МАЗМҰНЫ
Кіріспе....................................................................................................................3
1 ОЙЫН БИЗНЕСІ ТҮРЛЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ...............................................
1.1 Ойын бизнесі салығының мәні......................................................................4
1.2 Ойын бизнес салығының салық салу нысандары........................................5
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОЙЫН БИЗНЕС ТУРАЛЫ ЗАҢЫ..
2.1 Ойын бизнес туралы заң................................................................................6
2.2 Жалпы ойын бизнесінің қоғам өміріне әкелетін зардаптары...................10
2.3 Тіркелген салық............................................................................................15
Қорытынды .........................................................................................................18
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................20
Кіріспе
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдықтарды жүзеге асыру керек:
Ұлттық қауіпсіздік;
Ішкі саяси тұратылық және қоғамның үйлесімі;
Шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу;
Республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
Энергетикалық ресурстар;
Инфрақұрылым;
Көлік пен байланыс;
Кәсіби мемлекет.
Осынау басымдықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді, ал ол өз кезегіндегі барлық қаржылық жүйені одан әрі реформалауды көздейді.
Қазақстандық бюджет республиканың стратегиялық басымдықтарын жүзеге асырудың негізгі құралы болып келеді, өйткені ол елдің ең маңызды қаржы ағымдарының қозғалысын реттейді. Келешек көкжиектегі салықтық-бюджеттік аяны реформалаудың негізгі бағыттарына салықтық әкімгерлеуді жақсарту және бюджеттік бағдарламау тәсілдерін өндіру кіреді.
Үкімет 2003 жылға дейін салық реформасын жалғастыру және салықтық әкімгерудің тиімділігін арттыру есебінен салық түсімдерін ішкі жалпы өнім көлеміне шаққанда 14-15 пайызға өсіруді көзеп отыр:
Салық органдарын міндеттілік дәйектері бойынша жаңарту;
Салық төлеушілерді есепке алудың біртұтас ұлттық жүйесін құру;
Салық қызметтерін компьютерлеу;
Салық мағлұмдамаларының ықшамдалған нысандарын жақсарту және өндіру, Әділет министрлігі, кеден және Салық комитеттері арасындағы ақпаратты тиімділікпен, ретімен ұйымдастыру, кенді пайдалану мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі келісім-шарттарда салықтық сараптау жүйесін енгізу, оларды орындау мониторингі, шаруашылық субъектілеріне кешенді салықтық тексерулер жүргізу жөнінде нұсқаунамаларды жасақтау.
Бұл жерде ойын-бизнес салығы жайлы айта кету жөн.Қазақстан Республикасының «Ойын бизнес» туралы заңына сәйкес,ойын бизнес саласына жататын қызмет түрлеріне казино,ойын автоматтары залы,тотализатор,букмекерлік кеңсе жатады.Аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады. Салықтың бұл түрін төлей отырып, олар корпоротивті табыс салығын,егер олар заңды тұлға болса,жеке табыс салығын,егер олар жеке кәсіпкер болса, сонымен қатар осы қызметі бойынша қосымша құн салығын төлеуші болып табылмайды.
1 Ойын бизнесі түрлеріне салық салу
1.1 Ойын бизнесі салығының мәні
Құмар ойын бизнесі сферасындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құмар ойын бизнесі салығы 2007 жылғы каңтардын 12-сінде енгізілген. Казино, ойын автоматтарының залы, тотализатор, букмекерлік кеңсе қыметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады. Құмар ойын бизнесі сферасындағы қызметті жүзеге асыру кезінде ойын ycтелi, ойын автоматы, тотализатор кассасы, тотализатордың электрондық кассасы, букмекер кеңсесінің кассасы, букмекер кеңсесінің электрондық кассасы құмар ойын бизнесіне салық салу объектілері болып есептеледі. Салық салу объектінің бірлігінен құмар ойын бизнесіне салық мөлшерлемесі айына айлық есептік көрсеткіштің 30-дан 830 еселенген мөлшерін құрайды. Салық мөлшерлемесі Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған АЕК мөлшері негізге алына отырып айқындалады. Құмар ойын бизнесі үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады. Құмар ойын бизнесі салығын есептеу әрбір салық салу объектіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі. Салық салу объектілері айдың 15-ін коса алғанға дейін пайдалануға берілген кезде, құмар ойын бизнесі салығы белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменін S мөлшеріне есептеледі, ал олар айдың 15-іне дейін шығып калған кезде, құмар ойын бизнесі салығы белгіленген мөлшерлеменің S мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.
Құмар ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады. Құмар ойын бизнесі салығын төлеугиілердің қосымша төлемі белгіленген. Қосымша төлем құмар ойын бизнесі сферасындағы қызметтен алынған табыстың сомасы белгіленген табыстың шекті сомасынан асып түскен жағдайда есептеледі.
Қосымша төлем табыстың шекті мөлшерінен асып түсетін сомаға белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленуге жатады. Құмар ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салық кезеңі ішіндегі табыстың шекті мөлшері объектбірлігінен айлықесептік көрсеткіштің 2000-нан 135000 еселенген мөлшерін құрайды. Құмар ойын бизнесі салығын төлеуші құмар ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем осы саладағы әрбір қызмет түрінен алған табыстан бөлек есептеледі.Құмар ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде құмар ойын бизнесі салық төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті. Салық төлеушілер құмар ойын бизнесі салығы бойынша мағлұмдаманы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
