақпарат, қайсыбір жалпы ұғымдар ұсынылған және олар одан өз бетінше қорытынды жасаған жағдайларда танымдық қызметтің индуктивті де (бағыттаушы сұхбат, эвристикалық), сондай-ақ дедуктивті сипатына ие болуы мүмкін. Осындай сипаттағы сұхбаттар оқу уақытын үнемдеуге мүмкіндік беретін оқу материалдарын бекітуде жиі қолданылады.
Сұхбаттың кейбір басқа да түрлері болады. Мысалы, жаттауға ұсынылғанды тексеруде катехикалық сұхбат қолданылады. Оның мақсаты- жаттау және жаттап алынғанның есте жақсы сақталуын тексеру. Осындай сұхбаттар мұғалім айтудағы қателіктерді бірден жоюға және оқушымен бірге шетелдік мәтінді дұрыс айтуға тырысатын шет тілдері сабағында жиі қолданылады.
Әдістердің бұл тобында оқулықпен немесе кітаппен жұмыс істеу әдісі ерекше рөл атқарады. Оқыту процесінде оқушылардың алған ақпараттың барлығын сақтау мүмкін емес. Олар қайсыбір оқу пәні бойынша білім негізделетін басты жағдайларды есте сақтауы керек. Оқушылар жекелеген жағдайларды өзбетінше оқулықтан немесе басқа оқу әдебиетінен іздестіруі керек.
56.Бір мамандар адамдардың кедей болуы өздеріне байланысты дейді, яғни адамдар ештеңе істемейді, биікке көтерілу үшін қарқынды жұмыс істегісі келмейді, жағдайын жасауға ұмтылмайды. Басқа мамандар, кедейшілік – бұл экономикалық дағдарыс, соғыс, төтенше қауіпті жағдайлар, ірі қоғамдық трансформациялар, сонымен қатар, физикалық әлсіздік, мүгедектік, еңбекке жарамсыздық кезеңдерінде адамдардың еркінен және тілегінен тыс болатын жағдай деп ойлайды. Осы көзқарастардың қайсысы әділетті. Сіз өз көзқарасыңызды факторлар арқылы дәлелдеңіз
Экономикалық дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі.
Нарықтық жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен, қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады. Экономикалық дағдарыс тауар капиталын артық өндіруден (сатылмаған өнімдердің өсуі), өндірістік капиталдың артық қорлануынан (өндірістік қуаттардың толық қуатпен жұмыс істемеуінің көбеюі, жұмыссыздықтың өсуі), ақша капиталының артық қорлануынан (өндіріске жұмсалмаған ақша санының көбеюі) көрініс табады. Өндіріс шығындарының өсуі, баға мен пайданың, жалақының төмендеуі, халықтың қалың жіктерінің тұрмыс деңгейінің құлдырауы экономикалық дағдарыстың жалпы нәтижесі болып табылады. Дағдарыс – нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу тетігінің аса маңызды нышаны. Ол шет-шегін тауып қана қоймай, сонымен бірге ынталандыру міндетін де орындай отырып, экономиканы дамытуға серпін береді. Циклдік дағдарыс халық шаруашылығының барлық аясын қамтиды. Тұрақты сипаты жоқ дағдарысқа аралық, ішінара, салалық, құрылымдық дағдарыстар жатады
Соғыс
1. мемлекеттер арасындағы қарулы күрес. Соғысушы державалардың соғыстан көп бұрын жүргізген саясатының жалғасы;
2. Бір мемлекет ішіндегі тараптар арасындағы қарулы кақтығыстар. Ол азамат соғысы деп аталады.
Әдеттегiдей, соғыс өз ерiгiнiң оппонентiне байлау мақсатқа ие болады. Клаузевиц айтуы бойынша "соғыс бұл басқа, зорлықпен құралдардың саясатының жалғасы".
Соғыстар мақсатқа жетудi негiзгi құралмен бас және шешушi құрал, сонымен бiрге күрестiң экономикалық, дипломаттық, идеологиялық, ақпараттық тағы басқа құралдары сияқты ұйымдастырылған қарулы күрес қызмет көрсетедi. Соғыс мағынасы бұл - мақсаты саяси мақсаттардың табысы болып табылған ұйымдастырылған қарулы зорлық. Соғыстың басты құралы әскер
