- •Саясаттану Дәрістер жинағы
- •1 Дәріс. Саясаттану пәні
- •3 Дәріс. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
- •4 Дәріс. Демократия. Қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен саяси тәжірибе
- •5 Дәріс. Тұлға және саясат
- •6 Дәріс. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
- •7 Дәріс. Саяси партия және партиялық жүйелер. Қазақстандағы көппартиялықтың дамуы
- •8 Дәріс. Қр-ның ұлттық саясаты. Қазақстан – халықаралық байланыс субъектісі
- •Әдебиет тізімі
- •Мазмұны
8 Дәріс. Қр-ның ұлттық саясаты. Қазақстан – халықаралық байланыс субъектісі
8.1 Елдегі этнодемографиялық жағдай. ҚР-ның ұлттық саяси ұстанымы
8.2 Қазақстанның ішкі саясатының принциптері мен бағыттары
Лекция мақсаты: Қазақстанның геосаяси жағдайының ерекшелігін анықтау.
Мазмұны: Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық саяси бағытында жаңа сұрақтардың тууы көрсетілді. Мемлекеттің этнодемографиялық жағдайына мінездеме берілді. ҚР-ң халық Ассамблеясының рөлі мен мағынасы көрсетілді. ҚР-ның ішкі саясатының принциптері ашылады, сонымен қатар оның маңызды бағыттарының Республикадағы сәтті іске асырылып жатқандығы айқындалды.
Қазақстан халқының санына біршама жағдайлар әсер етті, қазақ-жоңғар соғысынан бастап, столыпиндік аграрлық реформаның ықпалды тұстары болды. Орта Азиядағы патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар да әсер етті. Қазақстандағы кеңес өкіметінің орнауы, 1918-1920 жылдардағы азаматтық соғыс, қазақ халқына қарсы саяси геноцид және қазақ элитасын «халық» жауы деп жазалауы, 1937-1938 жылдардағы әскери тұтқындардың 2-дүниежүзілік соғысқа жіберілуі осының барлығы халық санының өзгеріске ұшырауына себеп болды.
Басқа жаққа жер ауып кеткен тұрғындардың шетелде 43 мемлекетте 5 млн немесе барлық қазақтардың 30-35% мөлшері тұратыны бізге белгілі. Оның 80% Өзбекстанда, Қытай мен Ресейде тұрады. Өзбекстанда 2 млн-ан астам, Қытайда шамамен 2 млн, Ресейде шамамен 1 млн, Монғолияда 83 мың, Түркменстанда 83 мың, Туркияда 12 мың, Қырғызстанда 10 мың, Иранда 5 мың қазақ мекен етеді. Кеңес өкіметінің құлауы және соңғы әлеуметтік-экономикалық және саясаттың өзгеруі, этнодемографиялық жағдайдың өзгеруіне әкеліп соқпай қоймайды. Экономикалық қиыншылықтар жұрттың эммиграциялық көңіл-күйінің қалыптасуына алғы-шарттылықтар туғызды, сонымен қатар бұрынғы мәдениетті құрту, орыс тілі мен мәдениетінің жоғары бағалануы төмендеп және жаңа мәдени құндылықтардың бекуі, ұлт-сана сезімінің өрлеуі, мемлекеттік тілдің кеңеюі, қоныстанған мекендердің атын қайта қою көптеген славян өкілдерінің қанағаттанбаушылығына әкеп соқты. Психологиялық жағдайсыздық орыс тілді халықтардың эммиграциясына әкеп соқты.
1989 жылдан 1999 жыл ішінде Қазақстанда халық саны 16,46 млн-нан 14,95млн-ға кемиді немесе 1,51 млн халықтың эммиграция процесі халықтың этникалық құрамын өзгертті. Еуропалық халық санының азаюы байқалды. Немістер 2,6 есе, орыстар 1,3 есе, украиндар 1,6 есе, белорустар 1,5 есе кемісе, керісінше түрік халқының қазақтардың, өзбектердің, ұйғырлардың, түріктердің өсуі байқалды. Ең жоғары өсу түріктер мен өзбектер арасында байқалды. Ең үлкен эммиграция 1994 жылы болды. Миграция әсерінен Қазақстанды жұмысқа жарамдылардың көп бөлігі шетелге көшіп кетті. Соның кесірінен қартаю көбейіп, бала туу саны азайып немесе өлім көлемі ұлғайды.
Бүгінгі күні қазақтардың ұлттық сана-сезімі өсті. Басқа ұлт өкілдерін қолдау мақсатында Қазақстан халық ассамблеясы өз қызметін атқарып келеді. Мәдени ана тіл, рухани дәстүрлер жаңарып жатыр. Елде барлық негізгі ұлыстар мен ұлттардың өкілдерінің мәдени орталықтары белсенді жұмыс істеп жатыр. Ұлтаралық келісім нығайып отыр. Басқа дінге деген төзімділік, басқа мәдениеттке деген құрмет елімізде дұрыс жолға қойылған. Ұлт саясатының қызметі және әртүрлі ұлтық бірлестіктер оң бағытта қызмет жасайды.
Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясаттың негізгі принципі мыналар: тіліне, ұлтына және дініне қарамай дербес тұлғаның бостандығы және құқық теңдігі; лайықты белгілер бойынша азаматтардың берілген құқықтарына шек қоюға тыйым салу; Қазақстанның тарихи пайда болған бүтіндігін сақтау; республика халықтарының конституция және халықаралық құқық нормалармен сәйкес құқық кепілдігі; олардың ұлттық мәдениеті мен тілінің дамуына көмектесу және т.б.
Елде жүргізіліп жатқан саясат өзінің бірінші нәтижелерін берді. 2009 жылы өтілген ұлттық халық санағына сәйкес қазақстандықтардың саны өсті. Санақ Қазақстан тұрғындарының санының 2000 жылдардағы санақпен салыстырғанда өскендігін айқындап отыр. Бұл еуропалық этностардың эммиграциясының азайып, қазақтардың санының артуымен (+22,9 % 1989-1999 жылдар; +26,2 % дейін 1999-2009 жылдарда) және орыстардың азаюымен (-15,3% 1999-2009 жылдар арасында) және немістердің азаюымен (-49,6%) түсіндірілді. Санақтың нәтижесі бойынша ең көп санды ұлт, бұрынғыдай, қазақтар (10,1 млн) және орыстар (3,8 млн). 2009 жылғы халық санағынан кейін қазақтардың үлесі 63,1% (1999 ж 53,4%), орыс - 23,7% (30%), өзбек 2,8% (2,5%), украиндықтар -2,1% (3,6%), ұйғырлар - 1,4% (1,4%), татарлар - 1,3% (1,7%), немістер - 1,1% (2,4%), басқа этностар - 4,5% (5%).
8.2 Кеңес өкіметі жалдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бар мемлекет болды, бірақ дербестігі болмады, өйткені одақтас мемлекеттердегі маңызды мәселелерді жоғарыдағы министрлік үйлестірді. Бүгін ғой ҚР-тәуелсіз, дербес мемлекет және аумағы үлкен, түрлі халықтардың тату-тәтті өмір сүруіне жол ашылуда. Өзін тәуелсіз деп жариялаған Қазақстан Республикасы қысқа тарихи дәуірде өзін сенімді және жауапкершілігі мол мемлекет ретінде танытып отыр.
ҚР Конституциясының 8-бабына сәйкес Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі принциптері: халықаралық құқық нормаларын сақтау; мемлекеттер арасында ынтымақтастық және көршілес елдермен қарым-қатынастарды жүргізу; халықаралық дауды бейбіт жолмен шешу; мемлекеттер теңдігі және бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпау.
Азия және Еуропада геосаяси жағынан маңызды орынды иемдену, экономикалық және саяси қауіпсіздік принциптерін тұрақтандыру, тәуелсіздік дербестік және территориялық бүтіндікке назар аудару бүгінгі Қазақстанның негізгі мақсат-мұраты болмақ. Қазақстанның дипломатиялық қызметі ҚР-ың әлемдік және аймақтық құрылымдардағы беделін нақтылап, барлық мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайтты, посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттермен интеграцияны орнықтырды.
Дүниежүзілік аренаға Қазақстанның шығуы ең алдымен мемлекет басшысының сыртқы саяси қызметінің белсенділігі. 1990 жылдан бастап ҚР Президенті 200-ден астам ең ірі мемлекеттерге ресми және іс сапарлар жасады.
Қазақстан ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бар күш жігерін салуда. Қазақстанның Ресей, АҚШ, Ұлыбритания жағынан қауіпсіздік кепілдіктері туралы Будапешттік меморандумға қол қоюға қолы жетті. Сондай кепілдіктер Франция және ҚХР-дан алынған болатын.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасын әлемнің 100-ден аса мемлекеті мойындады және олармен дипломатиялық қарым-қатынас тұрақтанды, 1992 жылдан бастап ООН-ң белсенді және құқықтық мүшесі. ООН-да мүше болған жылдарда Қазақстан халықаралық тыныштық және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды үлес қосты. Біздің еліміз ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Мұндай бейбітшіл талпынысты көптеген мемлекеттер адамгершілікпен бағалады. Біздің толерантты көңіл-күйімізді сезінген халықаралық қауымдастық өзінің жоғары бағасын беріп отыр. Әлемнің бізді жете тануына тағы бір себеп, ол 2010 жылы Қазақстанның ОБСЕ-ге жетекшілік етуі. Бұл үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қазақстан дәл бүгінгі күні өркениеттер сұхбатындағы Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырушы көпір деп танылуда. Елбасымыздың өзі осындай сенімді нықтай түсу мақсатында көптеген халықаралық және аймақтық жобалардың ынталы көшбасшысына айналып отыр. Әлемдік саясатта Қазақстан көпбағыттылық саясат жүргізуі өзінің елеулі нәтижелерін беріп отыр. Бұл жоспарда ең басты орынды АҚШ-пен жасалған стратегиялық және демократиялық келісім («шанхай бестік» проекті шеңберінде сенім өлшемдері туралы жоба), Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украинамен жасалған кедендік келісім және т.б. Сыртқы саясат дамуында лайықты орынды ТМД елдерімен байланыс, БҰҰ-ғы қызметі, Еуропа және Америкамен байланысы алады. Қазақстан Республикасының халықаралық байланысы барлық мемлекеттермен дұрыс жолға қойылған.
Бүгінгі таңда әртүрлі діндер арасындағы сұхбатты тұрақтандыру өте-мөте қажеттілік. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ықыласымен Астанада тұңғыш рет ғаламдық және дәстүрлі діндердің өкілдерінің қатысуымен съезд өткізілді. Бұл дәстүрге айналып отыр. Бірегей унитарлы мемлекет аймағындағы әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың бейбітшіл көңіл-күйі үлгілі мемлекет мұратының негізгі нысаны. Біз әлемге үлгі боламыз. Планетарлы этика принциптерін қабылдауға дайынбыз. Бүгінгі таңда ұлттық гуманистік қозғалыстар адамилық мәнге ие болып отыр. Қазақстан Республикасы еуразия өркениетінің бір бөлігі, статусы жағынан еуразиялық мемлекет болып табылады. Бүгінгі Қазақстанның дамуы тілі, салт-дәстүрі ортақ көпғасырлық тарихы бар көп ұлтты түркі-ислам мәдениетінен бастау алатыны сөзсіз. Ұлттық және азаматтық консолидация түріндегі сұхбатты жетілдіру мен орнықтыру мақсатында барлық жағдайлар жасалып отыр, жас мемлекеттің әлемдік даму контекстіндегі тұрақты және сенімді экономикалық өсімі, демократиялық және азаматтық қоғам институттарының дамуы, тұрақтылық, қауіпсіздік, егемендік идеяларының нығаюы осы бағыт үшін ынталанады. Қазақстан Республикасындағы ұлт аралық сұхбат кеңістігі жоғарыда айтып өткен мәдени-тарихи алғы шарттылықтардан қуат алып, рухани кең пейілді даналыққа қол жеткізіп отыр. Соңғы жылдары Алматы Брюссель қаласы сияқты Азия құрлығындағы мемлекет пен өркениет аралық сұхбатты ұйымдастырушы халықаралық қалаға айналып отыр. Жаһандастыру қарсаңында бүгінгі Қазақстан өркениеттік дамудың өз жолын таңдауы және ол жол ұлттың төл мүддесіне сай келуі тиіс.
Қазақстан халықтарының діни ерекшелігі де маңыздылыққа ие болып отыр. Алматыда өткен Екінші Еуразия медиа-форумының қонақтары мен делегаттары Шығыс пен Батыс арасындағы қарама - қайшылықтардың негізі дінге байланысты деп отыр. Біздің елімізде болса әртүрлі діндердің кішіпейіл бейбітшіл ниеті әлі сақталып келеді. Ең маңыздысы сол ол христиандық православие мен ислам қарым-қатынасының толеранттылығы ерекше сипатта. Жаһандану – қажеттілік, оған қарсы жүргізілген әрекеттің барлығы біздің ойымызша жүзеге аспауы керек.
