- •Тақырып 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және мағынасы.
- •1 Мемлекеттік бюджет ұғымы, оның функциялары
- •2.Бюджет құрылымы
- •3.Түсімдер мен шығыстар құрамы
- •Тақырып 2. Бюджет жүйесі.
- •1. Бюджет жүйесі ұғымы, құрылу принциптері
- •2. Қр бюджет жүйесінің құрылымы. Шоғырландырылған бюджет ұғымы.
- •3. Республикалық бюджеттің мазмұны
- •4. Жергілікті бюджеттер ұғымы
- •5. Бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысандары
- •Тақырып 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ұғымы, қажеттілігі
- •2. Қр Ұлттық қорының құрылу көздері мен пайдалану бағыттары
- •Тақырып 4. Бюджеттік сыныптама
- •1.Бюджеттік сыныптама ұғымы, оның құрамы
- •2 Бюджет түсімдерінің жіктелуі
- •3 Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
- •4 Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
- •Тақырып 5. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны
- •1.Бюджет кірістері ұғымы, олардың құрамы
- •2. Бюджет кірістерін бюджет деңгейлері арасында тарату
- •Тақырып 6 Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі.
- •1. Бюджет шығындарының ұғымы, нысандары
- •2. Бюджет шығыстарын бюджет деңгейлері арасында тарату
- •3.Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу тәртібі
- •4. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру
- •Тақырып 7. Білім беруге арналған бюджет шығыстары.
- •1. Мектепке дейінгі мекемелердің шығындарын жоспарлау
- •2. Жалпы орта білім беруді қаржыландыру.
- •3.Жоғары білім беруді қаржыландыру ерекшеліктері
- •Тақырып 8. Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары
- •1 Денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын жоспарлау көрсеткіштері
- •2. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын қаржыландыру тәртібі
- •Тақырып 9. Бюджеттің әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған шығындары
- •1. Әлеуметтік қамтамасыз етудің экономикалық мазмұны
- •2. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
- •3. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
- •4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
- •5. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау
- •6. Зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі.
- •Тақырып 10. Бюджеттік процесті ұйымдастыру
- •1. Бюджетті жоспарлау принциптері.
- •2. Республикалық бюджетті құру, қарау, бекіту тәртібі
- •3. Жергілікті бюджеттерді құру, қарау, бекіту тәртібі
- •Тақырып 11. Қазынашылықтың бюджетті атқарудағы рөлі
- •1. Қазынашылықтың функциялары, оның құрылымы.
- •2. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық рәсімдер.
- •3.Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы.
- •4. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы.
- •5. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері, түрлері, принциптері.
3.Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы.
Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы төмен болмайтындай мөлшерде толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу болып табылады.
Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы келесі кезеңдердер тұрады:
1. түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа төлеу және есепке алу;
2. түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бөлу;
3. ҚР заң актілеріне сәйкес бюджеттен түсімдер сомасын қайтару не оларды салық берешегін өтеу есебіне есепке алу.
Бюджетке түсетін түсімдер ақшалай нысанда жүзеге асырылады және бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес толық көлемде бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алынады.
Бірыңғай қазынашылық шот - аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылатын шот. Бірыңғай қазынашылык шот қолма-қол ақшалы бақылау шоттарындағы қаражат қалдықтарын, мемлекеттік мекемелер шоттарын және басқа да шоттарды қамтиды. Қолма-қол ақшаны бақылау шоты бюджеттің тиісті деңгейінен түскен түсімдер мен төленген төлемдер бойынша операцияларды есепке алуға арналған.
4. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы.
Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджетте бекітілген сомалар шегінде толық және уақтылы орындауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруы болып табылады.
Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы келесі кезеңдердер тұрады:
1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын жасау және бекіту;
2) түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекіту;
3) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауына рұқсаттар беру;
4) мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу;
5) төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру;
6) бюджеттік қаражаттарды игеру.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары - мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауының және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша оларды атқару үшін төлемдер төлеуді жүзеге асыруының ай сайынғы кестесін айқындайтын құжаттар.
Бюджеттік бағдарламаны (ішкі бағдарламаны) қаржыландыру жоспарлары түсімдер мен қаржыландырудың тиісті жиынтық жоспарларын қалыптастыру үшін пайдаланылады. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағларламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асырудың ай сайынғы кестесіне бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің келісімі бойынша түсімдердің болжамды көлемдерін ескере отырып өзгерістер енгізуге құқылы. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарларын түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік мекемелерді қаржы - ландырудың жеке жоспарларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарлары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етіледі.
Түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары - бюджет түсімдерінің бюджет сыныптамасы бойынша бюджетке түсетін түсімдердің және бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) төлемдер бойынша қаржыландырудың ай сайынғы теңдестірілген жоспарын айқындайтын құжат. Түсімдер және бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша жылдық сомалар түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бастапқы бекітілуі кезінде жылдық қаржыландыру жоспарына сәйкес келуге тиіс.
Міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының негізінде міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары жасалады.
Рұқсат - бюджет қаражатының көлемін айқындайтын құжат, мемлекеттік мекемелер солардың шегінде міндеттемелер қабылдайды. Рұқсаттарды:
1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар;
2) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі береді.
Рұксаттар ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін күшінде болады. Рұқсаттар беру нысаны мен тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
Бюджет қаражаттарын игеру - бюджет қаражаттарын, оларды алушылардың бюджеттік бағдарлама паспортында, мемлекеттік мекемелер жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерде және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру соларға сәйкес жүзеге асырылатын нормативтік құқықтық актілерде көзделген мақсаттарға пайдалануы. Мемлекеттік мекеменің өткен жылдардағы дебиторлық берешегінің сомасы тиісті бюджеттің кірісіне қайтарылуға тиіс. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады. Бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің атқарылуын қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Бюджеттің атқарылу принциптері:
1. Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану принципі - бюджеттік бағдарламалардың паспорттарымен, мемлекеттік мекемелердің азаматтық-қүқықтық мәмілелерімен, нормативтік құқыктық актілермен айқындалып, бюджеттік бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын іс-шараларға бюджет қаражатын пайдалану.
2. Уақтылылық принципі - бюджет түсімдерін есепке алу және бюджет каражатын белгіленген мерзімдерде пайдалану.
3. Бюджеттің бірқалыпты атқарылу прннципі - қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемінің жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы ішінде бірқалыпты бөлу.
4. Кассаның бірынғайлык принципі - түсімдердің барлығын бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алу және көзделген шығыстардың барлығын бірыңгай қазынашылық шоттан ұлттык валютамен жүзеге асыру. Бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері кассаның бірыңғайлығы принципі негізінде атқарылады.
Бірыңғай қазынашылық шот - аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебіп жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылатын шот. Бірыңғай қазынашылык шот қолма-кол ақшалы бақылау шоттарындағы қаражат қалдықтарын, мемлекеттік мекемелер шоттарын және басқа да шоттарды қамтиды. Қолма-қол ақшаны бақылау шоты бюджеттің тиісті деңгейінен түскен түсімдер мен төленген төлемдер бойынша операцияларды есепке алуға арналған.
Бюджетті нақтылау - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу аркылы бюджеттің керсеткіштерін өзгерту.
Бюджетті нақтылау:
1) бюджет түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заң актілері қабылданған немесе өзгертілген;
2) бюджетті атқару барысында бюджет түсімдері олардың бекітілген жылдық көлемінен 10 % астам сомаға төмендеген жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі.
Секвестр - бюджет қаражаттарын жұмсауға белгілі бір шектерде тыйым салуды көздейтін арнайы тетік, ол бюджетті атқару кезінде бекітілген бюджетке түсетін түсімдер қыскартылған, соның нәтижесінде бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайда енгізіледі (мысалы, мемлекеттік жәрдемақыларды, арнайы жәрдемақыларды, зейнетақыларды төлеуге арналған шығындар, борышты өтеу және борышқа қызмет көрсету шығындары және т.б.).
