- •Тақырып 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және мағынасы.
- •1 Мемлекеттік бюджет ұғымы, оның функциялары
- •2.Бюджет құрылымы
- •3.Түсімдер мен шығыстар құрамы
- •Тақырып 2. Бюджет жүйесі.
- •1. Бюджет жүйесі ұғымы, құрылу принциптері
- •2. Қр бюджет жүйесінің құрылымы. Шоғырландырылған бюджет ұғымы.
- •3. Республикалық бюджеттің мазмұны
- •4. Жергілікті бюджеттер ұғымы
- •5. Бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысандары
- •Тақырып 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ұғымы, қажеттілігі
- •2. Қр Ұлттық қорының құрылу көздері мен пайдалану бағыттары
- •Тақырып 4. Бюджеттік сыныптама
- •1.Бюджеттік сыныптама ұғымы, оның құрамы
- •2 Бюджет түсімдерінің жіктелуі
- •3 Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
- •4 Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
- •Тақырып 5. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны
- •1.Бюджет кірістері ұғымы, олардың құрамы
- •2. Бюджет кірістерін бюджет деңгейлері арасында тарату
- •Тақырып 6 Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі.
- •1. Бюджет шығындарының ұғымы, нысандары
- •2. Бюджет шығыстарын бюджет деңгейлері арасында тарату
- •3.Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу тәртібі
- •4. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру
- •Тақырып 7. Білім беруге арналған бюджет шығыстары.
- •1. Мектепке дейінгі мекемелердің шығындарын жоспарлау
- •2. Жалпы орта білім беруді қаржыландыру.
- •3.Жоғары білім беруді қаржыландыру ерекшеліктері
- •Тақырып 8. Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары
- •1 Денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын жоспарлау көрсеткіштері
- •2. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын қаржыландыру тәртібі
- •Тақырып 9. Бюджеттің әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған шығындары
- •1. Әлеуметтік қамтамасыз етудің экономикалық мазмұны
- •2. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
- •3. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
- •4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
- •5. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау
- •6. Зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі.
- •Тақырып 10. Бюджеттік процесті ұйымдастыру
- •1. Бюджетті жоспарлау принциптері.
- •2. Республикалық бюджетті құру, қарау, бекіту тәртібі
- •3. Жергілікті бюджеттерді құру, қарау, бекіту тәртібі
- •Тақырып 11. Қазынашылықтың бюджетті атқарудағы рөлі
- •1. Қазынашылықтың функциялары, оның құрылымы.
- •2. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық рәсімдер.
- •3.Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы.
- •4. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы.
- •5. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері, түрлері, принциптері.
Тақырып 11. Қазынашылықтың бюджетті атқарудағы рөлі
Дәріс сұрақтары:
1. Қазынашылықтың функциялары, оның құрылымы.
2. Бюджеттің атқарылу жөніндегі қаржылық рәсімдер.
3. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы.
4. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы.
5. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері, түрлері, принциптері.
1. Қазынашылықтың функциялары, оның құрылымы.
Қазынашылықты құру қажеттілігі келесі себептерге байланысты:
1) республикалық бюджеттің атқарылуы жөнінде нақты ақпараттың жоқтығы;
2) бюджеттің атқарылуына толық бақылауды өткізуге мүмкіндіктің болмауы;
3) бюджеттік қаражаттардың мақсатсыз және тиімсіз пайдалануы;
4) жергілікті деңгейде республикалық бюджетті басқаратын органның болмауы;
5) мәліметтерді қалыптастырудың автоматтандырылған ақпараттық жүйенің болмауы.
Осыған байланысты 1994 жылдың 27 қаңтарындағы ҚР Президентінің қаулысымен Қазынашылық жүйесі құрылды.
1995 жылы Ұлттық банктің барлық есептік – кассалық орталықтары қазынашылық органдарына берілді. Мемлекеттік бюджеттің есептік-кассалық атқарылуын қамтамасыз ету үшін 1996 жылдың 6 ақпанында ҚР Бюджеттік банкі құрылды. Осы жылдың 5 шілдесінде бірыңғай қазынашылық шоты ашылды. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бюджеттік банк жойылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті - өз құзыретінің шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы саласындағы іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негiзгi мiндеттерi:
- республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру; жергілікті бюджеттерге, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің шоттарына қызмет көрсету;
- Комитет органдарына бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкестігін бақылау болып табылады.
Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады. Комитетке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер, Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
Комитеттің функциялары:
1) мынадай салада мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функциялар: - мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу нәтижелері туралы ақпаратты даярлау; - кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік тағайындауларға сәйкес республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру;
- мемлекеттік мекемелердің тапсырыстары бойынша ұлттық, сол сияқты шетел валютасы түрінде де ақша аударымын жүзеге асыру;
- екінші деңгейдегі банктер және банктік қызметтердің тиісті түрлерін көрсетуге арналған лицензиясы бар ұйымдар арқылы мемлекеттік мекемелерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- жергiлiктi атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы ақпарат ұсыну;
- республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жедел, айлық, тоқсандық және жылдық есеп беруді даярлау;
- республикалық және жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бағдарламалар, кiшi бағдарламалар және ерекшелiктер бөлінісінде жүргізілген шығыстар туралы ай сайын ақпарат берiп отыру;
- ақылы қызметтерден, демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын қаражаттың пайдалануы туралы, валюталық шоттардан шығыстар жасалғандығы туралы жиынтық есептер дайындау; - қазынашылықтың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік сыртқы қарыздар мен мемлекеттік емес сыртқы қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету кезінде ақша аударымын жүзеге асыру;
- мемлекеттік кепілдік, қарыз алушылардың қаражаты күшіне енген жағдайда бюджеттік кредиттер мен республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты беру, оларға қызмет көрсету және қайтару жөнінде жұмыстар жүргізу;
- үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыштық міндеттемелер мен талаптардың есебін және үкіметтік сыртқы қарыздар шоттарынан қаражатты алу жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету;
- қарыз алушылардың республикалық бюджет алдындағы бюджеттік кредиттер, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету;
- республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қаржыландырудың нақтыланған жиынтық жоспарын жүргізу;
- бюджет ақшасы есебiнен мемлекеттiк мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыру;
- республикалық бюджеттiң қолма-қол ақша ағынын болжау және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің салымдарына (депозиттеріне) орналастыру жолымен кіріс алу мақсатында республикалық бюджет ақшасының ағымдағы қалдықтарын басқару;
- жергілікті атқарушы органдардың сенімді басқаруға алған уақытша бос ақшасын басқару, оларды орналастыру және есептелген сыйақымен қайтару;
- республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы мемлекеттік салықтар мен төлемдерді бөлуді қамтамасыз ету және оларды түрлі деңгейдің бюджеттеріне есепке алу;
- мемлекеттiк мекемелер заңсыз және мақсатсыз пайдаланған кезде, қаржылық бақылау органдарының ұсынысы бойынша ақшаны бюджетке даусыз тәртiппен өндiрiп (қайтарып) алуды жүзеге асыру;
- жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды есепке алу және сақтау;
2) бақылау-қадағалау функциялары:
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жиынтық қаржы жоспарының мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкестігін бақылау; - мемлекеттік мекемелер қабылдайтын міндеттемелер сомаларының берілген рұқсаттардың сомаларына сәйкестігін бақылау;
- мемлекеттік мекемелер қабылдайтын міндеттемелердің бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетілген іс-шараларға сәйкестігін бақылау;
- мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың бюджет заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;
- мемлекеттік мекемелердің валюталық операциялар жүргізу кезінде валюта заңнамасының сақталуы бойынша тексерулер ұйымдастыру;
- мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп туралы заңнаманың сақталуын алдын-ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асыру;
- мемлекеттік мекемелердің, ақылы қызметтердің, демеушілік және қайырымдылық көмектің шоттарын және депозиттік шотты ашуға рұқсаттар берудің дұрыстығын бақылау;
- ақылы қызметтер көрсетуден алынған кірістерді мемлекеттік мекемелердің шоттарына есептеудің дұрыстығын бақылау;
- ақылы қызметтердің, демеушілік және қайырымдылық көмектің шоттары бойынша шығыстар жөніндегі операциялардың жүргізілуін бақылау;
- мыналар: бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары жиынтық қаржыландыру жоспарына; жүргізілетін төлемдер қабылданған міндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда қазынашылық төлем операцияларының атқарылуын тоқтата тұру; мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатын игеру және шығыстары есебінің мониторингі;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Комитеттің тиісті банктік шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын жүргізу және есепке алу;
- бюджеттік қаражат, валюталық және ағымдағы шоттар бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тоқсандық және жылдық есептерін қабылдау мен тексеруді жүзеге асыру;
- үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі мен оны басқаруды және республикалық бюджет берешегі бойынша талаптардың сақталуына мониторингті, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар борышының мониторингін және оны бақылауды қамтамасыз ету;
- қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу кезінде ұйымдастыру шараларының сақталуын бақылау;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі агенттерінің бюджеттік кредиттерге, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерін орындауын бақылау.
