- •Мунасипов с.Е., Анарова ғ.С.
- •Негіздері
- •2.1. Адам денесінің өстері мен жазықтықтары
- •2.2. Адам ағзасы
- •2.2.1. Тірек қимыл жүйесі
- •2.2.2. Адам қаңқасы мен қызметтері
- •2.3. Иық белдеуінің қаңқасы
- •2.4 Жамбас белдеуінің қаңқасы
- •Сурет 11. Ортан жілік
- •2.5 Табанның-біртұтас құрылымы
- •2.6 Бұлшықет жүйесі. Жалпы түсініктер
- •2.7. Қан және оның қызметі
- •2.7.1. Жүрек – тамырлы жүйе
- •2.8.1 Жүйке ұлпасы
- •III тарау. Антропологиялық зерттеулердің негізгі ережелері
- •3.1 Адамның аяқтары және қолбастарының өлшемдерін зерттеу әдістері
- •3.1.1 Антропометрлік зерттеулер әдістемесі
- •3.1.2 Антропометрлік аспаптар
- •3.1.3 Өлшеу бағдарламалары
- •3.2 Табандардың және қолбастырының өлшемдеріне заңдылықтары
- •3.3 Табандар өлшемдері туралы қосалқы мәліметтер
- •3 Биомеханиканың негізгі ережелері
- •3.1 Өре тұру кездегі жұмыс
- •3.2 Жүру және жүгіру кезіндегі жұмыс
- •3.2.1 Табан иілуі
- •3.2.2 Табан өлшемдерінің қозғалыс кезінде өзгеруі
- •IV тарау. Қазақстан Республикасында жүргізілетін антропометриялық зерттеулердің нәтижелері
- •Былғарыдан жасалған бұйымдардың конструктивті сипаттамасы
- •4.1 Қазіргі заманғы аяқ киімнің конструктивтік сипаттамасы.
- •4.1.1 Аяқ киімнің пайдаланылу мақсаты
- •4.1. 2 Аяқ киім түрлері
- •4.1.3 Аяқ киімнің топтары және өлшемдері
- •4.1.Таблица Аяқ киімнің әртүрлі топтарының өлшемдері (аралық өлшемдер арасындағы интервал 5мм)
- •4.1. Сурет. Аяқ киімнің жоғарғы жағының сыртқы детальдары: а – бәтіңке, б – туфли, в – етік.
- •4.4. Сурет. Аяқ киімнің төменгі жағының бөлшектері
- •4.1.5. Аяқ киімнің жоғарғы жағының бөлшектері жасалатын материалдар
- •4.1.6 Аяқ киімнің астыңғы жағының бөлшектерін жасауға арналған материалдар
- •4.1.7 Аяқ киімнің жоғарғы жағына арналып пішілген дайындама (заготовка) конструкциясы
- •4.5 Сурет Етіктердің дайындамаларының конструкциялары
- •4.6 Сурет Жартылай етіктердің дайындамаларының конструкциялары
- •4.8 Сурет. Бәтеңке даярламаларының конструкциялары
- •4.1.8 Аяқ киім моделінің күрделі болуының категориясы
- •4.1.9 Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгілерін
- •4.12. Сурет Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгісінің алдыңғы бөлігінің конструкциялары
- •Сурет 4.14 Тартылатын жиектің конструкциялары
- •4.1.10 Аяқ киімнің табанының бөлшектерін аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгісіне бекіту әдістері
- •4.1.11 Каблуктердің түрлері және оның бекітудің әдістері.
- •4.2 Былғары галантериялық бұйымдардың классификациясы
- •4.2.1Былғары-галантереялық бұйымдардың бөлшектері, олардың қолданылуы мен анықтамалары
- •V тарау. Аяқ киім қалыптары
- •5.1 Қалыптардың жіктелуі (классификациясы).
- •5.2 Қалыптардың қолданылуы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
2.5 Табанның-біртұтас құрылымы
Адамды соқкыдан қорғайтын серпімді аппараттың рөлін, негізінен, табан күмбездері атқарады. Оларды көлденең және бойлық деп ажыратады.
Бойлық күмбез екі бөлімнен тұрады. Оларға -серпімді деп аталатын медиальды (ішкі) және таяныш (тіректі) деп аталатын латеральды (сыртқы) бөлімдер жатады. Бойылық күмбездің серпімді бөлігі өкше, қайық тәрізді, және бірінші, екінші, үшінші сына тәрізді сүйектерінен түзіледі. Оның биіктігі 50-70 мм аралықта жатады (қайық тәрізді сүйектің бұдырмағынан тірек бетіне дейін).
Күмбездің таяныш бөлігі өкше, тепкі, текше тәріздес сүйектерді негіздері арқылы өтеді де, табан сүйектерінің бастары аймағында айқын байқалады.
Табанның толарсақ бөлімі көп сүйектерден құрылғанына қарамастан, шамалы қимылды және қысымға көнбейді. Тек қана, табан астында орналасқан бұлшық еттер, сіңірлер мен тарамыстар, май және тері арқасында табанның бұл бөлімін қысуға болады.
Табан сүйектерінің аймағы толарсақ бөліміне қарағанда, қозғалмалы болып келеді. Бұл табан сүйектерінің қозғалмалдығы бұл бөлікті біртұтас кұрылымға қосатын бұлшық еттер мен сіңірлерге байланысты.
Табанның табан-башпай буынында ол ең козғалмалы болады. Әсіресе, жүргенде бұл буын, негізінде, иіледі. Табанның ең қозғалмалы бөлімі -башпай бөлімі. Башпайлардың қозғалыштығы оларды жеңіл және ауыртпай қысуға, жазуға мүмкіндік береді. Осы әрекеттер арқылы табанның бұл бөлімінің көлденең өлшемін өзгертіп тұруға болады. Башпайлар бос жатқан кезде бұл бөлімнің пішінінің көлденең өлшемі кең болады. Ал шамалы қысқан кезде, бұл өлшем кішірейді.
Башпайлардың ұшынан 1 см жерде ауыртпай қысу арқалы көлденең өлшемді 20%, ал 5 см жерде 9% дейін қысуға болады.
А.А. Кадьян пікірі бойынша табан қаңқасы айқыш орналасқан өстерден жасалған күмбезге ұқсайды. Ал И.А. Полиевков табанды біртұтас мүше деп, құрылысын серпімді спираль кесіндісіне ұқсатады. Оның күмбездерін бекітуде 60-тан астам сіңірлер катысады.
Табанның құрылысының және қызметінің негізгі патологиялық ауытқулары. Бұл көбінесе, табанға түсетін күш, оның бұлшық етінің, сіңірі мен сүйегінің төзімділігіне сәйкес келмейтін бала кезде дамиды, бұған мешел ауруы, бала салмағының тым ауыр болуы т.б. қатысты болады. Ересек адамдарға табанның түр өзгеруі ұзақ уақыт аяқпен тік тұру, ауыр дене еңбегі, аяқ киімді дұрыс таңдап кимеуден табанның, толарсақ пен табанның қосылған буынының, жіліншіктің т.б. жарақаттануынан пайда болады [3].
Табанның статикалық түрлі деформациясына көлденең және бойлық жалпақ табандықпен балға тәрізді башпайлар жатады.
Жалпақ табан - кісінің бір табанының не екі бірдей табанның бойлық немесе көлденең күмбездерінің жалпаюы; табанның екі күмбезі де жалпаюы мүмкін.
Аяқты басқанда жалпақ табан түгелдей еденге тірек бетіне тиеді, ал ондай табан ізінде үзеңгілік ойысының белгісі қалмайды.
Жалпақ табандықтың ең алғашқы белгілері табанның, балтыр, сан бұлшықеттерінің, белдің сырқырап ауруы. Кешке қарай табан ісініп, түнде оның қатаюы мүмкін. Бұдан кейінгі жерде оның табанның үзеңгілігі жазылып, ұзара бастайды. Жалпақ табандықтың ауыр түрінде жүріс едәуір өзгереді; кібіріктеу, ыңғайсыздық пайда болады.
Табанның дұрыс дамымағанының белгілерінің бірі – жиі кездесетін башпайлардың балға тәрізді болуы. Башпайлар бақайаралық буындарда майсып балға пішінді болып келеді. Бұл кезде буындар жоғары қарай бағытталып аяқ киімге қатты қажалады.
Тағы да табанның жиі кездесетін статикалық ақауларына үлкен башпайдың сыртқа қарай ауытқуы жатады. Орнықты түрде ауытқуы 12°-тан аспауы қажет.
Бұл ақаулардың алдын алу үшін дене шынықтырумен және спортпен үзбей айналысудың маңызы өте зор: жүзу мен көбірек шұғылданған жөн, ал спорттың аяққа көп салмақ түсіретін түрімен (мысалы, ауыр атлетика, жүгіру, шаңғы тебу т.б.) айналыспауы керек. Жылы кезде құрамында, борпылдақ, топырақта жалаңаяқ жүрген пайдалы. Жұмысты ұзақ уақыт бойы тік тұрып істейтін шаштараздар, сатушылар, байланыс, жеңіл өнеркәсіп жұмысшылары аяғын қатарластыра, салмақты табанның сыртқы қырына түсетіндей етіп, күніне 5-10 минөттан бірнеше мәрте дем алған жөн. Сондай-ақ, аяқ киімді дұрыс таңдаудың да маңызы зор: аяқ киім аяққа шақ болуға тиіс. Тар немесе кең, өкшесі 3-4 см-ден биік аяқ киім киюге болмайды. Өкшесі тым биік аяқ киімді ұзақ кию табанның күмбездерінің жалпаюына себепті болады. Балалар ұлтаны қатты, өкшесі аласа (биіктігі 1-2 см) және сірісі берік аяқ киім киюі керек.
Жалпақ табандықта, үлкен башпайдың сыртқа ауытқуында, балға тәрізді башпайларда және тағы басқа жағдайларда түзетпе аспаптарды қолданады. Оларды табан және башпайлардың ауытқуларының, алдын алу, бұлшық еттермен сіңірлерді түсетін салмақты азайту (мысалы, көлденең және бойлық күмбездерге таяныш болып), немесе табанның ауру жерлерін (мүйізгек, қажау) қорғау үшін пайдаланады.
Табан түр өзгергендегі қолдаланатын түзетпе аспаптар. Түзетпе аспаптар жай құрылысты. Оларды көпшілік және дербес түрде әзірлейді де, қарапайым аяқ киімге қосымша қолданады.
Жалпақ табандықтың кейбір түрлерінде арнаулы емдік ұлтарақ, бойлық және көлденең күмбездерге арналған табан қалыптарын қолданады. Оларды қолданылуына байланысты бойлық, бойлық және көлденең, көлденең күмбездерге таяныш деп түрлерге бөлелі. Бірақ, оларды қолданғанда табан бұлшық еттерінің қызметтері шектеліп дұрыс жүруге әсер етеді. Бұдан басқа, табан қалыптары аяқ киімде көп орын алып, ішкі аяқ киімді тез істен шығарады.
Көлденең жалпақ табандықта көлденең күмбезге таяныш жасағаннан басқа табан ортасын тартып тұру керек. Ол үшін резеңкеден жасалған манжеталар қолданылады (15.г сурет). Бұл кезде былғарыдан жасалған дөңестігі бар ұлтарақты қолдануға болады (15.в сурет).
Үлкен башпайдың ауытқуын қайтару үшін катушка тәрізді аралық аспапты қолданады (15.д сурет).
Сурет 15. Түзетпе тетіктері
Балалардың башпайларының ауытқуын жоюы жеңіл. Ол үшін көбікті полиуретаннан жасалған башпайларға арналған тесіктері бар тарақты (15.е сурет) қолданалады. Аспаптың тістері саусақ араларына кіріп тұрады, ал башпайлар аяқ киімде қысылып тұрады.
