2.3 Тіркелген салық
Тіркелген салық 2009 жылдан бастап салық ретінде қолданысқаенгізілді, ал бұл мерзімге дейін кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі болып аталды.
Тіркелген салықты төлеушілер:
ұтыссыз ойын автоматтарын;
ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;
ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);
картты (картинг)
бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен тұлғалар.
Тіркелген
салықтың салық салу объектілері:
бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер;
ойын жолы;
карт;
бильярд үстелі;
Ұтыссыз ойын автоматы – ойындар өткізу үшін пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық,электрлі,электронды және өзге де техникалық жабдық).
Ойын жолы- боулинг ойынына арналған арнаулы жол (кегельбан).
Карт- қорапсыз,дифференциалсыз және дөңгелектерінде серпінді аспа жоқ, жұмыс көлемі 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейін жететін екітактілі двигательді, көлемі шағын жарыс автомобилі.
Бильярд үстелі-торлары (жақтауларда саңыраулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған үстел.
Тіркелген салықтың ставкалары:
Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері.
Салық ставкасы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізде алына отырып айқындалады.
Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін жергілікті өкілді органдар бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді.
Тіркелген салық салу үшін салық салу кезеңі- күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Тіркелген салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі:
Тіркелген салықты есептеу әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін пайдалануға берілген кезде тіркелген салық белгіленген ставка бойынша,15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде тіркелген салық айдың жартысы үшін деп, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептелінеді.
Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейін екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
Тіркелген салықта аталмаған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізеді және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен айырысу жасайды.
Қорытынды
Қорытындыға келгенде қазіргі кезде экономика тұрақталды. Ең алдымен ол негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақталуымен, ішкі жалпы өнімнің өзімен тұрақтанады. Қорыта айтқанда салық ел экономикасының өсуіне үлкен ықпал келтіреді. Теориялық бөлімде - салықтардың экономикалық мәні мен маңыздылына сипаттама бере отырып онда салық түсінігіне, салық түрлеріне және салықтың атқаратын қызметіне, салықтың элементтеріне сипаттама бердім. Ал аналитикалық бөлімінде – ҚР салық салу жүйесіне сипаттама бере отырып ҚР-ң салық қызметінің құрылымына, оның ерекшеліктеріне және оның қажеттіліктеріне, «ҚР салық жүйесі туралы» заңдардың қабылдануына және ондағы әртүрлі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталдым. Салық кодексі ол экономикалық қана емес, мәні бар ірі құжат болып саналады. Кодекс қабылданғаннан кейін Үкімет оны жүзеге асырудың арнайы құжаттарын дайындап үлкен жұмыстар атқарып жатыр.
Ойын бизнес саласындағы қызмет түрлері лицензияны қажет етеін қызмет түрлері болып табылады. Сондықтан бұл салада қызметін жүзеге асырудан бастамас бұрын кәсіпкер лицензия алуға тиісті. Лицензия алғаннан кейін кәсіпкер салық салу нысандарынң орналасу жері бойынша салық органына қызметтің жеке түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұруы қажет. Бұл үшін салық органына белгіленген нысандағы салықтың өтінішті қызметтің жеке түрлерін жүзеге асыра бастағанға дейінгі 3 жұмыс күнінен кеш емес мерзімде тапсыру қажет. Салық органына салықтық өтініш берілгеннен кейін 3 жұмыс күнінің ішінде тіркеу карточкасын беріп, салық төлеушіні тіркеу есебіне қояды.
Ойын мекемелері аймағында салық органдарында тіркелмеген салық салу нысандарының болуы мен оларды пайдалануға тиым салынады. Сондықтан нысандар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда салықтық өтініш берілуі тиіс.
Ойын бизнес салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірілмей, яғни 25 мамыр, 25 тамыз, 25 қараша, 25 ақпаннан кешіктірілмей салық салу нысандарының тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
Өткен жылы қабылданған «Ойын-сауық бизнесi туралы» заң өзiнiң қауқарсыздығын көрсеттi. Үйлердiң бұрыш-бұрышынан жасырын түрде ойын автоматтарын заңсыз ашып алғандар жетiп жатыр. Оның үстiне, ойынқұмарлық – тек казино мен ойын автоматтарынан туады деп кiм айтты? Компьютер ойындары, лоторея билеттерi, интернетке тәуелдiлiк – бұл да ойынқұмарлықтың бiр түрi. Айта кететiнi, қазiр елiмiзде ойынқұмарлық дертiне ересектермен қатар, жасөспiрiмдер мен балалар да көптеп шалдығатын болыпты.
Ойынқұмарлықтың медицина мен психологиядағы ресми атауы – лудомания («лудос» латын тiлiнде – «ойын» дегендi бiлдiредi). Лудоманиямен ауыратындар жеңiл-желпi жолмен ақша тапқысы келетiн адамдар десеңiз, қатты қателесесiз. Мұндай ойынға құмартатындардың iшiнде күйбең тiрлiктен бой жазып, бiр сәт тыныққысы келетiндер де, жалғыздық пен басындағы проблемасын ұмытқысы келетiн ерекше әсер iздегiштер де бар. Лудоманияға шалдығу үшiн бiрер аптаның өзi жетiп жатыр. Алғашқыда жеңiске жетiп, азғантай ақшаға құнығып алған ойыншы жетiстiкке үнемi жете беремiн деп ойлайды. Сөйтiп, қалтасындағы соңғы тиынынан қағылғанша мол қаржыға кенелетiндей күй кешедi.
Ал әр жеңiлiс олардың бойындағы құмарлық отын одан сайын қоздыра түседi. Осылайша, бiрнеше ай бойы тiрнектеп тапқан ақшасынан не өмiр бойы жинаған дүние-мүлкiнен бiр сағатта ұтылып, тақыр кедей болып шыға келедi. Бұл дерттен дер кезiнде емделмегендер өмiрдегi мақсаты мен тұлғалық қасиетiн бiржолата жоғалтып, психикалық ауруға душар болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет
2 Ғабжалелов Хайролла. Теңге. Алматы,2003. 212 б.
3 Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы «Экономика», 2005. 64-69 б.
4 Байназаров Ғ. Теңге маған тарихи жауапкершілікті тарту етті.// Егемен Қазақстан. 14 қараша 2003. 2-3 б
5 Мәжитов Д.М. Басты мақсат – тұрақтылықты ұстау. // Жетісу. 13 қараша 2001. 3 б.
6 Тобаяқов Б. Тәуелсіздік рәмізі немесе теңгеден деңгеге дейін. // Егемен Қазақста. 14 қараша. 2004. 3-4 б.
7 Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжумаев Е., Досқалиев С. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы «Санат», 1998. 479 б.
8 ҚР Президентінің ұлттық валютаның 10 жылдығына байланысты сұхбаты. Теңге-ел тұрақтылығымен тәуелсіздігінің белгісі. // Егемен Қазақстан. 18 қараша 2003. 1-2 б.
9 Донских А. Теңгенің жаңа дизайны: сіз не туралы сұрап үлгермедіңіз? // Егемен Қазақстан 30 қыркүйек 2006. 7 б.
10 ҚР-сы Ұлттық Банкінің ресми хабары. «Көшпенділер алтыны» монеталар сериясынан күміс монетаны айналысқа шығару турасы. // Егемен Қазақстан. 15 қараша 2005 жыл. 2 б.
11 Дробозино Л. А. Финансы. Денежное обращение.Кредит. – Москва: Финансы, ЮНИТИ, 1997.
12 Жукова Е. Ф. Общая теория денег и кредита. – Москва: Банки и биржи, 1995.
13 Байгісиев. М.Ә. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы. 1998.
14 Жүнісов. Б ,, Нарықтың экономикалық негіздері,, Алматы 1994.
15 Нұрпейісов. Ж ,, Экономикалық теория негіздері,, Алматы 1996.
16 Соколова О.В. Финансы, деньги, кредит. – М:, «Юрист».2001.
17 Борисов Е.В. Экономическая теория. Учебник. - М.: Юристъ. 1997.
18 Долан Эдвин Дж. и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика.-М.,1999.
19 Кэмпбелл Д.К., Розмари Дж.Кемпбелл. Эдвин Дж.Долан. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. - Москва-Ленинград, 1995.
20 Макконелл К.Р., Брю С. Экономикс: принципы, проблемы и политика. - М..1993.
