Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ААА стандарт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.35 Кб
Скачать

Стандарт Соловьев индекісін өлшеу

Мақсаты:

  • жамбас сүйектерінің қалың-жұқалығын анықтау

Қажетті құралдар:

  • сантиметрлік лента

Алгоритм іс -әрекеттері:

  1. Қолыңды жу;

  2. Сантиметрлік лентаны ал;

  3. Қолдың білек буынның айналымын өлше. Орта шамамен ол – 14 см.

Бұл Соловьев индексі. Егер Соловьев индексі 14 см артық болса,

онда қуысы тарылады, ал 14 см кем болса, жұқалығына байланысты

оның қуысы кеңиді.

Стандарт Толғақ аралығын және ұзақтығын анықтау

Мақсаты:

  • толғақ күш – қуатын анықтау

Қажетті құралдар:

  • секундтық тілі бар сағат

Дайындық:

  • босанатын әйелге зерттеудің қажеттілігін түсіндіру;

  • әйелді таза жайма жайылған кушеткаға аяғын созып,

ішін ашып жатқыз.

Алгоритм іс - әрекеттері:

  1. Босанатын әйелдің оң жағынан бетіне қарап отыру қажет;

  2. Босанатын әйелдің ішіне жылы қолыңызды қойыңыз;

  3. Секундтық тілі бойынша толғақтың басын және аяғын байқаңыз, жатырдың тонустағы уақытын немесе толғақ ұзақтығын анықтаңыз;

  4. Қолды іштен алмай келесі толғақты күту қажет, толғақ арасындағы уақыт «үзіліс» деп аталады;

  5. Толғақтардың мінездемелерін анықтау үшін бірінен кейін бірі қайталанатын 3-4 толғақтар ұзақтығын, жиілігін, күшін ауырсыну мінездемелерін бағалау қажет;

  6. Туу тарихына көрсеткіштерді тірке.

Стандарт Кіндік бауының «біріншілік» тазалауы

Мақсаты:

  • неонатальдық кезеңде іріңді-септикалық асқынулардың алдын алу

Қажетті құралдар:

  • электро сорғыш, катетер, резеңке баллоны

  • стерильді қолғап, 2 жұмсақ қысқыш;

  • 1 % тетрациклин мазі;

  • мақта-дәке түйіршіктері, тамызғыш;

  • 70 % спирт, 1 % йодонат ерітіндісі;

  • қайшы, мақта оралған таяқша;

  • дезинфекциялық ерітінді.

Дайындық:

  1. Қолды жуып, залалсыздандыр, қолғап ки;

  2. Босану үстеліне стерильді бірінші рет тазалауға арналған пакетті аш.

Алгоритм іс - әрекеттері:

  1. Тыныс жолдарын тазала;

  • нәресте туысымен электросорғышпен немесе баллонмен

тыныс жолдарынан шырышты сор;

  1. Кіндікті бірінші өңдеу:

  • кіндік бауының пульсациясы тоқтасымен қысқыш сал

аралығы 10 см, екіншісі 8 см-дей кіндік түбінен жоғары;

  • екі қысқыш аралығын 70 % спиртке матырылған

мақта түйіршігімен сүрт;

  • залалсыздандырылған жерді қайшымен кесіңіз;

  • кіндік бауының қалдығын 1 % йодонатпен сүрт;

  • нәрестені анасына көрсет, көңілін жынысына аударыңыз,

туа пайда болған ақауларына көңіл бөл;

  1. Гонобленореяның алдын ал (стандарт бойынша)

Стандарт Кіндік бауының «екіншілік» тазалауы

Мақсаты:

  • неонатальдық кезеңде іріңді-септикалық асқынулардың алдын алу

Қажетті құралдар:

  • стерильді қолғап;

  • 1 %тетрациклин мазі;

  • 3-4 мақта түйіршігі, 3 стерильді мәрлі салфеткасы;

  • қайшы, мақта оралған таяқша;

  • Роговин скобасы (қысқыш);

  • дезинфекциялық ерітінді.

Дайындық:

  • қолды залалсыздандырып, стерильді қолғап ки;

  • «екінші» реттік кіндікті өңдеуге қажет стерильді пакетті аш.

Алгоритм іс - әрекеттері:

  1. Нәрестені жылытылған жөргектеу үстеліне жатқыз;

  2. 70 % спиртке матырылған дөңгелегімен кіндік бауын сүрт;

  3. Кіндік сақинасынан 0,5 - 0,7 қашықтықта кіндікке

Роговин скобкасын немесе пластикалық зажимді қысып сал;

  1. Қысқыштан жоғары 0,3 – 0,5 см қашықтықта залалсыздандырылған

қайшымен кіндік басын кес;

  1. Кесілген жерді йодпен сүрт;

  2. Анасы резус теріс қанды, мерзімінен бұрын босанса, ауыр жағдайда

туған нәрестелерде кіндікке жібек лигатураны кіндік сақинасынан

3–4 см ара қашықтықта салады, жоғары 0,5 см - ден кесіп йодпен тазалап, үшбұрышты таңғыш салынады

(жабық әдіс, ашық әдісі де бар - таңғышсыз).