Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЮИД-каз жана.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.11 Кб
Скачать

21 Және одан жоғары – 3 балл алынады.

28. Жас реттеуші.

1. Конкурс 2 кезеңде өткізіледі.

2. Қатысушыларға 6 сұрақтан тұратын билет беріледі. Әрбір дұрыс жауап 2 балмен бағаланады. Ең жоғары балл саны – 6.

3. Екінші кезеңде қатысушылар практикалық тапсырма орындайды: реттеу білімін көрсетеді, бағдаршамның белгілеріне сәйкес реттеушінің қимылын түсіндіреді. Ең жоғары балл саны – 4.

4. Конкурстың ең жоғары балл саны – 10 (6+4).

29. Жас тілші.

1. Қатысушы төменде ұсынылған тақырып бойынша мақала жазып әкеледі, мақала компьютерде терілген болуы тиіс, соңына аты-жөні, мектебі көрсетілуі тиіс;

2. «Жас тілші» конкурсына арналған тақырыптар тізімі:

1) «Ересектер! Бұл сіздерге арналады!»

2) «Қымбатты жолдас - жүргізуші!»

3) «Жол полициясының инспекторы – осындай мамандық бар!»

4) «Өскенде, мен де машина жүргіземін.»

5) «Жолдағы өзара құрмет – қауіпсіздік кепілі.»

6) «ҚЖИ слетінде мен қалай жаңа достар таптым.»

7) «Жол ережесін көбейту кестесі сияқты біліңдер!»

8) «Кішкентай жаяу жүргінші үлкен қауіпте»

9) «Абайлаңыз, жол тайғақ!»

10) «Мен неге қозғалыстың жас инспекторымын»

11) «ҚЖИ – бұл мақтаныш!»

12) «Жаяу жүргіншілерді жақсы көру керек...»

13) «Жүгірме, жүріп өт!»

14) «Жол қозғалысы ережелері – бәрімізге бірдей заң»

15) « Әркім қозғалыстың инспекторы болғысы келері сөзсіз!»

16) «Достар, біздің жасағымыз ҚЖИ деп аталады!»

17) «Неге ЖКО (жол-көлік оқиғалары) болады?»

18) «Жаяу жүргіншілер сақ болыңдар - өздеріңді де, жүргізушілерді де қорғаңдар!»

19) «Балалар неге ЖҚЕ бұзады?»

3. Бағалау өлшемдері:

1) тақырыпты толық ашу (5 балл);

2) материалдың әсерлігі мен тапқырлығы (5 балл).

4. Ең жоғары балл саны – 10. Айып ұпайлары орфографиялық қателері үшін белгіленеді.

1-2 қате - 1 балл

3-4 қате - 2 балл

5 қатеден көп - 3 балл.

30. «Жас санитар».

1. Конкурсқа 2 адам қатысады.

2. Конкурс билеттер бойынша өткізіледі. Билет 8 сұрақтан тұрады, онда 7 теориялық сұрақ және 1 практикалық тапсырма болады.

3. Қатысушы мыналарды:

1) жараның түрлерін және оларды өңдеу;

2) таңудың түрлерін және оларды өңдеу тәсілдерін;

3) артерия, вена және капилляр тамырлардан қан ағуды тоқтатудың тәсілдерін;

4) сынған, күйген, үсіген, естен танған және құлаған кезде алғашқы көмек көрсетуді;

5) жасанды дем алу мен жүрекке массаж жасауды білуі;

6) зардап шегушіні тасымалдау амалдары мен тәсілдерін білу керек.

4. Жауапты дайындауға және тапсырманы орындауға берілетін жалпы уақыт – 15 минутқа шектелген. Егер қатысушы бақылау уақытында үлгермесе, әрбір шешілмеген сұрақ дұрыс емес деп саналады.

5. Тапсырма кезеңнің теориялық және практикалық бөлігінде балдық жүйе бойынша жеке бағаланады. Теориялық (ең жоғары 6 балл) және практикалық (ең жоғары 3 балл) бөліктің қосындысы бойынша ең жоғары балл алған қатысушылар жеңімпаз болып табылады.

31. «Командирлер» конкурсы.

1. Командир конкурсқа жасақтың күнделігін ұсынады (папка - өткен оқу жылында ҚЖИ жасағының атқарған жұмысы туралы есеп).

2. Конкурс әңгімелеу түрінде өтеді, онда алқа мүшелері жасақтың күнделігі, ҚЖИ жасақтары туралы ереже мен «Жол ахуалы» (қатысушы апаттық жағдайдың біреуіне сипаттама береді, жақын қозғалған көліктің алдынан жолдың бөлігіне жүгіріп шығу неге қауіпті, көлік құралының тоқтау жолы туралы түсіндіреді және т.б.) тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.

3. Конкурсты өткізу кезінде папка-есеп (мазмұны, ресімделуі) 4 балл, әңгімелесу – 6 балға бағаланады. Конкурстағы ең жоғары балл саны -10.

32. «Үгіт бригадалары» конкурсы.

1. Жасақ толық құраммен қатысады, өзінің үй тапсырмасын – жол қозғалысы ережелері бойынша музыкалық бағдарламасын және қозғалысқа жас қатысушыларды жолда тәртіпті болуға тәрбиелеуге бағытталған ҚЖИ жұмысы туралы көрсетеді.

2. Музыкалық бағдарлама ең алдымен насихат түрінде болуы керек. Көрсетілім ұзақтығы 10 минуттан аспауы тиіс (регламентті сақтамағаны үшін айып ұпайлары қосылады). Жазылған фонограмманы пайдалануға жол берілмейді, барлық қатысушылар рөлдерді тек «өз дауыстарымен» орындайды. Орындаудың сценарийі мөр басылған түрде және магнитті тасымалдаушыда конкурс алдында қазылар алқасына тапсырылады.

3. Конкурсты бағалағанда тақырыптың бағыттылық (3 балл), команданың шығармашылық бастамасы, орындау шеберлігі, материалды ұсынуы (3 балл), авторлық әндер мен өлеңдерді пайдалануы (3 балл), музыкалдық безендірілуі

(3 балл) есепке алынады.

4. Ең жоғары балл саны – 12. Ерекше орындағаны үшін қосымша 1 балл қосылуы мүмкін.