- •Тақырып 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және мағынасы.
- •1 Мемлекеттік бюджет ұғымы, оның функциялары
- •2.Бюджет құрылымы
- •3.Түсімдер мен шығыстар құрамы
- •Тақырып 2. Бюджет жүйесі.
- •1. Бюджет жүйесі ұғымы, құрылу принциптері
- •2. Қр бюджет жүйесінің құрылымы. Шоғырландырылған бюджет ұғымы.
- •3. Республикалық бюджеттің мазмұны
- •5. Бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысандары
- •4. Жергілікті бюджеттер ұғымы
- •Тақырып 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ұғымы, қажеттілігі
- •2. Қр Ұлттық қорының құрылу көздері мен пайдалану бағыттары
- •Тақырып 4. Бюджеттік сыныптама
- •1.Бюджеттік сыныптама ұғымы, оның құрамы
- •2 Бюджет түсімдерінің жіктелуі
- •3 Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
- •4 Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
- •Тақырып 5. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны
- •1.Бюджет кірістері ұғымы, олардың құрамы
- •2. Бюджет кірістерін бюджет деңгейлері арасында тарату
- •Тақырып 6 Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі.
- •1. Бюджет шығындарының ұғымы, нысандары
- •2. Бюджет шығыстарын бюджет деңгейлері арасында тарату
- •3.Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу тәртібі
- •4. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру
- •Тақырып 7. Білім беруге арналған бюджет шығыстары.
- •1. Мектепке дейінгі мекемелердің шығындарын жоспарлау
- •2. Жалпы орта білім беруді қаржыландыру.
- •3.Жоғары білім беруді қаржыландыру ерекшеліктері
- •Тақырып 8. Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары
- •1 Денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын жоспарлау көрсеткіштері
- •2. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын қаржыландыру тәртібі
- •Тақырып 9. Бюджеттің әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған шығындары
- •1. Әлеуметтік қамтамасыз етудің экономикалық мазмұны
- •2. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
- •3. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
- •4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
- •5. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау
- •6. Зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі.
- •Тақырып 10. Бюджеттік процесті ұйымдастыру
- •1. Бюджетті жоспарлау принциптері.
- •2. Республикалық бюджетті құру, қарау, бекіту тәртібі
- •3. Жергілікті бюджеттерді құру, қарау, бекіту тәртібі
- •Тақырып 11. Қазынашылықтың бюджетті атқарудағы рөлі
- •1. Қазынашылықтың функциялары, оның құрылымы.
- •2. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық рәсімдер.
- •3.Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы.
- •4. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы.
- •5. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері, түрлері, принциптері.
1. Бюджет жүйесі ұғымы, құрылу принциптері
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі - республикалық және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі келесі принциптерге негiзделедi:
1) бiрыңғайлық принципi - бюджет жүйесiн ұйымдастырудың және оның жұмыс iстеуiнiң бiрыңғай принциптерiн қолдану, Қазақстан Республикасында бiрыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесiнiң бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалану;
2) толымдылық принципi - бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстардың көрсетiлуi, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берiлуi сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;
3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттiк параметрлердiң, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекiтiлген (түзетiлген) параметрлерiне, бағыттарына сәйкес келуi;
4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшiн бюджет процесiнiң мiндеттi ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi, стратегиялық жоспарлар мен олардың iске асырылуы туралы есептердi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; 5) дәйектiлiк принципi - мемлекеттiк органдардың бюджеттiк қатынастар саласында бұрын қабылданған шешiмдердi сақтауы; 6) нәтижелiлiк принципi - мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзуге бағдарланған бюджеттердi әзiрлеу және атқару; 7) бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты бөлiнуiн белгiлеу және олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, Кодекске сәйкес мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi және жергiлiктi бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмеуi, төменгi бюджеттерге оларды тиiстi өтеусiз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмеуi; 8) сабақтастық принципi (преемственности) - өткен кезеңде бекiтiлген әлеуметтiк-экономикалық даму және бюджеттiк параметрлер, базалық шығыстар болжамдарына, бюджеттiк мониторинг қорытындыларына, нәтижелердi бағалауға негiзделген республикалық және жергiлiктi бюджеттердi жоспарлау; 9) негiздiлiк принципi (обоснованности)- бюджет жобасына қандай да болсын түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу қажеттiгiн және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер және басқа да құжаттар негiзiнде бюджеттi жоспарлау; 10) уақтылылық принципi - республикалық және жергiлiктi бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсiмдердi есептеу және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiндегi Үкiмет шотына аудару, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiптi сақтай отырып, мерзiмiнде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару; 11) кассаның бiрыңғайлық принципi - бюджетке барлық түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бiрыңғай қазынашылық шоттан барлық шығыстарды жүзеге асыру; 12) тиiмдiлiк принципi - бюджет қаражатының бекiтiлген көлемiн пайдаланып, ең үздiк тiкелей нәтижеге қол жеткiзу қажеттiлiгiн негiзге ала отырып, бюджеттердi әзiрлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемiн пайдаланып, тiкелей нәтижеге қол жеткiзу; 13) жауапкершiлiк принципi - тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзуге және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен мемлекеттiк мекемелер басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiн шешiмдер қабылдағаны үшiн жауапкершiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған қажеттi әкiмшiлiк және басқару шешiмдерiнiң қабылдануы; 14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципi - бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге бағыттауы және пайдалануы.
