Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАҚЫРЫП 4.5.ТАҢДАЛҒАН ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.26 Кб
Скачать

Тақырып 4.5. Таңдалған тақырыптың өзектілігі

Кіріспе

Қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, саяси қайта құрулар білім беру саласында реформа жасауға алып келді.

Соңғы жылдары білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған нұсқаулар мен ережелері бар маңызды құжаттар жарияланды, онда қазіргі заман талабына сай келетін болашақ мамандарды дайындау мәселесінің өзектілігі ерекше атап көрсетілген. «Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат» концепциясында (жоғары білім білім беру бойынша заңдылық және нормативтік құжаттар жинағы) білім беру «қоғам дамуының тек қана интелектуалдық қана емес, сонымен бірге экономикалық базасын құрайды» деп айтылады. Бүгінгі күні, кадрлар даярлау, оның ішінде педагогика саласында бастысы инновациялық типтегі ойлайтын жаңа адамды, жоғары мәдениетті маманды қалыптастыру болып табылады.

Болашақ педагогтың негізгі деңгейін көтерумен бірге педагогикалық білім берудің бағыттылығын оқып білу, оның инновациялық компонентін күшейту ерекше маңызға ие болып отыр.

Кәсіптік оқыту педагогын даярлауда «Кәсіптік оқыту әдістемесі» курсы маңызды орын алады. Кәсіптік білім мамандығы бойынша оқитын студенттердің назарына ұсынылып отырған бұл әдістемелік нұсқауда курстық жұмыстың құрлымы мен мазмұнына педагогикалық ғылымының қазіргі жетістіктері негізінде жаңа тәсілді қолдануға әрекет жасалған.

Курстық жұмыс студенттердің білімдерін қолдана отырып зерттеу жұмысының ғылыми білімдері мен дағдыларын меңгерудің белгілі бір кезеңі болып табылады. Курстық жұмыс (студенттердің зерттеу практикасындағы бастапқы кезеңі ретінде) болашақ дипломдық жұмыстың негізін қалауы тиіс. Сонымен, студент курстық жұмыстың мазмұнын тереңдете және кеңейте отырып, дипломдық жұмыстың деңгейіне дейін көтере отырып курстық жұмыстың тақырыбын зерттеуді ары қарай жалғастырады.

Кіріспе курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін, ғылыми жаңалық және ғылыми жаңалықтардың жағдайын, практикалық қажеттілігін, сонымен қатар зерттеудің мақсаты, міндеті мен объектісін айқындауы тиіс.

Кіріспе бөлімде «ҚР –ның 2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық», 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту, «2015 жылға дейінгі құрылыс индустриясын дамыту» мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес жергілікті шикізаттық материалдарды қолдана отырып берілген эксплуатация қасиеттері бар бетондарды алу үшін ғылыми эерттеу жұмыстарын жүргізудің маңызы жайлы мәліметтерді келтіреді. Сонымен бірге курстық жұмыста қолданылған инновациялық шешімдер мен олардың өндірісте қолданылып жүрген шешімдерден артықшылықтары көрсетіледі (әдеби сөздер, жеке кәсіпорындардың тәжірибесі негізінде және интернет мәліметтеріне сәйкес). Жұмыста қолданылған жаңа ашылулар мен стандартты емес технологиялар жайлы мәлімет беріледі.

Кіріспеде талаптар болмауы керек. Кіріспені нөмірлемейді және жеке парақта орналастырады.

  1. Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Қазіргі таңда болашақ педагогты жан–жақты кәсіби шеберлікпен дайындау мәселесі бүгінгі күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелердің бірі. Педагогтың кәсіби шеберлігінің бір саласы оның шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуында, күделікті педагогикалық жағдайларды талдап шеше білу және өскелең ұрпақты оқу мен тәрбие құралдарын, жолдарын анықтап білуінде.

Бұл іскерлікті жүзеге асыру үшін студенттер университет қабырғаларында жүргенде курстық жұмыстар, соңғы курстарда дипломдық жұмыстар орындайды.

Курстық жұмыс және оның мақсаты студенттердің логикалық ойлау шығармашылық қабілеттерінің оқу тәрбие процесіндегі дағдысын, ғылыми – зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны практикамен ұштастыра білу мүмкіншілігін практикада қолданып, қалыптастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

    • студенттің немесе мұғалімнің педагогикалық ғылыми жаңалықтарды меңгеруін;

    • олардың ғылымилық, жүйелік, теориялық практикада тәжірибесімен байланыстылығы, тарихилық, дидактикалық қарама– қайшылық, сан мен сапаның бірлігі сияқты категорияларды меңгеруін;

    • студенттердің зерттеудің ғылыми әдістемесі мен тәсілдерін, оқытудың жаңа технологиясын, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алуын қамтамасыз ету.

2 Курстық жұмыстардың жіктелуі

Ғылыми жұмыстар, оның ішінде курстық жұмыстарды орындау туралы көптеген әдебиеттерде берілген үлгілерге, талаптарға және оның ерекшеліктерін зерттей келе, «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша болашақ инженер–педагогтар (кәсіптік пәнді оқытушы, өндірістік оқыту шебері) ұстаздардың орындайтын курстық жұмыстарын талдау жасай отырып, зерттеу сипатының негізіне қарай 4 топқа жіктеледі:

    • теориялық–логикалық сипаттағы курстық жұмыс;

    • озық тәжірибелерді оқып–үйрену негізінде орындалатын курстық жұмыс;

    • эксперименттік сипаттағы курстық жұмыс;

    • тарихи логикалық сипаттағы курстық жұмыс.

2.1 Теориялық–логикалық сипаттағы курстық жұмыстар

Берілген әдістерді терең оқу арқылы бір ғылыми мәселенің ашылу жағдайын қарастырады. Студенттер мұндай жұмыстарды орындай отырып, библиографиялық ізденіс жасай білуі керек. Әдеттегі берілген материалдарға талдау жасайды. Зерттелінетін мәселе бойынша ұсыныстар жасап, жаңа идея ұсына алады немесе бұрынғы идеяға түзету енгізеді, қорытынды жасайды. Мұндай типтегі кустық жұмыстың құрылымының үлгісі:

  1. титул беті;

  2. жоспары;

  3. кіріспе;

  4. негізгі бөлім;

  5. тақырыпқа байланысты әдебиеттерге шолу;

  6. әдебиеттер тізімі.

    1. Озат тәжірибені оқып үйрену негізінде орындалатын курстық жұмыстар

Мұғалімдердің шығармашылық озат тәжірибесін, оған жету жолдарын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде, зерттеулерінде маңызды элемент ретінде алып қарастырады.

Озат тәжірибепедагогикалық оқу орындарының оқу тәрбие процесіндегі жоғары сапаға ие болған нақты ісі. Студенттер озат тәжірибені оқып үйрену үшін мына жағдайларды ескеру керек:

  • тәжірибе авторы шешкен нақты педагогикалық міндет;

  • оқу мен тәрбиенің нәтижелері, тиімділігі;

  • педагогикалық тәжірибедегі автордың нақты әрекеттері;

  • жаңалық;

  • тәжірибенің негізгі идеясы;

  • шығармашылықты іске асыру шарттыры;

  • тәжірибе авторының даралық сапасын мекеме және өлке жағдайларына байланыстылығы;

  • тәжірибені игеріп, меңгерудің жолдары мен құралдары.

Мұндай типтегі кустық жұмыстың құрылымының үлгісі:

  1. титул беті;

  2. жоспар;

  3. кіріспе;

  4. әдебиеттерге шолу;

  5. озат тәжірибені оқып үйрену әдістемесі және ұйымдастырылуы;

  6. тәжірибенің нәтижесін талқылау;

  7. қорытынды;

  8. ұсыныстар;

  9. әдебиеттер тізімі;

  10. қосымша.