- •Әдістемелік ұсынымдар
- •Қжи слетін өткізуді ұйымдастыру.
- •Жарысқа қатысушылар.
- •Қозғалыстың жас инспекторының атрибутикасы.
- •Қжи слетінің бағдарламасы.
- •6. Қжи слетін өткізу шарттары.
- •23. Саптық қарау.
- •21 Және одан жоғары – 3 балл алынады.
- •28. Жас реттеуші.
- •30. «Жас санитар».
- •33. «Эрудиттер турнирі».
- •7. Нәтижелерді анықтау
- •Жеңімпаздарды марапаттау.
- •Қжи слетін қамтамасыз ету.
33. «Эрудиттер турнирі».
Эрудиттер турниріне 1 адам қатысады.
Турнир тест түрінде мынадай тақырыптардың сұрақтары бойынша өткізіледі:
ҚЖИ тарихы, ЖҚЕ (дамуы), жолдардың даму тарихы, жол полициясы – МАИ тарихы.
3. Тесте 20 сұрақ болады, әрбір сұраққа 3 жауап нұсқасы беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 0,5 балл қосылады. Егер қатысушылар бақылау уақытында үлгермесе, әрбір шешілмеген сұрақ дұрыс емес болып есептеледі. Турнирдің уақыты шектелген: 20 минут.
Ең жоғары балл саны – 10.
7. Нәтижелерді анықтау
34. Құрамы жұмыс тобынан құрылып, Ұйымдастыру комитеті бекітетін судьялар алқасы аралық қорытындыларды қорытындылайды және әрбір конкурстан кейін жариялайды.
35. ҚЖИ слетінің қорытындысын Ұйымдастыру комитеті жүргізеді.
36. Нәтижелері жарыстың әрбір түрі бойынша балдарды санау жолымен анықталады. Балдар саны тең болған кезде «ЖҚЕ білгірлері» конкурсында үздік нәтиже көрсеткен жасақ алда болады.
37. Ең көп балл алған 3 ҚЖИ жасағы слет жеңімпаздары болып табылады.
38. Конкурстар бойынша ең көп балл санын мыналар құрайды:
саптық қарау - 13;
ЖҚЕ білгірлері - 16;
жас насихатшылар - 10;
қауіпсіз дөңгелек - 12;
жас реттеуші - 10;
жас тілші - 10;
жас санитар -10;
командирлер конкурсы - 10:
үгіт бригадалары конкурсы - 13;
эрудиттер турнирі - 10.
Барлығы: 117 балл.
Жеңімпаздарды марапаттау.
39. Жеңімпаз команда кубок және дипломмен, команда мүшелері – бағалы сыйлықтармен марапатталады. 2-ші және 3-ші орын алған командалар дипломдармен, команда мүшелері бағалы сыйлықтармен марапатталады.
40. Барлық қатысушылар естелік кәдесыйлармен марапатталады.
41. Ұйымдастыру комитеті ҚЖИ слетіне қатысушылар үшін қосымша көтермелеу сыйлықтарын белгілеуге құқылы.
Қжи слетін қамтамасыз ету.
42. ҚЖИ слетін қаржыландыру заңнамада белгіленген тәртіппен мүдделі заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
43. Қатысушылардың слет өтетін жерге баруына және қайтуына арналған шығыстарды жіберуші ұйымдар төлейді.
44. ҚЖИ слетін велотехникамен («Аист», «Салют» түріндегі велосипедтер, дөңгелегі 40 см ) қамтамасыз ету қатысушы тарапқа жүктеледі.
45. ҚЖИ слеті өтетін жерде қоғамдық тәртіпті сақтауды және медициналық қамтамасыз ету ҚЖИ слеті өтіп жатқан аумақтың Ішкі істер департаментіне жүктеледі.
