Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден құжаттары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
269.82 Кб
Скачать

1.1. Кедендік ресімдеу үшін қажетті құжаттар мен декларация түсінігі.

Кедендік ресімдеуді жүзеге асыру үшін тауарлар мен транспорттық көлік құралдарын алып өтуші тұлғалар және кеден органдарына құжаттар мен мәліметтерді мәлімдеуші декларанттар Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің нормативтік актілеріне бекітілген құжаттар тізімін және тәртібін көрсетуге міндетті. Кедендік ресімдеуге қажетті құжаттар тізімі көбінесе тауарлардың әкелуіне немесе әкетілуіне, таңдалған кеден режиміне, сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауар кодына байланысты болады.

Кедендік ресімдеуге қажетті құжаттар тізімі:

1) Ресімделетін тауардың коммерциялық құжаты:

– сату-сатыпалу туралы келісім шарт;

– айырбас келісім шарты;

– шақыру;

– хат (гуманитарлық көмек).

2) Тауардың құнын айқындайтын құжаттар:

– тауар партиясының шот фактурасы;

– спецификация (өзіндік құн)

Транспорттық тауар құжаттары:

– коносамент (капитан қолхаты);

– тауарды буып-тию қағазы;

– қол жүгімен жүкті жеткізудегі қол жүгінің тізімі;

– қол жүгінің квитанциясы;

–жүкті тиеу актісі;

– халықаралық автомобиль жүк құжаттамасы;

– әуе жүк құжаттамасы;

– темір жол жүк құжаттамасы.

Тауарларды кеден органына жеткізгенде жасалатын кедендік

ресімдеуге қажетті құжаттар:

– банк кепілдігі;

– уақытша декларация.

Тауарларды жеткізуді бақылау құжаттары:

а) ішкі тауар транзитінің декларациясы;

б) МДП кітапшасы (CARNEТ TIR);

в) кеден тасымалдаушысының тіркеу карточкасы мен лицензиясы.

Кеден төлемдерін төлегендігін айқындайтын құжаттар:

– төлемақы тапсырысы;

– төлемді аудару туралы арыз;

– квитанция.

Керекті жағдайда тауардың шыққан елі туралы сертификат:

– ТМД мемлекеттерінің кеден территориясынан тауардың шыққандығын айқындайтын “СТ-1” нысаны бойынша тауардың шыққан елі туралы сертификат;

– “А” нысаны бойынша тауарды дамушы және дамыған мемлекеттен шыққандығын айқындайтын құжаттар.

Тауарды жіберуші мен алушының арасындағы есептеуді айқындайтын құжаттар:

– егер төлемдер келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының валютасымен өндірілсе – төлемақы тапсырысы;

– егер төлемдер келісім шарт бойынша шетел валютасымен өндірілсе – төлемді аудару туралы арыз.

Барлық көрсетілген құжаттар негіздемесі ретінде немесе көшірмесі түрінде берілуі тиіс Қазақстан Республикасының кеден органдарының келісімімен көрсетілген құжаттар кеден органдарының лауазымды тұлғалары игерген шетел тілімен жасалуы мүмкін[4].

Декларация дегеніміздің өзі – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтерді мәлімдеуді айтамыз.

Декларациялау кеден органына тауарлар туралы, олардың кедендік режимі туралы дұрыс мәліметтерді және кедендік мақсаттар үшін қажетті басқа да мәліметтерді белгілеген нысан бойынша жазбаша, ауызша, электрондық мәлімдеу жолымен жүргізіледі. Кедендік декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу және алу, кедендік статистикасы қалыптастыру және Қазақстан республикасының кеден заңдарын қолдану мақсаттары үшін қажетті мәліметтермен ғана шектеледі.

Тауарларды декларациялау кезінде кедендік декларациялардың мынадай түрлері қолданылады:

1) жүктің кедендік декларациясы;

2) жолаушының кедендік декларациясы.

Жүктің кедендік декларациясы – декларант беретін және тауарлар мен көлік құралдары туралы, олардың кедендік режимі туралы мәліметтерді және кедендік мақсат үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын құжат. Жүктің кедендік декларациясы мынадай жағдайларда, егер:

1) тауардың декларацияланатын легінің кедендік құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тоқсан айлық есептік көрсеткіштен асса;

2) тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары белгіленсе.

Жолаушының кедендік декларациясы – кеден кодексте көзделген оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіпті қолданып, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке тұлға толтырып, кеден органына беретін құжат. Кедендік декларациялардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарларға жүктің кедендік декларациясы тауарды межелі кеден органына табыс ету күнін қоса есептегенде күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей беріледі. Егер жүктің кедендік декларациясын беру мерзімінің аяқталуы кеден органының жұмыс істелмейтін күніне келсе, кеден органының одан кейінгі жұмыс күні осы мерзімнің аяқталу күні болып саналады. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін тауарларға жүктің кедендік декларациясы оларды нақты әкетуге дейін беріледі. Декларанттың дәлелді өтініші бойынша кеден органы жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзартады. Жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзарту әкелінетін тауарларға кедендік төлемдердің және салықтардың төленуі қамтамасыз етілген жағдайда кедендік ресімдеу жүргізілетін кеден органдарына жүктеледі. Жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзарту тауарларды уақытша сақтау мерзімін бұзуға әкеп соқпауға тиіс[5].

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретінде есепке қою кезінде ресімделетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушының санатын және кеден органдарында есептік тіркелгенін растайтын құжат болып табылады. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасын кеден органы мынадай құжаттарды:

1) заңды тұлғалар – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін немесе оның құрылымдық бөлімшесі үшін есептік тіркеу куәлігін;

статистикалық басқарма беретін статистикалық карточканың көшірмесін;

салық органы берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;

2) декларациялау кезінде жүктің кедендік декларациясы қолданылуға тиіс тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шкарасы арқылы өткізуді жүзеге асыруға ниеттенген жеке тұлғалар:

– жеке тұлғаның жеке куәлігі;

– салық органы берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;

– егер жеке тұлғаның банкте шоты болса, банк шотының ашылғаны туралы банктен алынған анықтаманы тапсырған жағдайда бір жұмыс күні ішінде береді.

Есепке алу үшін табыс етілетін құжаттардағы мәліметтер өзгерген кезде, декларант өзгерген мәліметтерді растайтын құжаттарды сыртқы экономикалық қызметке қатысушысының есеп карточкасын берген кеден органына күнтізбелік он бес күн ішінде табыс етуге міндетті.

Тауарларды декларациялау кезінде құжаттар беру.

Жүктің кедендік декларациясын беру кеден органына оның электрондық көшірмесін және кедендік мақсат үшін қажетті құжаттарды тапсырумен қатар жүргізілуге тиіс. Жүктің кедендік декларациясының электрондық көшірмесінің құрылымын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Егер тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін құжат міндетті болып, табылса, кедендік декларацияны тексеру мерзімінің ішінде декларант салық органына тиісті құжат беру туралы міндеттеме табыс ете отырып, мәлімдеген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмесін беру мүмкін. Жекелеген құжаттар декларанттың дәлелді өтініші бойынша көрсетілген мерзімде табыс етілмейтін жағдайда кеден органдары осындай құжаттарды алу үшін қажетті мерзімде бірақ кедендік декларацияны тіркеуден кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай құжаттарды табыс ете отырып олардың көшірмесін беруге рұқсат етіледі. Декларант белгіленген мерзімдерде құжаттарды өткізбегені не бұрын өткізген құжаттардың көшірмелерінде дұрыс емес мәліметтерді мәлімдегені үшін жауапты болады. Егер тауарлардың кейінгі легіне кедендік ресімдеу жүргізілетін құжаттар кеден органына бұрын берілген болса, онда осындай құжаттардың көшірмелерін беру жеткілікті. Кеден органының істерінде тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін міндетті құжаттар қалған жағдайда, декларант үшін кеден органы осы құжаттардың көшірмелеріне осындай құжаттар қалатын кеден органын көрсете отырып жазба жасайды. Бұл жазба кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрімен куәландырады. Келісім – шарттар, шот – фактуралар, көлік құжаттары, кедендік төлемдердің және салықтардың төленгеннен растайтын құжаттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы тауарларды шығарғаннан кейін декларантқа қайтарылуға тиіс және жүктің кедендік декларациясы тіркелген күннен бастап бес жыл бойы сақталады.

Бұл орайда кедендік ресімдеу мақсаттары үшін осы құжаттар мен бірге декларант куәландырылған көшірме тапсырылуға тиіс. Жүктің кедендік декларациясын беру осылардың негізінде жүктің кедендік декларациясы толтырылып, мыналарды растайтын қажетті құжаттар кеден органына қатар табыс етілуімен жүргізуге тиіс:

1) декларанттың өз атынан жүктің кедендік декларациясы беруге өкілеттігін растайтын декларанттың штатындағы жеке тұлғаға сенімхат не брокерлік қызмет көрсетуге шарт және кедендік ресімдеу бойынша маманның біліктілік аттестаты;

2) кедендік ресімдеуге жататын тауарларға меншік, билік ету немесе пайдалану құқығын растайтын сатып алу-сатуға немесе айырбасқа сыртқы сауда шарты, кедендік ресімдеуге жататын тауарларға билік ету немесе пайдалану құқығына келісім не өзге құжат;

3) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуді растайтын көлік құжаттары;

4) тауардың кедендік құнын айқындайтын шот-фактура, шот-проформа;

5) тауарлардың шығуын растайтын сертификат;

6) кедендік режимнің талаптарына сәйкес және кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктің болуына қарай кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуді немесе олардың төлеуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;

7) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының санатын растайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасы[6].

Таңдалған кедендік режимдердің талаптарына сәйкес құжаттар беру.

Таңдалған кедендік режимдердің талаптарына сәйкес кеден кодексінде көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттар беріледі: