Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ААА стандарт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.35 Кб
Скачать

Стандарт Аралық жарақатына тігіс салу

Қажетті құралдар:

  1. Залалсыздандырылған лоток

  2. Ине ұстағыш

  3. Ине

  4. Кетгут, жібек жіп

  5. Қайшы

  6. Пинцет

  7. 1 % йодонат ерітіндісі, мақта түйіршіктері

  8. Корнцанг

Көрсеткіші:

  • аралықтың I – II дәрежелі жыртылуы.

Шарты:

  • жарақаттан кейін арасы 6 – 8 сағат;

  • жарақаттың қабыну процесі басталмаған.

Стандарт

Екі қолмен тексеру

Мақсаты:

- Ішкі жыныс мүшелерін анықтау.

Дайындық:

1. Тексеру мақсатын әйелге түсіндіріу;

2. Гинекологиялық креслоға шешініп жатуын сұраймыз;

  1. Залалсыздандырылған қолғап киіңіз.

Алгоритм іс-әрекеттері:

  1. Сыртқы жыныс мүшелерін қараңыз;

  2. Сол қолыңыздың 1 және 2 саусақтарымен ернеулерді ашыңыз;

  3. Оң қолдың 2 – 3 саусағын қынапқа енгіз, бас бармақ шат сүйегіне тіреледі, 4 – 5 саусақтар бүгілген, қол сыртқы бұтаралыққа тіреледі;

  4. Сол қолыңызды құрсақтың сыртынан жамбас қуысына қарай жылжыт;

  5. Қынап ішіндегі саусақтар артқы күмбезіне жетіп екі қол саусақтары түйісіп жатыр денесін, пішінін, орнын, өлшемін, тығыздығын анықта;

  6. Осыдан кейін жатырдың қосалқы бөлшектерін анықтауға қолдарыңызды сол және оң бүйіріне ауыстырасыз. Қалыпты жағдайда жатыр қосымшалары анықталмайды;

  7. Соңында кіші жамбас қуысын, түбін анықтайсыз.

Стандарт

Тығын енгізу әдісі

Мақсаты: - емдеу

Көрсеткіші:

- эндоцервицит, параметрит, эрозия.

Қажетті құралдар: 1. Қолғап

  1. Айналар

  2. Корнцанг

  3. Мақта түйіршіктері

  4. «Қызыл май», «Вишневский майы»

Дайындық:

  1. Әйелге емдеудің қажеттілігін түсіндіру;

  2. Қолды залалсыздандырып, қолғап кию;

  3. Қынапқа айнаны, көтергішті кіргіз;

  4. Қынап ішін тазалау керек.

Алгоритм іс-әрекеттері:

  1. Мақта түйіршігін корнцангпен ұстап, тағайындаған майға батыр;

  2. Майлы тығынды қынапқа айна үстінен енгіз;

  3. Қасықша айнаны шығар, тығынды корнцангпен ұста, түсіп кетпесін;

  4. Әйелге 10-12 сағаттан соң тығынның ұшынан тартып шығаруын

еске сал;

  1. Айналарды дезинфекциялық ерітіндіге сал.

Стандарт Артқы күмбезге пункция жасау

Қажетті құралдар:

  1. Залалсыздандырылған лоток

  2. Корнцанг

  3. Қасықша айна, көтергіш

  4. Мақта-дәке түйіршіктері

  5. Қос тісті қысқыш

  6. Пункцияға арналған ине

  7. Шприц 20,0

  8. 0,5 % - 1000 новакаин ерітіндісі

  9. 70 % - 30,0 спирт

  10. 5,0 – 10,0 флакон

Көрсеткіші:

- іш қуысында қан, іріңнің жиналуы

Стандарт Жатыр мойнын айнамен зерттеу

Мақсаты:

- Жатыр мойнын, қынап қабырғасын қарау

Көрнекі құралдар:

  • Куско айнасы (қасық тәрізді айна)

  • Стерильді қолғап

  • Дезинфекциялық ерітінді

Дайындық:

  1. Әйелге тексеру қажеттілігін түсіндір;

  2. Әйел шешініп, жайма төселген гинек-лық креслоға жатсын;

  3. Қолды жуып, залалсызданған қолғап киіңіз.

Жатыр мойнын Куско айнасымен тексеру

Алгоритм іс-әрекеттері:

  1. Сол қолдың үлкен және сұқ бармағымен үлкен ернеулерді ашыңыз;

  2. Айнаны оң қолға жабық түрінде ал;

  3. Айнаны бүйірімен қосылған жағдайда қынап ішіне кіргіз,

тік өлшемінде, ақырындап көлденең өлшемге 90 0 айналдыр;

  1. Назар аударыңыз: жатыр мойны шырышты қабатының түсіне,

патологиялық процестің бар болуын, пішініне, сыртқы өзек тесігіне,

бөліндіге мінездеме бер;

  1. Айнаны шығарарда қақпақтарын қосып, 90 0 бұрып шығару керек;

  2. Айнаны дезинфекциялық ерітіндіге сал.