- •II. Қорытынды
- •III.Пайдаланылған әдебиеттер
- •1.Қазақстан Республикасының су ресурсы
- •2.Орталық Қазақстан облысының гидроресурс қоры
- •3.Балқаш көлінің гидрологиялық маңызы және проблемалары
- •Балқаш экологиясы
- •4.Суды тазалаудың жаңа технологиялары
- •5.Орталық Қазақстан облысын сумен жабдықтау және су мәселесі
- •6.Су қауіпсіздігін және су ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету
Жоспар:
Кіріспе
Қазақстанның су ресурстары
I.Негізгі бөлім
1.Орталық Қазақстан гидроресурс қоры
2.Балқаш көлінің гидрологиялық маңызы және проблемалары
3.Суды тазалаудың жаңа технологиялары
4.Орталық Қазақстан облысын сумен жабдықтау және су мәселесі
5.Су қауіпсіздігін және су ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету
II. Қорытынды
III.Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының су ресурсы
Қазақстан жер региондарының ішіндегі сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады.Сумен қамтамасыздандыру деңгейі бойынша ол ТМД елдерінің ішіндегі ең соңғы орынды алады, тіпті Түркіменстаннан кейін тұр. Қазақстанның жер беті сулар қорының (жер асты суларының қоса алғанда) жалпы мөлшері жылына 89.5 текше шақырымды құрайды.Республикада таза ауыз суды тым тапшылығы байқалады.
Қазақстанның жер беті су ресурстары түгел дерлік таусылған. Республиканың су шаруашылығы мәселелері тек жер беті суларын шектеп пайдалану және жер асты суларының ресурстарын меңгеру есебінен ғана шешілуі мүмкін. Республикада жалпы су пайдаланудың 9 % жер асты суларының үлесіне тиеді , біздің ойымызша , оны 25% дейін көтеруге болады.
Жер бетіндегі және жер асты суларының Қазақстанның геожүйелеріне экологиялық ықпалы көп жақты сипатқа йе. Ол өзен жүйесінің жйілігі және су қоймаларының гидрологиялық және гидрохимиялық режимі арқылы көрінеді. Өзендердің бастаулары , су режимі , жылдық су қорының өзгермелілігі және т.б. гидроэкологиялық факторлар неғұрлым маңызды болып табылады.Осы факторлардың ішіндегі кейбіреулерінің экологиялық ролін қарастырумен шектелеміз.
2.Орталық Қазақстан облысының гидроресурс қоры
Қарағанды облысы
Ауданы 428 мың км2
Халқы 1339 мың адам
Орташа тығыздығы:3,1 адам/км2
Орталық Қазақстан - республикамыздағы су жетіспейтін аймақтардың бірі, теңіздерден қашық жатуымен бірге ірі езендері де жоктың қасы. Бірақ минералды ресурстарға бай аймақтың бірі.Сарыарқа жері пайдалы казбалардың көмбесі десе де болады. Мұнда-көмір, темір кені, мыс, марганец, алтын, күміс, мұнай жөне т.б.пайдалы қазбалар кездеседі. Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлылығы орталықта орналасуында, яғни барлық экономикалық аудандармен шектеседі. Пайдалы қазба кен орындарына жақын орналасқан, аумағы транзит жолының үстінде және көлік қатынасы жақсы дамыған.Аудан шекарасының басқа республикалармен шектеспеуі ауданның сыртқы байланысының дамуына, ал климатының қуаң болуы ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайсыз әсер етеді.Климаты шұғыл континенталды, қысы суық, боранды желдер жиі болып тұрады. Жылдық түсетін жауын-шашын мөлшері шамамен 250 мм. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 160 күн. Осындай агроклиматтық жағдай ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға кері әсерін тигізуде.
Су ресурсы
Орталық Қазақстанның оңтүстік шығысында Балқаш көлі орналасса, қалған аумағында (Қарасор, Қыпшақ және т.б.) ұсақ көлдер кездеседі. Олардың дені ащы көлдер. Судың жетіспеуі өнеркәсіп жөне ауыл шаруашылық салаларын дамытуға кедергі болуда. Сумен қамтамасыз ету үшін Ертіс - Қарағанды - Жезқазған су қоймалары және канал салынды.Жер суаруғақажетті өзендер өте аз, ал ауданның оңтүстігі мен батысында көптеген аумақтарда ағын сулар мүлдем жоқ . Сондықтан Орталық Қазақстанды сумен қамтамассыз ету мәселесінің орасан зор халық шаруашылық маңызы бар . Ол ауданның өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын дамыту көп жағдайда осы мәселенің шешілуіне келіп тіреледі. Ауданның сумен жабдықталуынжақсарту үшін көптеген өзендерде бөгеттер салынған. Мысалы, Нұра, Жезқазған, Қарсақпай бөгендері, ал 70 жылдардың басында ұзындығы 500 км-ден асатын Ертіс-Қарағанды каналы іске қосылды. Ол Павлодар облысындағы Ақсу қаласының маңынан басталады.
