- •Тақырып 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және мағынасы.
- •1 Мемлекеттік бюджет ұғымы, оның функциялары
- •2.Бюджет құрылымы
- •3.Түсімдер мен шығыстар құрамы
- •Тақырып 2. Бюджет жүйесі.
- •1. Бюджет жүйесі ұғымы, құрылу принциптері
- •2. Қр бюджет жүйесінің құрылымы. Шоғырландырылған бюджет ұғымы.
- •3. Республикалық бюджеттің мазмұны
- •4. Жергілікті бюджеттер ұғымы
- •5. Бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысандары
- •Тақырып 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ұғымы, қажеттілігі
- •2. Қр Ұлттық қорының құрылу көздері мен пайдалану бағыттары
- •Тақырып 4. Бюджеттік сыныптама
- •1.Бюджеттік сыныптама ұғымы, оның құрамы
- •2 Бюджет түсімдерінің жіктелуі
- •3 Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
- •4 Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
- •Тақырып 5. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны
- •1.Бюджет кірістері ұғымы, олардың құрамы
- •2. Бюджет кірістерін бюджет деңгейлері арасында тарату
- •Тақырып 6 Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі.
- •1. Бюджет шығындарының ұғымы, нысандары
- •2. Бюджет шығыстарын бюджет деңгейлері арасында тарату
- •3.Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу тәртібі
- •4. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру
- •Тақырып 7. Білім беруге арналған бюджет шығыстары.
- •1. Мектепке дейінгі мекемелердің шығындарын жоспарлау
- •2. Жалпы орта білім беруді қаржыландыру.
- •3.Жоғары білім беруді қаржыландыру ерекшеліктері
- •Тақырып 8. Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары
- •1 Денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын жоспарлау көрсеткіштері
- •2. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын қаржыландыру тәртібі
- •Тақырып 9. Бюджеттің әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған шығындары
- •1. Әлеуметтік қамтамасыз етудің экономикалық мазмұны
- •2. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
- •3. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
- •4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
- •5. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау
- •6. Зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі.
- •Тақырып 10. Бюджеттік процесті ұйымдастыру
- •1. Бюджетті жоспарлау принциптері.
- •2. Республикалық бюджетті құру, қарау, бекіту тәртібі
- •3. Жергілікті бюджеттерді құру, қарау, бекіту тәртібі
- •Тақырып 11. Қазынашылықтың бюджетті атқарудағы рөлі
- •1. Қазынашылықтың функциялары, оның құрылымы.
- •2. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық рәсімдер.
- •3.Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы.
- •4. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы.
- •5. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері, түрлері, принциптері.
2. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың түрлері:
1) Мүгедектік бойынша жәрдемақы
2) Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы
3) Жасы бойынша жәрдемақы
Мүгедектік бойынша жәрдемақы алу құқығы бар мүгедектерді үш категорияға бөлуге болады. Бірінші категорияға жататындар:
Бірінші категория мүгедектер: жалпы аурудан, еңбектік қызметтен, кәсіби аурулардан мүгедектер, бала кезінен, соның ішінде 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар; әскери міндетін орындауға байланысты емес мүгедектікке ұшыраған адамдар.
жәрдемақылар келесі көлемде белгіленген:
- І топ мүгедектеріне – 1,06 өмір сүру минимумы;
- ІІ топ мүгедектеріне – 1,06;
- ІІІ топ мүгедектеріне – 0,74;
Екінші категория: әскери қызметті өту кезінде мүгедектікке ұшыраған; төтенше экологиялық жағдайлар салдарынан болған мүгедектер. Жәрдемақы келесі көлемде белгіленеді:
- І топ мүгедектеріне – 1,61 өмір сүру минимумы;
- ІІ топ мүгедектеріне –1,30;
- ІІІ топ мүгедектеріне –1,0.
Үшінші категорияға жататындар: әскери қызметті атқарғанда алған жарақат, контузия, ауру нәтижесінде мүгедек болған әскери қызметкерлерге (мерзімді әскери қызметкерлерді қоспағанда) немесе қызмет міндеттерін орындауда мүгедек болған ішкі істер органының қызметкерлері. Үшінші категорияға жәрдемақы келесі көлемде тағайындалады:
- І топ мүгедектеріне – 2,09 өмір сүру минимумы;
- ІІ топ мүгедектеріне – 1,49;
- ІІІ топ мүгедектеріне – 1,0.
Асыраушысынан айырылғанына байланысты жәрдемақы алу хұқығына оның асырауында болған еңбекке жарамсыз жанұя мүшелері ие болады. Жанұяның еңбекке жарамсыз мүшелері болып келесілер саналады:
18 жасқа толмаған балалары, іні-қарындастары, немерелері және осы жасқа толғанша мүгедек болса 18 – ден асқандары және егер іні-қарындастары, немерелерінің еңбекке жарамды ата-аналары жоқ болса. Асыраушысынан айырылған кәмелеттік жасқа толмағандар оларды асырап алған жағдайда да жәрдемақы алу хұқығын сақтап қалады.
Зейнетақымен қамту заңына сәйкес зейнетақы жасына жетпеген әкесі, шешесі (соның ішінде асырап алған), әйелі, күйеуі.
8 жасқа жетпеген, қайтыс болған адамның балаларын, іні-қарындастарын немесе немелерін күтумен айналысатын және жұмыс істемейтін ата-аналарының бірі немесе жұбайы, сондай-ақ атасы, әжесі, інісі, қарындасы (жасынан, еңбек қабілетінен тәуелсіз).
Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының ең жоғарғы айлық көлемі оның жанұясының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,61 өмір сүру минимумы көрсеткіштен аспауы керек.
Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға хұқығы бар еңбекке жарамсыз бір жанұя мүше болса, жәрдемақы 0,66 өмір сүру минимумы көрсеткіш көлемінде тағайындалады.
- еңбекке жарамсыз 2 жанұя мүшесі болса 1,14 өмір сүру минимумы көрсеткіш барлығына;
- еңбекке жарамсыз 3 жанұя мүшесі болса - 1,41 өмір сүру минимумы көрсеткіш барлығына;
- еңбекке жарамсыз 4 жанұя мүшесі болса - 1,5 өмір сүру минимумы көрсеткіш барлығына;
- еңбекке жарамсыз 5 жанұя мүшесі болса – 1,55 өмір сүру минимумы көрсеткіш барлығына;
- еңбекке жарамсыз 6 немесе одан да көп жанұя мүшелері болған жағдайда 1,61өмір сүру минимумы көрсеткіш барлығына.
Екі ата-анасынан бірдей айырылған балаларға 0,9 өмір сүру минимумы көрсеткіші әр балаға, ал өзге отбасы мүшелеріне – 0,41 өмір сүру минимумы көрсеткіші, бірақ жәрдемақының жалпы мөлшері 1,96 өмір сүру минимумы көрсеткішінен аспау керек.
Қызметтік міндетін өтеу немесе әскери қызметте жүрген кезінде алынған контузия, жарақат, ауру нәтижесінде қайтыс болған әскери қызметкерлер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің жанұя мүшелеріне әрбір жанұя мүшесіне 0,25 өмір сүру минимумы көрсеткішіне жоғарлатылады, бірақ барлығы 1,96 өмір сүру минимумы көрсеткіш көлемінен аспауы керек.
Жасы бойынша жәрдемақы азаматтарға зейнетақы жасына жеткен соң МЗТО немесе жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақыға құқығы жоқ 0,5 өмір сүру минимумы көрсеткіш көлемінде тағайындалады.
