Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден құжаттары.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
269.82 Кб
Скачать

2.1. Қазақстан Республикасындағы декларациялаудың алдын ала және мерзімдік декларациялау түрлері.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеуде Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің нормаларымен бекітілген тауарлар мен көлік құралдарын мерзімдік декларациялау және алдын ала декларациялау тиімді қолданылуда. Тауарлар мен көлік құралдарын мерзімдік және алдын ала декларациялауда көптеген ережелерді сақтау қажет.

Алдын ала декларациялауда, егер декларант тауарларды кедендік ресімдеу үшін қажетті құжаттарды берсе, тауарларға қатысты жүктің кедендік декларациясы тауарлар межелі кеден органына табыс етілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен ерте берілмеуі мүмкін. Кедендік төлемдер және салықтар кедендік декларацияны кеден органына бергенге дейін немесе коммерциялық құжаттарды пайдаланылуға тиіс болса, кеде органы осы құжаттардың декларант куәландырған көшірмелерін немесе осы құжаттардан алынған мәліметті қабылдайды және тауарлар келгеннен кейін көрсетілген мәліметтерді құжаттардағы мәліметтермен салыстырады. Егер алдын ала декларацияны тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оны қабылдаған кеден органына тауарлар берілмесе, жүктің кедендік декларациясының күші жойылуға жатады.

Тауарларды алдын ала декларациялаған кезде кеден органы жүктің кедендік декларациясын тіркеген күні қолданыста болған нормативтік құқықтық актілер қолданылады. Бұрын мәлімделгеннен өзгеше құндық, сан немесе салмақ көрсеткіштері өзгерген жағдайда, тауардың құны, саны немесе салмағы өзгергенін растайтын құжаттар, яғни коммерциялық актілер, сауда-өнеркәсіп палатасының актілері міндетті түрде ұсынылады. Егер тауарлар келгеннен кейін бұрын мәлімделгеннен өзгеше құн, сан немесе салмақ көрсеткіштері сәйкес келмейтіндігін анықтаса, декларант жүктің кедендік декларациясынқайтарып алуға құқылы.

Алдын ала декларациялау ресімін қолдану кезінде кеден органының арнайы рұқсаты талап етілмейді. Тауарлардыалдын ала декларациялау рәсімін қолдану кезінде кеден декларациясын толтыру тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Алдын ала декларациялау тауарлар мен көлік құралдарын жүк келгенге дейін күнтізбелік отыз күнде ресімдеуге мүмкіндік береді. Бұл көрсетілген кедендік декларациялау жүктерді уақытша сақтау қоймасына орналастырусыз тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеуді қосымша шығындарсыз жүргізуде жеңілдіктер жасайды. Алдын ала декларациялауда сонымен қатар мерзімдік декларация қолданылады.

Бір тұлға бір тауарларды кедендік шекарасы арқылы тұрақты түрде өткізген кезде кеден органы белгілі бір уақыт ішінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарларға қолданылады.

Бір тұлға бір тауарларды кедендік шекара арқылы тұрақты түрде өткізген кезде кеден органы белгілі бір уақыт кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарларға мерзімдік кеден дікдекларация қолданылады. Егер тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірдей жіктеу коды болса, олар бірдей тауарлар ретінде қарастырылады. Бір тұлға күнтізбелік отыз күн ішінде бір тауардың үш және одан да артық жеткізілімін жүргізсе, ондай тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы бір тұлға түрде өткізетін тауарлар ретінде қарастырады . Кедендік мақсат үшін, жекелеген жеткізілімдердің санына қарамастан , бір сыртқы сауда шарты (келісім-шарт) бойынша күнтізбелік отыз күн ішінде бір өткізу бекеті арқылы өткізілетін және бір кеден органында кедендік ресімдеу жүргізілетін бірдей тауарлар біртұтас тауар легі ретінде қарастырылады. Кедендік төлемдер және салықтар мерзімдік кедендік декларация тіркелгенге дейін немесе тіркелген күні төленеді.

Мерзімдік декларациялау рәсімін қолдану арқылы тауарларды кедендікресімдеу кезінде кеден органы мерзімдік кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері қолданылады. Мерзімдік декларациялау жеткізілім кезеңі басталғанға дейін мерзімдік кедендік декларация беру арқылы жүргізіледі. Бұл орайда мерзімдік кедендік декларация тауарлардың біртұтас легіне толтырылады. Мерзімдік декларациялау рәсімі қолданылып тауарлар өткізілген жеткізілім кезеңі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, әкелінген немесе әкетілген тауарлардың нақты саны есепке алып толтырылған жүктің толық кедендік декларациясы беріледі. Тауарлар мерзімдік кедендік декларацияда мәлімделген көлемнен өзгеше көлемде әкелінген жағдайда, жүктің толық кедендік декларциясы әкелінген тауарлардың нақты саны есепке алынып толтырылады. Мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып тауарларды кедендік ресімдеу тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

Мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалануға рұқсат алу үшін мүдделі тұлға кеден органына мынадай мәліметтерді:

1) тауардың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша жіктеу коды көрсетілген атауын;

2) тауарлардың күнтізбелік бір ай ішінде өткізілетін болжамды жиілігі мен көлемін;

3) тауарлар шығарылған елді;

4) сыртқы сауда шартының немесе соның негізінде тауарларды кедендік ресімдеу жүргізілетін өзге де құжаттардың деректемелерін ( күні мен нөмірін);

5) тауарлардың шамамен алынған кедендік құнын;

6) тауарларды әкелген кезде-жіберушінің, әкеткен кезде тауарларды алушының (немесе сатып алушының) атауын;

7) әкеткен кезде-тауарларды әкету жүзеге асырылатын кедендік өткізу бекетін көрсетіп, тауарды өткізетін тұлғаның басшысы қол қойған еркін нысандағы, өтініш береді.

Өтініш түскен кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде кеден органы өтінішті қарауға тиіс. Әкелінетін тауарларға қатысты рұқсат тауарларды жіктеуге байланысты алдын ала шешім қабылданған жағдайда беріледі.

Рұқсат:

– болжамды өткізілетін тауарлар мерзімдік декларациялау рәсімдерін пайдалану талаптарына сәйкес келмеген кезде;

– кедендік төлемдер және салықтарды төлеу бойынша берешегі бар тұлғаларға берілмейді.

Рұқсат сыртқы сауда шартының немесе соның негізінде тауарларды кедендік ресімдеу жүргізуге негіз болатын өзге құжаттардың қолданылу мерзіміне беріледі. Рұқсат тұлғаның кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешегі болған және мерзімдік декларациялау ресімдерін пайдалану талаптарын сақтамаған жағдайда қайтарып алынуы немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұруы мүмкін[16].

Осы көрсетілген кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрлері тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау қоймаларына орналастырусыз, қысқа мерзімде ресімдеуге мүмкіндік береді. Мұндай кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрлері қазіргі кезде көптеген жақсы нәтижелер беруде. Мысалға айтатын болсақ, жүктің кедендік декларациясын ресімдеу саны жалпы жүктің кедендік декларациясының көлемінен бір күн жұмыс ішінде тоқсан пайыз құрайды.

Қазақстан Республикасындағы кедендік ресімдеудегі жетістіктерді айтатын болсақ, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кеден брокерлеріне кедендік декларациялаудың электронды декларациялау жүйесі енгізілді. Сонымен қатар 2004-2006 жылдарға арналған кеден қызметін дамыту Бағдарламасына сәйкес Ақтөбе қаласында кедендік ресімдеу орталығы ашылды. Кедендік ресімдеу орталығы Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың кедендік ресімдеуден өту шартын жеңілдетеді. Бұл жаңа база объектісінде жаң электронды декларация жиынтығы, сонымен қатар хабарлау, қатынас құралдары қолданылады. Бұл орталық кедендік ресімдеуді екі есе тез жүргізуге көмек теседі[17].