Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ААА стандарт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45 Кб
Скачать
☆

Стандарт Жатыр мойнын қасықша айнамен тексеру

Мақсаты:

- Жатыр мойнын, қынаптың қабырғасын зерттеу

Көрнекі құралдар:

  • қасық тәрізді айна

  • қолғап

  • дезинфекциялық ерітінді

Дайындық:

  1. Әйелге тексеру қажеттілігін түсіндіру;

  2. Әйел шешініп, жайма төселген г-лық креслоға жатсын;

  3. Қолды жуып, залалсызданған қолғап киіңіз.

Алгоритм іс-әрекеттері:

  1. Сол қолдың 1 – 2 саусақтарымен ернеулерді ашыңыз;

  2. Оң қолға айнаны ал;

  3. Айнаны қынаптың артқы қабырғасы бойымен жамбастың тік өлшемімен артқы күмбезге дейін енгізіп айнаны көлденең өлшемге айналдыр;

  4. Көтергішті оң қолмен қынаптың алдыңғы қабырғасымен тік өлшеммен енгіз, содан кейін көлденең өлшемге айналдыр;

  5. Жатыр мойнын және қынапты ашыңыз. Жатыр мойнының шырышты қабаты түсіне, пішініне, өзгерістеріне, бөлінді түсіне, қынаптың шырышты қабаты түсіне, патологиялық процестерге назар аудар;

  6. Алдымен көтергішті, сосын айнаны 900 бұрып шығарыңыз;

  7. Айналарды дезинфекциялық ерітіндіге сал.

Стандарт Үш нүктеден жағынды алу

Мақсаты:

- Диагностикалық

Көрсеткіші:

- Созылмалы қабыну, цервицит, эрозия, бартолинит, бедеулік

Қажетті құралдар:

  1. Гинекологиялық айналар

  2. Шыны

  3. Фолькман қасықшасы

  4. Жолдама

Дайындық:

  1. Әйелге тексеру қажеттілігін түсіндіру;

  2. Әйел шешініп, жайма төселген г-лық креслоға жатсын;

  3. Қолды жуып, залалсызданған қолғап киіңіз;

  4. Шыныны үш бөлікке бөліп, астына латын әріптерімен белгіле: C, U, V.

Алгоритм іс-әрекеттері:

  1. Фолькман қасықшасымен зәр шығаруға дейін үрпінің артқы

қабырғасын сұқ саусақпен жеңіл массаж жасап жағынды алып,

шыныға «U» бөлігінің үстіне жақ;

  1. Қынапқа айна кіргіз;

  2. Фолькман қасықшасының екінші шетімен жатыр мойнынан

жағынды алып «C» бөлікке жақ.

  1. Келесі қасықшаны қынаптың артқы күмбезінен

жағынды алып «V» бөлігіне жақ;

  1. Жолдама толтыр, аты-жөні, участігін, мекен-жайын,

күн, ай, жылын лабораторияға жеткіз;

  1. Құралдарды залалсыздандыратын ерітіндіге сал.

Стандарт Жатыр қуысына тығын (спираль) енгізуге қажетті құралдар жинағы

Қажетті құралдар:

  1. Лоток

  2. Қасықша айна, көтергіш

  3. Корнцанг

  4. Мақта түйіршігі

  5. 1 % йодонат (бетадин, 70 % спирт)

  6. Екі тісті қысқыш

  7. Жатыр зонды

  8. Залалсыздандырылған арнайы шприц пен спираль

  9. қайшы

Көрсеткіші:

  • репродуктивті жастағы әйел

Шарты:

  1. Әйел жүктіліктің алдын алуын тілейді;

  2. Қынап тазалығы – 1-2 дәрежесі;

  3. Жыныс мүшелерінде қабыну процесі жоқ болса.

Стандарт Жатыр қуысын қыруға арналған құралдар

Қажетті құралдар:

  1. Лоток

  2. Қасықша тәрізді айна, көтергіш

  3. Корнцанг

  4. Мақта түйіршіктері

  5. Бетадин ерітіндісі (1 % йодонат)

  6. Екі тісті қысқыш

  7. Жатыр зонды

  8. Гегар кеңейткіші

  9. Кюретка (қырнағыш) № 4; № 2

Көрсеткіші:

  • жасанды түсік 12 жұмаға дейін

  • басталған шала түсік

Шарты:

  1. Әйелдің тілеуі

  2. Стационарға жатқызу

  3. Қынап тазалығы 1-2 дәрежелі

  4. Әдісті меңгерген қызметкер