- •Тақырып 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және мағынасы.
- •1 Мемлекеттік бюджет ұғымы, оның функциялары
- •2.Бюджет құрылымы
- •3.Түсімдер мен шығыстар құрамы
- •Тақырып 2. Бюджет жүйесі.
- •1. Бюджет жүйесі ұғымы, құрылу принциптері
- •2. Қр бюджет жүйесінің құрылымы. Шоғырландырылған бюджет ұғымы.
- •3. Республикалық бюджеттің мазмұны
- •4. Жергілікті бюджеттер ұғымы
- •5. Бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысандары
- •Тақырып 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ұғымы, қажеттілігі
- •2. Қр Ұлттық қорының құрылу көздері мен пайдалану бағыттары
- •Тақырып 4. Бюджеттік сыныптама
- •1.Бюджеттік сыныптама ұғымы, оның құрамы
- •2 Бюджет түсімдерінің жіктелуі
- •3 Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
- •4 Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
- •Тақырып 5. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны
- •1.Бюджет кірістері ұғымы, олардың құрамы
- •2. Бюджет кірістерін бюджет деңгейлері арасында тарату
- •Тақырып 6 Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі.
- •1. Бюджет шығындарының ұғымы, нысандары
- •2. Бюджет шығыстарын бюджет деңгейлері арасында тарату
- •3.Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу тәртібі
- •4. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру
- •Тақырып 7. Білім беруге арналған бюджет шығыстары.
- •1. Мектепке дейінгі мекемелердің шығындарын жоспарлау
- •2. Жалпы орта білім беруді қаржыландыру.
- •3.Жоғары білім беруді қаржыландыру ерекшеліктері
- •Тақырып 8. Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары
- •1 Денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын жоспарлау көрсеткіштері
- •2. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын қаржыландыру тәртібі
- •Тақырып 9. Бюджеттің әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған шығындары
- •1. Әлеуметтік қамтамасыз етудің экономикалық мазмұны
- •2. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
- •3. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
- •4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
- •5. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау
- •6. Зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі.
- •Тақырып 10. Бюджеттік процесті ұйымдастыру
- •1. Бюджетті жоспарлау принциптері.
- •2. Республикалық бюджетті құру, қарау, бекіту тәртібі
- •3. Жергілікті бюджеттерді құру, қарау, бекіту тәртібі
- •Тақырып 11. Қазынашылықтың бюджетті атқарудағы рөлі
- •1. Қазынашылықтың функциялары, оның құрылымы.
- •2. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық рәсімдер.
- •3.Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы.
- •4. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы.
- •5. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері, түрлері, принциптері.
Тақырып 7. Білім беруге арналған бюджет шығыстары.
Дәріс сұрақтары:
1.Мектепке дейінгі мекемелердің шығындарын жоспарлау
2. Жалпы орта білім беруді қаржыландыру
3.Жоғары білім беруді қаржыландыру ерекшеліктері
1. Мектепке дейінгі мекемелердің шығындарын жоспарлау
Бала бақшаларды қаржыландыру келесі көрсеткіштерге байланысты есептеледі:
- балалардың ортажылдық саны,
- бала топтарының саны және балалардың мекемеде болу сағаты.
Балалардың ортажылдық саны (контингенті) балалардың жыл басындағы және жыл аяғындағы санына байланысты есептеледі.
Мектепке дейінгі мекемелер жұмысшыларының нормативтік жүктемесі аптада 24 сағат құрайды. Еңбекақы ставкасы базалық оклад негізінде белгіленеді.
Еңбекақы қоры = штат бірліктерінің (ставкалар саны) ортажылдық саны х штат тізімі бойынша белгіленген ортаайлық еңбекақы х 12
Шығыстардың ішінде жоғары үлесті еңбекақыға арналған шығыстар құрайды. Бұл шығыстар бекітілген штаттар және еңбекақының ставкалары негізінде белгіленеді. Штат бірлігі балалардың топтары мен балалардың мекемеде болу ұзақтығына байланысты айқындалады.
Бала-күн көрсеткіші = балалардың бала бақшада болу мерзімінің ортажылдық күні х жоспарланған жылдағы балалар саны
Тамаққа арналған шығындар = тамаққа шығындар нормасы х бала-күн көрсеткіші
2. Жалпы орта білім беруді қаржыландыру.
Жалпы орта бiлiм беруде үш сатыны көздейтiн 12 жылдық оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады. I саты - жалпы бастауыш бiлiм беру, оқыту ұзақтығы - 4 жыл, 1-4 сыныптар. Оқыту 6 жастан басталады. Бастауыш мектептiң бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабiлетiн ашуға және дамытуға бағытталған.Бiлiм беру мазмұны шетел тiлiн және информатика негiздерiн ертерек (2-сыныптан бастап) оқытумен толықтырылатын болады.
II саты - негізгі жалпы бiлiм беру, оқыту ұзақтығы - 6 жыл, 5-10 сыныптар.
III саты - жалпы орта бiлiм беру, бейiндi оқыту, оқыту ұзақтығы - 2 жыл, 11-12-сыныптар.
Жалпы орта бiлiм беру мекемелерін шығындарын жоспарлаудың негізгі көрсеткіші – оқушылардың және сыныптардың ортажылдық саны (К орта)
Корта. =(2K1+K2 )/3
К1 - оқушылардың (сыныптардың) жыл басындағы саны;
К2 - оқушылардың (сыныптардың) жыл аяғындағы саны
Жыл басында білім беру басқармасы әр мектептегі сыныптар мен оқушылардың саны бойынша титулдық тізім құрады. Мектеп әкімшілігі осы бекітілген титулдық тізім негізінде 1-ші қыркүйекке тарификациялық тізім құрады№ Тарификациялық тізімде әр мұғалімнің аты-жөні, жүргізетін сабақтары, педагогикалық стажы, 1 аптадағы сағаттар саны, айлық ставкасы, қосымша төлемдер көрсетіледі.
Мұғалімдердің нормативтік оқу жүктемесі аптада 1-4 сыныптарда – 20 сағат, 5-11 сыныптарда – 18 сағат көлемінде белгіленген. Еңбекақыға қосымша төлемдер қолданылады.
Еңбекақы қоры педагогикалық ставкалардың саны және орташа еңбекақыға байланысты есептеледі. Педагогикалық ставкалардың саны тарификациялық тізімде белгіленген сағаттың санын мұғалімдердің апталық жүктемесіне бөлу арқылы есептеледі.
3.Жоғары білім беруді қаржыландыру ерекшеліктері
Жоғары оқу орындары мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді, ал мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік тапсырыс мемлекеттік бiлiм беру гранттарын беру арқылы жүзеге асады. Жоғары оқу орындарының шығндарын жоспарлау көрсеткіші - студенттер контингентi. Жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс конкурстық негізде білім беру гранты арқылы жүзеге асырылады.
Студенттердің ортажылдық саны келесідей айқындалады:
К орта = студенттердің жыл басындағы саны - шығарылған студенттер саны /2 + қабылданған студенттер саны / 3 - оқудан шығарылған студенттер + қайта қабылданған студенттер саны
Жоғары білім беру оқу орындарының жұмысшыларына қосымша төлемдер:
Ғылыми дәреже үшін: ғылым кандидаты – 1 ең төменгі еңбекақы мөлшері
ғылым докторы -2 ең төменгі еңбекақы мөлшері
Кафедра меңгеру үшін – базалық окладтан 20%
