Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сыйа тарту шарты.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.62 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ 1 ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 1.1 Шарттардың ұғымы, нысаны, түрлері 1.2 Шартты жасасу, өзгерту және бұзу тәртібі 2 ТАРАУ. СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ  2.1 Қазақстан Республикасы заңдары бойынша сыйға тарту шартының ерекшеліктері 2.2 Сыйға тарту шартының пәні,түрлері және нысаны ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Сыйға тарту азаматтық құқықтағы ең көне шарттардың бірі болып табылады. Ежелгі республикалық Рим құқығында (Б.э. д. V-I ғ.) сыйға тарту меншік құқығының туындау негіздерінің бірі ретінде есептелді. Революцияға дейінгі азаматтық заңдарда сыйға тарту шарттар құрамынан шығарылып, айрықша заттық құқықтың туындау негізі ретінде қарастырылды. 

1964 жылғы Азаматтық кодекс бойынша бұл шарт тек қана нақты шарт ретінде танылды, яғни сыйға тартушы затты сыйға алушыға берген сәттен бастап күшіне енді. Затты сыйға беруге келісімнің бір өзі ешқандай құқықтық салдарды туындатпады және құқықтық қорғалмады.  Классикалық құқықта сыйға тарту шартының ерекшелігі мен құқықтық жағдайына сипаттама берілген. Бұл бағытта біз сыйға тарту шартының ежелгі Римде, Үндістанда және Наполеон Бонапарт кезіндегі Францияда құқықтық реттелу ерекшеліктерін қарастырамыз. 

Қазіргі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ерекшелігі, заң шығарушы нақты сыйға тарту шартын сақтай отырып, бір мезгілде консенсуалды шарт жасасуға жол береді.

Курстық жұмыстың мазмұны меншік құқығының туындау негізі ретінде сыйға тарту шартын құқықтық реттейтін Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарын, басқа да заңға бағынышты нормативтік құқықтық актілердің нормаларын зерттеуге негізделген.  Курсттық жұмыс құрылымы бойынша: кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. 

Бірінші тарауда – сыйға тарту шартының түсінігі және құқықтық табиғаты, пәні мен элементтері және мазмұны қарастырылған.  Екінші тарауда – сыйға тарту шартының жекелеген түрлеріне тоқтала отырып, оның құқықтық реттелуін қарастырамыз

1 Тарау. Азаматтық құқықтық шарттардың жалпы сипаттамасы 1.1 Шарттардың ұғымы, нысаны, түрлері

Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді, не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді.

Қайтарымсыздылық —сыйға тарту шартының ең негізгі белгісі болып табылады. Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы міндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Сыйға тарту (кей кездері) белгілі жағдайларда азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік аймағындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру қызметін атқарады. Сыйға тарту шарты -мүлікке билік жүргізудің заңды амалы. Ол мүлікті ерікті беру актісін бекітеді және меншік құқығының ауысуын реттейді. Осы арқылы сый алушының айналадағыларға қатысты мүдделері камтамасыз етіледі және ол өзше берілген құқықты заңсыз араласудан қорғау қабілетіне ие болады. Енді түпкілікті және біржола заттың иесінің ауысуы болады. Сондықтан, сыйға тарту шарты мерзімсіз болып табылады.

Сый тартушы сый алушының арасындағы қатынастары (не себептен сыйлағаны) әртүрлі болуы мүмкін, оларды анықтаудың сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану кезінде маңызы болады. Қазіргі жағдайда сыйға беру маңызды әлеуметтік функцияларды атқарады. Ұйымдар мен азаматтардың сандары өсе түсті, олар басқа тұлғаларға көмек ретінде олардың өмір сүруі үшін аса қажетті заттарды қайтарымсыз береді. Мысалы: азық-түлік, киім-кешек, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарына қолдау берілуде, кей-кездері сыйға тарту шет ел элементінің қатысуымен де жүргізіледі.

Қоғамды әрі қарай адамгершілік тұрғысына тарту барысында сыйға тарту қатынастары басқа да азаматтық-құқықтың қатынастар қатарынан нақты орын алады.

ҚР АҚ бір уақтылы кәсіпкерлік сипаттағы қатынастарды реттегеннен сыйға тарту шарты осы кодекс реттеу көзқарасынан үйренішсіз болып көрінеді. Сөзсіз, ақша-мүліктік қатынастарында қайтарымсыздыққа орын жоқ болып көрінеді.

Ал, егер сауда саттық құқықтық нормаларынан бөлек азаматтық құқыққа тоқталсақ, онда сыйға тарту шарты басқа шарттық құқықтық қатынастарын арасында да салмақтылау көрінер еді.

Шартта азаматтық-құқықтың ықпалы бар екені айқын еді, егер қазіргі шет ел және құқық жүйесіндегі шартты салауға жүгінетін болсақ, сыйға тарту шарты басқа шарттармен сатып алу-сату, айырбас және т.б. коммутативті шарт табылады. Мұндай шарттың мәнісі бойынша шартты кезде әр тараптың пайдасы мен шығыны мүмкін.

Қолданыстағы (күшіндегі) азаматтық заңнамаға сәйкес сыйға тарту шарты реалды немесе консенсуалды шарт болуы мүмкін. Бұл едәуір өзгеріс осы қоғамдық қатынастарды реттеу барысын да пайда болған.

Кеңес Одағы уақытындағы азаматтық заңда сыйға тарту шарты тек қана реалды болуы мүмкін еді Сыйға тарту шартына қатысушылары өздерінің еріктері бойынша реалды немесе консенсуалды мінез беруі жалпы алғаңда қазіргі заман талабына сай келеді.

Мүлік шартты жасасу сәтінде берілетін болса, онда сыйға тарту шарты реалды болып келеді. Ал басқа жағдайда, егер мүлік болашақта берілетін болса, (шартта осыған қатысты талап бекітілсе) онда ол консенсуалды болып табылады. Әлдекімге затты немесе- мүлікті құқықты тегін беруге уәде ету не әлдекімді мүліктік міндеттен босату уәдесі егер ол уәде тиісті (жазбаша) нысанда жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегін беру не оны мүліктік міндеттен босатуға айқын ниет білдірген болса, сыйға тарту шарты (болашақта сыйға тарту уәдесі) болып саналады және уәде берушіні босатпай тастайды.

Сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы жоғарыда атап кеткендей оған қарсы берілетін заттың немесе құқықтың болмауында көрініс табады. Ал егер мүлікке ақы төленетін болса және ол бірнеше мәрте өз құнынан аз төленетін болса да бұл шартты сыйға тарту деп қарастыруға болмайды.

Заңнамада басқа адамның ауыртпалығы бар мүлікті беруге болмайды деп көрсетілмеген. Сонда да М.В.Елисеевтің пікірі онша нақты емес. Оның ойынша, берілетін мүлікке сыйға берушінің өзінің де құқықтарының ауыртпалығын орнатып сыйға тарту шартын жасауға болады.

Біріншіден, мүлікті бергенге дейін оған иесінің ауыртпалығы болмайды. Бұл жерде несие беруші мен борышкер бір түллі болып қалуына байланысты міндеттеменің тоқтатылу ережесі бойынша қолдануға болады. Екіншіден, сый әдейі өз ауыртпалық орната отырып, осы арқылы сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы талабын бұзады. Бұл айтылған елдеріміз мүлікке бұрынғы ие құқықтарының ауыртпалығы алу мүмкшдіғін мүлдем жоймайды. Бірақ бұл ауыртпалықтар шарт негізінде емес, заң негізінде болу керек және шектелген мөлшерде, жағдайда ғана қолданылады. Мысалы: ортақ меншік режиміндегі, кондиминумдегі, меншік иелерінің, занды сервигутпен байланысты ауыртпалықтарынан құтыла алмайсыз. Бірінші екі жағдайда ауыртпалық өзара болып келеді. Үшіншіде сый алушының жер учаскесі қасында орналасқан сый берушінің жер учаскісіне қызмет етуі мүмкін. Сый алушыға басқа да мүліктік міндеттер жүктелуі мүмкін. Сыйды берген соң сый беруші оны жалпыға пайдалы мақсатта қолданылуын міндеттеуі мүмкін. Сыйға тарту шарты біржақты шарт болып танылады және негізгі құқықтар сый алушы тарабында болады. Сый беруші шарт бойынша негізгі міндеттерді жүзеге асырады.

Сыйға тарту шартының нысаны. Сыйға тарту шартының азаматтық айналымдағы ерекшеліктеріне қарай заң шығарушы шарт нысанына арнайы талаптар қояды. Егер нақты сыйға тарту шарты жасалса, жалпы ереже бойынша ауызша нысанда жасалады, бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 151, 152-баптарының нормалары қолданылады.

Заң кейбір нақты сыйға тарту шартын жазбаша түрде жасауды талап етеді. Жазбаша нысаны жасау, егер сыйға тартушы заңды тұлға болып және сый мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен асатын болса талап етіледі. Мұндай талап заңды тұлғаның балансындағы мүліктің тіркелу ережелерімен байланысты. Егер мүлік заң негізінде қайтарымсыз берілсе онда тиісінше дәлелдемелерде болу керек (чек немесе құжаттардың болмауы анық) ал кері жағдайда заңды тұлға органдарды (материалды жауапты тұлғалар) жетіспеушілік үшін жауапты болады. Бірақ бұл міндетті талап емес, сыйға тартудың жазбаша нысанын сақтамаған жағдайда шарт жасалғаны басқа да жазбаша жасалған құжаттармен дәлелденуі мүмкін. Сыйға тартуды заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұратын жұмысшыларды материалдық нысанындағы көтермелеуден ажырата білу керек, бірақ та мұндай қатыстар еңбек заңымен реттелмеген бөлігінде сыйға тарту нормаларымен реттелуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларында дәл көрсетілмегендігіне қарамастан, егер сыйға тарту шартын мемлекеттік тіркеу талап етсе, ол жазбаша жасалады. Өйткені қозғалмайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін осы мүлікке құқықты беретін құжаттар керек (Қозғалмайтын мүлік және онымен жасалатын мәмілелерді" мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күші бар Жарлығының 14-бабы 2-тармағы 25 желтоқсан, 1995).

Алдағы уақытта сыйға тартуға уәде беру —консенсуалды шарт болып табылады және әрқашан жазбаша түрде жасалады Осы шарттың заң талап ететін жай жазбаша нысанының сақталмауы оның жарамсыздығына әкеп соғады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 508-бабы 2-тармағы).