Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемл бюджет кит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.81 Кб
Скачать

5. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері, түрлері, принциптері.

 

 Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) - мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептілік жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасыньң заңдарына сәйкестігін тексеру.

      Бюджет қаражатын нысанасыз пайдалану - бюджеттік қаражаттарды бюджеттік бағдарламаның паспортында және бюджеттік бағдарламаны іске асыру жүзеге асырылатын нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген іс-шараларға пайдалану;

        Негізсіз пайдалану - бюджеттік каражатты, гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны, мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдалану;

      Бюджет қаражатын тиімді пайдаланбау - республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде тиімділік пен нәтижелілік принципін сақтамау болып табылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай үлгілерге бөлінеді:

1) сәйкестікке бақылау жасау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі қызметіңің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін бағалау;

2) қаржылық есептілікті бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің қаржылық есептілікті жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау;

3) тиімділікті бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді)  өткізуінен  түскен  ақшаны үнемділікпен, нәтижелілікпен және өнімділікпен пайдалануын тексеру мен бағалау.

Мемлекеттік қаржылық бақылау  түрлері:

1.  кешенді бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;

2. тақырыптық бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және бағалау;

3. үстеме бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне қатысты ақпарат алу қажеттігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірімен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды білдіреді. Үстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша және тексеріліп отырған мәселе шеңберінде жүргізілелі.

Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режимін қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтык, кұзыреттілік, жариялылық принциптері міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.

Тәуелсіздік принципі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының, ішкі бақылау қызметтерінің және олардың қызметкерлері мен мүшелерінің тәуелсіздігіне, бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде олардың жүргізіп жатқан бақылау іс-шарасынын тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген араласушылыққа жол бермеу.

Бақылаудың объективтілік принципі - бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына катаң сәйкестілікпен жүргізу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, бақылау нәтижелері бойынша анықталған және құжаттармен расталған фактілер негізінде ғана шешімдер қабылдау.

Бақылау нәтижелерінің анықтық принципі - бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен және мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің өзге де құжаттарымен растау.

Бақылаудың ашықтық принципі - бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мәслихаттарға есеп беретіндігі.

Құзыреттілік принципі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, ішкі бақылау кызметтері қызметкерлерінің, мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерінің бақылауды сапалы жүзеге асыруы үшін кажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы.

Жариялылық принципі - құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, бақылау нәтижелерін жариялау.

       Бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын актілер бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер кабылданады:

1.қорытынды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері негізінде жасайтын құжаты;

2.Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы - Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінің отырысында алқалы негізде қабылданатын және оның бақылау нәтижелері бойынша барлық актілерінің қолданылуын растайтын құжат. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережемен және оның регламентімен айқындалады;

3.мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы - белгіленген тәртіппен қабылданған және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық атқарушы органдар мен тиісті жергілікті бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын немесе жергілікті бюджеттер қаражаттарын игерудің барлық сатысында қаржылық қызмет көрсететін ұйымдар орындауға міндетті құжат;

4.ұсыным - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша жіберетін құжаты;

5.нұсқама - ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы өз құзыреті шегінде қабылдаған және бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына міндетті түрде орындау үшін жіберілген, белгіленген нысандағы құжат;

6.бақылау актісі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау қызметтері бақылау нәтижелері бойынша жасаған құжат;

7.бақылау жүргізу туралы есеп - белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі бақылау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы құжат.