Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемл бюджет кит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.81 Кб
Скачать

3.Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу тәртібі

Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне  (G санаттары) еңбекақы төлеу жүйесi уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi болып табылады. Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi:

- Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар  қызметкерлерi лауазымдарының тiзiлiмi;

- мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн алынатын базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер;

- қосымша ақылар, үстемеақылар мен өтемақылар негiзiнде еңбекақы төлеудi қамтиды.

G санатының тобы - Мемлекеттiк мекемелер және қазыналық кәсiпорындар

Лауазымдық жалақы (ставка) = Базалық лауазымдық жалақы * коэффициенттер

Базалық лауазымдық жалақы  =10890 теңге.

 Мемлекеттік қызметкерлердің ставкасын есептеу коэффициенттері

G-1 - ректор 

G-2 - проректор

G-3 – декан

G-4 – декан орынбасары, кафедра меңгерушісі, мектеп директоры

G-5 – профессор

G-6 – доцент, аға оқытушы

G-7 – оқытушы, бала-бақша мекемесінің басшысы

G-8 – ассистент

G-9 – жоғары квалификациялы мұғалімдер мен дәрігерлер

G-10 - орта квалификациялы бас маман мұғалімдер мен дәрігерлер

G-11 - барлық мамандар мұғалімдері мен дәрігерлері 

 

4. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру

      Мемлекеттік органдарды коспағанда, мемлекеттік мекемелер республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен және  Кодексте көзделген жағдайларда өзге де қаражат есебінен қаржыландырылады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттен каржыландыруға жол берілмейді. Мемлекеттік мекемені екі және одан да көп жергілікті бюджеттен каржы-ландыруға жол берілмейді. Бір мемлекеттік мекемен басқа мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспары есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.

      Мемлекеттік органдар тек қана республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттер каражаты есебінен қаржыландырылады.

        Мемлекеттік мекемелердің мынадай шоттары болуы мүмкін:

1. бюджеттік шот - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылатын шот;

2. тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны есепке алуға арналған шот - мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін кызметтерді) өткізуден алынатын, ақша түсімдері мен жұмсалуын есепке алу үшін ашылатын шот;

3. демеушілік және қайырымдылық көмек шоты - заңды және жеке тұлғалардан қайырымдылық және демеушілік көмек ретінде алынатын, ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де түсетін ақша түсімі мен жұмсалуын есепке алу үшін ашылатын шот;

4. депозиттік шот - ұлттық және шетел валютасымен мемлекеттік мекеменің уақытша иелігіне түсетін және белгілі бір жағдайлар орын алған ретте, өзге мақсаттарға жұмсау құқығынсыз, оны аударушы тұлғаларға қайтарылуға немесе бюджетке не үшінші тұлғаларға аударылуға жататын ақшаны есепке алу үшін ашылатын шот;

5. бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоты - үкіметтік сыртқы қарыздың немесе гранттың аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын халықаралық қарыз шартында немесе грант туралы келісімде айтылған шетел валютасындағы шот.

6. бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шотына ұлттық валютамен төлемдерді жүзеге асыру үшін ашылған шот;

7. бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты - үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеу шотына қарыз алушылар қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшін  бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органға ашылатын шот;

8.  шетел валютасымен операциялар жүргізуге арналған шетел валютасындағы шот;

9. нысаналы қаржыландыру шоты - ерекше шығыстар жасауға ақшаны есепке алу және жұмсау үшін республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемеге ашылатын шот.