- •I. Кедендік ресімдеудің түсінігі мен жүргізілу тәртібі
- •1.1. Кедендік ресімдеу үшін қажетті құжаттар мен декларация түсінігі.
- •1) Еркін айналыс үшін тауарлар шығарудың кедендік режимі:
- •2) Тауарлар экспортының кедендік режимі:
- •3) Тауарлар кері импортының кедендік режимі:
- •4) Тауарлар транзитінің кедендік режимі:
- •8) Кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеудің кдендік режимі:
- •9) Тауарларды және көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі:
- •13) Еркін қойманың кедендік режимі:
- •14) Тауарлар кері экспортының кедендік ржимі:
- •17) Арнайы кедендік режим:
- •1.2. Кеден брокері және оның қызметі мен міндеттері.
- •Кеден брокерінің міндеттері:
- •1) Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау;
- •II. Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрін жетілдіру.
- •2.1. Қазақстан Республикасындағы декларациялаудың алдын ала және мерзімдік декларациялау түрлері.
- •III. «Талдықорған» кеден бекетіндегі кедендік ресімдеу бөлімі
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Кеден брокерінің міндеттері:
1) Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау;
2) кеден органының талабы бойынша декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдарын көрсету;
3) кеден органына кеден мақсаттары үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді табыс ету;
4) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тауарлар мен көлік құралдарына қатысты есеппен есептілікті жүргізу;
5) кеден брокерінің штатында тұратын кедендік ресімдеу жөніндегі мамандардың талаптарды сақтауына бақылау жасау;
6) кеден органына кеден брокерінің штатында тұратын кедендік ресімдеу жөніндегі мамандар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы тұлғалардың жеке нөмірлік мөрлері мен қолдарының үлгілерін ұсыну;
7) өкілдік беруші тұлғадан алынған кедендік мақсаттар үшін құжаттар мен мәліметтердің сәйкестігін тексеру;
8) кеден органдарының талабы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде қатысу және кеден органдарының лауазымды адамдарына кедендік ресімдеуді жүргізуде жәрдем көрсету;
9) кедендік төлемдерді және салықтарды дұрыс есептеу;
10) егер бұл өкілдік беруші тұлғамен жасалған шартта көзделсе, декларациялайтын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу;
11) кедендік төлемдердің және салықтардың төленгендігін растайтын төлем құжаттарының кеден органына ұсынылуы қамтамасыз ету;
12) кедендік ресімделуі аяқталған тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану мен иеленуге арналған шарттар мен шектеулерді тауарлар мен көлік құралдары шығарылғанға дейін не оларды таңдалған кедендік режимге сәйкес өкілдік беруші тұлғаның билігіне бергенге дейін сақтау;
13) өкілдік беруші тұлғалар мен жасалған шарттардың тізілімін жүргізу;
14) кеден органының талабы бойынша брокерлік қызмет көрсетуге жасалған шарттарды ұсыну болып табылады.
Кеден брокерінің кеден органдарының алдындағы міндеті өкілдік беруші тұлғамен жасалған шартпен шектелмеуге тиіс. Жекелеген кеден брокері үшін жеке сипаттағы жеңілдіктер, ерекше құқықтар және өзге де артықшылықтар беруге тыйым салынады[11].
Кеден декларациясын бергенге дейін немесе оны мен бір мезгілде төленуге тиіс кедендік төлемдердің және салықтардың төленбегені үшін кеден брокері өкілдік беруші тұлғамен жасалған шартқа сәйкес жауапты болады.
Заңды тұлға кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру үшін мынадай біліктілік талаптарына:
1) кеден брокері қызметінің әрбір филиалының штатында белгіленген тәртіппен кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алған кедендік ресімдеу жөніндегі маманның болуына;
2) кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдердің болуына;
3) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу бойынша делдалдық қызмет көрсетуге байланысты өкілдік беруші тұлғалардың мүліктері мен мүдделеріне зиян келтіргені үшін кеден брокерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартына сай болуға тиіс.
Заңды тұлға кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғаннан кейін осындай қызметті босатуға құқылы.
Лицензия алу үшін:
1) заңды тұлғаның белгіленген нысаны бойынша өтініш;
2) өтініште көрсетілген мәліметтерді және өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар, атап айтқанда:
а) тіркеу құжаттарының нотариат куәландырылған көшірмелерін;
б) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
3) лицензия бергені үшін алым төленгендігін растайтын құжаттар;
4) егер заңды тұлға шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, салық органының заңды тұлғаны шағын кәсіпкерлік субъектісі деп тану туралы растауын ұсыну қажет.
Лицензия беру туралы өтінішті қарау кезінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттарды сұратып алуға құқылы.
Кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган:
1) көрінеу дұрыс емес мәліметтер табыс еткен;
2) бір жылдың ішінде бірнеше рет кеден ісі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған;
3) біліктілік аттестаты жоқ маманның, біліктілік аттестаты қайтарып алынған маманның немесе біліктілік аттестатының қолданылуы сот шешімі бойынша тоқтатыла тұрған не бұл қызметпен айналысу құқығынан айрылған маманның қызметтері пайдаланылған;
4) бұрын лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылмаған;
5) лицензиаттың брокерлік қызмет көрсету жөніндегі қызметпен шұғылдануына сот тыйым салған жағдайларда лицензияны қайтарып ала алды.
Қайтарып алу туралы шешім мұндай шешімді негіздей отырып не кеден органының дәлелді ұсынысының негізінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының бқұйрығымен рәсімделеді.
Лицензияны қайтарып алу осы туралы шешім қабылданған күннен бастап қолданылады. Лицензия қайтарып алынған жағдайда кден брокері шешімді алған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей оны кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қайтаруға міндетті. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия беру туралы қайталап берген өтініш оны қайтарып алуға негіз болған себептер жойылған жағдайда лицензияны қайтарып алу туралы шешім шығарылған күннен бастап екі жыл өткеннен кейін қаралуы мүмкін. Шағаын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны қайтарып алу соттың шешімі бойынша жүргізіледі.
Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның тоқтатылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензия қайтарып алынған;
2) кеден брокері қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) кеден брокері кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жазбаша нысандағы тиісті өтінішін ұсына отырып, кедендік қызмет көрсету жөніндегі қызметін тоқтатқан жағдайларда лицензияның қолданылуы тоқтатылады.
Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны қолданылуы тоқтатылған жағдайда, заңды тұлға өзі кеден брокері ретіндегі қызметті тоқтатқанға дейін қабылданған барлық міндеттемелерді орындауға міндетті. Кден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешім лицензияның қолданылуын тоқтату себептері көрсетіле отырып, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді. Лицнзияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда, оның қолдануын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде лицензия кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.
Лицензияға енгізілмейтін, лицензия алуға арналған өтініште көрсетілген кеден брокері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, кеден брокері өзгерістер болған кезден бастап бір ай мерзімде бұл туралы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді[12].
Кедендік ресімдеу жөніндегі маман Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның біліктілік аттестаты бар маманның кеден брокерінің атынан кедендік ресімдеу жөніндегі іс-әрекеттерді жүргізуге құқығы бар. Кеден брокері мен кедендік ресімдеу жөніндегі маманның арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалатын жеке еңбек шартының негізінде құрылады.
Кедендік ресімдеу жөніндегі маман кеден брокері жеке еңбек шартын жасасқан кезден бастап кеден брокерінің атынан кедендік ресімдеу жөніндегі іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы. Мұндай шарт бұзылған жағдайда, кеден брокері үш күн ішінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органды хабардар етуге міндетті. Бір маманның екі және одан да көп заңды тұлғалардың штатында бір мезгілде кедендік ресімдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
Кеден брокері кедендік ресімдеу жөніндегі маманның кеден органдарының алдындағы міндеттерін шектей алмайды. Өтініштерді қарау және біліктілік аттестатын беру тәртібін, кедендік ресімдеу жөніндегі мамандарға жүргізілетін аттестаттау тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган кедендік ресімдеу жөніндегі мамандардың тізілімін жүргізеді.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) кеден ісін құқықтық реттеу елеулі түрде өзгерген жағдайда, маман өз білімінің жаңа талаптарға сәйкестігін бір ай мерзімде дәлелдей алмаса;
2) егер маманның қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында бір ай мерзімде аттестаттау өткізу кезінде маман аттестаттаудан өтпесе, аттестаттың қолданылуын екі ай мерзімге дейін тоқтата тұра алады.
Аттестаттың қолданылуы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығы бойынша, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган көздеген тәртіппен аттестаттаудан өткеннен кейін жаңғыртылады.
Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылатын маманның қызметіндегі жолсыздықтарды анықтаған кеден органы бұл туралы кеден ісі мәселелері жөніндегі органға дереу хабарлайды.
Егер:
1) кедендік ресімдеу жөніндегі маман алты айдың ішінде кеден ісі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бірнеше рет бұзса;
2) аттестат өтініш беруші ұсынған, аттестат беру туралы шешім қабылдау үшін елеулі мәні бар толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер негізінде берілсе, сондай-ақ егер аттестат өтініш берушіге беру тәртібі бұзыла отырып берілсе, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын қайтарып ала алады. Біліктілік аттестатын беру туралы қайталап берілген өтініш ол қайтарып алынған күннен бастап алты ай өткен соң, осыған негіз болған себептер жойылған жағдайда қаралуы мүмкін. Біліктілік аттестатын қайтарып алу, жарамсыз деп тану немесе оның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдануға болады. Кеден брокерінің өкілдік беруші тұлғадан алған ақпаратты тек кедендік мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін. Өкілдік беруші тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге жол берілмейді[13].
