- •I. Кедендік ресімдеудің түсінігі мен жүргізілу тәртібі
- •1.1. Кедендік ресімдеу үшін қажетті құжаттар мен декларация түсінігі.
- •1) Еркін айналыс үшін тауарлар шығарудың кедендік режимі:
- •2) Тауарлар экспортының кедендік режимі:
- •3) Тауарлар кері импортының кедендік режимі:
- •4) Тауарлар транзитінің кедендік режимі:
- •8) Кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеудің кдендік режимі:
- •9) Тауарларды және көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі:
- •13) Еркін қойманың кедендік режимі:
- •14) Тауарлар кері экспортының кедендік ржимі:
- •17) Арнайы кедендік режим:
- •1.2. Кеден брокері және оның қызметі мен міндеттері.
- •Кеден брокерінің міндеттері:
- •1) Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау;
- •II. Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрін жетілдіру.
- •2.1. Қазақстан Республикасындағы декларациялаудың алдын ала және мерзімдік декларациялау түрлері.
- •III. «Талдықорған» кеден бекетіндегі кедендік ресімдеу бөлімі
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
II. Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрін жетілдіру.
Қазақстан Республикасында тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрін жетілдіру арта түсуде.Осыған сәйкес экспортерлар импортерларға жеңіл режим түрі ұсынылады.Осыған орай Кедендік бақылау агенттігі 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап тәуекелді басқару жүйесін енгізді. Қазақстан Республикасының Кеден кодексін қабылдағаннан бастап Кедендік бақылау агенттігі тәуекелді басқару жүйесін құруды аяқтады. Атап көрсетілгендей, тәуекелді басқару жүйесі Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды екі топқа бөледі: сенімді қатысушылар және потенциалды төлеушілерге. Осыған сәйкес Кедендік бақылау агенттігі қатаң тексеру жүйесінен кеден бекеттерінде бақылау жүйесіне ауысты, сонымен қатар, көптеген кеден басқармаларында Сыртқы экономикалық қатысушылар үшін кедендік ресімдеудің «жасыл» және «сары»залдары бекітілді. Бұл халықаралық тәжірбиеде жалпылама қабылданған жобада жүкті кедендік ресімдеу көбінесе Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың беделділігіне және олардың кеденшілермен қарым-қатынасына байланысты. Жасыл ресімдеу залы кедендік ресімдеудің ең төменгі рәсімінен өтсе, ал «сары» ресімдеу залы потенциалды төлеушілердің жүктері барлық кедендік тексеру рәсімінен өтеді. Бұл бағдарламаны және тәуекелді басқару жүйесінің негізгі қағидаларын 2006 жылы әзірлеуді жоспарлап отыр.
Кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрі Сыртқы экономикалық қатысушылардың, бизнесмендердің ақшасы мен уақытын жоғарғы сатыда үнемдеуге қолайлы жағдай жасайды. осы орайда өздерінің жүктерін қолайлы жағдай режиміне әкелгендерді не күтіп тұр ? деген сұрақ туындайды. Ең алдымен бұл тұлғаларға барлық кедендік ресімдердің сатыларынан басымдылық тәртіпте, қысқаша айтқанда кезексіз кедендік ресімдеуден өткізіледі. Ал кедендік құжаттарды ресімдеу мерзімі кеден декларациясын берген кезден бастап бір күн ішінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар ешқандай шығынсыз «өздерінің шекараларында» уақытша сақтау орнын құруға жеңілдіктер алады. Бұндай Сыртқы экономикалық қатысушылар қатарына аймақтық екі жыл ішінде кеден заңдарын сақтап, ешқандай құқық бұзушылық жасамаған тұлғалар жатады. Аталған тұлғалар өздерін жақсы жағынан көрсеткен жағдайда, оларға марапат ретінде кедендік ресімдеу жеңілдетіліп, ал тексерулер таңдамалы түрде жүргізіледі.
Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің жеңілдетілген тәртібі кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатуды және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбауды көздейді. Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарларды декларациалауды жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы олардың жүруі кезінде тауарларды бір мезгілде ауызша немесе конклюденттік нысанда кеден органына табыс ете отырып жүзеге асырылады. Иесімен бірге жөнелтілмейтін қол жүгін әкелу кезінде өткізудің жеңілдетілген тәртібін қолданудың міндетті шарты жеке тұлғаның өту фактісін растайтын жолаушылардың кедендік декларациясын кеден органына табыс ету болып табылады. Жеке тұлғаның қол жүгінде немесе иесімен бірге жөнелтілетін қол жүгінде жазбаша декларациялауға жататын тауарларды жоқ тұлғалардың өтуіне арналған арнайы белгіленген орын арқылы өткізу, көрсетілген тұлғада жазбаша декларациялауға жататын тауарлардың жоқ екендігі туралы кеден органына берілген өтініш ретінде қаралады.
Ерекше жағдайларда кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган декларациялаудың конклюденттік нысанын қолдануға шектеулер белгілеуге құқылы. Мұндай шешім өткізу пунктінде қалыптасқан шұғыл жағдайды, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін қандайда бір тұлғалар санатының ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қабылданады. Тауарларды жеңілдетілген тәртіппен өткізген кезде, Қазақстан Республикасының кеден заңдарын сақтау үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда, кеден органдары көлік құралдарынан шықпай кедендік рәсімдерден өтуге мүмкіндік береді.
Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарларды декларациялау жолаушылардың кедендік декларациясын толтыру, сондай-ақ тауарларды өткізуші дамның жеке басын, тауарлардың құнын, шығарылған елін, тарифтік емес реттеу шараларының сақталғандығын растайтын құжаттарды көрсету арқылы тауарларды бір мезгілде кеден органына табыс ете отырып жүргізеді. Жеңілдетілген тәртіппен декларациялау кезінде тауарлардың кедендік құны кассалық немесе чектерде немесе бөлшек сауда – саттықта пайдаланылатын және тауарларға ақы төленгендігін растайтын өзге де құжаттарда аталған тауарлардың бағасы туралы мәліметтердің негізінде айқындалады. Тауарлардың құнын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, кеден органы жолаушылардың кедендік декларациясында мәлімделген тауарлардың кедендік құнын кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуге негіз ретінде қабылдайды. Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарларға тауарларды өткізу кезінде төленуге жататын кедендік төлемдер және салықтар қолданылады[14].
Кедендік төлемдерді және салықтарды жеке тұлғалар тікелей тауарларды декларациялау кезінде төлейді. Бұл ретте, кеден органы лауазымды адамы, толтыру тәртібін, нысанын және есебін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын, қатаң есептілік бланкісі болып табылатын кедендік кіріс ордерін ресімдеуді жүргізеді. Егер әкелінетін тауарларды кедендік ресімдеу жеке тұлғаның кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мүмкіндігінің болмауынан немесе тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын растайтын құжаттардың болмауынан дереу аяқтау мүмкін болмаса, оларды тасымалдаушы тұлғаның тілегі бойынша тауарлар:
1) Қазақстан Республикасы кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге дереу қайта әкетілуі;
2) Уақытша сақтау қоймасына орналастырылуы;
3) Межелі кеден органында кейіннен кедендік ресімдеу үшін тауарлар жеткізудің ішкі кедендік транзит рәсімдері жөніндегі шарттарын сақтай отырып, межелі кеден органына жеткізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жеңілдетілген тәртіппен өткізілген тауарлар тек еркін айналым үшін тауарлар шығару, тауарлардың экспорты немесе тауарлардың транзиті режимдеріне ғана мәлімделеді. Жеке тұлғалар тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің жеңілдетілген тәртібін қолданудан бас тартуға құқылы[15].
