- •Тақырып 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және мағынасы.
- •1 Мемлекеттік бюджет ұғымы, оның функциялары
- •2.Бюджет құрылымы
- •3.Түсімдер мен шығыстар құрамы
- •Тақырып 2. Бюджет жүйесі.
- •1. Бюджет жүйесі ұғымы, құрылу принциптері
- •2. Қр бюджет жүйесінің құрылымы. Шоғырландырылған бюджет ұғымы.
- •3. Республикалық бюджеттің мазмұны
- •4. Жергілікті бюджеттер ұғымы
- •5. Бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысандары
- •Тақырып 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ұғымы, қажеттілігі
- •2. Қр Ұлттық қорының құрылу көздері мен пайдалану бағыттары
- •Тақырып 4. Бюджеттік сыныптама
- •1.Бюджеттік сыныптама ұғымы, оның құрамы
- •2 Бюджет түсімдерінің жіктелуі
- •3 Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
- •4 Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
- •Тақырып 5. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны
- •1.Бюджет кірістері ұғымы, олардың құрамы
- •2. Бюджет кірістерін бюджет деңгейлері арасында тарату
- •Тақырып 6 Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі.
- •1. Бюджет шығындарының ұғымы, нысандары
- •2. Бюджет шығыстарын бюджет деңгейлері арасында тарату
- •3.Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу тәртібі
- •4. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру
- •Тақырып 7. Білім беруге арналған бюджет шығыстары.
- •1. Мектепке дейінгі мекемелердің шығындарын жоспарлау
- •2. Жалпы орта білім беруді қаржыландыру.
- •3.Жоғары білім беруді қаржыландыру ерекшеліктері
- •Тақырып 8. Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары
- •1 Денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын жоспарлау көрсеткіштері
- •2. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын қаржыландыру тәртібі
- •Тақырып 9. Бюджеттің әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған шығындары
- •1. Әлеуметтік қамтамасыз етудің экономикалық мазмұны
- •2. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
- •3. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
- •4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
- •5. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау
- •6. Зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі.
- •Тақырып 10. Бюджеттік процесті ұйымдастыру
- •1. Бюджетті жоспарлау принциптері.
- •2. Республикалық бюджетті құру, қарау, бекіту тәртібі
- •3. Жергілікті бюджеттерді құру, қарау, бекіту тәртібі
- •Тақырып 11. Қазынашылықтың бюджетті атқарудағы рөлі
- •1. Қазынашылықтың функциялары, оның құрылымы.
- •2. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық рәсімдер.
- •3.Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы.
- •4. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы.
- •5. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері, түрлері, принциптері.
6. Зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі.
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде азаматтардың мынадай санаттарына:
1) еркектерге 63 жасқа толғанда 25 жыл еңбек стажы болғанда;
2) әйелдерге58 жасқа толғанда 20 жыл еңбек стажы болғанда тағайындалады.
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы толық көлемінде есептеу белгіленетін орташа айлық кірістің 60 проценті есебімен жүргізіледі. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есптеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарына кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қантардан бастап жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қантарға дейін қажетті еңбек, стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 процентке өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу ескерілетін табыстың 75 процетінен аспауға тиіс.
Зейнетақы жарналарының ставкісі бойынша жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістің 10 проценті мөлшерде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен, бірақ заң актісінде белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің он процентінен кем емес мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорларына жеке тұлғалар жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақтаған зейнетақы қаражаты бар алушыларға алушының жеке басын куәландыратын құжаты бойынша төленеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларына еңгізілген міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері, егер алушы 55 жасқа толған кезде еңбек қызметін тоқтатып, оны жүргізбесе, кем дегенде 35 жыл жарна төлеген мерзімі жеткіліктігін белгілеген жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына енгізілген ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдерін төлеу мынадай жағдайларда:
1) кемінде 10 жыл кезеңге ерікті зейнетақы жарналары жинақталғанда және 55 жасқа толғанда, тізбесін Үкімет белгілейтін азаматтардың белгілі бір санаттары үшін бұл жас 50 жасқа дейін кемітілуі мүмкін;
2) мүгедектікке ұшырағанда және Заңмен белгіленген жағдайлар туғанда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жинақтау қорындағы зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет кепілдік береді.
Тақырып 10. Бюджеттік процесті ұйымдастыру
Дәріс сұрақтары:
1. Бюджеттік процестің ұғымы.
2. Республикалық бюджетті құру, қарау, бекіту тәртібі
3. Жергілікті бюджеттерді құру, қарау, бекіту тәртібі
4. Бюджетті нақтылау және түзету тәртібі.
1. Бюджетті жоспарлау принциптері.
Бюджетті жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдыкты ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі үсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.
Бюджетті жоспарлау принциптері:
сабақтастық принципі - бюджетті алдыңғы кезеңде негізге алынған орта мерзімді фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы жылдары бюджетінің атқарылу нәтижелерін ескере отырып жоспарлау;
басымдық принципі - бюджетті алдағы орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалык дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;
негізділік принципі - бюджетті нормативтік құқыктық актілер және бюджет жобасына белгілі бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін айқындайтын басқа да құжаттар негізінде жоспарлау және олардың көлемдерінің негізділігі бюджетті жоспарлаудың негізгі принциптері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.
Жергілікті атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатын жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.
