- •«Әлеуметтану» пәнi бойынша емтихан сұрақтары (2 кредит)
- •Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері мен бағыттарын анықтаңыз
- •Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі қарастырыңыз
- •Отбасы әлеуметтік институт ретінде айқындаңыз
- •Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін негіздеңіз
- •Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәнін анықтаңыз
- •Тұлға әлеуметтануының қалыптасуын және тұлғаның әлеуметтенуі мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •Білім беру орындары әлеуметтік институт ретінде пайымдаңыз
- •Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орны, қызметтерін бейнелеңіз
- •Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырыңыз және "Экономикалық адам" түсінігін айқындаңыз
- •Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын негіздеңіз
- •Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы мен оның құрылымы мен функцияларын бейнелеңіз
- •Әлеуметтанудағы сауалнама әдісінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына мысал келтіре отырып талдаңыз
- •Анкеталық әдістің негізгі маңыздылығын, артықшылығын, кемшілігін, қолдану салаларын сипаттаңыз. Анкета құру техникасын көрсетіңіз
- •Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлерін айқындаңыз
- •Іріктеу жиынтығының мәнін, жасалауын, квоталық және кездейсоқ іріктеу ді мысал келтіре отырып жіктеңіз
- •Эксперимент әдісінің жүргізілу аясын және қолдану жолдарын қарастырыңыз
- •Ч. Ломброзо және у. Шелдон концепцияларының девиантты мінез-құлық әлеуметтануының дамуына қосқан үлесін бағалаңыз
- •«Аномия» түсінігіне толық анықтама беріңіз. Аномия қоғамға неліктен қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Бұл құбылыс Қазақстанда байқалды ма және осы ситуациялардың салдарын анықтаңыз
- •Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.
- •Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлері және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін талдаңыз
- •Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін қарастырыңыз. Өз пікіріңізді нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтермен дәлелдеңіз
- •Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •45.Қоғамда әлеуметтік теңдік және теңсіздік мәселелері талдануы керек па? Өз пайымыңызды талдаңыз және Қазақстандағы әлеуметтік теңдік және теңсіздікке мысал келтіріңіз.
- •46.Қазақстанға жаһанданудың «жақсы» және «теріс» әсерін аргументтер арқылы сипаттаңыз. Қазақстандағы жаһандану процесі неден көрінетінін сипаттаңыз
- •50.Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбейу салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан сипаттаңыз.
- •51.Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.
- •Шығу себептері[өңдеу]
- •Реттелу жолдары[өңдеу]
- •Этноконфликтология
- •54Қазақстандағы діни деңгейдің қазіргі жағдайына талдама беріңіз және дінге деген қызығушылықтың арту себебін анықтаңыз. Терроризм қаупі бойынша болжам жасаңыз. Ішкі және сыртқы факторларды талдаңыз
- •55.Сұхбаттың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін екі баған бойынша фактілер арқылы көрсетіңіз. Сұхбаттың түрлерін, өткізу формасын және негізгі талаптарды сипаттаңыз
- •Табиғи төтенше жағдайлар[өңдеу]
- •Көшкіндер[өңдеу]
- •57.Сіздің айналаңыздағы адамдардың тұрмыстағы мінез-құлқын сипаттаңыз және девиантты болып саналатын әрекеттерді көрсетіңіз. Өз жауабыңызды дәлелдеңіз
46.Қазақстанға жаһанданудың «жақсы» және «теріс» әсерін аргументтер арқылы сипаттаңыз. Қазақстандағы жаһандану процесі неден көрінетінін сипаттаңыз
Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік,дүниежүзілік,жалпы)—жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттықтұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес.Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр.
Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рыногқа айналуы дәуірін бастан кешуде.
Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржылардың, адамдардың, ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы «шекараларсыз әлем» тұжырымдамасының негізіне айналды.
Жаһандануға қандай факторлар жәрдемдесуде?
Бірінші кезекте, бұл тараулардың елдер мен экономика сектор-лары арасындағы қозғалысы. Сауда-саттықты өрістету экономи-каның дамуы мен өсуі үшін стратегиялық тұрғыда қажет. Жаһан-дану жолындағы екінші қадам капиталдардың еркін қозғалысы. Мысалы, соңғы 20-жылдарда дамушы елдерге тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны жүздеген есе өсті. Үшіншіден, адам-дардың кедергісіз қозғалысы. Бүгінде әлемде елеулі көші-қон өзгерістері жүріп жатыр, Батыс елдерінде, әсіресе Еуропалық Одаққа, АҚШ-қа, Канадаға мигранттар ағыны күшейді. Төртінші-ден, жаһандану факторларының бірі халықаралық валюта рыногтарындағы валюталық операциялардың серпінді дамуы болып табылады. Әлемдік валюта жүйесі үш революцияны: реттеудің алынып тасталуын, интернационалдануды және инновацияны бір мезгілде бастан кешті. Бесіншіден, ақпараттың, интеллектуалдық өнім мен идеялардың еркін қозғалысы жаһандану факторларының бірі және салдары болып табылады. Интернеттің, электрондық поштаның, халықаралық телефон қызметтерінің, ұялы телефон мен электрондық конференциялардың қарай дүние әлдеқайда өзара байланысты бола түсті.
Өзіміздің алдымызға стратегиялық міндет - таяудағы 10 жылда елімізді әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына шығару міндетін қоя отырып, біз ғылым мен технологияларды дамытудың, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістерін жіті назарда ұстауға тиіспіз.
Бұл үрдістер қандай екен?
Әлемдік деңгейдегі өте маңызды технологиялар шоғырына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қасиеттері алдын ала белгіленген жаңа материалдардың алынуы, биотехнологиялар, энергия үнемдеу, энергияның баламалы көздерін жасау жатқызылады.
Білім беру саласындағы жаһандану да бірқатар үрдістерімен сипатталады. Білім ақпараттық қоғамда құнның негізгі көзіне айналып барады. Білім беру ұғымының өзі өзгеруде және кеңеюде. Білім беру барған сайын көп ретте мектепте және тіпті жоғары оқу орнында оқумен бірдей түсінілуден қалады. Жеке тұлғаны функ-ционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұ-жырымдамасына көшу жүріп жатыр. Ақыр соңында білім берудің халықаралық интеграциясы дамуда. Білім беру ұлттық басымдық категориясынан әлемдік басымдық категориясына өтуде.
Технологиялық тұрғыда дамыған елдерде ғылыми талдамалар жүйесінде маманды оқытумен ғана емес, сонымен бірге техника-лық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізумен айналысатын ғылыми кешендер болып табылатын университеттер ерекше рөл атқарады. Қазақстанға индустриямен тығыз байланысты, қуатты білім беру, зерттеу және ғылыми-өндірістік кешендер болып табылатын элиталық университеттер қажет. Осы тәжірибені ескере отырып, Астанада халықаралық деңгейдегі жаңа университет құру туралы шешім қабылданды. Уақыт өте келе Алматыда да жаңа университет құру жоспары бар. Елдің осындай деңгейге көтерілуге қабілетті қазіргі бар аса университеттердің әлеуетін зерттеу керек. Біздің университеттердің құрылымында химия, физика, химиялық технология, экономика саласындағы жоғарғы білікті мамандар болуы тиіс. Мамандардың осындай байланысы Массачусетс, Калифорния және Токио институттарының әлемдегі үздік инсти-туттарға айналуына мүмкіндік берді.
Барлық жоғары оқу орындарында математикалық бағыттағы қолданбалы кафедраларда дәріс беру деңгейін сапалық тұрғыда өзгерту керек. Мәліметтерді талдаудың математикалық әдістерін бәрі де – инженерлер, экономистер, заңгерлер, құрылысшылар, мемлекет қайраткерлері меңгеруі тиіс. Әлемдік практика көрсеткеніндей, кадрлардың математикалық әзірлігінің жоғары деңгейі барлық салаларда сапалық секірісті қамтамасыз етеді.
Білімді, салауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Реформалардың алдыңғы шебінде жастар болуы тиіс, нақ осы жастардың күш-жігерімен бастамашылдығы, олардың болашаққа ұмтылысын көп ретте біздің бастамалар табыстылы-ғының кепіліне айналды.
47.Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады. Адамдар топтан әртүрлі себептермен кетеді, яғни тұрғылықты мекен-жайын өзгертуіне, жасына байланысты, мамандығын ауыстыруына және т.б.; олардың орнына жаңа адамдар келіп отырады. Осы өзгерістерге қарамастан әлеуметтік топтар біртұтас жүйе ретінде жұмысын тоқтатпайды. Әлеуметтік топтардың мұндай тұрақтылығы қалай түсіндіріледі? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз. «Әлеуметтік топ», «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым» ұғымдарына салыстырмалы талдау жасаңыз.
Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді:
Кең мағынасында Әлеуметтiк топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін – отбасынан, құрдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды. Бірақ әлеуметтануда көбіне тар мағынада - қандай да бір жеке, ұжымдық немесе қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген өзара әрекеттегі адамдар жиынтығы - қоғамның ішіндегі құрылым ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтiк топ мүшелері өздерін осы топқа жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р. Мертон). Әлеуметтiк топ санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді.
1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулісаяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.
2. Орташа топтар өндірістік, аумақтық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін.
3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоциациялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.
Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше.
Әлеуметтік қауымдастық - қандай да бір ортақ белгілері, ортақ мүдделері, ортақ мақсаты, ортақ мінез-құлық түрі бар адамдар жиынтығы; бірқатар нақтылы әлеуметтік қауымдастықтардың жалпы атауы ретінде қолданылатын ұғым. Ұлттық, этникалық, таптық, діни, кәсіби, аумақтық, әлеуметтік-мәдени, дәрежелік, демократиялық және басқа да әлеуметтік қауымдастық түрлері белгілі. "Әлеуметтік қауымдастық" ұғымы саясаттануда кеңінен қолданылады. Егер олар өзінің ерекше мүддесін сезініп, оны жүзеге асыру мақсатымен ұйымдасатын болса, онда әлеуметтік қауымдастықтар саяси қатынастардың субъектісіне айналады.
Әлеуметтік ұйым
Қазақтардың әлеуметтік ұйымдасуы адамдар арасындағы бір-бірімен байланысты қарым-қатынас түрлерінің әр алуандығына негізделді. Олар: қандас туыстық отбасылық, шаруашылық, әскерлік, мәдениеттік, этникалық және басқа байланыстар еді. Мұндай байланыстар қоғамдық өмірдің әртүрлі өрістерінде туып, тұтастықты өз-өзінен реттеуші ретінде қоғамнын іс-әрекетін қамтамасыз ететін түрлі-түрлі әлеуметтік организмдер мен солардың салт-ережелерінің күрделі жүйесін құрды. Қоғамдық өндіріс процесінде қалыптасқан мүдделер мен мақсаттардың бірлігі қоғамдық байланыстардың ең басты өзегі болды. Аграрлық қоғам жағдайында ол өндірістік байланыстар негізінде әрекет еткен қауым түрінде жүзеге асты. Түпкі материалдарда былай деп атап көрсетілген: «Қырғыздардың жерге иелігі-қауымдық иелік, әрбір ру мен бөліністердің белгілі өз учаскелері бар, сол кеңістікте руластардың әрқайсысының өз егістіктері, жазғы, қысқы жайылымдары бола алады: әйтсе де әр ру өз жерлерін басқа бөліністердің алып қоймауын қызғана бақылап отырады». Мұндай қауымдастық көптеген адамдардың күш-жігерін біріктіруді талап ететін өндірістік процестің барлық буындарын жұмыс істеттіру үшін малшылар еңбегін кооперациялау (бірлестіру) қажеттігінен туындады. Көшпелі қауымның тірлік-тынысы көп жағдайда малды жайып бағудың маусымдық ырғағымен айқындалды. Жылдың әр маусымындағы көшіп-қону сипатының өзгешелігіне қарай Қазақстанда қауымдасудың екі түрі қалыптасты. Қысқы, ерте көктемгі және күзгі кезеңдерде көлемі жағынан әдетте орта есеппен алғанда қысқы қой отарына (300-400 бас) сәйкес келетін (5-6 үй қожалығы) шағын қауым деген дамыды. Жылдың бұл мезгілдеріндегі қауымның көлемі қыстау маңайындағы жайылымдық жерлерден азығын тауып жеуге қабілетті мал санымен айқындалып отырды және олар сол төңіректегі шөптің шығымдылығына барынша тәуелді болды. Қыстаудың 2-4 шақырым төңірегіндегі жайылымдық учаскелер - тек еңбекті және жекешелерді бірлестіру түрі ғана емес, сонымен бірге жерді иеленуші және жерді пайдаланушы бірлестік саналған осы қауымның меншігі болып табылды. Қауымның екінші түрі жылдың жылы кезеңінде ұйымдасты. Бұл кезде көшпелілер басым жағдайда малды сумен неғұрлым ұтымды қамтамасыз ету мүддесі негізінде едәуір ірі шаруашылықтық топтарға бірікті. Мұндай жағдайда кеңейтілген қауымның көлемі жайылымдық жерлердің сыйымдылығына оның тәуелділігінен гөрі, малдың су көздерімен қамтамасыз етілуі арқылы айқындалды. Сондықтан ол әдетте екі-үш шағын қауымның бірлесуінен тұрды. Суды пайдалану мәселелерін реттеудегі жалпы қажеттілік негізінде су көздеріне меншіктік қатынастар пайда болды. Негізгі су көздері әртүрлі тереңдіктегі құдықтар саналған құрғақшылықты аудандарда қауымның су көздеріне меншігі «бірінші болып пайдалануға» құқығы түрінде, ал табиғи су көздері көп көгерішті аймақтарда – «алдымен басып алушы» құқығымен жүзеге асты. Қайсыбір табиғи су көзін иелене отырып, кеңейтілген қауым сол су көзінің төңірегіндегі жерлерді де іс жүзінде иеленіп алатын. Демек, ол көшпелі мал шаруашылығы саласындағы өндірістік процестерді реттеп қана қоймады, ал сонымен бірге жерді пайдаланудың да иесі болды.
48.Ф.Энгельс бойынша «Бұл отбасының түрі ер адамның билігіне негізделгендіктен балаларының ата-тегі күмән туғызбайды, ал бұл дегеніміз алдағы уақытта балалар мұрагер ретінде әкесінің мүлкін иеленуі тиіс» деген тұжырымдама айтқан болатын. Аталып отырған отбасының түрін сипаттаңыз? Қазіргі қоғамға қандай отбасының түрі сай және неліктен? Өз жауабыңызға дәлелдер келтіріңіз.
49.Ауытқымалы мінез-құлықтың үш түрін атауға болады: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Ауытқымалы мінез-құлықтың әр түрін жеке-жеке сипаттаңыз және өзара салыстырыңыз. Олардың әрқайсысы қандай әлеуметтік бақылауды қажет етеді. Өз жауабыңызға нақты дәлелдемелер беріңіз.
Ауытқымалы мінез-құлық — құқықта, адамның қатты да терең күйзеліп, уайым шегуімен, өңі өзгеріп, ұстамдылығынан айырылуымен сипатталатын, оқыс та шапшаң тегеурінмен өрбитін сезімдік ахуалы (қазақшаАффект). Ауытқымалы мінез-құлықтың физиологиялық және патологиялық түрлері болады. Физиологиялық ауытқымалы мінез-құлық (ашу, ыза, үрей) психикаға әсер ету күші жойқын бола тұра, адамды өзінің мінез-құлқын сезіну мен бақылау, ол үшін жауапты болу мүмкіндігінен айырмайды..
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.[1]
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.[2]
Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномиятұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
жанұяда берекенің болмауы;
ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары
