- •Тақырып 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және мағынасы.
- •1 Мемлекеттік бюджет ұғымы, оның функциялары
- •2.Бюджет құрылымы
- •3.Түсімдер мен шығыстар құрамы
- •Тақырып 2. Бюджет жүйесі.
- •1. Бюджет жүйесі ұғымы, құрылу принциптері
- •2. Қр бюджет жүйесінің құрылымы. Шоғырландырылған бюджет ұғымы.
- •3. Республикалық бюджеттің мазмұны
- •4. Жергілікті бюджеттер ұғымы
- •5. Бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысандары
- •Тақырып 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ұғымы, қажеттілігі
- •2. Қр Ұлттық қорының құрылу көздері мен пайдалану бағыттары
- •Тақырып 4. Бюджеттік сыныптама
- •1.Бюджеттік сыныптама ұғымы, оның құрамы
- •2 Бюджет түсімдерінің жіктелуі
- •3 Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
- •4 Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
- •Тақырып 5. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны
- •1.Бюджет кірістері ұғымы, олардың құрамы
- •2. Бюджет кірістерін бюджет деңгейлері арасында тарату
- •Тақырып 6 Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі.
- •1. Бюджет шығындарының ұғымы, нысандары
- •2. Бюджет шығыстарын бюджет деңгейлері арасында тарату
- •3.Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу тәртібі
- •4. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру
- •Тақырып 7. Білім беруге арналған бюджет шығыстары.
- •1. Мектепке дейінгі мекемелердің шығындарын жоспарлау
- •2. Жалпы орта білім беруді қаржыландыру.
- •3.Жоғары білім беруді қаржыландыру ерекшеліктері
- •Тақырып 8. Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары
- •1 Денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын жоспарлау көрсеткіштері
- •2. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын қаржыландыру тәртібі
- •Тақырып 9. Бюджеттің әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған шығындары
- •1. Әлеуметтік қамтамасыз етудің экономикалық мазмұны
- •2. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
- •3. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
- •4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
- •5. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау
- •6. Зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі.
- •Тақырып 10. Бюджеттік процесті ұйымдастыру
- •1. Бюджетті жоспарлау принциптері.
- •2. Республикалық бюджетті құру, қарау, бекіту тәртібі
- •3. Жергілікті бюджеттерді құру, қарау, бекіту тәртібі
- •Тақырып 11. Қазынашылықтың бюджетті атқарудағы рөлі
- •1. Қазынашылықтың функциялары, оның құрылымы.
- •2. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық рәсімдер.
- •3.Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы.
- •4. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы.
- •5. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері, түрлері, принциптері.
3. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мынадай мөлшерде төленеді:
1. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектеріне - 15 АЕК;
2. жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға – 5,8 айлық есептік көрсеткіш;
3. жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлты Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 7,1 айлық есептік көрсеткіш;
4. біріншi және екiншi топтардағы мүгедектерге - 1,4 айлық есептік көрсеткіш;
5. үшiншi топтағы мүгедектерге - 0,6 айлық есептік көрсеткіш;
6. он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 0,9 айлық есептік көрсеткіш;
7. "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, біріншi және екiншi дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары (оның ішінде олар кәмелетке толғаннан кейін жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқитын балалары - олар оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін) бар көп балалы отбасыларына - 3,9 айлық есептік көрсеткіш.
4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, Астана және Алматы калаларында белгіленген кедейшілік шегінен төмен адамдарға (отбасыларына) мемлекеттік ақшалай нысанда берілетін төлем.
Атаулы әлеуметтік = (Жан басына шаққандағы - Кедейшілік) * Адамдар
көмек орташа табыс шегі саны
Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, окуын немесе қайта окуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар алты айға атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айрылады. Адам атаулы әлеуметтік көмек тағайындауы үшін өз атынан немесе отбасы атынан әлеуметтік жеке кодының нөмірін көрсетіп, тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға белгіленген үлгіде өтініш жолдайды.
Отбасының құрамына:
- толық мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар;
- интернат-үйлерде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;
- мерзімді әскери қызметтегі адамдар;
- бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдар кірмейді.
Атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді. Өтініш беруші мен алушы уәкілетті органныңжәне оның қызметкерлерінің іс-әрекеттері мен шешімдеріне жоғары тұрған уәкілетті органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
Yй iргесiндегi телiмiнен, саяжай телiмiнен түсетiн табыс,сондай-ақ мал мен құс ұстаудан түсетiн табыс өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшiн есептеледi. Жер телiмiнен (жер үлесiнен) түсетiн табыс жылдық табысты төрт тоқсанға бөлу жолымен белгiленедi.
Отбасының бір айдағы орташа жан басына шаққандағы табысы отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы құрамында есептелген мүшелерінің санынан және үш айға бөлу жолымен белгіленеді.
5. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау
Туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақы - 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі;
2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы - 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
3) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар -2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі .
Балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы анықтаманы ұсыну арқылы расталып отырады.
1) Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады. Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады және төленедi.
2) Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толғанға дейiн тағайындалады. Бiр жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.
Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы:
бірінші балаға - 5 айлық есептік көрсеткіш;
екінші балаға - 5,5 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші балаға - 6 айлық есептік көрсеткіш;
төртінші және одан кейінгі балаларға - 6,5 айлық есептік көрсеткіш.
3) Балаларға арналған жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады. Балаларға арналған жәрдемақы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ескерiле отырып ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өтінiш берген айдан бастап ай сайын төленедi.
