Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtikhan_s.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
398.55 Кб
Скачать

Этноконфликтология

Этноконфликтология - этникалық, этникааралық қақығыстарды зерттеуші ғылым саласы. Қақтығыстанудың аса маңызды бөліктерінің бірі этникалық қақтығыстардың шығу заңдылықтарын, дамуын, алдын алу, реттеу, шешімін табу мәселелерін қарастырады. Ол этнос өкілдерін қиян-кескі қаталдыққа, төзімсіздікке, күш қолдануға жетелейтін бөлінудің, жіктелудің, конфронтацияның алдын алып, тығырықтан, түйықтан шығудың жолдарын қарастырады. Қазіргі этноконфликтологияның аса маңызды мәселелерінің бірі ықтимал қақтығыстарды алдын ала ескертіп, болжам жасау және жағымсыз салдарын төмендету жолдарын қарастыру болып табылады.

54Қазақстандағы діни деңгейдің қазіргі жағдайына талдама беріңіз және дінге деген қызығушылықтың арту себебін анықтаңыз. Терроризм қаупі бойынша болжам жасаңыз. Ішкі және сыртқы факторларды талдаңыз

Өкінішке қарай, кейінгі кездері Қазақстанда дін мәселесі «өткір мәселе» қатарына қосылды. Жалпы, тарихты − халық рухы десек, дін − оның алтын бесігі десе болады. Ғасырлар бойы өзінің діни жораларын өз ұлтының әдетімен, салтымен ұштастырып, бір Аллаға деген сеніміне селкеу түсірмей келген қазақ жұрты бүгінде діни тұрғыдан ала-құлалыққа ұшырауы не себептен? Дініміздегі бірізділіктің болмауы себепті «сақал мәселесі», «балақ мәселесі», «паранжа мәселесі» және т.т. жасанды мәселелер пайда болды. Оның үстіне, «діннің отаны» саналатын араб елдеріндегі болып жатқан оқиғалар да біздің еліміздегі  діни ахуалға оң ықпалын тигізіп отырған жоқ. Енді, не істеу керек? Осындай алмағайып кезеңде қандай шараларды қолға аламыз? Дін мәселесін қалай реттейміз? Міне, осы мәселелерді Алматы Ұлттық кітапханасында өткен «Алтын қазына» ҚБ және ҚР Мәдениет министрлігінің «Парыз» пікіралмасу клубында «Ақиқат» журналының ақпараттық қолдауымен өткен, Қазақстанның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы және зиялы қауым қатысқан келесі кеңесте талқыға салды.  Дос Көшім («Парыз» пікірталас клубы же­­тек­­ші­сінің орынбасары, сая­­сат­танушы): – Бү­­гін біздің кезекті оты­рысымыз өз жұмысын бастайды. Жоспарға сәй­­кес бүгін­гі арнайы қона­ғы­мыз Қазақстан Мұ­сыл­мандары діни бас­қар­масының басшысы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы. Бұл өте келелі жиын. Баспасөз конференциясы есебінде қабылдамаңыздар, сіз­дер­дің де пікірлеріңіз маңызды. Бүгінгі отырысымыздың негізі діни ахуалға арналады. Дін мәселесіне орай  біздің отырысымыз салмақты түрде өткенін қалаймын. Бұл да мұсылмандықтың белгісі, салмақты, сабырлы болу. Артық-ауыс сөз­дерді азырақ айтып, оның орнына мә­де­ниетті түрде, күрделі, мемлекеттік, діни мәсе­лелерді қозғасақ.  Ержан қажы Малға­жыұлы (Қазақстан МДБ ­бас   мүфтиі): – Бис­­­си­мил­ла ир-рах­ма­­ни рахим. Асса­ламағалейкум құрметті қауым? Бүгін өздері­ңіздің алдарыңызға ке­ліп, емен-жарқын сұхбаттасуға мүмкіндік алғаныма  өте қуаныштымын. Жалпы, жаңа бейне материалдарды көріп кеттіңіздер, бұл ҚМДБ-ның бір, бір жарым жылда жасаған жұмысы.  Ең маңызды жұмыстардың біреуі дін мен дәстүр. Мешіт бүгінге дейін жабық күйде өмір сүріп келді. Сондықтан да, жур­налист қауым да жабылған сайын білгісі келді, зиялы қауымның ойлары сан-саққа жүгірді.  Осы бағытты жақсарту үшін біз жұмыс жасадық.  Жалпы, біздің санамызға сіңіп қалған дін мәселесі бөлек, дін жаназа шығару, мешітке кіріп намаз оқу деп түсіндіріліп келді. Осы түсініктің барлығына нүкте қою үшін дін мен дәстүр деген идеяны көтеріп, «Дін мен дәстүр» атты кітап шығардық. Өйткені, біздің қан­дай да бір салт-дәстүрімізді алсаңыздар, оның мағынасы немесе басқасы Құранда не­месе аятта бар нәрселер.  Жат  ағымда жүрген  жастарымыздың айтар уәждері «біздің аталарымыз дінді білмеген. Надан болған, кәпір болған» дейді. Егемендік алған соң жастар «нағыз шынайы дінді біз білеміз» дейді. Кешегі Абайлар, Шәкәрімдер дінді білмеген, надан болған дегенге  келетін әңгімелер айтады. Расында да, дәстүрімізді сақтап қалған дініміз, дінімізді сақтап қалған дәстүріміз еді. Ғарифолла Есім ағамыз бір сөзінде айтады «Бала кезімізде үйде ораза тұтып, Құрбан шалғанын көр­дік. Оны біздің дәстүріміз екен деп ойлап келдім»  деген еді. Міне, біздегі дін мен дәстүрдің тұтастығы. Өзіміздің күн­делікті тіршілігімізді халыққа ашық көрсете бастадық. Мешіт халықпен етене араласа бастады. Мешітте намаз оқып жүр­­ген жамағаттар қоғамнан бөлініп қалды. Көпшілік намаз оқитын адам, намаз оқы­май­тын адам деп бөліне бастады. Міне, осы мақсатта біз дін мен дәстүрді насихат­тап, мешіттің маңайында ұлттық ойындарды ұйымдастырдық, халықты мешітке ша­қыр­дық. Бұл үлкен маңызды мәселе болды. Екінші имамдар форумын өткізу. ҚМДБ бүгінгі таңға дейін өзінің жүретін жолын, мақсатын халыққа ашық айтпаған еді. Біздің жүретін жолымыз Абу Ханифа мағ­забы, ақидамыз жария айттық. Осы фо­румда мұсылмандар этикасы құжаттары қабылданды. Жақын арада мен Татарстанда, Қырғызстанда болған кезде ол жақтағы мүфтилер осы құжаттарды көріп, таң қа­лыс білдіріп, осыны біз өзімізде енгізсек деп жатыр. Бұл расында бірінші болып көтерілген еді. Бүгінгі таңда оқу-ағарту саласына өте терең назар салып отырмыз. Моңғолиядағы, Ресейдегі  қазақ бауырларымыз бұрындары шетелге барып діни білім алатын еді. Қазіргі таңда келіссөздер жүргізу арқылы олар Қазақстанда діни оқу орындарында білім алады. Оның барлық шығындарын діни басқарма өзі көте­реді. Біріншіден, біз олармен байланыс тудырдық. Ертең ол жақтан Қазақстанға көшіп келетін жағдай болса, ол жақтан басқа радикалды ұйымдардың келмеуі үшін, біз сол жақтағы азаматтармен де жұмыс жасауымыз керек. Шет елде оқып жатқан бауырларымызды білесіздер, ол жақтың мәдениетін, білімін алып келгеннен кейін, біреуі Египетте, біреуі Түркияда, біреуі Сауд Арабиясында оқып келеді де осы жерде сол мектептерді қалыптастыруға әрекет жасайды. Сондықтан, біз өзіміздің бұрын болған Орта Азия мектебін қалыптастыруды қолға алып жатырмыз. Өйткені, әр елде оқып келген ғалымдарымыздың пікірі бір, кей жағдайда бір арнаға тоғыспайды, пікір қайшылықтары орын алады. Және шетелде оқып жатқан студенттермен бұрын-соңды тығыз байланыс болмаған.

Атамекен ауылындағы №7 орта мектепте  ақпараттық-түсіндіру тобы өкілдерінің ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға дінге аса қызығушылық танытып жүрген 45 оқушы қатыстырылды. Оларға мамандар экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурынан аулақ болып, тек  сенімді дереккөздерден ақпарат алып отыру керектігін айтты.

Маңғыстау облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының» ұйымдастырумен өтіп жатқан діни мәседлелерді түсіндіру жұмысы дінге қызығушылық танытатын осындай орталарда жиі өткізілуде. Мамандар аталған салада қажетті ақпараттарды дер кезінде жеткізбесе радикалды ағым сұранысқа қажеттілікті өз пайдасына шешетінін де  атап көрсетті.

Жиынға қатысқан ата-аналар деструктивті ағымның алдын алуға бағытталған осындай шаралар жиі болып отырса деген тілектерін жеткізіп, өздері де қажетті ақпараттарға ие болғандарын айтты.

Аймақтағы теолог-мамандар ата-аналарға және жалпы  тұрғындарға діни қызығушылық танытып жүрген жастарды қадағалап, назарда  ұстап, оларға қажетті ақпарат алуда мешіт қызметкерлері мен арнайы мамандар қызметіне жүгінуге үнемі кеңес беріп отыру қажеттігін  айтуда.

Соңғы уақытта терроризм әлемдегі ең қызу тақырыпқа айналды. Радикалды топтар қауіпі біздің ел үшін де алыс тақырып емес. Ғаламторда жиілеген Сириядағы джиһадшы қазақтар видеосы бұл тақырыптың біз үшін өзектілігін тіптен арттыра түсті. Осыған орай лаңкестікке қатысты бірнеше өзекті сауалдың жауабын сарапшылардан алуды жөн көрдік.

1. Соңғы кездері елімізде джиһадшы балалар, Сирияға аттанған қазақтардың қарасы көбейіп кетті. Қазақстандағы террористік қауіп деңгейіне қандай баға берер едіңіз?

2. Жастар діни экстремизмді на¬сихаттайтындар үшін «оңай олжаға» айналып жа-тады. Өйт¬кені, жастар олардың ық¬палына төтеп беруге қау¬қарсыз. Жастарды қор-ғаудың қандай әдістері бар?

3. Бүгінгі терроризм әлемнің барлық мемлекеттеріне қауіп төндіріп отырған жаһандық фак¬торлардың біріне айналған. Террозимнен қорғану үшін елімізде қандай шаралар атқа¬рылуы тиіс?

4. Мысалы, джиһадшы ба¬ла¬ларға қатысты видеоны бұғаттау, Сириядағы азаматтардың Қазақстан азаматтары еке¬нін жоққа шығару сынды ҰҚК әдістері дұрыс па? Мұндай мәселені шешудің орнына оны жасыруға тырысу әдісінің салдары қандай болмақ? 1. Бүгінгі күннің басты ерекшелігі – ешбір ел өзін террористік қауіптен адамын, бізге қауіп ешқашан, еш жерден келе алмайды деп айта алмайтын жағдайға жетті. Ал егер Қазақстанның бірнеше ірі державалардың қызығушылығы мен мүдделерінің тоғысында тұрғанын, елімізде әсіредіншіл топтардың тамыр жібергенін, халқымыздың әлеуметтік және экономикалық жағдайынын біркелкі еместігін, алдағы жылдары экономикалық дағдарысқа байланысты халықтың бақуаттылығы одан әрі төмендеуі мүмкіндігін ескеретін болсақ, біздің еліміз террористік қауіп деңгейі тұрғысынан қауіпті аймақ қатарына әбден жатқызуға болады. Оның үстіне еліміздің біраз азаматы Ауғанстан, Пәкстан, Сирия, Ирак сияқты терроризм жайлаған мемлекеттерде қылмыстық әскери дайындықтан өтіп, әскери тәжірибе жинақтап жатқанын еш естен шығармауымыз керек. Террористік қылмыс, экстремистік үгіт-насихат жасаған талай адам бүгінгі күні айыпты деп табылып, түрмеде отыр. Отырғанда қарап отырған жоқ, өзіне жақтас тауып, өздерінің үгітін жалғастырып жатыр. Бұлардың барлығы да түрмеден шыққан соң айға ұшып кетпейді, ел ішінде қалады. Шетелде тәжірибе жинағандар кез келген уақытта қайтып келіп, өздерінің шетелдік басшыларының тапсырысымен «үлкен джиһадты» біздің жақта жалғастыруы әбден мүмкін. 2. Сұрағыңыз орынды. Менің білуімше, бұл індетке қарсы тұрудың үш жолы бар сияқты. Біріншіден, жастардың білімі мен мәдениетінің деңгейін арттыру. Қазақ пен әлем тарихы, мәдениеті, ғылымның өркендеуінен бейхабар адамдар әсіредіншілдердің арбауына бірінші болып түсіп жатады. Жастардың арасындағы құқықтық білім мен мәдениетті де осының арасында еселеп арттыру қажет. Өкініштісі, біздің билік авторитарлы билік, ал авторитарлы билік халқының арасында ағарту жұмысының жүргізілгеніне атымен қарсы. Ал шын мәнінде халқымызға бүгін ең керекті дүние – халық ағарту жұмысы. Биліктің қорқатыны түсінікті: көзі ашық, санасы ояу халық авторитарлы билікке қарсы, өз есебін жақсы біледі, түсінеді. Бұндай халық елді жегідей жеген жемқорлыққа, атқарушы биліктің озбырлығына қарсы болады. Бірақ, билік бүгін ағарту жұмысын бастамаса, осындай жұмысты атқарамыз дегендерге қарсы шықса ертең талай опық жейтіні айдан анық. Бүгін азды-көпті оппозиция¬ны, ұлтшылдарды ауыздықтаймын деп, ағарту жұмысына балта шапса, ертең бұл билік лаңкестер мен джиһадшылармен бетпе-бет келгенде жалғыз қалады. Екіншіден, жастарды қазақ ұлттық, мемлекетшілдік құндылықтарға баулу қажет. Бүгінгі күні Сириядағы лаңкестердің арасында қазақ тілін білмейтін, қазақ мәдениетінен ада, қазақшылықтан мүл¬дем бейхабар адамдардың көп болуы тегін емес. Әрине, мәселе тек тіл мен тарихта ғана емес, бірақ шынайы қазақы ортада өскен, қазақы құндылықтарды бойы¬на сіңірген, өзін «алдымен – қазақпын, сосын – мұсылманмын» деген қазақ жас¬тары ешқашан Сирияға барып біреудің мүддесі үшін қиянатқа, өлімге бармас еді. Бүгін террористер мен экстремистерге қарсы төтеп бере алатын жалғыз идея, жалғыз күш бар. Ол – қазақ ұлтшылдығы. Күші, қаны, тереңдігі жағынан әсіредіншіл идеялармен, тұжырымдармен пара-пар келетін, тіпті олардан асып түсетін жалғыз жанкешті күш, идея, балама тек қазақ ұлтшылдығы, мемлекетшілдігі. Осы идея¬ларды билік мемлекетті нығайту, экономиканы өркендету, елді модернизациялау үшін пайдаланғаны абзал. Егер билік киген «тақиясына» сеніп әсіредіншілдерді өз қанатының астына алып, есесіне қазақ ұлтшылдарын тұншықтырып, елді одан әрі бұрынғыша билей береміз деп ойласа әбден қателеседі. Үшіншіден, билік, қоғам, діни ұйымдар бірігіп, дін саласында, діни білім мен мәдениет саласында терең, кешенді реформалар жүргізуі керек. Қазақстанда бір ғана жамағат қалуы тиіс. Тарихи жолымызды ескере отырып, еліміздің түркі-мұсылман болмысын ескере отырып, оны «Алашия жамағаты» деуімізге әбден болады. Қазақстан жері, қазақ диаспорасы тұрып жатқан барша аумақ «Алашия жамағаты» деп танылып, Діни басқармамыздың канондық жауапкершілігі аумағы болып танылуы тиіс. Еліміздегі діни білім, діни насихат пен мәдениет жүйесі Діни басқармамыз бен мемлекеттік органдарымыздың басқаруымен жүргізілуі тиіс. Еліміздегі басқа бөтен барша жамағаттарға рахмет айтып, оларға «сау бол» деуіміз керек. Діни бағытта, діни бағыты бар білім, мәдениет таратып жүрген барлық шетелдік ағартушы ұйымдарды да құрметпен елден шығарып салуымыз керек. Еліміздің байлығы, білімі, мәдениеті, сапасы, әл-ауқаты қазақы құндылықтарға, мемлекетшіл идеяға қарсы келмейтін, аталарымыз ұстаған дін исламды насихаттауға, ұстануға толық мүмкіндік береді. Бұл айтып отырғандардың барлығы да ұзақ мерзімді, сапалы, саналы жұмысты талап етеді. Бір күннің ішінде қажетті деген нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Терроризмге, экстремизмге тек мемлекеттің, биліктің, күштік құрылымдардың күшімен төтеп беруге болады дегенге сенбеймін. Мүмкін емес дүние. Бұл барша қоғамның, барша саналы азаматтың, барлық қоғамдық күштердің, партиялардың ортақ мін¬деті. Билік өзіне тән менмендіктен, өзім¬шілдіктен бас тартып, халыққа, көпшілікке, зиялы қауымға сене бастауы тиіс, осыларға арқа сүйеуі керек

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]