- •Тақырып 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және мағынасы.
- •1 Мемлекеттік бюджет ұғымы, оның функциялары
- •2.Бюджет құрылымы
- •3.Түсімдер мен шығыстар құрамы
- •Тақырып 2. Бюджет жүйесі.
- •1. Бюджет жүйесі ұғымы, құрылу принциптері
- •2. Қр бюджет жүйесінің құрылымы. Шоғырландырылған бюджет ұғымы.
- •3. Республикалық бюджеттің мазмұны
- •4. Жергілікті бюджеттер ұғымы
- •5. Бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысандары
- •Тақырып 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ұғымы, қажеттілігі
- •2. Қр Ұлттық қорының құрылу көздері мен пайдалану бағыттары
- •Тақырып 4. Бюджеттік сыныптама
- •1.Бюджеттік сыныптама ұғымы, оның құрамы
- •2 Бюджет түсімдерінің жіктелуі
- •3 Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
- •4 Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
- •Тақырып 5. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны
- •1.Бюджет кірістері ұғымы, олардың құрамы
- •2. Бюджет кірістерін бюджет деңгейлері арасында тарату
- •Тақырып 6 Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі.
- •1. Бюджет шығындарының ұғымы, нысандары
- •2. Бюджет шығыстарын бюджет деңгейлері арасында тарату
- •3.Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу тәртібі
- •4. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру
- •Тақырып 7. Білім беруге арналған бюджет шығыстары.
- •1. Мектепке дейінгі мекемелердің шығындарын жоспарлау
- •2. Жалпы орта білім беруді қаржыландыру.
- •3.Жоғары білім беруді қаржыландыру ерекшеліктері
- •Тақырып 8. Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары
- •1 Денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын жоспарлау көрсеткіштері
- •2. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын қаржыландыру тәртібі
- •Тақырып 9. Бюджеттің әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған шығындары
- •1. Әлеуметтік қамтамасыз етудің экономикалық мазмұны
- •2. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
- •3. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
- •4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
- •5. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау
- •6. Зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі.
- •Тақырып 10. Бюджеттік процесті ұйымдастыру
- •1. Бюджетті жоспарлау принциптері.
- •2. Республикалық бюджетті құру, қарау, бекіту тәртібі
- •3. Жергілікті бюджеттерді құру, қарау, бекіту тәртібі
- •Тақырып 11. Қазынашылықтың бюджетті атқарудағы рөлі
- •1. Қазынашылықтың функциялары, оның құрылымы.
- •2. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық рәсімдер.
- •3.Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы.
- •4. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы.
- •5. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері, түрлері, принциптері.
Тақырып 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және мағынасы.
Дәріс сұрақтары:
1. Мемлекеттік бюджет ұғымы, оның функциялары
2. Бюджет құрылымы
3. Түсімдер мен шығыстар құрамы
1 Мемлекеттік бюджет ұғымы, оның функциялары
Бюджет процесiнде туындайтын қатынастар бюджеттiк қатынастар болып табылады.
Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
Мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Бюджет қаражаттары есебінен өндірістің ұлғаюы, жалпы мемлекеттік көлемде резервті қорлардың пайда болуы, мемлекет шекарасы күзетіне шығатын шығындар, қарулы күштерді қамсыздандыру сияқты шығындар іске асырылады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде екі функцияны атқарады: бөлу және бақылау. Бюджет қаражаты - мемлекеттiң ақша және өзге де активтерi, жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк меншiкке түсетiн түсiмдер.
Бюджет қаражатын алушылар - бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi арқылы алатын және оларды бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар. Бюджеттiк операциялар - бюджеттi атқару процесiнде жүзеге асырылатын операциялар.
2.Бюджет құрылымы
Бюджет құрылымы 6 бөлiмнен тұрады: 1) кiрiстер: - салықтық түсiмдер; - салықтық емес түсiмдер; - негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер; - трансферттер түсiмi; 2) шығындар; 3) таза бюджеттiк кредиттеу = бюджеттiк кредиттер - бюджеттiк кредиттердi өтеу; 4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо = қаржы активтерiн сатып алу - мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер; 5) бюджет тапшылығы (профицитi); 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану): - қарыздар түсiмi; - қарыздарды өтеу; - бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары.
Бюджет тапшылығы (профицитi) кiрiстер мен шығындар, таза бюджеттiк кредиттеу және қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Терiс белгiсiмен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгiмен алынғаны - бюджет профицитi болып табылады.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етiледi.
3.Түсімдер мен шығыстар құрамы
Бюджеттің 2 негізгі бөліктері белгіленген: бюджет түсiмдерi және бюджет шығыстары.
І. Бюджет түсiмдерi:
1) бюджет кiрiстері - салықтық, салықтық емес түсiмдер, негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер, трансферттiк түсiмдер
2) бюджет кредиттерiн өтеу сомалары,
3) мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдер,
4) қарыздар болып табылады.
ІІ. Бюджеттiң шығыстары: шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу,
қарыздарды өтеу болып табылады.
Тақырып 2. Бюджет жүйесі.
Дәріс сұрақтары:
1. Бюджет жүйесі ұғымы, құрылу принциптері
2. ҚР бюджет жүйесінің құрылымы. Шоғырландырылған бюджет ұғымы.
3. Республикалық бюджеттің мазмұны
4. Жергілікті бюджеттер ұғымы.
5. Бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысандары
