Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемл бюджет кит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.81 Кб
Скачать

4. Жергілікті бюджеттер ұғымы

Елдің мемлекеттік құрылысында аумақтық құрылымдардың болуы оларда тіршілік ету қызметін қамтамасыз ету үшін оларға белгілі бір өкілеттіктер мен қаржы ресурстарының көлемін беру қажеттілігін негіздейді. Осыған байланысты қаржылық жүйенің құрылымында жергілікті бюджеттер ерекше буын ретінде бөлінеді.

Жергiлiктi бюджеттер (облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi) - Бюджеттік кодекспен айқындалған түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша – шамамен 48%-ын алады.

Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың олардың өз бетімен жұмыс істеуінің үш деңгейі бойынша өз ерекшеліктері бар: облыстық бюджет деңгейінде, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджеті деңгейінде және аудан бюджеті деңгейінде. Жергілікті бюджеттердің кірістері республикалық бюджеттің кірістері сияқты салықтық және салықтық емес түсімдерден қалыптастырылады.

 

5. Бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысандары

 Бюджет процесiнде республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.

      Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негiзделедi:       1) облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң республикалық бюджетпен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң, жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастардағы теңдiгi;       2) аражiгiн ажыратудың мынадай өлшемдерiнiң бiр мезгiлде сақталуын ескеретiн түсiмдердi тиiмдi бөлу;

   3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң бюджеттiк қамтамасыз етiлу деңгейлерiн теңестiру;       4) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң бiрдей деңгейiн ұсынуын қамтамасыз ету;       5) мемлекеттiк қызметтер көрсетудi ұсынудың тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгi - мемлекеттiк қызметтер көрсетудi неғұрлым тиiмдi әрi нәтижелi қамтамасыз ете алатын мемлекеттiк басқару деңгейiне мемлекеттiк қызметтер көрсетудi бекiту;       6) мемлекеттiк қызметтер көрсетудi ұсыну деңгейiн оны алушыларға барынша жақындату - алушылардың қажеттерiн барынша дәл есепке алу және мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын арттыру мақсатында қызметтер көрсетудiң атқарылуын бюджет жүйесiнiң мүмкiндiгiнше төмен деңгейiне беру.

Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары:

      1) республикалық және облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң арасында:

  • трансферттермен;

  • бюджеттiк кредиттермен;

      2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:

  • трансферттермен;

  • бюджеттiк кредиттермен;

  • кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттеледi.

Бюджет деңгейлерi арасындағы трансферттер бөлiнедi:

1) жалпы сипаттағы трансферттерге:

- бюджет субвенциялары

- бюджеттiк алып қою

2) ағымдағы нысаналы трансферттерге,

3) дамудың нысаналы трансферттерiне.

Бюджет субвенциялары - республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекiтiлген сома шегiнде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берiлетiн трансферттер болып табылады.

Бюджеттiк алып қою - республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекiтiлген сома шегiнде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге берiлетiн трансферттер болып табылады.

Нысаналы трансферттер - ағымдағы жекелеген бюджеттiк бағдарламаларды немесе бюджеттiк даму бағдарламаларын iске асыру үшiн республикалық немесе облыстық бюджетте бекiтiлген сомалар шегiнде жоғары тұрған бюджеттердiң төмен тұрған бюджеттерге берiлетiн трансферттерi.

Дамуға арналған нысаналы трансферттер - жергiлiктi атқарушы органдар ұсынатын жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру; Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын iске асыруға арналған iс-шараларды төмен тұрған мемлекеттiк органдардың орындауы үшiн жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берiлетiн трансферттер болып табылады.

2010 жылы республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлар облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке Атырау, Маңғыстау облысы, Алматы, Астана қаласы бюджеттерінен қарастырылған, ал қалған облыстар бюджеттері республикалық бюджеттен субвенция алады.