1.2 Ойын бизнес салығының салық салу нысандары
Төлеушілер:
- казино;
- ойын автоматтары залы;
- тотализатор;
- букмекерлік кеңсе қызмет көрсетулер жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.
Салық ставкалары:
Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық ставкасы:
- ойын үстеліне – айына айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін;
- ойын автоматына - айына айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін;
- тотализатор кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;
- тотализатордың электронды кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;
- букмекер кеңсесінің кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін;
- букмекер кеңсесінің электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін құрайды.
Салық кезеңі:
Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі:
Салық салу объектілері айдың 15-iн қоса алғанға дейiн пайдалануға берілген кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.
Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
Ойын бизнесi салығын төлеушiлер үшiн салық кезеңi iшiндегi табыстың шектi мөлшерi:
- казино қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 135000 еселенген мөлшерiн;
- ойын автоматтары залы қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 25 000 еселенген мөлшерiн;
- тотализатор қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiн;
- букмекер кеңсесi қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2000 еселенген мөлшерiн құрайды.
Қосымша төлем табыстың шекті мөлшерінен асып түсетін сомаға ставканы қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленуге жатады.
Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.
Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебi бойынша салық органына табыс етіледі.
2 Қазақстан республикасының ойын бизнес туралы заңы
2.1 Ойын бизнесі туралы заң
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Ойын бизнесі туралы
(2015.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұйымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
4-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметтің негізгі
5-бап. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік реттеу
6-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлері
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
8-бап. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті
9-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау
10-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу
11-бап. Ойын мекемелерінің орналасуы
12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар
13-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптары
14-бап. Міндетті резервтер және банк кепілдігі
15-бап. Ойын мекемелеріне келудің тәртібі мен ерекшеліктері
16-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
17-бап. Өтпелі және қорытынды ережелер
2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен мәтінде «ойын мекемесін ұйымдастырушы», «ойын мекемесін ұйымдастырушыға», «ойын мекемесін ұйымдастырушының», «ойын мекемелерін ұйымдастырушылардың» деген сөздер тиісінше «ойын бизнесін ұйымдастырушы», «ойын бизнесін ұйымдастырушыға», «ойын бизнесін ұйымдастырушының», «ойын бизнесін ұйымдастырушылардың» деген сөздермен ауыстырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен бүкіл мәтіні бойынша «ставка», «ставкалар», «ставкаларды», «ставкалардың», «ставкаларын» деген сөздер тиісінше «мөлшерлеме», «мөлшерлемелер», «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемелердің», «мөлшерлемелерін» деген сөздермен ауыстырылды
Осы Заң ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.04 N 157-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.04.2015 № 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң: ойын бизнесін ұйымдастырушылардың құқықтық жағдайы мен қызметінің ерекшеліктеріне байланысты; ойын бизнесін ұйымдастырушы мен уәкілетті органның арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейдi. Осы Заңның күші лотереяларды ұйымдастыруға және өткізуге, сондай-ақ ойын автоматтарын пайдалана отырып, ұтыссыз қызметтер көрсетуге, спорттық іс-шараларды, оның ішінде боулинг (кегельбан), картинг, бильярд өткізуге байланысты қызметке қолданылмайды. Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР2009.05.04 N 157-IV Заңымен.
4-бапта: Ойын бизнесіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды және де ойын бизнесін ұйымдастырушылардың өз қызметін жүзеге асыру заңдылығын қамтамасыз ету болып табылады.
5-бап. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік реттеу
1. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-бапта Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметтің түрлері туралы,оларға: 1) казино; 2) ойын автоматтары залы; 3) букмекер кеңсесі; 4) тотализатор.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.04 N 157-IV ; 24.04.2015 № 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді, сондай-ақ өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.7-бапта жаңа редакцияда - ҚР заңға сәйкес өзгерістер енгізілді, 2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі;
8-бапта Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті туралы жазылған. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.04.2015 № 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау
1. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Ойын бизнесі саласындағы қызмет өтінім берушіге әрбір ойын мекемесіне он жыл мерзімге берілетін лицензиялардың негізінде жүзеге асырылады. 3. Лицензиялық алымның мөлшері, оны есептеу мен төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады. 4. Лицензиялар туралы деректер лицензиардың электрондық тізіліміне енгізіледі. Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
10-бап. Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес
жүзеге асырылады.
11-бап. Ойын мекемелерінің орналасуы
Казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады.Осы баптың 1-тармағында аталған аумақтарды қоспағанда, казино мен ойын автоматтары залдарын Қазақстан Республикасының аумағында орналастыруға тыйым салынады. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.04.2015 № 310-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар
Бір казинода кемінде отыз ойын үстелі орнатылуға тиіс. Ойын автоматтары залында кемінде алпыс ойын автоматы орнатылуға тиіс. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы тоқсан бес пайыздан төмен болмауға тиіс. Кассада немесе ойын бизнесін ұйымдастырушының шоттарында құмар ойынға ,қатысушыға ұтысты төлеу үшін ақша жетіспеген жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушы осы Заңның 14-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, жетпеген сомаға міндетті резервтерді пайдалануы тиіс. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.04.2015 № 310-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
14-бап. Міндетті резервтер
Міндетті резервтерді ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияларды алуға үміткер өтінім берушілер әрбір қызмет түрі үшін әрбір ойын мекемесіне осы Заңда белгіленген мөлшерде қалыптастырады және банктің клиентпен жасасқан шарты негізінде және алғаш талап ету бойынша (талап етуге дейінгі салым) салымды беру шарттарында Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде салым шарттарында орналастырылады. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.04.2015№ 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-бап. Ойын мекемелеріне келудің тәртібі мен ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының жиырма бір жасқа дейінгі азаматтарының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салынады. 2. Ойын мекемесі жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың олармен танысуы үшін ойын мекемелеріндегі көрінетін жерге орнатылуға тиіс. Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.04.2015 № 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
16-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
17-бап. Өтпелі және қорытынды ережелер
1. Осы Заң 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі. 2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап ойын бизнесі саласындағы қызметпен шұғылдану құқығына 2007 жылғы 1 сәуірге дейін берілген лицензиялардың күші тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының Президенті
