Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ААА стандарт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.35 Кб
Скачать

Стандарт Нәрестенің жүрек соғысын анықтау

Мақсаты:

  • нәрестенің тіршілігін анықтау

Қажетті құралдар:

  1. Стетоскоп

  2. Сағат секундтық тілімен

Дайындық:

1. Әйелге әдістің қажеттілігін түсіндіру;

  1. Әйелді таза жайма төселген кушеткаға аяғын созып жатқызамыз.

Алгоритм әдістері:

  1. Сыртқы акушерлік тексеріс өткіз, нәрестенің орналасуын,

позициясын, түрін, алдыңғы бөлігін анықта;

  1. Стетоскоптың кең бөлігін іштің алдыңғы қабырғасына

нәрестенің арқа жағынан қойыңыз, басына жақын;

  1. Стетоскопты жылжытып, нәрестенің жүрек соғысы ең жақсы,

анық естілетін нүктені тауып ал;

  1. Сағаттың секундтық тілі бойынша немесе секундомер арқылы

нәресте жүрек соғысын 1 минөт ішінде сана;

  1. Нәрестенің жүрек соғысының жиілігін, ырғақтылығын,

анықтығын бағала (қалыпты жағдайда 120-160 рет минөтіне);

  1. Қорытындысын құжатқа жаз;

Босануда толғақ аралық тыныштықта анықталады.

Стандарт Жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу

Мақсаты:

  • жамбас қуысының сиымдылығын анықтау

Қажетті құралдар:

  1. Әйелдің шешінуін сұраймыз;

  2. Таза жайма жайылған кушеткаға жүкті әйелді арқасынан

аяғын создырып жатқызыңыз;

  1. Акушерка жамбас өлшегішті қолына алып, жүкті әйелдің

оң жағынан бетіне қарап тұрады;

  1. Жамбас сүйегінің алдыңғы жоғарғы өсінділерін тауып, жамбас

өлшегіштің түймелерін бас, аралығы - 25-26 см (дистанция спинарум);

  1. Өлшегіштің түймелерін мықын сүйектерінің қырларымен артқа қарата

жылжыт, алшақтаған нүкте аралығы - 28-29 см (дистанция кристарум);

  1. Жамбас өлшегішті сан сүйектерінің ұршық бұдырмаларының

аралығы - 30 – 31 см (дистанция трохантерика);

  1. Әйел қырымен жатып, арқасымен акушеркаға қарап жатады, төменгі

аяғы шат және тізе буындарында бүгіледі, үстіңгі аяғы созылған;

  1. Жамбас өлшегіштің түймелерін сол қолмен сегізкөз ойығына,

оң қолмен қасағаның үстіңгі қырының ортасына

қояды, аралығы - 20 – 21 см (сыртқы конъюгата)

  1. Өлшеу көрсеткішін төл құжатқа толтыр.

Стандарт Бала жолдасының ажырау белгілерін анықтау

Мақсаты:

  • босанудың III кезеңіндегі асқынулардың алдын алу

Қажетті құралдар:

  1. Катетер

  2. Лоток

  3. Қысқыш, корнцанг

Дайындық:

  • III кезеңде бала жолдасының бөліну белгілерін бақылап күт;

  • зәрді катетермен шығар.

Шредер белгісі:

  • нәресте туылысымен жатыр пішіні дөңгелек, түбі кіндік тұсында болады;

  • плацента ажырағанда, жатыр түбі кіндіктен

жоғары көтеріліп оң жаққа қарай ауытқиды.

Альфельд белгісі:

  • кіндік бауына жыныстық саңлау тұсында салынған лигатура

не қысықыш плацента ажырағанда 8 – 10 см-ге төмен түседі.

Кюстнер – Чукалов белгісі:

  • алақан қырымен қасағадан жоғары басқанда плацента ажыраса

кіндік бауы қозғалмайды, ажырамса ішке қарай тартылады.

Довженко белгісі:

  • әйелден терең дем алуды сұраймыз, егер кіндік бауы қынапқа

тартылмаса, онда плацента жатырдан ажыраған.

Клейна белгісі:

- әйелге күшенуін сұраймыз, егер кіндік бауы қынапқа

тартылмаса, онда плацента жатырдан ажыраған.