Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемл бюджет кит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.81 Кб
Скачать

Тақырып 9. Бюджеттің әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған шығындары

Дәріс сұрақтары:

 

1. Әлеуметтік қамтамасыз етудің экономикалық мазмұны

2. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар

3. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны    тағайындау және төлеу тәртібі.

4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік   көмекті  төлеу тәртібі

5. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау

6. Зейнетақымен    қамсыздандыру

 

1. Әлеуметтік қамтамасыз етудің экономикалық мазмұны

 Әлеуметтік қамтамасыз ету ақшалай төлем, медициналық көмек, мүгедектерді еңбектік және тұрмыстық орналастыру, жеңілдіктер беру, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу түрінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік қамтамасыз ету ақшалай төлем, медициналық көмек, мүгедектерді еңбектік және тұрмыстық орналастыру, жеңілдіктер беру, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу түрінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiн жетілдiру әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдету әлеуметтiк қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесiн құруды көздейдi:

1) бiрiншi деңгей (негізгi) - мемлекет кепілдiк беретін әлеуметтік жәрдемақылардың ең төменгi мөлшерi. Бұл халықтың әлеуметтiк осал жiктерiнiң барлық санатына еңбек еткен жылдары мен жалақыларына қарамастан, бiрдей әлеуметтiк қатер жағдайында, деңгейi бойынша ең төменгі төлемдер алуға тең құқықтарын iске асыруды қамтамасыз етедi;

2) екiншi деңгей (мiндеттi) - жұмыс iстейтiн (жұмыс iстеген) адамдарды мiндетті әлеуметтiк сақтандыру есебiнен жүзеге асырылатын әлеуметтiк төлемдер. Жұмыс берушiлердiң және/немесе қызметкерлердiң мiндетті сақтандыру жарналары мiндетті әлеуметтiк төлемдердiң көзi болып табылады. Бұл жағдайда, әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейi әр адамның сақтандыру жүйесiне қатысуының ұзақтығы мен мөлшерiне байланысты;

3) үшiншi деңгей (қосымша) - әлеуметтік төлемдердiң ерiктi аударымдар есебiнен жүзеге асырылуын пайымдайды. Аударымдар бұл жағдайда, жеке, жинақтаушы, ерiктi және/немесе кәсіптiк болып табылады.

Қазіргі кезде әлеуметтік қорғаудың қаржыландыру қайнар көздері болып бюджеттік қаржылар, жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылары, кәсіпорындар мен мекемелердің ерікті жарналары, қайырымдылық қорының қаржылары және тағы басқалары табылады.

Қазақстан Республикасының   әлеуметтік стандарттары: ең төмен күнкөріс деңгейi, жалақы мен зейнетақының ең төменгi мөлшерi, еңбек жағдайларының стандарттары мен еңбекақы төлеу, әлеуметтiк қызметтерді ұсыну нормативтері және т.б. белгiлендi және қазiргі уақытта пайдаланылып жүр.

Әлеуметтік кепілдік жүйесінің негізгі стандарты өмір сүру минимумы табылады. Өмір сүру минимумы арқылы тұтыну корзинасының құнына тең болатын бір адамға қажетті минималді табыс көрсетіледі.

Өмір сүру минимумы халық санына сәйкес және халықтың жыныстық-жастық топтары бойынша тоқсан сайын республика және аймақтар бойынша есептеледі. Ол 2 бөлімнен тұрады: ғылыми негізделген тұтыну нормасына есептелген 20 ең қажет азық түліктен тұратын азық түлік корзинасының құны және азық түлік емес тауарлар мен қызмет көрсетулерге кететін шығындар және де екінші бөлім Қазақстан Республикасының үкіметі орнататын, тіркелген үлес ретінде есептеледі.