Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемл бюджет кит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.81 Кб
Скачать

2. Республикалық бюджетті құру, қарау, бекіту тәртібі

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссия қабылдаған шешімдердің негізінде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұскасын жасап, оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.

            Алдағы қаржы жылына арналған республикалык бюджет жобасының түпкілікті нұскасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады. Алдағы қаржы жылына арналған республикалык бюджет туралы заңның жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей Қазакстан Республикасының Үкіметіне карауға табыс етеді.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.

       Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

        Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құкылы, ол республикалық бюджетті Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткенге дейін қолданылады.

Алдағы қаржы жылының бірінші токсапыпа арналған республикалык қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасыиың төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі.

Кезекті каржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар бекітілген жағдайда, осы қаржы жылыпа арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

 

3. Жергілікті бюджеттерді құру, қарау, бекіту тәртібі

 Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстық, республикалык маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджетінің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

Жергілікті атқарушы орган алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды:

1) өлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын;

2) үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдык саясатты;

3) жергілікті бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;

4) жергілікті бюджеттің түсімдері бойынша негіздемелер мен болжамдық есептерді;

5) алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет жобасында негізге алынған шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны табыс етеді.

Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті Қазақстан Республикасының Президенті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей бекітіледі.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) алдағы қаржы жылына арналған бюджеті тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне кол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей бекітіледі.

Мәслихат белгіленген мерзімде алдағы каржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті аткарушы органы алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешім шығаруға құқылы, ол жергілікті бюджетті мәслихат бекіткенге дейін қолданылады. Алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі.