- •Мунасипов с.Е., Анарова ғ.С.
- •Негіздері
- •2.1. Адам денесінің өстері мен жазықтықтары
- •2.2. Адам ағзасы
- •2.2.1. Тірек қимыл жүйесі
- •2.2.2. Адам қаңқасы мен қызметтері
- •2.3. Иық белдеуінің қаңқасы
- •2.4 Жамбас белдеуінің қаңқасы
- •Сурет 11. Ортан жілік
- •2.5 Табанның-біртұтас құрылымы
- •2.6 Бұлшықет жүйесі. Жалпы түсініктер
- •2.7. Қан және оның қызметі
- •2.7.1. Жүрек – тамырлы жүйе
- •2.8.1 Жүйке ұлпасы
- •III тарау. Антропологиялық зерттеулердің негізгі ережелері
- •3.1 Адамның аяқтары және қолбастарының өлшемдерін зерттеу әдістері
- •3.1.1 Антропометрлік зерттеулер әдістемесі
- •3.1.2 Антропометрлік аспаптар
- •3.1.3 Өлшеу бағдарламалары
- •3.2 Табандардың және қолбастырының өлшемдеріне заңдылықтары
- •3.3 Табандар өлшемдері туралы қосалқы мәліметтер
- •3 Биомеханиканың негізгі ережелері
- •3.1 Өре тұру кездегі жұмыс
- •3.2 Жүру және жүгіру кезіндегі жұмыс
- •3.2.1 Табан иілуі
- •3.2.2 Табан өлшемдерінің қозғалыс кезінде өзгеруі
- •IV тарау. Қазақстан Республикасында жүргізілетін антропометриялық зерттеулердің нәтижелері
- •Былғарыдан жасалған бұйымдардың конструктивті сипаттамасы
- •4.1 Қазіргі заманғы аяқ киімнің конструктивтік сипаттамасы.
- •4.1.1 Аяқ киімнің пайдаланылу мақсаты
- •4.1. 2 Аяқ киім түрлері
- •4.1.3 Аяқ киімнің топтары және өлшемдері
- •4.1.Таблица Аяқ киімнің әртүрлі топтарының өлшемдері (аралық өлшемдер арасындағы интервал 5мм)
- •4.1. Сурет. Аяқ киімнің жоғарғы жағының сыртқы детальдары: а – бәтіңке, б – туфли, в – етік.
- •4.4. Сурет. Аяқ киімнің төменгі жағының бөлшектері
- •4.1.5. Аяқ киімнің жоғарғы жағының бөлшектері жасалатын материалдар
- •4.1.6 Аяқ киімнің астыңғы жағының бөлшектерін жасауға арналған материалдар
- •4.1.7 Аяқ киімнің жоғарғы жағына арналып пішілген дайындама (заготовка) конструкциясы
- •4.5 Сурет Етіктердің дайындамаларының конструкциялары
- •4.6 Сурет Жартылай етіктердің дайындамаларының конструкциялары
- •4.8 Сурет. Бәтеңке даярламаларының конструкциялары
- •4.1.8 Аяқ киім моделінің күрделі болуының категориясы
- •4.1.9 Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгілерін
- •4.12. Сурет Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгісінің алдыңғы бөлігінің конструкциялары
- •Сурет 4.14 Тартылатын жиектің конструкциялары
- •4.1.10 Аяқ киімнің табанының бөлшектерін аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгісіне бекіту әдістері
- •4.1.11 Каблуктердің түрлері және оның бекітудің әдістері.
- •4.2 Былғары галантериялық бұйымдардың классификациясы
- •4.2.1Былғары-галантереялық бұйымдардың бөлшектері, олардың қолданылуы мен анықтамалары
- •V тарау. Аяқ киім қалыптары
- •5.1 Қалыптардың жіктелуі (классификациясы).
- •5.2 Қалыптардың қолданылуы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Былғарыдан жасалған бұйымдардың конструктивті сипаттамасы
Былғарыдан жасалған бұйымдарға осы уақытқа дейін былғарыдан жасалып келген тұтыну заттары жатады. Оларға аяқ киімдер, былғары-галантерея бұйымдары жатады. Кейінгі кездері былғары бұйымдары өндірісінде полимерлер негізінде жасалған жасанды материалдар кеңінен пайдаланылуда. Бұл материалдарды таза күйінде немесе толықтырғыштармен (наполнители) және маталармен, тоқыма материалдарымен аралас қолданады. Былғары - галантерея бұйымдарында, аяқ киіммен салыстырғанда картон және аз мөлшерде ағаш пен металлдар қолданылады. Аяқ киімдер, чемодандар және т.б. былғары-галантерея бұйымдарының өндірісіне әртүрлі материалдар пайдаланылғанымен, оларды қысқаша, былғары бұйымдары деп атайды.
4.1 Қазіргі заманғы аяқ киімнің конструктивтік сипаттамасы.
Қазіргі заманғы аяқ киімдерді пайдалану мақсатына, жас-жыныс топтарына, түрлеріне, өлшемдеріне, бөлшектер пішініне, аяқ киімнің жоғарғы жағы мен төменгі жағының конструкциясына, сәннің күрделілік категориясына, бекіту тәсілдеріне, өкше түрлеріне және оларды бекіту тәсілдеріне қарай жіктейді.
4.1.1 Аяқ киімнің пайдаланылу мақсаты
Аяқ киім – адам аяғын сыртқы әсерлерден сақтайтын, утилитарлық және эстетикалық қызметтер атқаратын бұйым. Аяқ киімнің пайдаланылу мақсатына қарай бөлуді оның киілу жағдайына қарай жүргізеді. Жай жағдайларда киілетін аяқ киімдерді күнделікті, сәнді, үйде киілетін, жол жүргенде киілетін, белсенді демалыста киілетін және егде жастағы адамдарға арналған аяқ киімдерге бөледі.
Күнделікті аяқ киімдерге күнделікті көшеде және жай ішінде киілетін аяқ киімдер жатады. Сәнді аяқ киімдерге сән талаптарына сәйкес келетін,салтанатты жағдайларда аз уақыт киілетін аяқ киімдер жатады. Үйде киілетін аяқ киімдерге үйде күнделікті киілетін аяқ киімдер жатады. Жол жүргенде киілетін аяқ киімдерге жол жүргенде аз мерзім киілетін аяқ киімдер жатады. Белсенді демалғанда киілетін аяқ киімдерге – қыдырғанда, демалыста, дене шынықтырумен айналысқанда киілетін аяқ киімдер жатады. Егде жастағы адамдарға арналған аяқ киімдерге егде жастағы адамдардың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып конструкцияланған аяқ киімдер жатады. Өзіндік ерекшеліктері бар аяқ киімдерге: арнаулы, өндірістік, ортопедиялық және профилактикалық аяқ киімдер жатады. Арнаулы аяқ киімдерге белгілі қауіпті әсерлерге қарсы қолданылатын арнайы қорғаныс материалдары мен бөлшектері бар аяқ киімдер жатады. Өндірістік аяқ киімдерге-арнайы қорғаныстар қарастырылмаған, жалпы жұмысқа киілетін аяқ киімдер жатады. Спорттық аяқ киімдерге - әртүрлі спорт түрлерімен айналысқанда киілетін аяқ киімдер жатады. Ортопедиялық аяқ киімдерге – адам табанында, балтырында және жамбасында болатын кейбір ауытқуларды есепке ала отырып конструкцияланған аяқ киімдер жатады.
Аурудың алдын алуға арналған (профилактикалық) аяқ киімдерге –табандағы патологиялық ауытқулардың алдын алу үшін арнайы конструкцияланған аяқ киімдер жатады.
Жыл маусымына қарай киілуге арналған аяқ киімдерді: қыстық, көктем-күздік, жаздық және жыл бойы киілетін аяқ киімдерге бөледі.
Қыстық аяқ киімдерге – конструкциясы және жасалыну материалдары қыс мезгілінде киюге арналған аяқ киімдер жатады. Қыстық аяқ киімдерге – суықтан қорғау жақсы қасиеттері бар етіктер, жартылай етіктер, бәтеңкелер жатады. Көктем-күздік аяқ киімдерге - конструкциясы және жасалыну материалдары көктем және күз мезгілдерінде киюге арналған аяқ киімдер жатады. Оларға аяқты ылғалдан қорғау қасиеттері бар киімдер - етіктер, жартылай етіктер, бәтеңкелер, жартылай бәтеңкелер, туфлилер жатады. Жаздық аяқ киімдерге-конструкциясы және жасалыну материалдары жаз мезгілінде киюге арналған аяқ киімдер жатады. Оларға жаздық беті ашық, белбеулі, сандалиилар, сандалеттер мен пантолеттер жатады. Жаздық аяқ киімдер жеңіл және гигроскоптық болуы тиіс. Жыл бойы киілетін аяқ киімдерге- жыл бойы ұзақ мерзім киюге арналған аяқ киімдер жатады. Оларға: жартылай бәтеңкелер, туфлилер, кроссовкалар жатады.
