Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сыйа тарту шарты.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.62 Кб
Скачать

1.2 Шартты жасасу, өзгерту және бұзу тәртібі

Сыйға тарту шартының элементтері. Қазіргі кезде сыйға тарту шартының пәні болып зат сонымен қатар мүліктік құқықтар да табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 506-6. 2-тармағы). Нақты сыйға тарту затын көрсетпей-ақ өзінің барлық мүлкін сыйға тартуға уәде беру жарамсыз болады. Бұл жағдайда сыйға тарту пәні болмайды.

Қандай да бір игілікті қайтарымсыз алу әрқашан сыйға тарту болып танылмайды. Рим құқығында қайтарымсыз пайдалану, процентсіз займ және қайтарымсыз сақтау сыйға тарту деп қарастырылмаған. Сыйға тарту болып бір нәрсені уақытша пайдалануға беру немесе ақысыз қызметті жүзеге асыру болып келмейді, тек сезілетін нәрсені (субстанцияны) беру сыйға тарту болып бағалануы мүмкін. Айтылған Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтық доктринасында қалыптасқан сыйға тарту шартының түсінігіне және оның пәніне қарама-қарсы келмейді. Егер де сыйға тарту белгілі бір міндеттемеден босатса, онда, бұл әрекетте біз азаматтық-құқықтық міндеттемен борышты кешіру арқылы тоқтату сияқты Азаматтық кодексінің 373-бабымен көзделген әрекеттен өзгешелікті байқай алмаймыз.

Бір міндеттемелік құқықтық қатынастың дамуы соған негізделген екінші бөлек шарттың пайда болуына әкеп соғады ма? Жоғарыда айтылғанның цессияға да қатысты, яғни сыйға беруші үшінші тұлғадан талап ету құқығын берген жағдайға. Ал егер тұлға өзіне қатысты құқық сыйласа ол сыйға тарту негізінде туындайды, яғни құқықтың пайда болу тетігі цессияға қарағанда өзгеше.

Ф. Карагусовтың пікіріне назар аударуға тұрарлық. Ол азаматтық құқықтың жекелеген объектісі бола алатын мүлікті анықтап бөлу керек деген пікірді алға тартады. Қарастырылып отырған пікірдің методологиялық маңызы бар, оның тек сыйға тарту шартының сұрақтарын ғана емес, сонымен қатар басқа пәні (нысанасы) мүлік және мүліктік құқықтар болып табылатын шарттарды қарастыруда мәні бар. Сыйға тарту шартының нысанасы болып азаматтық айналымнан алынбаған заттар және азаматтық құқықтың дербес объектісі бола алатын мүліктік құқықтар табылады. Сондықтан көрсетілген сыйға берілетін мүліктік құқық тек сыйға беруші мен сый алушының арасында ғана мәні болмай ол басқа да тұлғалардың қатысуымен азаматтық айналымда кеңінен қолдануға жарамды болуы керек.

Сый алушының міндеттемеден босатылу жағдайында әдетте сыйдың пәні болмайды. Бұл кезде сый алушы сый берушіден мүлік алмайды. Сыйдың нысанасы болып сый алушы жеткен жетістіктер саналады, бірақ оны азаматтық құқықтың қандай да бір объектісі ретінде бағалауға болмайды. Осы жағдайда сый алушы сыйдың арқасында өзінің мүлкін сақтап қалады. Бірақ оның құрамы сый алушы босатылатын міндеттеме сияқты нақты емес сыйға беруші борышкерді үшінші тұлғалар алдындағы міндетінен босатқан кезде де ұқсас жағдай пайда болады. Осындай қайшылықтар салдарынан сыйға тартуды реттейтін заңнама біздің ойымызша өзгертулерді керек қылады. Біздің ойымызша сыйға тарту шарттардың қатарынан сыйға алушы сыйға беруші немесе үшінші тұлға алдындағы міндеттемесінен босатылатын жағдайларды алып тастау керек.

Сыйға тарту шартының нысанасын ол қандай түрге жататындығы әсер етеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 516-бабына сәйкес жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту қайырымдылық деп танылады.

Қарастырылған норманың мазмұнынан біз қайырымдылық нысанасы болып тек зат немесе мүліктік құқық табылатынын аламыз. Ал қарапайым сыйға тарту мұндай шектеулер құқықтың барлық субъектілері келуі мүмкін. Жеке тұлғалы заңды тұлғалар (ұйымдастырушылық-құқықтық нысанасына қарамастан), мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер: Мысалы, Қазақстан Республикасының -Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 22 қазан, 1990 жылғы 637-қаулысымен жеке- кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуымен ұйымдар арендаға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген қолданылмайтын өндірістік ғимараттар, объектілер және офистік ғимараттарды меншігіне беру ережесі бекітілген болатын.

Бұл ереже Қазақстан Республикасының Президентінің Жеке кәсіпкерлік қолдануды күшейту және активизациялау туралы: 6 наурыз, 1997 жылғы 3398 Жарлығына және Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы "Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданған болатын. Бұрын Қазақстан Республикасында жекешелендіруге жататын пәтерлерді (және басқа да үй-жайларды) қайтарымсыз азаматтың меншігіне беру орын алған болатын. Жоғарыда көрсетілген жағдайда сый беруші болып мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық уәкілдік берілген орган арқылы шартта қатысады. Ал сый алушылар болып шағын кәсіпкерлік субъектілері табылады. Бұл шартты қайырымдылыққа жатқызуға болмайды. Өйткені шағын көсіпкерлік субъектілерінің жалпыға пайдалы қызметі жүзеге асыруы талап етілмейді.

Ал егер мемлекеттің басқа жағдайда сыйға беруі туралы айтатын болсақ, мынаны ескеру керек. Әкімшілік акт негізінде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға мүлік (компьютерлер, кітаптар, құрал-саймандар, ғимараттар және т.б.) олардың жедел (оранымды) басқаруына шаруашылық жүргізуіне беріледі Бұл қатынастарды сыйға тарту болуы мүмкін емес, өйткені меншік иесі бар -ол мемлекет. Бұл жағдайда қайырымдылық тек жеке меншік нысанындағы заңды тұлғалар пайдасына жасалуы мүмкін.

Сый беруші болып әрекет қабілеттілігі бар әрекет ете алады. Сыйға тарту мүмкіндігі 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағанда және сот әрекетке қабілетсіз деп танығандар үшін барынша шектелген. Олардың атынан заңды өкілдердің сыйға тартуын сыйдың құны он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын және жағдайды қоспағанда жол берілмейді.

Әрекет қабілеттігі жоқ тұлға ешқандай шектеусіз сый алушы ретінде бола алады, ал сыйды оның атынан қорғаншылары (ата-аналары, асырап алушылары) алады. Қамқоршыларының келісімімен 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар және әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтар сый алады (ал ұсақ сыйларды олар жеке өздері алуға болады).

Ресей Федерациясының кәмелетке толмағандармен немесе олардың қатысуымен жасалатын сыйға тарту біздің елге қарағанда басқаша тұрғыдан жол тапқан. Ол кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттігі құқықтарын реттейтін батыс елдерінің заңдылықтарына ұқсас.

Осындай шешімдермен келісуге болады, бірақ балалардың тәрбиесіне, жүйкесіне, моральдық дамуына зиян келтіруі мүмкін сыйларды табыс етуге тыйым салу керек.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 509-бабына сәйкес, құны он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын әдеттегі сыйлықтарды қоспағанда, емдеу, тәрбиелеу одардың емдеуіндегі, асырауындағы не тәрбиесіндегі азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарынан сый алуға тыйым салады. Құны он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын әдеттегі сыйлықтарды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілерге олардың лауазымды жағдайына байланысты немесе олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сыйға тартуға жол бермейді. Сыйға тартуды пара алудан айыра білу керек.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 220-бабына сәйкес сыйға тартушы бірлескен меншіктің қатысушысы болса онда сыйға тартуға бірлескен меншікке қатысушылардың барлығының келісімімен ғана жол беріледі. Мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені қатысушылардың қайсысы жасағанына қарамастан бірлескен меншіктегі мүлікке билік етуге өзге қатысушылардың келісімі бар деп есептеледі. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 220-6 2-тармағы).

Бірақ, сыйға тарту шартын қалған қатысушылардың келісімі бар болжанылуы мүмкін шарттарға жатқызбау керек. Мүлікті жеке басымен сыйға тартатын ортақ бірлескен меншік құқығының қатысушысы ортақ мүддеде әрекет етпегесін қалған қатысушыларға мәмілені жарамсыз деп таныттыру құқығы берілуі керек. Нотариаттың куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәміле жасалғанда бұл мәселе туындайды, ондай жағдайларда мәмлені жасауға бірлескен меншікте барлық қатысушылардың келісімі алдын ала нотариатты расталуы тиіс.

Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты немесе өзiне немесе үшiншi адамға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны өзiнiң немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi.

Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Мұндай шартқа Кодекстiң 160-бабының 2-тармағында көзделген ережелер қолданылады.

Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға тарту шарты болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса, уәде берушiнi босатпай тастайды.

Нақты сыйға тарту затын зат, құқық түрiнде көрсетпей-ақ, өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру немесе мiндеттемеден босату жарамсыз болады.

Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейiн сый алушыға сый берудi көздейтiн шарт жарамсыз болады.

Мұндай сыйға тарту түрiне осы Кодекстiң мұрагерлiк туралы ережелерi қолданылады.

Сый алушының сыйды алудан бас тартуы:

Сый алушы өзiне сый берiлгенге дейiн кез келген уақытта одан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сыйға тарту шарты бұзылған деп есептеледi.

Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалса, сыйдан бас тарту да жазбаша түрде жасалуға тиiс. Сыйға тарту шарты тiркелген жағдайда (508-баптың 3-тармағы) сыйды алудан бас тарту да мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалған болса, сый берушi сый алушыдан сыйды алудан бас тартқаны үшiн өзiне келтiрiлген нақты зиянды өтеуiн талап етуге құқылы.

Сыйға тарту шартының нысаны. Сый алушыға сыймен қоса сыйға тарту осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауызша жасалуы мүмкiн. Сыйды беру оны тапсыру, символдық беру (кiлттердi табыс ету және т.б.) не құқық белгiлейтiн құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты:

1. заңды тұлға сый берушi болған және сыйдың құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен асатын;

2. шартта алдағы уақытта сыйға тартуға уәде етiлген жағдайларда жазбаша түрде жасалуға тиiс.

Ауызша жасалған сыйға тарту шарты осы тармақта көзделген жағдайларда жарамсыз болады.

Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

Сыйға тартуға тыйым салу. Құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарды қоспағанда:

1.жас балалар мен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың атынан олардың заңды өкiлдерiнiң

2. емдеу, тәрбиелеу мекемелерiнiң, әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң және сол секiлдi мекемелердiң қызметкерлерiне олардың емдеуiндегi, асырауындағы не тәрбиесiндегi азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарының

3. мемлекеттiк қызметшiлерге олардың лауазымдық жағдайына байланысты немесе олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты сыйға тартуға жол берiлмейдi.

Сыйға тартуды шектеу.

1. Заты шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығына жататын заңды тұлға, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң келiсiмiмен өзiнiң затын сыйлауға құқылы. Бұл шектеу құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарға қолданылмайды.

2. Бiрлескен ортақ меншiктегi мүлiктi сыйға тартуға бiрлескен меншiктiң барлық қатысушыларының келiсiмi бойынша осы Кодекстiң 220-бабында көзделген ережелердi сақтай отырып жол берiледi.

3. Сый берушiге тиесiлi талап құқықтарын үшiншi тұлғаға сыйға тарту Кодекстiң 339-343, 345, 346-баптарында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.

4. Үшiншi тұлға алдында сый алушының мiндеттерiн орындау арқылы сыйға тарту осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.

Үшiншi тұлға алдында сый берушiнiң сый алушы борышын өзiне аудару арқылы сыйға тартуы осы Кодекстiң 348-бабында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.

5. Өкiлдiң сыйға тартуға жасаған сенiмхатында сый алушы аталмаса және сыйға тартатын заты көрсетiлмесе, ол жарамсыз болады.

Сыйға тарту шартын орындаудан бас Тарту.

1. Егер шарт жасалғаннан кейiн сый берушiнiң мүлiктiк немесе отбасылық жағдайы, не денсаулығы шартты жаңа жағдайларда орындау оның тұрмыс деңгейiнiң едәуiр нашарлауына әкеп соқтыратындай болып өзгерсе, сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат немесе құқық беру уәдесiн немесе сый алушыны мүлiктiк мiндеттен босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

2. Сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат не құқық беру уәдесiн, не сый алушыны оған сыйға тартуды өзгерту құқығын берушi негiздемелер бойынша мүлiктiк мiндеттемеден босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

3. Осы көзделген негiздемелер бойынша сыйға тартушының сыйға тарту шартын орындаудан бас тартуы сый алушыға залалдарды өтеудi талап ету құқығын бермейдi.

Сыйға тартудың күшiн жою.

1. Егер сый алушы сыйға тартушының өмiрiне, оның отбасы мүшелерiнiң немесе жақын туыстарының бiреуiне қастандық жасаса не сый берушiге қасақана дене жарақатын салса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшiн жоюға құқылы.

Сый алушы сыйға тартушыны қасақана өлтiрген жағдайда сотта сыйға тартудың күшiн жоюды талап етуге сыйға тартушы мұрагерлерiнiң құқығы болады.

2. Егер сый алушының сыйға тартушы үшiн үлкен мүлiктiк емес құндылық болып саналатын сыйланған затты ұстауы оның бiржола жойылу қаупiн тудырса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшiн сот тәртiбiмен жоюды талап етуге құқылы.

3. Сот мүдделi тұлғаның талап етуi бойынша, жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның оның кәсiпкерлiк қызметiне байланысты банкроттық туралы заң актiлерiнiң ережелерiн бұза отырып жасаған сыйға тартуының күшiн мұндай тұлғаны банкрот деп жариялаудың алдындағы бiр жыл iшiнде жоя алады.

4. Сыйға тарту шартында, сый берушi сый алушыдан ұзақ өмiр сүрген жағдайда, сыйға тартудың күшiн жою құқығы ескертiлуi мүмкiн.

5. Сыйға тартудың күшi жойылған жағдайда, егер сыйланған зат сыйға тартудың күшi жойылған кезге дейiн сол күйiнде сақталса, сый алушы оны қайтаруға мiндеттi.

Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту және сыйға тартудың күшiн жою мүмкiн болмайтын жағдайлар.

Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту туралы (осы Кодекстiң 511-бабы) және сыйға тартудың күшiн жою туралы (осы Кодекстiң 512-бабы) ережелер құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сыйлықтарға қолданылмайды (осы Кодекстiң 510-бабының 1-тармағы).

Сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан зиян келтiру зардабы.

Сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан сый алушы азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды, егер бұл кемшiлiктер сый алушыға затты беруден бұрын пайда болғаны дәлелденсе және анық кемшiлiктер қатарына жатпаса, ал сыйға тартушы ол жөнiнде бiле тұра сый алушыға ескертпесе, осы Кодекстiң 47-тарауында көзделген ережелерге сәйкес сыйға тартушы өтеуге тиiс.

Сыйға тартуға уәде беру кезiндегi құқық мирасқорлығы.

1. Сыйға тарту шарты бойынша сыйға тартуға уәде берiлген сый алушының құқықтары, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) ауыспайды.

2. Сыйға тартуға уәде берген сыйға тартушының мiндеттерi, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) ауысады.

Қайырмалдық. Жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту қайырмалдық деп танылады. Қайырмалдық азаматтарға, емдеу, тәрбие беру мекемелерiне, әлеуметтiк қорғау мекемелерiне және басқа да сол сияқты мекемелерге, қайырымдылық, ғылыми және оқу мекемелерiне, қорларға, мұражайлар мен басқа да мәдениет мекемелерiне, қоғамдық және дiни бiрлестiктерге, сондай-ақ мемлекетке және осы Кодекстiң 111 және 112-баптарында аталған азаматтық құқықтың басқа да субъектiлерiне жасалуы мүмкiн. Қайырмалдықты алуға ешкiмнiң рұқсаты немесе келiсiмi талап етiлмейдi.

Азаматқа мүлiк қайырмалдыққа берiлуге тиiс, ал заңды тұлғаларға қайырмалдық етушi осы мүлiктi белгiлi бiр мақсатқа пайдалануды ескертiп беруi мүмкiн. Мұндай талап болмаған жағдайда азаматқа мүлiктi қайырмалдыққа беру жай сыйға тарту болып есептеледi, ал басқа жағдайларда қайырмалдыққа берiлген мүлiктi сый алушы мүлiктi мақсатына сай пайдаланады.

Пайдалану үшiн белгiлi бiр мақсат белгiленген қайырмалдықты алушы заңды тұлға қайырмалдыққа берiлген мүлiктi пайдалану жөнiндегi барлық операциялардың оқшауланған есебiн жүргiзуге тиiс. Егер мән-жайлардың өзгеруi салдарынан қайырмалдыққа берiлген мүлiктiң қайырмалдық берушi көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдаланылуы мүмкiн болмаса, ол басқа мақсатқа қайырмалдық берушiнiң келiсiмiмен ғана, ал қайырмалдық берушi азамат қайтыс болған немесе қайырмалдық берушi заңды тұлға таратылған жағдайда - соттың шешiмi бойынша пайдаланылуы мүмкiн. Қайырмалдыққа берiлген мүлiктiң қайырмалдық берушi көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдаланылмауы немесе бұл мақсатты осы баптың 4-бабында көзделген ережелердi бұза отырып өзгертуi қайырмалдық берушiге, оның мұрагерлерiне немесе өзге де құқық мирасқорына қайырмалдықтың күшiн жоюды талап етуге құқық бередi.