- •Саясаттану Дәрістер жинағы
- •1 Дәріс. Саясаттану пәні
- •3 Дәріс. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
- •4 Дәріс. Демократия. Қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен саяси тәжірибе
- •5 Дәріс. Тұлға және саясат
- •6 Дәріс. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
- •7 Дәріс. Саяси партия және партиялық жүйелер. Қазақстандағы көппартиялықтың дамуы
- •8 Дәріс. Қр-ның ұлттық саясаты. Қазақстан – халықаралық байланыс субъектісі
- •Әдебиет тізімі
- •Мазмұны
3 Дәріс. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
3.1 Азаматтық қоғам (А.Қ.) тұжырымдамасының идеясы мен дамуы
3.2 Құқықты мемлекет (Қ.М.) ұғымы
3.3 АҚ мен ҚМ-тің кеңестік дәуірден кейінгі аймақтағы ахуалы
Дәріс мақсаты: Студенттерге осы екі ұғымның не екінін түсінулеріне көмектесу; Тәуелсіз Қазақстанда А.Қ. мен Қ.М-ің қалыптасу проблемаларын айқындау.
Мазмұны: Мемлекеттің пайда болуымен бірге А.Қ. идеяларының мазмұны ашылады, дәлірек айтқанда азаматтардың тіршілігіне олардың материалдық рухани-моральдық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және де мемлекетті басқару ісіне мемлекеттің жанама араласуы. Тарихтағы (Т.Тоббс, Дж Лонк, Г.Гегель т.б.) саяси ойлар мен А.Қ.-ды қазіргі заманғы түсінік пен оның институттары мен аймағы туралы сипаттамаларға ерекше мән беру.
3.1. А.Қ. идеясы өте ерте замандарда пайда болған. Бұл турасында Аристотельдің өзі нәтижелі пікірлерін айтып отырған. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте-мөте шек қойылады. А.Қ-да адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Тұлға құқықтары жоғары деңгейде қорғалады. Олар қоғамдық істерге еркін араласа алады. Қ.М. дамыған А.Қ.-ның нәтижесі мен оның негізгі белгілері ретінде қарастырылады. Азаматтық қоғам идеясы екі сұрақты қамтиды:
1) Халық тіршілігінің маңызы қажеттіліктері – материалдық, рухани-материалдық, жанұялық және қызметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы еркін, мемлекеттің тікелей араласуынсыз шешіледі. Әңгіме мамандық таңдау мен соған байланысты еңбек әрекеті жайлы т.б болады;
2) Азаматтардың ара-қатынасы мен бір-бірімен араласуының еркін түрде мемлекеттің араласуынсыз қалай жүргізуге болады; өздерінің жеке және ұжымдық қажеттіліктерін өтеу үшін – саяси қоғамдар институттар ашу, әртүрлі ерікті серіктестіктерді құру, мысалы, бизнестегі серіктестік (корпорация, акционерлік қоғам), діни сенім бойынша (діни серіктестер), мамандық бойынша (кәсіподақ), қызығушылығы бойынша (спорттық қоғам, әртүрлі танымдық), саяси (партиялар) т.б.
Басқа сөзбен айтқанда, А.Қ. түсінігі деп адамдар арасындағы қарым-қатынас және де жеке немесе ұжымдық тұтынушылардың қажеттіліктерін орындау үшін мемлекеттік қоғамдық ұйымдар мен институттардан тәуелсіз тармақ құру деген сөз.
А.Қ. идеялары мен алғы шарттары антикалық қоғамда пайда болған. Мысалы: Афины Республикасында азаматтардың жеке экономикалық іс-әрекет жасауына, билікке сайлау мен сайлануға құқы болмаған. Азаматтық ерік тек ерікті адамдарда болған, құлдардың құқығы шектеліп отырған. Сонымен қатар, мемлекет (қоғам) азаматтардың жеке өміріне араласқан (Мысалы, көпшіліктің көзқарасынан бөлек көзқараста болғаны үшін Сократты айыптау мен жазасының кесілуін ауызға алуға болады).
Ортағасырлар дәуірінде А.Қ. туралы сөз де болмаған. Діннің үстемдігі және абсалютті монархия болғандықтан барлық адамдар құдайдың құлы немесе жердегі патшалардың иелігінде болды. Жеке адамның мемлекеттегі және қоғамдағы жағдайы оның азаматтық құқымен емес оның қауымдастықтың қай түріне жататындығына байланысты болды.
Мемлекетке бағыну немесе мемлекеттің бекіткен заңдары мен құқықтары негізінде қоғамда CIVIS – азамат түсінігі қайта жаңғырып, CIVILITAS – басқару деген азаматтық ұғым енгізілді. Осылайша өркениет және азаматтық қоғам деген ұғымдар пайда болды. Табиғи күйден азаматтық қоғамға өту мемлекет көмегімен және мемлекет ұғымы арқылы түсіндірілді.
Гегель А.Қ. азаматтардың жеке бас қызығушылықтарын қамтамасыз етеді, ал мемлекет жалпыға бірдей деген ұғымды ұстанған. Гегельдің пайымы бойынша, А.Қ.-ың негізгі принциптері, ол – азаматтың жеке бас бостандығы, жеке меншікке құқықтың болуы, әділ заңдар, қоғамдық пікірдің еркін қалыптасуы. Бірақ А.Қ. деп аталатын бұл жүйе мемлекетке бағынышты болу керек деді. К.Маркс жаңа көзқарас қалыптастырды, оның пікірінше А.Қ. – мемлекетке бағынбайды, қайта одан босап шығады. А.Қ.-ды мемлекет анықтамайды, керісінше қоғам базистік құрылымдары негізінде (өндірістік қатынастарымен) мемлекетті толықтырады және анықтайды. Ол мемлекет келешекте жойылып, А.Қ. шарықтау шегіне жетеді, оның заңмен емес адамгершілікпен (яғни әділеттіктің қарапайым нормаларымен) реттелетінін жазды. Бірақ әрі қарай, пролетариаттың төңкерісі мен диктатурасы арқылы коммунизмге өту теориясы, марксизмдегі еркін А.Қ. идеясы өз мағынасын жоғалтып алды, Маркстің ізін басушылар, жекелеп алғанда, Ленин, Сталин А.Қ. туралы есіне де алмайды.
А.Қ. дегеніміз – экономикалық, әлеуметтік, мәдени, заңға сүйенген, саяси қарым-қатынастармен, мемлекет бақылауынсыз дамыған, адамның жеке басының күші жүзеге асатын қоғам.
А.Қ.-ды құрылымы бойынша екі аймаққа бөлуге болады: жеке және ұжымдық. Жеке аймақ (жеке өмір) – бұл аймақта адам өзінің дербестігін басқа адамдар мен мемлекеттің араласуынсыз жүзеге асыра алады. Мұның мағынасы белгілі ағылшын мәтелінде анық көрінеді: «менің үйім – менің қамалым». Егер адам заң бұзбаса (яғни, қылмыс жасамаса) өзінің жеке өміріне мемлекет пен қоғамды араластырмауға құқылы. А.Қ.-дағы адамның жеке өмірі, жанұядағы қарым-қатынасы, жеке бизнесі, діни өмірі, адамдармен қарым-қатынасы (достық ұйымдар), хат жазысу, сымтетікпен сөйлесу құпиясы сақталады т.б.
А.Қ. институттары – кәсіподақтар, кооперативтер, саяси партиялар, әуесқойлық қоғамдар және басқа өкіметтік емес ұйымдар. Бұл сферада А.Қ. ашық әрі жеткілікті дәрежеде саясаттандырылған. Мысалы, адам өзі таңдаған мемлекеттік қызметте қоғамнан «жасырынып қала» алмайды, оның әрекеті жұрттың көз алдында жүргізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, А.Қ. адамгершілік ара-қатынастар деп аталатын барлық қоғамдық байланыстарды қамтиды. Әдетте А.Қ. арқылы адамдар мәдениет және дәстүр деп аталатын нәрсені ұғынады. А.Қ. институттарында әдет ғұрыптар туындайды, қалыптасады және дамиды, қоғамдық пікір, мораль принциптері, осылардың кейбіреулері мемлекет институттарында заң нормаларына еніп жатады.
Қазақстанда А.Қ.-ның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр. Кеңестік кезеңде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге «жоғарыдағы» мемлекеттің өзі ұйтқы болып отыр. Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай деңгейде көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ. Еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанда әлеуметтік бағдарды нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандылықты және тағы басқа да жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.
Дамыған А.Қ. қалыптасуы үшін қажетті алғышарттар: жеке бас бостандығы, меншік (экономикалық сфера), саяси плюрализм (өзгеше көзқарасқа құқық), құқықтық мемлекет.
3.2. А.Қ. материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең деп саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Құқықтық мемлекет және оның табиғаты туралы мынандай тұжырым жасауға болады:.
а) құқықтың құзырлы болуы немесе құқықпен шектелген мемлекет. Құқық – бостандық, теңдік және әділеттілік өлшем бірлігі. Мемлекеттік заңдар мен әрекеттер, адам құқығына сәйкес келмесе (қарсы болса) – легитимді емес;
б) заңның үстемдігі «заңның күші барлығына да жетуі қажет» (Цицерон). «Азаматтық қоғамда өмір сүріп жатқан әрбір адамға сол қоғам заңдарының барлығы таныс болады» (Дж. Локк );
в) билікті бөлу, осы биліктің механизмі адамдарға түсінікті болады;
г) жеке адамның қызмет бостандығы және принцип бойынша іріктелулері; заңға қайшы келмейтіннің бәріне де рұқсат;
д) мемлекеттің азаматтық қоғам бақылауына көнуі;
е) талас кімдер арасында туындаса да, құқық туралы таласты шешетін тәуелсіз соттың болуы;
ж) азшылықтың көпшілікке бағынуы ғана емес, сонымен қатар азшылықтың құқықтарының кепілдігі.
Заңға сүйенген мемлекет – саяси және құқықты ойларды жеңіп алады. Бірақ көбінесе – А.Қ.-да құрылатын жеке-меншік қатынастары әлеуметтік қорғаудың ешқандай механизмдерін қамтымайды. А.Қ. экономикасының негізі әртүрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамынң әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады. Мұндай мемлекет әлеуметтік құқықты мемлекет болып саналады.
3.3 Қазақстан Республикасы А.Қ. және Қ.М. қалыптастыру сатысында біраз іс-шаралар жүргізіп келеді. Кезінде тоталитарлық және авторитарлық кезеңде өмір сүрген КСРО құрамында Қазақ КСР-да болды. Ол кезде А.Қ.-ның экономикалық алғы шарттары – аралас меншік; саяси алғы шарттар – жеке бас бостандығы, азаматтардың бірігуге құқығы; рухани алғы шарттар – басқаша ойлауға құқығы және де құқықты мемлекет болуға тыйым салынды.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында осы айтылған алғы шарттар жасалынған, оларға Қазақстан Республикасының конституциясында кепілдік беріледі, онда АҚ жолын ұстануы туралы айтылған.
Республикадағы А.Қ. қалыптасуының негізгі белгілері:
а) өздері таңдаған экономикалық қызмет сферасымен өз еркінше айналыса алады;
б) адамдар өз қызығушылықтары бойынша топтаса алады.
Елімізде өкіметтік емес ұйымдар көп, соның ішінде халық шаруашылығы кәсіподақ коммитеттері, әртүрлі діни бірлестіктер, саяси партиялар, басқа да көптеген бірлестіктер – қызығушылық бойынша, тұтыну, құқық қорғаушылық және т.б. бар. Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары дамып келеді. Бірақ біздің еліміздегі А.Қ.-ның толық жетілуіне әлі біраз уақыт керек. Оның дамуы үшін қажетті проблемалар әлі көп:
а) біріншіден, бұл басқа да кез келген істегідей ізденуді қажет етеді, елімізде халық белсенділігі әлі ақсап тұр;
б) екіншіден, мемлекет, А.Қ-ды қолдай отырып тәуелсіз ұжымдардың қызметіне көп араласады (мысалы, саяси партиялардың мүшелерінің санын қадағалау);
в) ең негізгісі, А.Қ-ның мемлекетті қадағалауы жолында кедергілер кездеседі. Негізгі А.Қ-ның өкілетті органы – парламент – өкілеттің қызметіне бақылауды толық мәнде жүргізе алмайды; парламенттің мемлекеттің кадр саясатына және заңдардың өкіметпен орындалуын қадағалауға құзыры жетпейді;
г) Жалпы алғанда, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында ҚМ қалыптасу процесіне қарағанда А.Қ. қалыптасуында үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Басқаша айтқанда мұндай жағдай авторитарлы режімі бар елдер үшін қалыпты жағдай.
